kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

"Мен таби?атпен біргемін!"

Нажмите, чтобы узнать подробности

М??алім с?зі: ?айырлы к?н ??рметті ?стаздар, о?ушылар мен « Мен таби?атпен біргемін » атты акция ?атысушы жас т?лектер!

 “Мен таби?атпен біргемін” атты экологиялы? акциясына ?ош келіпсіздер!

Жер, жалпы таби?ат – к?ллі тіршілік атаулыны? ??тты ?оныс-мекені, алтын ?я тал бесігі. Барша адамзат ?кіліне ауа, су, жер орта?. Сонды?тан жерді? ?адірін, байлы?ын ба?алай білу, жалпы таби?атты ?ор?ау - баршамызды? міндетіміз.

Сіздерді? ты? бастамалары?ыз?а жа?а шабыт, серпін, к?ш жігер  тілей отырып, жа?а бастама келесі жылда жал?асын  табатынына сенімдіміз. 

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«"Мен таби?атпен біргемін!"»

Мұғалім сөзі: Қайырлы күн құрметті ұстаздар, оқушылар мен « Мен табиғатпен біргемін » атты акция қатысушы жас түлектер!

“Мен табиғатпен біргемін” атты экологиялық акциясына қош келіпсіздер!

Жер, жалпы табиғат – күллі тіршілік атаулының құтты қоныс-мекені, алтын ұя тал бесігі. Барша адамзат өкіліне ауа, су, жер ортақ. Сондықтан жердің қадірін, байлығын бағалай білу, жалпы табиғатты қорғау - баршамыздың міндетіміз.

Сіздердің тың бастамаларыңызға жаңа шабыт, серпін, күш жігер тілей отырып, жаңа бастама келесі жылда жалғасын табатынына сенімдіміз.

Акцияның ашылу салтанатына Қоспаева Ақмаралдың орындауындағы « Сәлем саған туған ел!» атты әнін қабыл алыңыздар

І – Жүргізуші Ракымжан:

Қайырлы күн құрметті ұстаздар, оқушылар « Мен табиғатпен біргемін » атты акциясына қош келіпсіздер!.

Қазақ халқы табиғат аясында тіршілік етіп, мезгіл ауанымен көшіп-қонғандықтан табиғатты қастерлеп, қадір тұтқан. Адамзат баласы да өзге жан-жануар, өсімдік секілді тіршілік етеді деп ұққан. Табиғатқа зиян келтірмеген, оны қорғау шараларына үлкен маңыз берген. Бұған: “Бұлақ көрсең, көзін аш” делінетін ұрпақтан-ұрпаққа беріліп келе жатқан ереже іспетті қанатты сөздер куә. Қазақ ешқашан жасыл желекті, өсіп тұрған талды, ағашты жұлмаған. Экологиялық ортаға өсімдік пен жан-жануарлардың тигізетін пайдасын жете түсініп, ұрпақтарын жастайынан табиғат байлықтарын тиімді пайдалануға баулып, өнегелі тәлім-тәрбие берген.

Мен табиғатпен біргемін” атты экологиялық акциясын ашып беру үшін сөз кезегін мектебіміздің әдіскері биология пәнінің мұғалімі Дауылбаева Бақтыгүл Әлқуатқызына береміз!

ІІ-жүргізуші Самат:

Ата-бабамыз көзінің қарашығындай қорғап, бізге мұраға қалдырған қазақ жерінің асты-үсті тұнған байлық. Бірақ оны ұқыпсыз пайдалану, түзілуіне мыңдаған жылдар кететін осы әсем табиғаттың тепе-теңдігін бұзуға әкеліп соқтыруда. Бүгінде тек тәуелсіз Қазақстанда ғана емес, бүкіл әлем алдында экологиялық апат тұр. Қымбатты қонақтар бүгін біздің « Мен табиғатпен біргемін» акцияны ұйымдастырып жатырғандағы басты мақсатымыз азда болса сәбилік жүрегімізбен қолымыздан келетін азғана көмекпен ауылымыздың көркейіп гүлденуіне, мектеп ауласының әсемделіп, гүлденіп көркеюне үлесімізді қосу.

І-жүргізуші

Мен оның түнін сүйем, күнін сүйем,

Ағынды өзен, асқар тау, гүлін сүйем,

Мен оның қасиетті тілін сүйем,

Мен оның құдіретті үнін сүйем.

Бар жәндігін сүйемін қыбырлаған,

Бәрі маған «Отан!» деп сыбырлаған.

Отан!

Отан!

Бәрінен биік екен.

Мен оны мәңгілікке сүйіп өтем.

Ән: « Атамекен» орындайтын 11 сынып оқушысы Бектемісова Кенжегүл

ІІ жүргізуші:

Табиғатың құпиясы тұңғиық,

Көз жетпейтін мұнарасы тым биік,

Білген сайын сырын оның жүреміз

Жүректерге өшпес жалын нұр құйып

І-жүргізуші

Табиғатым сырың терең сенің неткен,

Тау мен тастан сыңғырлаған сұлу өзен.

Күн көзінен күмістей шағылған нұр,

Көз алдымда көк орай гүлді кезең

ІІ-жүргізуші

Шықтыңыздар ғылым, білім шыңына

Ұқсап бейне жаңа атқан ақ таңға

Асылсыздар, жасынсыздар бәрініз

Өмір бойы тұратұғын мақтауға

Келесі сөз кезегін сынып жетекшілеріміз Еділханова Мәруа Меделқызына және Ізтұрғанова Камшат Жақсылыққызына береміз

8 сынып оқушылары Арайлым мен Жанардың орындауында әсем әнді қабыл алыңыздар

І -жүргізуші

Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы « Біздің табиғи ресурстарымыз орасан зор байлық. 2030 жылы Қазақстан ауасы таза, суы мөлдір, жасыл желекті елге айналуға тиіс біздердің алдымызға үлкен міндет пен жауапкершілік жүктеді. Ия, біздің біздің Жер анамыздың қойнауы байлыққа мол, сондықтан біздің алдымызда биосфера тіршілігін тұрақты ұстау, табиғи ресурстарды тиімді пайдалану мен қорғау міндеті тұр.

ІІ – жүргізуші:

Ақиық ақын Мұқағали Мақатаев жырлағандай

Табиғаттың тарылтпайық,

Мөлдір кәусар тынысын

Пәк табиғат, әр жүректің

Тамылжыған жырысың

Ей, адамзат! Ақылға сал,

Қатыгездік жасама,

Өзіңдағы содан тудың

Табиғаттың ұлысың

І-жүргізуші

Жерұйығым - Жер Ана саябағым,

Мәңгі бақи саяңда саяладым.

Саған қатер төнгенін таянғанын,

Сезсе жүрек, өзіңді қолыма алып,

Келіп тұрар әлпештеп аялағым.

Мәңгі жаса жұмыр жер – асыл анам,

Болсын деймін тәнің сау, басың аман!

ІІ-жүргізуші

Жүрегінен шуақ шашқан арайлы,

Жанарынан тек ізгілік тарайды.

Бала үшін еңбек еткен сізге,

Жас ұландар зор үмітпен қарайды.

Сөз кезегін бастауыш сыныптардың оқу ісі орынбасары Бесінбаева Жәния Өмірбайқызына береміз

Ән: « Көк тудың желбірегені» орындйтын 10 сынып оқушысы Нұров Қайырбек

ҮНДЕУ!!!

Ракымжан: Құрметті мектеп оқушылары!

Біз 11 сынып оқушылары, барлық мектеп оқушыларын қоршаған ортаға қамқор болуға, яғни өлкеміздің экологиялық жағдайын ескере отырып, құрғақ ауамен, шаң тозаңның көп болуы тұрғындар денсаулығына көптеген зиянын тигізуде, сондықтан да қадірменді жастар сіздерді ауылымызды көгалдандыра отырып, еліміздің гүлденіп көркеюіне өз үлестерімізді қосуға шақырамыз! Бұл біздің азаматтық борышымыз екендігін естерімізден шығармайық.

Самат:

Табиғатты қорғау үшін бәріміз

Күресейік бір – бір ағаш егейік

Текке отырмай жасымыз бен кәріміз,

Таза ауа үшін терімізді төгейік

Мұғалім сөзі: Құрметті бүгінгі акцияға қатысушы түлектер, Мәруа Меделқызы және Камшат Жақсылыққызы мына бүгін сіздердің жас түлектермен бірге ұйымдастырып жатырған жаңа бастамалырыңызға сәттілік тілей отырып, шексіз алғысымды білдіремен. Себебі қазіргі таңда бүкіл әлем алдындағы күн тәртібінде бірінші тұрған мәселе – осы экология мәселесі. Сондықтанда мына сіздердің бүгін ұйымдастырып жатырған акцияларының алдағы уақытта жалғасын тауып, мына жас буындарға үлгі болатындығына сенімдімін. Қымбатты жас түлектер Сіздерге зор денсаулық, мол бақыт, шексіз қуаныш тілеймін. Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев: «Жердің де, судың да иесі, жас ұлан!» деген болатын. Осыны естен шығармаңыздар







Қарақұдық орта мектебі

Мемлекеттік мекемесі









Мектеп бітіруші түлектермен бірлесе ұйымдастырған экологиялық акциясының бағдарламасы







Маңғыстау облысы

Қарақия ауданы

Қарақұдық орта мектебі

Тәрбие жөніндегі орынбасары

Исагалиева Жанагуль Асхатовна













Ақпарлама


Жер, жалпы табиғат – күллі тіршілік атаулының құтты қоныс-мекені, алтын ұя тал бесігі. Барша адамзат өкіліне ауа, су, жер ортақ. Сондықтан жердің қадірін, байлығын бағалай білу, жалпы табиғатты қорғау - баршамыздың міндетіміз. Сәуір айында 11 сынып оқушыларының ұйымдастырылуымен “Мен табиғатпен біргемін” атты экологиялық акция өткізілді. Бұл « Мен табиғатпен біргемін» атты акцияны ұйымдастырудағы басты мақсат: Ауылымыздың көркейіп гүлденуіне, мектеп ауласының әсемделіп, гүлденіп көркеюне үлестерін қосу. Акцияны ашылу салтанаты орай мектеп әдіскері Б. Дауылбаева, оқу ісі орынбасарлары Бесінбаева Ж. және Ізбасарова А. құттықтау сөз айтып ұйымдастыру алқасына жаңа тың бастамаларына сәттілік тіледі. Акцияның ашылуы орай 11 сынып оқушылары Қоспаева Ақмарал « Сәлем саған туған ел» әнін жолдаса, Бектемісова Кенжегүл өз Отанына, еліне, ауылына деген ыстық махабатын «Атамекен» әнімен білдірді. Акция барысында оқушылар туған жер, табиғат туралы жырдан шашу шашып, қазіргі таңдағы бірінші мәселе экологиялық апат жөнінде өз ойларын айтып, жас түлектер барша мектеп оқушыларын қоршаған ортаға қамқор болуға, яғни өлкеміздің экологиялық жағдайын ескере отырып, құрғақ ауамен, шаң тозаңның көп болуы тұрғындар денсаулығына көптеген зиянын тигізуде, сондықтан да қадірменді жастар сіздерді ауылымызды көгалдандыра отырып, еліміздің гүлденіп көркеюіне өз үлестерімізді қосуға шақырды! Бұл біздің азаматтық борышымыз екендігін естерімізден шығармауды есімізге салып, акция соңында гүл тұқымдарын, жеміс ағаштарынын отырғызып, ізбасарларына аманат ретінде тапсырды. 24 – 26 сәуір аралығында аудандық « Үздік педагог – 2013» байқауы өтіп мектебімізден география пәнінің мұғалімі Еділханова М. М. қатысып бас жүлдені иеленсе, 21-23 мамыр аралығында осы байқаудың облыстық кезеңіне қатысып 1 орын иегері атанды. Бұл біз үшін үлкен мақтаныш.









Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Классному руководителю

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 8 класс

Скачать
"Мен таби?атпен біргемін!"

Автор: Исагалиева Жанагуль Асхатовна

Дата: 03.03.2016

Номер свидетельства: 301720


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства