І. Сабақтың барысы; Ұйымдастыру кезені Тыныштық сәтіті Су асты патшалығына ойша саяхат. (Оқушылардан шеңбер құрып отыруды, қолдарын тізесіне немесе үстел үстіне қоюды, аяқтарын айқастырмауды өтініңіз. Арқаларын тік ұстауын қадағалаңыз. Жайлы, баяу музыка қойыңыз). Мұғалім: Көзіңізді жұмыңыз және бірнеше рет терең тыныстаңыз; денеіңізді босатыңыз. Бірнеше секундтан соң теңіз түбіне саяхат жасаймыз. Теңіз жағасымен келе жатқаныңызды елестетіңіз. Толқындардың жеңіл шалпылына, шағалалардың шуылына құлақ түріңіз. Жалаң аяқтарыңызбен құмды сезініңіз. Шалғайдан қара нүкте көріп тұрсыз: ол жақындаған кезде дельфин екенін түсіндіңіз. Ол сізді теңіз түбіне алып кету үшін келді. Ол өте әдепті жәндік, сізді шыдамдылықпен күтіп тұр. Жайлап оның арқасына отырыңыз, мықтап ұстап, жолға шығыңыз. Дельфиннің арқасында жайланып отырып, өзіңді қауіпсіз сезіну, су астында жүзу қандай керемет. Жан-жағыңызға қараңыз: мұнда кемпірқосақ тәрізді арлы-берлі жарқырай қалқыған әсем балықтар қаншама. Теңіз түбіне бойлаған сайын айнала қалайша өзгереді, суда тербелген қаншама ғажайып балдырлар. Қараңызшы, қандай орасан зор балықтар, ал енді анау жаққа көз тастаңыз... бұл орасан зор сегізаяқ. Су асты неткен қызықты әрі ғажап әлем. Сіз бір нәрсені байқадыңыз ба? Мұнда неткен тұңғиық, толық тыныштық. Осы тыныштық күйде болыңыз.(Мұғалім бірнеше секунд үнсіз қалады). Ал қазір жоғарыға, өз әлемімізге кері қайтуға дайындалыңыз. Айналаға жеті қараңыз. Ғажап түстерге тағы бір рет қараңыз және тыныштыққа құлақ түріңіз. Осындай тыныштық сізге самалдай әсер береді. Енді дельфин кері қарай жолға шықты. Сіз су бетіне шықтыңыз, жағаға жақындадыңыз. Дельфиннің арқасынан түсіңіз, оны сипалаңыз және осындай ғажап саяхатқа апарғаны үшін ризашылық білдіріңіз. Сыныпқа оралыңыз және өз орныңызға келіңіз. Бірнеше секундтан соң көзіңізді ашыңыз, осы түйсінген тыныштықты өз бойыңызда сақтауға тырысыңыз. Балалар қандай күйде болдыңыз? Әуен ұнады ма? Үй тапсырмасын тексуру Тек қана жасыл түстерді қолдана отырып табиғат құбылыстарын суреттерін салыңдар. -Балалар табиғатта көбінесе қандай түсттер кездеседі? -Табиғат оянғанда ең бірінші көзімізге қандай түс көрінеді? -Жасыл түс қандай көңіл күйді білдіреді? Дәйексөз: Тақтаға жазылады «Табиғат бояулары- тіршілік көзі» Халық даналығы Дәйексөзді жұмыс дәптерлерлеріңе көшіріп жазыңдар. -Балалар бояулар тіршілік көзі дегенді қалай түсінесіңдер? Жасыл-қуанышты көңіл күйді білдіреді Көк-таза судың. Қоңыр-еңбектің Қара –түннің Сары-жарық күннің Қызыл жеңістің нышаны Әнгімелеу Мұғалімнен сый Жел Құрманбек Толыбаев Қыс мезгілі еді. Таң ата жапалақтап жауған қар түс қайта басылған. Ал кешке қарай алақұйын жел тұрды да, бірте-бірте күшейіп, жараған бурадай зіркілжеп, буырқына тапырықтыды Жұп-жұмсақ ұлпа қарды үйытқыта үйіріп, астан- кестен қып сапырылыстырды. Кенет қардын астынан: -Абайласаңшы, таптайсың ғой!...деген жалынышты нәзік дыбыс естілді. Тосын үннен сасқалақтап қалған жел қанатын жайп жіберді. -Оу, неге сонша қиналдың Ақерке ? -Білмейсің бе менің құшағымда Көктемнің гүлі ұйықтап жатыр ғой. Қырдың бетін тоңазытқан ұлпа қарынын үйінде аса мейірімді өтініштің лебізі бар. -Ә солайма?... ендеше қойдым, абыржыма! Желпінген жел желісін басып, жерге бауырын төседі де,сұлай кетті Табиғат құбылыстарының да тілеуі тіршілік сарынымен үндес секілді. -Қармен жел гүлге қандай қамқорлық көрсетті? -Табиғаттың тілеуі тіршілікпен үндес келеді? |