kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Тәрбие сағаты "Қылмыс және жасөспірім"

Нажмите, чтобы узнать подробности

Оқушыларға қылмыстық істердің адам өміріне тигізер әсері, келешек өмірлеріне оның зардаптары туралы түсіндіру. Ой-өрісін, ойлау қабілетін шығармашылыққа дамыту. Қоғамға жат мінез-қылықтардан сақтандыру. Адамгершілік ізгі қасиеттер мен ар-ождан бостандығына тәрбиелеу.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Тәрбие сағаты "Қылмыс және жасөспірім"»













Тәрбие сағаты

«Қылмыс және жасөспірім»















































Өткізілген уақыты: 28. 03. 2019

Тәрбие сағатының тақырыбы: «Қылмыс және жасөспірім»

Тәрбие сағатының мақсаты:

Білімділік: Оқушыларға қылмыстық істердің адам өміріне тигізер әсері, келешек өмірлеріне оның зардаптары туралы түсіндіру.

Дамытушылық: Ой-өрісін, ойлау қабілетін шығармашылыққа дамыту.

Тәрбиелілік: Қоғамға жат мінез-қылықтардан сақтандыру. Адамгершілік ізгі қасиеттер мен ар-ождан бостандығына тәрбиелеу.

Барысы: «Өз бақытың өз қолыңда» «Қылмыс жасағаны үшін жазаға тартқаннан гөрі қылмыстың алдын-алу әлдеқайда жақсы» деген пікір бар.

Көрнекілігі: слайд, суреттер.

Тәрбие сағатының жүру барысы:

І. Оқушыларға слайд арқылы жасөспірім қылмыстарының шығуы және алдын алуы туралы мағұлмат беру

ІІ . Ситуациялық сұрақтар

І. «Қылмыс және жасөспірім» тақырыбы бүгінгі күні маңызды болып саналады, өкінішке орай кейбір жасөспірімдер құқықбұзушылықтың арты неге әкеліп соғатынына аса мән бере қоймайды. Құқықтық мемлекетке қадам басқан шақта қоғамға саналы адам қалыптастыру мемлекетіміздің басты міндеттерінің бірі болатын болса, ол міндетті іске асыруға басты мақсат жасөспірімді жаңа рухта, жаңа көзқараста тәрбиелеуден айқын көрінеді.

Сондықтан алдымен қылмыс дегеніміз не мағынасын ашып алсақ. Қылмыс –Қазақстан Республикасының қылмыстық заңына сәйкес,  жазалау қатерімен тыйым салынған, қоғамға қауіпті әрекет .

Жасөспірімдердің қылмыстық әрекетке  баруына байланысты себеп не? Кім кінәлі? Қоршаған  орта ма? Әлде мектеп пе? Әлде жүре  түзеліп кетер деп  қылмыстық әрекеттер істеген баласының  әрекетіне  немқұрайлы  қарайтын  ата-ана ма? Осы сұрақтарға жауап ретінде жасөспірімдердің қылмыс жасауының себептеріне тоқталатын болсақ:

Қазіргі таңда зерттеушілер жасөспірімдердің қылмысқа баруының мынадай үш себебін ашып көрсетеді: Отбасылық жағдай, жасөспірімдердің уақытын тиімді пайдалана алмауы, тұрмыстық жағдай.

1. Жанұядағы тәрбие жұмыстарынан кеткен қателіктер, кемшіліктер, жинақталып келіп қоғамдық тәрбиедегі қателіктерімен байланысып, жасөспірімдердің тәртібін одан әрі шиленістіре береді. Жасөспірімнің қылмыс жасауын болдырмау үшiн қазақ отбасына тән өзiндiк ерекшелiктерiнiң маңызы зор: отбасы мүшелерi арасындағы iзгiлiк қатынастар; үлкенге деген құрмет; кiшiге деген iлтипат; жасөспірімнің тұлғалық дамуына олардың жас ерекшелiктерiне байланысты қатынас; әулеттегi жақсы дәстүрдi үлгi ету арқылы бала қасиетiн аша бiлу; күнделiктi тұрмыс-тiршiлiкке бейiмдеу және т.б. Балаға ең жақын адам ең бірінші ата-анасы екендігін естен шығармаған жөн.  Егер ата-анасы ұл-қызының бос уақытында немен шұғылданатынын, сабақ үлгерімін, мектепке барған, сабағынан қайтқан уақытын тексеріп, сабақ кестесін үнемі қадағалап, сынып жетекшісімен тығыз байланыста болса, баланың күн режимінен құлағдар болып отырар еді.

2. Бос уақытын тиімді пайдалана алмауынан ата-ана назарынан тыс қалған балалар.Балалардың соңғы кездері шекара дегенді білмейтін, жан-жақтан ағылып келіп жатқан, бала жүрегіне қатыгездік дәнін себу жағынан бірінен-бірі асып түсетін компьютерлік ойындарға, одан қалса, атыс-шабысқа толы, адамды қинау мен азаптап өлтірудің эпизодтарын қамтитын сорақы жанрдағы фильмдерге деген ықыласымен байланыстыруға болады. Адамның қоғамдық белсенділігі оқуға, спортқа, көркем өнерге деген қызығушылықтарын күннен-күнге арттырады. Ал осындай қоғамдық жұмыспен айналыспайтын жасөспірімдер қылмыстық істерге жақын жүреді. Қоғамнан, ондағы қайнаған қызу өмірден шеттеп қалу, қылмысқа барған жасөспірімдердің қылмысқа баруының бірден-бір себебі болып табылады. 
Қазіргі жастардың 90 % компьютер қолданады. Педагогикалық зерттеу бойынша ата-ана баланың интернетте немен айналысатынын білмейді. Компьютер ойындарының шырмауына түскен бала одан шығуы қиын.

3.Тұрмыстық жағдай. Яғни тұрмыстың ауыр зардабын көре отырып қылмыстық жолмен жеңіл ақша табуға әдеттенген балалар.

Соңғы уақытта республиканың барлық аймақтарында жасөспірімдер қылмысы қатты белең алып келеді. Еліміздегі орын алған әрбір бесінші қылмыс сол балалардың үлесіне тиеді екен. Өзіміздің облыс бойынша статистикалық деректерге тоқталсақ: Батыс Қазақстан облысында 2013 жылы жасөспірімдер қылмысы 5,3 пайызға (өткен жылғы 131-ден биыл 138-ге дейін) артып отыр. Орал қаласында (90-нан 97-ге), Бөкей ордасында (0-ден 5-ке), Ақжайық (2-ден 5-ке), Бөрлі (6-дан 7-ге), Жаңақала (1-ден 2-ге) және Тасқала (0-ден 1-ге) ауданында қылмыстың өскені байқалады. Қылмыс жасаған 177 жасөспірімнің 132-сі - мектеп және колледж оқушылары. Ішкі істер органдарында барлығы 708 бала есепте тұр. Облыс бойынша 332 қолайсыз отбасында 402 бала тәрбиеленуде. Биыл осындай 116 отбасы (126 бала) анықталып, есепке алынды. 2013 жылы балаларына дұрыс тәрбие бермеген үшін 156 ата-ана немесе оларды алмастыратын адамдар, түнгі уақытта жасөспірімдерді ойын-сауық орындарына жіберген 25, 21 жасқа толмағандарға спирттік ішімдік сатқаны үшін 32, темекі сатқан 8 тұлға әкімшілік жауапқа тартылды. Сонымен қатар 2205 «жасөспірім» әкімшілік жаза алды.

Қорытындылай келе кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыстар белең алып келеді, онымен күресу үшін мемлекеттік органдармен байланыс орнату керек. Жастар арасында патриоттық сезімін, мәдени құндылықтарды дамытып, тәрбиелеу керек. Сонымен қатар жастардың құқықтық сауаттылығын ашу керек.


ІІ. Ситуациялық сұрақтар:

1. Бір елдің емес, барлық әлемнің президенті болдыңыз делік, алдымен адамдардың қандай қылмысы үшін ең ауыр жаза белгілер едіңіз?

2. Сенің досың Мұрат өтірікті көп айтады. Ол ата-анасын да, ұстазын да, достарын да көп алдайды. Сен оған қандай ақыл-кеңес берер едің?

3. Сен бір сыныптасыңның ұрлық жасағанын көріп қалдың. Ол саған енді ұрлық жасамайтындығын айтып, ешкімді айтпауымды өтінді. Сен не істер едің?

4. Көшедегі көрініс:

Армат: Айболат бүгін Мараттың туған күні ғой, білесің бе?

Айболат: Ия, ия, жүр, ендеше солай қарай барайық.

Айболат: Кеттік, жолшыбай Бекжолға соға кетейік, ол да барар мүмкін.

Армат: Бекжол, біз туған күнге бара жатырмыз. Бізбен бірге жүрсеңші.

Бекжол: Жоқ, мен әуелі ата – анама ескертуім керек, әйтпесе алаңдайтын шығар.

Айболат: Ту, ата – анаңа ескертіп не істейсің, біз секілді айтпай кетіп қалмайсың ба, сұрансаң жібермей қалады.

Бекжол: Жоқ, балалар, мені жібермейді бара алмаймын. Бірнәрсеге душар болып қалармыз.

Армат: Онда өзің біл, ертең «көп қызықтан қалдым» -  деп өкініп жүр ме.?

Сұрақ: Балалар қандай қателік жіберді? Кімдікі дұрыс деп ойлайсыз?


5. Мақал-мәтелдің жалғасын тауып, түсінік беріңіз

Біреуге ор қазба …

Ұрлық түбі …

Қолыңмен істегенді …

Жақсыдан үйрен, жаманнан...



Қоғам әрқашан тәртіпке негізделіп, арқа сүйеп қалыптасып, тіршілік етеді. Қоғамда тәртіп болмаса, ол құлдырайды, яғни келешегі болмайды. Мұны адамдар ежелден - ақ жақсы түсінген. Сондықтан да қоғамда тәртіп орнатудың жолдарын қарастырған. Дегенменде, керісінше қоғамдық тәртіпті бұзуға бейім азаматтар да аз болмаған. Осыдан келіп құқық бұзушылық орын ала бастады. Құқық бұзушылық - қоғам өміріне тән дерт. Адам баласы өмір сүрген ортада ол да әрқашан орын алады. Бұл шартты құбылыс. Құқық бұзушылық - заңды, оның қағидаларын құқықтық нормалар жүктеген міндеттерді бұзу, тыйым салынған әрекеттерді жасау. Ол адамдардың іс-әрекеті, қылығы арқылы басқа адамдар мен, қоғаммен, мемлекетпен қарым - қатынасқа түседі. Заң бұзушылық адамның мінез - құлқы арқылы байқалады. Адамның ой - желісі заңмен реттелмейді. Бірақ қандай да болсын іс - әрекет, мінез - құлық, ойдың, сана - сезімнің қатынасуынсыз жасалмайды. Олар ойдың елегінен өтіп бақылауында болады. Ақылы дұрыс адамның іс-әрекеті ерік пен ойдың елегінен өтіп, арқасында жүзеге асырылады. Демек, заңды бұзушылық қоғам мен жеке тұлғаларға зиян келтіретін және құқықтық нормаларға қарсы әрекет немесе әрекетсіздік болып табылады.- Әрекет - бұл құқық нормаларының іс - қимыл жасай отырып жүзеге асуы, ал әрекетсіздік құқық нормаларының талаптарын ешқандай іс - қимыл орындалмаса да бұзу арқылы орын алады.

2. Бейне таспа.
Бейне таспа бойынша сұрақ жауап алу.

3. Жағдаят.
1. Әкесі баласының бет аузының көгергенін көріп, - сен не көшедегі бұзақылардан таяқ жеп жүрсің бе? Неге ұрмайсың? Бұдан кейін үйге бет аузың көгеріп келуші болма? Олар ұрғанда сен қарап тұрма, ұр, сазайын бер.
Мұғалім:
- Қалай ойлайсыңдар, әкесі дұрыс жол көрсетті ме?
2. Ермек 9 сынып оқушысы, күніге сабақтан қайтқанда, өзінен кіші балаларды қорқытып ақшасын, ұялы телефонын тартып алады. Бұл Ермекке әдетке айналған.
Мұғалім:
- Сендер қалай ойлайсыңдар, Ермек дұрыс істеп жүр ме?

4. Көрініс. «Соттың соңғы үкімі.»

5. Мақал мәтелдің мағынасын ашу.
1. Ұрлық түбі - қорлық
2. Біреуге ор қазба, өзің түсесің.
3. Заңның құрығы, бәрінен ұзын.
4. Қолыңмен істегенді, мойныңмен көтер.
5. Заңды сыйлаған еркін жүреді.
6. Тура биде туған жоқ,
Туғанды биде иман жоқ.

6. «Тәртіп орнат» ойыны.
1. Құқық -------------------- А - Еліміздің негізгі заңы.
2. Конституция ------------ Б - Мемлекет басшысы.
3. Мемлекет ---------------- В - Негізгі саяси қоғамдық ұйым.
4. Азамат -------------------- Г - Тәуелсіздік
5. Құқық бұзушылық ----- Д - Заңдар жүйесі.
6. Президент ----------------- Е - Заң шығарушы орган
7. Парламент ---------------- Ж - Заң жүйесін бұзу.
8. Егемендік ------------------ З - құқығы бар ел тұрғыны.

1 - Д, 2 - А, 3 - В, 4 - З, 5 - Ж, 6 - Б, 7 - Е, 8 - Г.

7. Қорытындылау.
- Бүгінгі ашық тәрбие сағатынан нені білдіңдер, нені ұқтыңдар?
Бүгінгі тәрбие сағаты бойынша өз ойларын тиянақтау.
- Қылмыс атаулыға бармаймыз
- Білім мен тәрбие берген ұстаздарымызға жаман сөз келтірмейміз
- Сіздердің берген білім мен тәрбиені өмірде дұрыс қолдана білейік.
- Ата - анамызды және достарымызды құрметтейміз.
- Қазақстан Республикасының елін, жерін, халқын әркез қорғаймыз.
0















































Тақырыбы: 1-наурыз «Алғыс айту күні»

                               

Өмірге риза болып, алғыс айт

Халық даналығы

Мақсаты: Оқушылардың «сыйластық» құндылықтары туралы түсініктерін кеңейту.

Міндеттері:- ризашылық пен алғыс туралы түсінік беру;

- үлкен- кішіге деген сүйіспеншілігін, сыпайылық қарым-қатынасын дамыту;

- әдептілікке, кішіпейілділікке, ізеттілікке тәрбиелеу;

Көрнекі құралдары: оқулық, дәптер, кеспе бата қағазы.

І.Ұйымдастыру бөлімі:

А)Психологиялық дайындық «Мен саған алғыс білдіремін, өйткені...»

В)Топқа бөліну(стикерлер бойынша)


ІІ.Жаңа сабақ.

Мұғалім сөзі: Қазақстан Республикасының Президентінің «Қазақстан Республикасындағы кәсiптiк және өзге де мерекелер туралы» Жарлығына өзгерістер мен толықтырулардың енгізілгені айтылады: Алғыс айту күні — 1 наурыз.

2015 жылдың сәуір айында Қазақстан халқы Ассамблеясының «Мәңгілік Ел: бір ел — бір тағдыр» тақырыбымен басталған ХХІІ сессиясының ашылу салтанатында сөз сөйлей отырып, Назарбаев халықтардың түгелдей жер аударылғанын еске алған еді. «Сталин режимінде әр жылдары, өздеріңіз білетіндей, халықтар түгелдей жер аударылды. Оларды вагондардан ауылдарға тастап кете берді, олардың еш дүниесі болған жоқ. Сол уақытта бұл далада өздері мұқтаж бола отырып, оларды саман үйлеріне қабылдаған қазақтар, қазақ отбасылары ғана өмір сүрді», — деді Президент.

Назарбаев отбасының жер аударылғандарды қабылдап алғанын еске алды. «Саманнан жасалған екі бөлмелі там үйде тұрған біздің отбасы үш баласы бар жанұяны қабылдап алды. Көз алдымда әрқашан, әрқашан олардың бөлменің бір бұрышына жиналғанын елестете беремін, олар қорқып тұрды — киімдері жыртылған, аш, тозып кеткен. Олар біздің отбасыда өмір сұрді, жұмыс істей бастады, өмір бойы алғыс айтып өтті. Мен оның балаларымен дос болдым», — деді ол.

«Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылған күнінде — 1 наурызда, басқа уақытты қойса да болады — барлық ұлттың бір-біріне және осы адамдарды қабылдаған, аяушылық білдірген қазақтарға алғыс айту күні деп белгіленсе әділетті болар еді», — деді Қазақстан Президенті.

Алғыс — біреудің екінші біреуге ықыласын білдіруі, рахмет айтуы. Алғысты сөзбен немесе қимыл, іс-әрекет, заттай сыйлық беру, тіпті жақсы қарым-қатынас түрінде де білдіруге болады. Әркім Алғыс алу арқылы өзінің басқалармен қарым-қатынасын, өмірдегі орнын бағалай алады. Қазақ халқыныңұғымында неғұрлым көп Алғыс алған адам бақытты болады. “Алғыспен ер көгерер” деген мәтел соған мегзейді. Алғысқа қарсы мағына —қарғыс.


Қызығушылықты ояту: «Алғыс» (ассоциация)

ІV.Топтық жұмыс:

1-топ: Алғыс айту күнi этносаралық достыққа және түсiнiстiкке әкеледi, өйткені...

2-топ: Өмірге риза болып, алғыс айт...

Дәптермен жұмыс:

«Алғыс күні-еліміздегі ұлттардың бірлігін нығайтудың негізі»

(эссе жазу)

Қорытындылау:

тренинг «Жаныңда жүр жақсы адам.......» Сонымен, рақметке лайықты кімдер? Тізімді бірге құрайық! Бастысы – алғыс айта білу…

Анаға – өмір сыйлағаны үшін,

Әкеге – қорған болғаны үшін,

Далаға – гүлдері мен көк шалғыны үшін,

Сөзге – жанды жылытатыны үшін,

Күнге – шуағы мен назары үшін,

Жұлдызға – қараңғы түндегі жарығы үшін,

Досқа – құшағы мен иығы үшін,

Әжеге – ыстық алақаны үшін ,

Суға – тіршілік көзі болғаны үшін,

Жерге – махаббаты мен бар болғаны үшін,

Отқа – жылулығы үшін.

5. «Жалғасын тап»1.Алғыс алған арымас, Қарғыс алған жарымас.

2. Алғыс алған жігіттің аты бәйгеден келеді.

3.Алтын алма, алғыс ал: алтын деген жер сыйы, алғыс деген ел сыйы.

4. Қағынған қарғыс алар, Қарасқан алғыс алар.

5. Қайырымдылық жасасаң, Қайырын өзің көресің.

6. Қонағыңның алтынын алма, алғысын ал.

7.Алғыс алған шеккі емес,Қарғыс алған көктемес.

8. Адамдықтың нұры бол,Адалдықтың құлы бол.

9. Жақсыдан жылы сөзіңді аяма.

10. Ел алғысын алсаң,Елеулісі боларсың.

11.Құр алғыс азық болмайды.

12. Жақсылық еккен алғыс орады

 3. «Өз ойыңды білдір»

 1)Алғыс пен ризашылық дегенді қалай түсінесіңдер?

 2)Адам  өзінің  ризашылығын,  алғысын  қандай  сөздермен  білдіреді?

+ 3)Сендерге  кім  қандай  жағдайда  алғыс  айтты ?


Тәрбие сағатының тақырыбы: «Ауғанстан ақиқаты»


«Белгісіз соғыс. Интернационалист –жауынгерлерді еске алу күні. Әскердің Ауғанстаннан шығарылғанына 30 жыл»

Мақсаты:

Білімділігі: Ауған соғысының тарихи мағынасын ашып, оқушыларға түсіндіру. “Ауған соғысы” жайлы тереңірек біліп тану, соғыс ардагерлері туралы мәлімет алу.

Дамытушылық: Тарихи деректердің маңыздысын аша білуге және материалдарды диалектикалық тұрғыдан талдай білуге дағдыландыру.

Тәрбиелік: Ауған соғысының ардагерлерін құрметтеу,жас ұрпақтың патриоттық сезімдерін оятып,Отан үшін отқа түсіп қыршынынан қиылған,жат жерде көз жұмған Қазақстан азаматтарын еске алу,жауынгерлердің қысқа ғұмырынан үлгі-өнеге,тарихи тағылым беру,оқушылардың сөйлеу мәдениетін дамыту, елжандылыққа, отансүйгіштікке, ізгілікке баули отырып тәрбие беру.

Әдісі: еске алу сабағы

Көрнекілігі: Тақырыпқа сай слайд,интерактивтік тақта.

Сабақ бағдарламасы:

І. Ауғанстан соғысы тарихы туралы түсіндіру.
ІІ. Ардагерлерді еске алу.
ІІІ. Қорытынды

Әнұран

І. Ауғанстан соғысы тарихы туралы түсіндіру.

1979 жылы желтоқсан айында Кеңес үкіметінің ұйғаруымен 
Ауғаныстан жеріне Кеңес әскерлерін енгізу туралы шешім қабылданды. Соғыс– зұлымдық. Жазықсыз төгілген қан. Тарих жылнамасынан өзінің қаралы, нәубет жылдарымен орын алған зұлматтың бірі –Ауған соғысы. Аяқталмас соғысқа ұласқан бұл қасірет елдің тек өз ішінде ғана емес оған сырт мемлекеттердің қатысуымен ұзаққа созылды. 10 жыл бойы байтақ елдің тыныштығын бұзып, бұл дүниеден бейхабар періштедей жаны пәк сәбилердің шырылын шыңыруға шым батырған, талай аналарды перзеттерден айырған, мыңдаған жерлес бауырларымыз  қаза  тапқан қасіретті де, қайғылы Ауғаныстандағы сұрапыл соғыс 9 жыл 10 айға созылды.

Қазақстаннан Ауған соғысына 22000 адам қатысып, олардың 761-і қаза тапты. 21 адам хабарсыз кетті. Бұл соғыстың абырой әпермейтінін түсінген Кеңес үкіметінің басшылары Ауғанстандағы барлық әскерді екі жылдың ішінде алып шығу туралы бір шешімге келді. 1989 жылдың 15 ақпанында қолбасшы, генерал - лейтенант Б. Громов “Кеңес әскері Ауғанстан жерінен толықтай шығарылды” деп мәлімдеді.Соғыс деген қаралы ұғым. Ауған соғысында мерт болғандар мен ардагерлердің алдында қашанда бас иеміз. 
Бүгінгі таңда елімізде 10000 - ға жуық ауған соғысының ардагерлері бар.
Олардың 3000 - дайы мүгедектер қатарында. Соғыстан қайтқандардың көпшілігі «ауған синдромынан» айыға алмай жүрді. 90-шы жылдардың басында өткізілген тест соғысқа қатысқандардың 30-40 пайызы кәсіби психологтардың көмегіне зәру болғанын көрсеткен. 
Ауғанстан кеңес әскерлерінің шығарылғанына 28 жыл өтсе де, сол кездегі жауынгерлер бүгінгі бейбіт өмірдің еңбеккерлері соғыс жарасынан айыға алмай келеді. Бүгін өзімізбен бірге елінің көсегесін көгертуге атсалысып жүрген ауғандық ардагер жауынгерлерді қадірлеп – құрметтеу – біздің борышымыз.
Елбасымыз Н. Ә. Назарбаевтың ауған соғысы туралы: « Ауған соғысында қыруар қаржы шығындадық, мыңдаған өмір қиылды, бәрібір кеңес әскеріне бұл елді тастап шығуға тура келді. Халық үшін бұдан асқан қасірет бар ма?» - деген ойлы сөзі бар.
Бұл соғыс жайлы шындық талай жылдар бойы тұмшаланып келді. Тек еліміз Тәуелсіздік алғаннан кейін ғана шындықтың беті ашылды.

Қорытынды:

Өтер жылдар, айлар тағы алыстап
Тағдыр талай тауқыметін табыстар.
Өздеріңді жырлап өтер ұрпағың
Ауғандағы азап шеккен арыстар - деп ақын жырлағандай, өмір тоқтамайды, ерлік өлмейді, замандарға жалғаса береді. Сонау Ауған жерінде қару асынып мұң арқалаған сын сағаттарда бірін - бірі бауыр дескен азаматтар бүгінгі таңда еліміздіңтүкпір - түкпірінде еңбек етуде.

Еске алайық, құрметтейік құрбандардың рухын,

Қабірлері нұрға орансын, суық көрде жылынсын

Есіл ерлер ескерткішке айналсаңда біз үшін

Мәңгі бақи тірісіңдер, тірісіңдер, тірісіңдер!

  Ауған соғысында қаза тапқан батыр ағаларымызды орнымыздан тұрып 1 минут  үнсіздікпен еске алуыңызды сұраймыз. 

Аспанымыз ашық болсын, бейбіт өмір жасай берсін!

Смотреть курс


























Тәрбие сағаты: «Ауғанстан ақиқаты»

Мақсаты:

Білімділігі: Ауған оқиғасының тарихи мағынасын ашып, оқушыларға түсіндіру.

“Ауған соғысы” – жайлы тереңірек біліп тану, соғыс ардагерлері туралы мәлімет алу.

Дамытушылық: Тарихи деректердің маңыздысын аша білуге және материалдарды диалектикалық тұрғыдан талдай білуге дағдыландыру.

Тәрбиелік: Тәуелсіздік жолында күрескен аға - апаларымыздың ерлігін кейінгі ұрпаққа үлгі ете отырып, оқушыларды ұлтжандылыққа, отанын сүюге тәрбиелеу.

Әдісі: еске алу сабағы

Көрнекілігі: Тақырыпқа сай слайд. Интерактивтік тақта.

Сабақ бағдарламасы:

1. Мұғалімнің кіріспе сөзі

2. Ауғанстан соғысы тарихы туралы баяндама Махмудова С

3. Ауғанстан жайлы видеоролик,слайдтар

4. Ауғанстан соғысының ардагері Исанбаев Хамро ағаймен сұхбат

5. Отан туралы өлеңдер

6. Ән «Қазақстан» Шайдар Д

7. Қорытынды

Сабақ барысы: Ашылуы

Сол Ауғанда талай досты жерледік

Қарлы шыңға күн түн демей өрледік

Сұрапылда ерледік те шерледік

Намыс туын қолдан бірақ бермедік

Армысыздар қымбатты ұстаздар, оқушылар және бүгінгі кездесуіміздің аса құрметті қонақтары!

Батырлыққа уызынан жарыған,

Ер төркіні байрағынан таныған.

Өзі ақын, өзі әнші халықта

Кім айта алар

Болмаған,- деп - Әнұран?!

Әнұран орындалады.

Соғыс жан алып – жан беру

Соғыс халықтың басына келген қасірет, жұт

Кеңес әскерлерінің Ауған жерінен шығарылғанына 27 жыл толуына байланысты

«Ауғанстан ақиқаты» тақырыбындағы кешімізді ашық деп жариялаймыз.

1989 жылы, Ақпан айының 15 - де талай аналарды перзенттерден айырған, мыңдаған жерлес бауырларымыз қаза тапқан қасіретті де, қайғылы да «Ауған соғысы» аяқталды. Жылдар өткенімен жауынгерлеріміздің өшпес ерлігі ел есінде сақталуда. Бүгінде «Ауған соғысы» қажет пе еді? деген сұрақтар көп қойылған кезде, біз жастар, еліміздің сол соғысқа қатысқан ұлдарын Отан алдындағы борыштарын адал атқарған азаматтар деп құрмет тұтамыз.

2.Ауғанстан соғысы тарихы туралы баяндама Махмудова С

3.Мұғалім: Ауғанстан соғысы не үшін басталды? Оқушылар ендігі кезекте тақтаға назар аударайық. (Ауған соғысы туралы видеоролик,слайдтар көрсетіледі)



Мұғалім: Қазақ жұрты не көрмеді десеңдерші, тарих беттеріне көз жүгіртсек, «Қазақ» хандығы құрылғаннан бері қазақтардың басынан түрлі қиын - қыстау кезеңдер мен адам төзгісіз жан түршігерлік жағдайлар өткені жайында сыр шертеді. Қазіргі таңда еліміздің жетістігі өте көп. Дегенмен, бұл жетістіктерге жетуде еліміз көп қиыншылықты көргенін ұмытпағанымыз жөн. Халқымыз бостандықты аңсап, тәуелсіздікке зарығып жетті.

4.Ауғанстан соғысының ардагері Исанбаев Хамро ағаймен сұхбат

5. Отан туралы оқушылардың өлеңдері


1. Ауғанның қанда даласы

Адамзаттың наласы

Бүк түсіп жатыр қан құсып,

Қаралы таулар, қарашы

Адасып барып армандар,

Кабулда күл боп қалғандар

Гүл болып көгеріп

Өмірді қайта жалғаңдар

Арманда кеткен ер үшін,

Ұмытпас елім арысын.

2. Ту етіп ұстар қашанда,

Тәуелсіз елдің намысын,

Баласын іздеп аналар

Анасын аңсап балалар,

Жүрекке түскен бомбадай...

Жазылар қашан жаралар?

Есімде ол күн қаралы,

Зуылдап жылдар барады.

Сарбаздар бәрін біледі,

Ауғаннан қайтқан жаралы.

6. Ән «Қазақстан» Шайдар Д

7. Қорытынды


О, олардың көз жасының татымын

Татып көрсең ойланар ең пақырым

Халық болып ешқашанда оңбайды

Жылатқан ел ақыны мен батырын

Мұғалім: - Сабағымызды «Қазақстан» әнімен аяқтағымыз келіп отыр.

Патриотизм – адамның өз Отанына деген сүйіспеншілігі мен адалдығын көрсететін сезім. Ол адамның өз Отанын күшті де айбынды етіп, гүлдендіруге ұмтылуымен сипатталады, қандай да бір қастандық әрекеттерден Отанын қорғауға дайын болуын білдіреді. Патриотизм сезімі - өз халқының әлеуметтік, мәдени жеңістері үшін мақтану, оның жауынгерлік және еңбек дәстүрлеріне ұқыптылығымен қарау. Патриотизм, сондай-ақ туған жерге, ата-бабасы жатқан жерге құштарлық сияқты терең перзенттік махабатты да білдіреді. Қазір патриот болу дегеніміз – республиканың экономикалық, қорғаныстық әлеуетін тынбай нығайту, оны кез келген сыртқы қастандықтан қорғауға дайын болу, әскери міндетке жауапкершілікпен қарау деген сөз.  

Мұғалім сабақты қорытындылайды.



Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Прочее

Категория: Уроки

Целевая аудитория: Прочее

Скачать
Тәрбие сағаты "Қылмыс және жасөспірім"

Автор: Иманкулова Жамила Байтурсыновна

Дата: 12.12.2019

Номер свидетельства: 531575

Похожие файлы

object(ArrayObject)#863 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(75) "???ы?ты?  жігер-???ы?ты?  т?рбие  т?рбие  са?аты."
    ["seo_title"] => string(42) "kukyktykzhighierkukyktyktrbiietrbiiesagaty"
    ["file_id"] => string(6) "294434"
    ["category_seo"] => string(22) "klassnomuRukovoditeliu"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1455642689"
  }
}
object(ArrayObject)#885 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(58) "«Заң және заман» (тәрбие сағаты)"
    ["seo_title"] => string(29) "zan_zh_ne_zaman_t_rbie_sagaty"
    ["file_id"] => string(6) "500698"
    ["category_seo"] => string(22) "klassnomuRukovoditeliu"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1550670025"
  }
}
object(ArrayObject)#863 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(77) "Т?рбие са?аты "Мені? ???ы?ым мен міндеттерім" "
    ["seo_title"] => string(53) "t-rbiie-sag-aty-mienin-k-u-k-yg-ym-mien-mindiettierim"
    ["file_id"] => string(6) "195633"
    ["category_seo"] => string(22) "klassnomuRukovoditeliu"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1427949475"
  }
}
object(ArrayObject)#885 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(50) "Т?рбие са?аты "Балалар ???ы?ы" "
    ["seo_title"] => string(34) "t-rbiie-sag-aty-balalar-k-u-k-yg-y"
    ["file_id"] => string(6) "193605"
    ["category_seo"] => string(13) "vsemUchitelam"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1427653453"
  }
}
object(ArrayObject)#863 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(81) "Т?рбие са?аты "Жаманнан жирен, жа?сыдан ?йрен" "
    ["seo_title"] => string(51) "t-rbiie-sag-aty-zhamannan-zhirien-zhak-sydan-uirien"
    ["file_id"] => string(6) "173437"
    ["category_seo"] => string(22) "klassnomuRukovoditeliu"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1423994900"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

Курсы ПК и ППК для учителей!
ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства