Сабақтың тақырыбы : Қазақ музыка әлеміндегі атақты күйшілер
Сын есім
Сабақтың ойқазығы : Туғанда дүние есігін ашады өлең,
Өлеңмен жер қойнына кірер денең.
(Абай)
Сабақтың мақсаты : Қазақ халқының атақты күйшілері Құрманғазы Сағырбайұлы , Дина Нүрпейісованың музыка әлемінде қалдырған шығармашылығы туралы әңгімелесу, оқушыларды өнерге баулу.
Сын есімді еске түсіріп қайталау және тапсырмалар орындау.
Міндеттері :
оқушыларды музыка әлеміндегі күйді түсініп бағалай білуге баулу;
күйші -композиторлардың шығармашылығы арқылы оқушыларға адамдық ізгі қасиеттерді дарыту;
оқушылардың ауызша , жазбаша ойлау қабілеттерін шыңдау;
Сабақтың типі : дәсүрлі
Сабақтың түрі: жаңа сабақты меңгертуге негізделген кіріспе сабақ
Сабақтың әдіс - тәсілдері : сұрақ –жауап, тексеру, көрнекілік әдісі, талдау
Негізгі әдіс: ізденіс
Интеграциялық мүмкіндігі:
1.Ән –күй : Құрманғазының күйі «Адай»
2. Шәкәрім Құдайбердиевтің әні :
«Бұл ән бұрынғы әннен өзгерек»
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі.
а/ Сыныппен амандасу.
Балалар, бүгін біздің сабағымыз атақты күйшілерге арналады.
Ең алдымен біз екі топқа бөлініп алайық.
І топ «Құрманғазы» ІІ топ «Дина»
Балалар, дәптерлеріңді ашып бүгінгі күнді және тақырыпты жазып қойыңдар.
І дидактикалық кезең: «Күй – көне музыкалық шығарма»
Міндеті : оқушылардың танымдық қызметінің мотивациясын қалыптастыру.
Атқарылатын жұмыс түрі: ойқозғау салу.
Мұғалім сөзі: - Балалар , қазір біз Құрманғазының «Адай» күйін
тыңдаймыз.
І топ - Күй деген не? ( слайд)
Күй - көне музыкалық шығарма, өнер туындысы , әуен, саз, ұлттық мұра,
( флипчартпен жазу)
ІІ топ - Күйде не туралы айтылады? (слайд)
Күйде қазақ халқының тұрмысы, өмір - тіршілігі жайында айтылады. Күй біздің заманымызға ауыздан – ауызға көшіп жеткен (флипчартпен жазу)
І топ - Қандай күйшілерді білесіңдер? (слайд)
Қорқыт ата, Құрманғазы Сағырбайұлы , Дина Нүрпейісова, Тәттімбет Қазанғапұлы, Кенен Әзірбаев, Нұрғиса Тілендиев, Шәмші Қалдаяқов, Ахмет Жұбанов сияқты композиторлар мен күйшілер көп болған ( слайдтан фото көрсету).
ІІ дидактикалық кезең: «Ата өнері - балаға мұра»
Міндеті : Тақырыптың түпкі ойын ашу.
Атқарылатын жұмыс түрі: мәтінмен жұмыс
а/ Мәтінмен жұмыс:
1. Мәтінді мәнерлеп оқу
2.Мәтінді аудару.
3. Мәтінді қысқаша мазмұндау.
4. Мәтін бойынша кесте толтыру
Күйші
Туған жылы
Туған жері
Шығармалары
Қайтыс болған жылы
1 топ - Құрманғазы Сағырбайұлы ( мәтін)
Құрманғазы Сағырбайұлы (1806- 1879) – қазақтың күйші, композиторы, домбырашы, халықтық аспаптық күй өнерінің классигі. Күйші қазіргі Батыс Қазақстан облысының Жаңақала ауданындағы Жиделіде туған. Атақты күйшілерден күйлерінің мазмұны туралы әр түрлі әңгіме тыңдаған. Құрманғазының алғашқы ұстазы – белгілі күйші Ұзақ болған. Ұзақпен бірге ел аралап , домбырашылық өнерін жетілдірген, өнер сайысына түскен. Құрманғазының алғашқы күйлерінің бірі – «Кішкентай». Одан кейін «Ақбай»,
«Ақсақ киік» , «Көбік шашқан», «Адай», т.б. күйлерін шығарған. Күйші Астрахан облысының Володар ауданындағы Алтынжар ауылында қайтыс болған. Сол жерде ескерткіш орнатылған және мұражай ашылған. Құрманғазының музыкалық мұрасы өте бай. Құрманғазы атындағы ұлт аспаптар оркестрі Құрманғазының мұрасын өте берік сақтады. Бұл оркестр Қазақстанның
барлық жерлерінде, Мәскеуде, Санкт – Петербургте, Балтық жағалауында, Молдовада, Орта Азия республикаларында өнер көрсетті.Оркестр Бухаресте
1953 жылы тамызда болған дүниежүзілік фестивальда бірінші жүлдеге
ие болды.
2 топ - Дина Нүрпейісова ( мәтін)
Атақты күйші , композитор Дина Нүрпейісова 1861 жылы қазіргі Орал
облысы , Жаңақала ауданы , Бекетай құмында , қарапайым шаруаның
отбасында туған. Әкесінің аты Кенже болған. Ол Динаны бала кезінен бетінен қақпай еркін өсірген. Динаның музыкаға деген зеректігі өте ерте байқалған. Ол жеті –сегіз жасында қолына домбыра ұстайды. Тоғыз жасында Құрманғазымен танысады. Дина өз заманының белгілі күйшілерімен кездеседі.Олар: Ұзақ ,
Түркеш , Көкбала және т.б. Осы күйшілердің шығармаларымен танысады. Дина
бұл күйшілерден Дәулеткерейдің күйлерін үйренген.
1888 жылы Құрманғазы Динаға : «Менің күйлерімді кейінгі ұрпаққа жеткіз»,
- деп өз домбырасын ұсынған. Дина ұстазының өсиетін орындады.
Динаның кең тараған күйлері: «Әсем қоңыр» , «Той бастар», «Жеңіс», «Ана бұйрығы», «Бұлбұл» т.б. 1945 жылы Динаға Қазақ КСР –нің Халық артисі
атағы берілді. Күйші 1955 жылы 31 қаңтарда 94 жасында Алматы
қаласында қайтыс болды.
ІІІ дидактикалық кезең « Ұлттық аспап – ғасырлар мұрасы»
Міндеті : күйші - композиторлар өздерінің күйлерін халыққа қандай аспаптармен жеткізгендерін анықтау.
Қандай ұлттық аспаптарды білесіңдер?
Қобыз , жетіген , домбыра ( слайд)
Қобыз, жетіген домбыра жайлы не білесіңдер ?(Аспаптарға сипаттама беру)
Қобыз - ысқышпен тартылатын , төрт ішекті музыкалық аспаптың бір түрі. Дыбыс ішекті тырнақпен басу арқылы шығады.
Домбыра – қос ішекті, шертіп ойналатын музыкалық аспаптардың көне
түрі. Беткі қақпағындағы өрнектер қызыл қарағайдан әшекейленіп жасалған. Тоғыз пернесі , екі құлағы бар.
Жетіген – жеті ішекті, шертіп ойнайтын музыкалық көне аспаптардың бірі.Бұрауы жоқ. Сондықтан оның құлақ күйі жеті асықты ілгерінді –
кейінді орналастыру арқылы келтірілген. Дыбыс ішекті саусақтармен
іліп – қағу арқылы шығады.
ІҮдидактикалық кезең «Грамматика әлемінде»
Сын есім дегеніміз не?
Сын есімнің жасалу түрлері қандай? ( оқушылар жауабы)
Мәтін бойынша грамматикалық тапсырмалар:
тапсырма:
1-топ : Берілген сын есімдермен сөйлемдер құрастыр: қарапайым ,
кең, шебер, белгілі.
2- топ : Мәтіннен сын есімдерді тауып сөз тіркестерін жаса.
тапсырма :
1-топ: Күйшілердің , ұстазының сөздеріне морфологиялық талдау жаса.
2- топ : Мәтін бойынша үш сөйлемге синтаксистік талдау жаса .
Ол Динаны бала кезінен бетінен қақпай еркін өсірген. Динаның
музыкаға деген зеректігі өте ерте байқалған. Тоғыз жасында
Құрманғазымен танысады. Дина өз заманының белгілі күйшілерімен
кездеседі.
Ү дидактикалық кезең «Ойлы болсаң , озып көр» ойыны
( Сабақты бекіту)
Балалар, біздің алдымызда үлкен сын - Ұлттық бірыңғай тестілеу тұр.
Осы тестілеуде кездесетін сұрақтар бойынша дұрыс жауапты іздеп
көрелік.
І , ІІ топ кезектесіп ұяшықты таңдаймыз.
1 сұрақ Құрманғазының алғашқы күйлерінің бірі қалай аталады?
( Кішкентай)
2 сұрақ «Отырар сазы» оркестрін құрған композитор ( Нұрғиса Тілендиев)
3 сұрақ Дина Нүрпейісованың алғашқы ұстазы ( Құрманғазы Сағырбаев)
4 сұрақ Жетігеннің бөлшектерін ата ( Жеті ішек , ерсілі – қарсылы орналасқан жеті асық)
5 сұрақ Қобыздың атасы кім – Қорқыт
6 сұрақ «Менің Қазақстаным» әнұранының музыкасын жазған кім? (Шәмші Қалдаяқов)
7 сұрақ Құрманғазының ұстазы кім? (Ұзақ)
8 сұрақ Дина Нүрпейісова неше жасында Құрманғазымен кездесті? (тоғыз)
9 сұрақ ІХ ғасырда Сыр бойында өмір сүрген ұлы ойшыл, күйші кім?
(Қорқыт)
10 сұрақ Домбыраның бөлшектері қандай?( екі ішек , тоғыз перне, екі құлақ)
ҮІ дидактикалық кезең Үй тапсырмасы
1. Мәтінді мазмұндау.
2. Мәтін бойынша сөздерді жаттау.
3. “ Менің сүйікті музыкам” (эссе)
Бағалау.
ҮІІ дидактикалық кезең «Жақсының сөзі өлмейді, ғалымның хаты өлмейді» -
Өмірге мен мылқау болып келгенде – деп Мұқағали ақынымыз айтқандай
ән мен күй көңілдің ажары демекші, әнді тыңдағанда біз оның мазмұнын ұға аламыз , сондай -ақ күйдің де мазмұны болады. - Ендеше, біз бүгін сабағымызды Шәкәрім Құдайбердиевтің «Бұл ән бұрынғы әннен өзгерек» әнімен аяқтаймыз.