kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Сұраулы сөйлем

Нажмите, чтобы узнать подробности

Сабақтың тақырыбы: Сұраулы сөйлем

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Сұраулы сөйлем және оның жасалу жолдары туралы түсінік бере отырып, оқушылардың сабаққа деген қызығушылықтарын арттыру;

Дамытушылық: Сөйлеу тілін, сөз мағынасын түсініп, шапшаң ой қорыта алуға, көркем ұқыпты жаза білуге дағдыландыру;

Тәрбиелік: Оқушылардың шығармашылықпен жұмыс істеуіне ықпал ету,  оған жауапкершілікпен қарай алатын көзқарасқа тәрбиелеу. 

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Сұраулы сөйлем»

Сабақтың тақырыбы: Сұраулы сөйлем

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Сұраулы сөйлем және оның жасалу жолдары туралы түсінік бере отырып, оқушылардың сабаққа деген қызығушылықтарын арттыру;

Дамытушылық: Сөйлеу тілін, сөз мағынасын түсініп, шапшаң ой қорыта алуға, көркем ұқыпты жаза білуге дағдыландыру;

Тәрбиелік: Оқушылардың шығармашылықпен жұмыс істеуіне ықпал ету, оған жауапкершілікпен қарай алатын көзқарасқа тәрбиелеу.

Сабақтың типі: аралас сабақ

Сабақтың түрі: дәстүрлі сабақ

Сабақтың әдіс-тәсілі: түсіндіру, сұрақ-жауап, жаттығу, талдау жұмыстары

Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, слайдтар.

Пәнаралық байланыс: әдебиет

 

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі:

-Оқушылармен сәлемдесу;

-Оқушылардың зейіндерін сабаққа аудару;

-Оқушылардың сабаққа қатысын тексеру.


Психологиялық дайындық


Үміт күтіп кейінгі ұрпақ-жастардан,

Сенім арту бабалардан басталған.

Қазақ тілін мойындату әлемге –

Жастар үшін болса екен басты арман!


ІІ. Үй тапсырмасын тексеру: оқушылардан хабарлы сөйлемнің ережесін жатқа сұрау.


«Сұрақ менен – жауап сіздерден» үй жұмысын бекітуге арналған сұрақтар:

1.Сөйлем аяқталған нені (ойды) білдіреді?
2. Сөйлем неден (сөзден) құралады?
3. Сөйлемдегі сөздер қалай (бөлек) жазылады?
4. Сөйлемнің бірінші сөзі (бас әріппен басталып жазылады) ше?
5. Сөйлемнің соңына не (нүкте) қойылады?
6. Хабарлы сөйлемнен кейін (нүкте қойылады) ше?

Мұғалім: Жақсы. Оқушылар, мен сендерге жаңа не қойдым? –Сұрақ

Сұрақты не үшін қоямыз? –Жауап алу үшін.

Олай болса, бүгінгі тақырыбымыз қандай деп ойлайсыңдар? –Сұраулы

сөйлем.



ІІІ. Жаңа сабақ

Сұраулы сөйлем

Бір нәрсе жайында сұрап білу мақсатында айтылған сөйлемді сұраулы сөйлем дейді. Сұраулы сөйлемдер негізгі сұрақты, жетек сұрақты, анықтауыш сұрақты білдіреді. 

Бір нәрсе, оқиға, іс туралы мәлімет алу үшін қойылған бастапқы сұрақты негізгі сұрақ дейміз.

Мысалы: Сен тамақ іштің бе? Үйде кім бар?

 

Негізгі сұрақ сұрау есімдіктерінен (Қашан?Кім? Қанша? Қайда? Неге?Кімде? т.б.) және ма, ме, ба, бе, па, пе шылауларының қатысуымен жасалады.


Негізгі сұраққа жауап алу үстінде қосымша ойға байланысты туған сұрақты жетек сұрақ дейміз.

Мысалы:

- Кеште кімдер өлең айтты?

- Ұлдар өлең айтты.

- Қыздар ше?


Жетек сұрақтар толымсыз болып құралады, көбіне тек сұрақ мағыналы сөзден ғана тұрады. Жетек сұрақ ше шылауының қатысуымен жасалады.


Екінші жақтың сөзін анықтап алу үшін қойылған сұрақты анықтауыш сұрақ дейміз.

Мысалы:

- Бұл кісілер  қай жердікі?

- Жетісудікі?

- Иә, Жетісудікі.

Анықтауыш сұрақ сұрау интонациясы арқылы жасалады. Сұраулы сөйлемдерден соң сұрау белгісі қойылады. Сұраулы сөйлемнің өзіне тән интонациясы болады: бас жағы көтеріңкі айтылып, соңғы жағы онша бәсеңдемей, көтеріңкі қалыппен тынады.


ІҮ. Білімді бекіту

19-жаттығу (35-бет). 1.Мәтінді оқып, тақырыбын өздерің қойыңдар. 2.Мәтіннен сұраулы сөйлемдерді тауып, қандай сұрақ екенін анықтаңдар.


21-жаттығу (36-бет). 1.Мәтін бойынша бірнеше сұрақ дайыдаңдар. Ішінде негізгі сұрақ, жетекші сұрақ, анықтауыш сұрақтар болсын. 2.Сұрақтарыңа басқа топ оқушылары жауап берсін.


1-қатар: 1-2 абзац

2-қатар: 3-4 абзац

3-қатар: 5-6 абзац

Талдау жұмыстары:

1-қатар: синтаксистік талдау.

Осы ғасырда біздің халықтың басынан өткерген қиямет-қасіреті мол.


2-қатар: сөз тіркесіне талдау.

Қазақта «бақыт» деген ұғым бар.

3-қатар: морфологиялық талдау.

Бақыттың кіндігі – Отан.


Терме диктант

Шығарма үзіндісінен сұраулы сөйлемдерді теріп жазып, жасалу жолын анықтау.


Мынау – өзен. Өзен бойындағы ел қайда? Күздігүні бұл өзенде ел отырмаушы ма еді?! Жиегінде жол жатыр ғой.. Маңайды жынұрғандай қылды ғой! Мал-жанында билік қалды ма?.. Талай қызы мен сияқты соры қайнады ғой!.. Бірақ тап мендей болған жоқ шығар. Қостарына әкелген әйел көрінбеді ғой. Әлде өлтіріп тастап жүрді ме?.. Орыс шіркін адамды аямайды екен-ау! Құрғырдың атын атамайыншы, тағы келіп қалар! Олар неғып қайтпайды? Әлде бірдеңеге ұшырады ма? Олар кіммен соғысып жүр екен? Әлде төңіректегі қазақтармен? Қой, қазақ бұлармен неғып соғыса алсын? Не қауқары бар?

Жүсіпбек Аймауытов

Сергіту сәті

«Білім және дәстүр сыны» бойынша 9 карточкалы плакат тақтада ілулі тұрады. 3 қатардан 3 оқушыдан шығып, қалтадан нөмірленген асықтарды таңдайды. Қай оқушыға қандай нөмірлі асық түссе, сол нөмірлі карточканы таңдап, ішіндегі жаңылтпашты жылдам оқып шығады.


1-карточка: Сұр інген сүрінген бе?

Сүрінген сұр інген бе?

2-карточка: Ғарышкер ұшты ғарышқа.

Ғарышқа ұшты ғарышкер.

Айтшы, ғарыш алыс па?

3-карточка: Қыс қыспаса, қыс па?

Құс ұшпаса, құс па?

4-карточка: Мұртынан күлуге жөн бе екен,

Сыртынан күлген жөн бе екен?

Сыртынан күлген өзге тең!

Мұртынан күлген оңды екен!

5-карточка: Дөңгелектің бір аты –

«Доңғалақ па?»

Доңғалақтар

Шын-ақ,

Қолғанат па?

6-карточка:  Кім сызғышсыз?

- Біз сызғышсызбыз.

- Сызғышсыздарға сызғышсыз сызғыш.

7-карточка: Үш кіші ішік піштім,

Бес кіші ішік піштім,

Неше кіші ішік піштім?

8-карточка: Шеше, шеше,

Неше кесе?

Сынды кеше?

9-карточка: Көже пісті

Көжені неше кісі ішті?

Неше кесе ішті?


Ү. Сабақты қорытындылау.

Шығармашылық тапсырма:

1-қатар: сұраулы сөйлемнен тұратын әдеби шығармаларды;

2-қатар: сұраулы сөйлемнен тұратын әндерді;

3-қатар: сұраулы сөйлемнен тұратын сахналық көріністер мен кинофильмдерді еске түсіріп, жазу.


Жұмбақ шешу:

1.Өзім сөзден тұрамын.

Біткен ойды құрамын.

Сөйлем

2.Қоя салсаң бір тары,

Жаңалықты айтамын.

Хабарлы сөйлем

3.Ойды аяқтап орақ тұрады,

Жауап сөзді қалап тұрады.

Сұраулы сөйлем


ҮІ. Үй тапсырмасы: 22-жаттығу (37-38б.). 1.Сұраулы сөйлемдердің жасалу жолын анықтаңдар. 2.Қазақ халқына тән дүниетанымды атаңдар.


ҮІІ. Бағалау

Сабаққа белсене қатысқан оқушыларды әділ бағалау.









Бестөбе №2 орта мектебі








Ашық сабақ


Тақырыбы: Сұраулы сөйлем















Өткізген: Бекишева Д.Е.










2016-2017 оқу жылы


Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Прочее

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 8 класс

Скачать
Сұраулы сөйлем

Автор: Бекишева Динара Ермековна

Дата: 01.12.2016

Номер свидетельства: 364790

Похожие файлы

object(ArrayObject)#865 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(45) "?аза? тілі. С?раулы с?йлем "
    ["seo_title"] => string(28) "k-azak-tili-su-rauly-soiliem"
    ["file_id"] => string(6) "201773"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1429114723"
  }
}
object(ArrayObject)#887 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(26) "С?раулы с?йлем "
    ["seo_title"] => string(16) "su-rauly-soiliem"
    ["file_id"] => string(6) "136705"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1417171666"
  }
}
object(ArrayObject)#865 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(49) "Сұраулы сөйлем (ашық сабақ)"
    ["seo_title"] => string(28) "su_rauly_soiliem_ashyk_sabak"
    ["file_id"] => string(6) "376560"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1483890957"
  }
}
object(ArrayObject)#887 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(59) "?аза? тілі "С?раулы с?йлем" 2 класс "
    ["seo_title"] => string(36) "k-azak-tili-su-rauly-soiliem-2-klass"
    ["file_id"] => string(6) "139976"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1417849935"
  }
}
object(ArrayObject)#865 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(47) "Тақырыбы: "Сұраулы сөйлем""
    ["seo_title"] => string(26) "tak_yryby_su_rauly_soiliem"
    ["file_id"] => string(6) "375686"
    ["category_seo"] => string(22) "klassnomuRukovoditeliu"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1483626630"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

Распродажа видеоуроков!
1670 руб.
2090 руб.
2000 руб.
2500 руб.
1810 руб.
2260 руб.
ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства