Балалар, б?гін біз ту?ан жерімізді? таби?аты туралы ??гімелесеміз, оны аялау?а,?ам?орлы? жасау?а,?ор?ау?а,?адірлеуге ?йренеміз.
Бізді айналамызды ?орша?ан д?ние деген не?
Суретке ?ара?даршы не к?ріп т?рсы?дар ?
К?н,ауа. жер, су,адам,?сімдіктер,жануарлар,б?ларды? барлы?ы таби?ат екен.
Айналада?ы таби?ат, н?рселер ж?не заттар –б?л бізді ?орша?ан д?ние екен.Біз таби?атты екіге б?леміз.Тірі ж?не ?лі таби?ат деп. Тірі таби?ат?а адам.?сімдік,жануар ??с, ал ?лі таби?ат?а к?н, ауа жер, су, тас,??м, саз,тау.
Бізді ?орша?ан ?лі таби?ат заттары адам?а ?те ?ажет.Тірі таби?ат ?лі таби?атсыз тіршілік ете алмайтынын білеміз. Адам ?ашан да таби?ат ?семдігіне, с?лулы?ына тамсан?ан, та?дан?ан, ?уанып, шабыт ал?ан ж?не ?ам?орлы? жаса?ан. Таби?атты? тарту еткен сыйын, аялау, о?ан ?ам?орлаы? жасау, ?рбір адамны? міндеті. Адам таби?аттан с?лулы?ты, ?демілікті ?йренеді. Ол ?шін адам?а таби?атты тану, сезіну ж?не оны? ерекше екенін тере? т?сіну ?ажет.Сонды?тан біз таби?атты ?ор?ап,о?ан ?ам?ор бала білуіміз керек.
?р адамны? ту?ан жері бар.Біріміз ауылда,біріміз ?алада туып ?стік.
-Ауылды? ауасы ?андай болатынын білесі? бе?
(Балаларды? жауаптары)
Ауылды? ауасы таза.
Ауылды? жері ке?.
Ауылда ?зен-б?ла?тарды? сылдырап а??ан даусы естіліп т?рады
К?шеде ойын балаларыны? шула?ан к??ілді даусы естіліп т?рады.
Просмотр содержимого документа
«"Таби?ат?а ?ам?ормын"»
Тақырыбы : Табиғатқа қамқормын
Мақсаты: «Табиғат» құндылығының мәнін түсіндіру.
Міндеті : -табиғатқа деген сүйіспеншілік туралы түсініктерін кеңейту;
-табиғатқа жағымды қарым-қатынасты дамыту;
-табиғатты қорғауға , қамқор бола білуге тәрбиелеу;
Түрі : интеллектуалды дамытпалы ойын, жарыс сабақ
Әдісі: әңгімелеу.сұрақ жауап
Көрнекіліктер: интерактивті тақта,слаидтар
Шаттық шеңбері :
Қайырлы күн, балалар! Бүгінгі күніміз сәтті болсын. Сендермен кездесіп тұрғаныма өте қуаныштымын. Қараңдаршы бәрің сондай әдемі, қуанышты, жайдары, ақжарқын болып тұрсыңдар.Сендердің көздеріңнен мейірімділіктің, қамқорлықтың, сүйіспеншіліктің белгісін көріп тұрмын.Ал, қане , бәріміз қол ұстаса шаттық шеңберіне тұрып, бір-бірімізбен амандасып алайық.
Күндей жадырап,
Айдай арайлап,
Жұлдыздай жарқырап,
Судай мөлдір таза көңілмен
Бүгінгі сабағымызды бастайық .
Әңгімелесу:
Балалар, бүгін біз туған жеріміздің табиғаты туралы әңгімелесеміз, оны аялауға,қамқорлық жасауға,қорғауға,қадірлеуге үйренеміз.
Бізді айналамызды қоршаған дүние деген не?
Суретке қараңдаршы не көріп тұрсыңдар ?
Күн,ауа. жер, су,адам,өсімдіктер,жануарлар,бұлардың барлығы табиғат екен.
Айналадағы табиғат, нәрселер және заттар –бұл бізді қоршаған дүние екен.Біз табиғатты екіге бөлеміз.Тірі және өлі табиғат деп. Тірі табиғатқа адам.өсімдік,жануар құс, ал өлі табиғатқа күн, ауа жер, су, тас,құм, саз,тау.
Бізді қоршаған өлі табиғат заттары адамға өте қажет.Тірі табиғат өлі табиғатсыз тіршілік ете алмайтынын білеміз. Адам қашан да табиғат әсемдігіне , сұлулығына тамсанған, таңданған, қуанып, шабыт алған және қамқорлық жасаған. Табиғаттың тарту еткен сыйын, аялау, оған қамқорлаық жасау, әрбір адамның міндеті. Адам табиғаттан сұлулықты , әдемілікті үйренеді. Ол үшін адамға табиғатты тану , сезіну және оның ерекше екенін терең түсіну қажет.Сондықтан біз табиғатты қорғап ,оған қамқор бала білуіміз керек.
Әр адамның туған жері бар.Біріміз ауылда,біріміз қалада туып өстік.
-Ауылдың ауасы қандай болатынын білесің бе?
(Балалардың жауаптары)
Ауылдың ауасы таза.
Ауылдың жері кең.
Ауылда өзен-бұлақтардың сылдырап аққан даусы естіліп тұрады
Көшеде ойын балаларының шулаған көңілді даусы естіліп тұрады.
Ауылда адамдар бір-бірін түгел таниды.
Ауылда табиғат әсемдігін ұзақ тамашалай аламыз.
1 топ: «Қызғалдақ»
-Ал сендер өздерің тұратын жердің табиғатына қандай қамқорлық көрсетесіңдер?
Мен гүлдерді суарамын,себебі ...(ол бізге қуаныш сыйлайды).
Мен құстарға жем беремін, өйткені...(олар біздің досымыз)
Мен ағаштардың бұтағын сындырмаймын,өйткені... (ол бізге көлеңкесін береді)
Мен ағаштарды суарамын, өйткені... (ол бізге жемісін береді)
2 топ: «Бәйшешек»
-Ал табиғат тазалығын қалай сақтайсыңтар?
Мен суды ластамаймын,себебі...(су тіршіліктің қорегі)
Мен суға қоқысты лақтырмаймын,себебі...( су таза болу керек)
Мен қалдық заттарды...кез-келген жерге тастамаймын, арнаулы жәшіктерге саламын.
Өте жақсы балалар.
(Интерактивті тақтадан құстардың сайраған дауысы, судың сарқырап аққан дауысы, әртүрлі басқа да дауыстар.)
Қане, бәріміз бір сәтке көзімізді жұмып табиғат аясына серуенге шығып, туған жеріміздің табиғат сұлулығын,әсемдігін көз алдымызға елестетіп, оның қасиеті мен мейірімін сезінейік.
Ал енді көзімізді ашып алған әсерімізбен бөлісейік.
Мен құстардың сайраған даусынан әсемдікті сездім.
Мен құстардың даусынан мейірім мен қуаныш сездім.
Мен су жағасында қыдырып жүргенімді елестеттім.
Мен достарымның табиғатқа деген сүйіспеншілігін сездім.
Мен жаңбырдың тырсылынсезіндім
Мен ағаштардың мықтылығын, жапырақтардың нәзіктігін сезіп,өзіме қамқорлықтың әсерін алдым.
Қызықты сұрақтар
«Қызғалдақ» тобына
Қай құс ерте келеді? (Қарлығаш)
Ақ жолағы бар талды ата? (Аққайың)
Өрмекшіде қанша аяқ бар? (8)
Ара біреуді шаққаннан кейін несін жоғалтады? (Инесін)
«Бәйшешек» тобына
Ең үлкен құс? ( Страус)
Бұғы көктем сайын несін жоғалтады? (Мүйіз)
Суық жерде кездесетін қандай құс? (Пингвин)
Суда туып, құрғақта өмір сүреді? (Бақа)
Сергіту сәті:
Жадыраған Күндейміз, Күндейміз!
Жайнап өскен Гүлдейміз, Гүлдейміз!
Тұнық таза Ауамыз, Ауамыз!
Сылдыраған сумыз біз, Тазамыз, Тазамыз!
«Тапқыр болсаң, талас жоқ»
Мақал-мәтел жалғасын тап
Атамекен ауасы-... (жан-жүйенің дауасы)
Судың да...... (сұрауы бар)
Сусыз ..... (тіршілік жоқ)
Ауа-.... (өмір тынысы)
Дені саудың-... (жаны сау)
Шынықсаң- .... (шымыр боласың)
Ас тұрған жерде ... (ауыру тұрмайды)
Жарлының байлығы-... (денінің саулығы)
Табғат- әсемдік әлемі
Сүйейік табиғатты аялайық,
Бізде онан жақсылықты аямайық.
Анадай табиғаттың аясында,
Жадырап жас балаша дем алайық.
Табиғат ол анамыз
Табиғатқа баламыз
Құшағында ойнаймыз
Шаттық әнге саламыз
Жазда аралап тауын да
Барамыз біз баурына
Өзеніне шомылып,
Жүгіреміз жауында.
Тамаша ғой бүгін сен
Табиғатқа жүгінсең
Құлақ түріп,
Көз тігіп,
Төңірекке үңілсең.
Еріп бұлттың ырқына
Жоқ болады бір күн ай
Табиғат та бір кітап
Оқи алсаң, шіркін- ай!
Таң атады арайлап
Күн күлімдеп туады
Жадырайды бар аймақ
Жарқырайды шуағы.
Дала гүлін жинаған,
Жазып ерлік дастанды.
Аталарым сыйлаған,
Бізге ашық аспанды.
Жарайсыңдар балалар!
Қорытынды .
Балалар бүгінгі сабағымыздан түйген ойларыңды, мына қағаз бетіне суреттер арқылы жабыстырамыз.
Ертеңгі табиғат.
Ағаш егу
Қоршаған ортаны, ауаны таза ұстау
Айналаны көгалдандыру
Сенбілік ұйымдастыру
Өрт шықпауын қадағалау.
Табиғат байлықтарын қорғай білу –азаматтық борышымыз. Табиғатты аялап сүйе білейік.Табиғатты қорғағанымыз туған жерімізді , туған елімізді қорғағанымыз.