Мұғалім оқушыларды оқу мақсатымен, сабақ мақсатымен таныстырады. Бағалау критерийімен таныстырады. 2 минут Ой шақыру 4 минут. Мұғалім оқушыларға тақтадан сан есімнің құрамын, түрлері бойынша ментальді карта әзірлетіп, теориялық білімдерін еске түсіртеді. Атаулары: бірліктер, ондықтар, жүздіктер, мыңдықтар Құрамы: дара сан есім, күрделі сан есім Оқушылар ментальді картаны дәптерге түсіреді. САН ЕСІМ ҚҰРАМЫ АТАУЛАРЫ Мұғалім тақтадан әртүрлі мысалдармен берілген бір санды көрсетеді. Оқушылар олардың өзара айырмашылығын талдау арқылы есепік және реттік сан есімнің ерекшеліктері мен жасалу жолы, жазылуы туралы туралы теориялық ақпарат алады. Мұғалім оқушы жауаптарын толықтырып, түзетіп отырады. 2017 адам; 2017 жылы; 2017-қатар. Мұғалім сыныпты бір-екіге саналу арқылы екі топқа бөледі. 1 минут. «Кім жылдам» ойыны. 5 минут. Оқушыларға тақтадан түрлі құрамдағы сандар көрсетіледі. Сандар: 56, 178, 1991, 2025, 287 1-топтың оқушылары көрсетілген сандарды есептік сан ретінде ауызша сөйлем құрап айтады. 2-топтың оқушылары сол сандардан реттік сан есімдер жасап, сөйлем құрайды. Топқа бөліну 2 минут. Оқушылар «Молекула» әдісі арқылы 4 топқа бөлінеді. Мұғалім «молекула» десе, барлық оқушылар сынып ішінде тоқтамай жүреді. «Молекула 3» десе, жылдам 3 оқушыдан бірігеді, «молекула 2» десе, 2 оқушыдан, «молекула 4» десе, 4 оқушыдан бірігеді. Мұғалім әр топта 4 оқушыдан болатындай етіп, қажетті санды соңында айтады. Тапсырма 2. 7 минут. Топтағы оқушылар мұғалімнің қолындағы тақырыптар жазылған қима қағаздарды таңдайды. Берілген тақырыптарға қатысты кластер дайындаңыз. Постер мазмұнында адам ағзасындағы судың мөлшері, жер бетіндегі су тапшылығына қатысты есептік және реттік сан есімдерді қолданыңыз. 1-оқушы. Судың пайдасы мен зияны 2-оқушы. Су- адам ағзасында... 3-оқушы. Су тапшылығы 4-оқушы. Су-тіршілік көзі Мұғалім сыныпты аралап жүріп, әр оқушының жұмысын бақылайды. Қажет болған жағдайда бағыт-бағдар беріп, ескертулер жасайды. Әр оқушы топта өз кластерлерін қорғайды. Әр оқушыға 2 минуттан. 8 минут. Оқушылар өзара бір-бірін бағалау критерийі мен дескрипторлар бойынша бағалайды. 6 минут. Кері байланыс. 3 минут Сан есімдерді қолдануда не түсініксіз? Реттік сан есім мен есептік сан есімдерді қалай ажыратамын? Қай тапсырма маған пайдалырақ болды? |