kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Сөйлем мүшелерінен өткенді қайталау

Нажмите, чтобы узнать подробности

урок - лекция по казахскому языку по новой технологии.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Сөйлем мүшелерінен өткенді қайталау»

Орал қаласы № 9 ЖОББМ коммуналдық мемлекеттік мекемесінің

қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі

Рысқалиева Нұрсұлу


Қазақ тілі пәнінен 8-сыныпта өтетін ашық сабақтың

жоспары:

Тақырыбы: Сөйлем мүшелерінен өткенді қайталау

Мақсаты :

  1. Сөйлем мүшелерінен өткенді еске түсіру, олардың грамматикалық белгілерін меңгерту, білімдерін бекіту.

  2. Өз бетінше ізденуге, ойлау қабілетін арттыруға ықпал ету, өз ойын еркін жеткізе білуге баулу, сөйлем талдау дағдысын қалыптастыру.

  3. Елін сүюге, адамгершілікке тәрбиелеу, мақал-мәтелдер арқылы оқушылардың рухани байлығын қалыптастыру.

Сабақтың тегі: Қайталау, жинақтау сабағы

Сабақтың түрі: Саяхат сабақ

Сабақтың әдісі: Сұрақ-жауап, топтық жұмыс, шығармашылыққа ізденіс, шығарма жазу, ойтолғау.

Сабақтың көрнекілігі: Кітаптар, Астананың әсем ғимараттарын слайд арқылы көрсету, электронды оқулық, карточка.


Сабақтың барысы:

І.Ұйымдастыру кезеңі

Оқушыларды түгендеу, сабаққа зейіндерін аудару, 2 топқа бөлу, бүгінгі сабақтың ерекшелігін түсіндіру, мақсатын айту.

ІІ.Жаңа сабақ

  • Балалар, алдымызда қандай мереке келе жатыр?

  • Дұрыс айтасыңдар.Биыл еліміздің тәуелсіздігіне 24 жыл толып отыр екен. Ендеше біз өзіміздің біліміміз арқылы осы мерейтойға өз үлесімізді қоса аламыз. 2016 жылы Тәуелсіздігімізге 25 жыл толады.

Өркендеген Астана –Қазақстанның шыңға шарықтаған бәйтерегі. Бүгінгі сабағымызда еліміздің рухани орталығына, мәдени мекеніне айналған айшықты қала – Астанаға саяхат жасаймыз.

  1. Еңселі елордамыздағы басты ғимарат - Қазақстан Президентінің резиденциясы – Ақорда.

Бұл ғимараттың ұзындығы 600 метр, ені 20 метр. Ақордадан келіп түскен шұғыл хатқа жедел жауап бересіңдер, саяхатымызды әрі қарай жалғастыра аламыз.


Топтық тапсырмалар:

І топ.

1. Сөйлем мүшелерінің 3 белгісін білесің бе? Ата?

2. Бастауыш нені білдіреді? Дара бастауышқа мысал келтір.

3. Толықтауыштың байланысу түрі қандай?

ІІ топ.

  1. Сөйлем мүшелері құрамына қарай нешеге бөлінеді?

  2. Баяндауыш нені білдіреді? Күрделі баяндауышқа мысал келтір.

  3. Оқушылар Астанаға саяхат жасады

Асты сызылған сөз тіркесінің байланысу тәсілі мен түрі қандай? Астанаға сөзі қандай сөйлем мүшесінің қызметін атқарып тұр.

  • Жақсы, балалар, саяхатымызды әрі қарай жалғастырайық!


2. Астана келбетін аша түсетін арнайы тапсырыспен салынған құрылыс кешені – Пирамида. Ол - қазіргі кезде «Бейбітшілік пен келісім сарайына» айналған. Көлемі - 28 мың кв метр, ал биіктігі - 62 метр. Ішінде 1500 адамдық концерт залы бар. Пирамиданы аралағыларың келсе «Кім тапқыр?» тапсырмасын орындауларың керек.


Кім тапқыр?

Мақалдың жалғасын тауып. Сөйлем мүшесіне талдау жаса:

  1. Ұстазыңды ұлы әкеңдей ............. (сыйла)

  2. Жақсының аты өлмейді, ...............(ғалымның хаты өлмейді)

  3. Ерді намыс өлтіреді,..........................(қоянды қамыс өлтіреді)

  4. Жылы-жылы сөйлесең, .....................( жылан інінен шығады)

3. Арман қала – Астанадағы ең биік ғимараттың бірі Хан – шатыры. Алаңының өзі 10 гектар жерді алып жатыр. Оның ішінен қалалық парк, кинотеатр, көрме, концерт залдары, дүкендерді, тіпті, аквопаркті де тамашалай аласыңдар. Хан – шатырына кіруге асығыңыздар, ол үшін 56-жаттығуда берілген «Сыйрақ - өз Отанының ұлы патриоты» мәтініне талдау жасауларың қажет «Талдау – табыс кілті». Ендеше іске сәт!


І топ. Қарамен жазылған сөздердің

қандай сөйлем мүшесі болып

тұрғанын анықтау, талдау жасау.


ІІ топ. Сыйрақтың айтпақ сөзін аяқтау, Сыйрақтың ерлігіне қатысты ой қорыту.


4. Ал, енді біздің бақытты болашағымыздың символындай Сарыарқаға сәулет беріп тұрған «Астана-Бәйтерек» монументіне де таяп қалдық. Биіктігі 97 метр Бәйтеректің жоғарғы шыңына шыққыларыңыз келсе, 2 топтың жетекшілері сынға түседі:


І топ жетекшісіне

1. Шылау сөйлем мүшесі бола алады ма? (жоқ)

2. Бастауыш кім? не? деген сұраққа жауап береді (иә)

3. Анықтауыш сөйлемнің тұрлаулы мүшесі (жоқ)

4. –ның, -нің - ілік септігінің жалғауы (иә)

5. «Биылғы күз салқын» Бұл құрмалас сөйлем (жоқ)

6. «У»- тұйық етістік жасаушы жұрнақ (иә)


ІІ топ жетекшісіне

  1. Бастауыш сөйлемнің тұрлаулы мүшесі (иә)

  2. Мен, сен, ол, біздер – жіктеу есімдіктері (иә)

  3. «келе жатыр» - үйірлі баяндауыш (жоқ)

  4. Сөйлем мүшелері құрылысына қарай 3-ке бөлінеді (иә)

  5. Сөйлем мүшелерін тіл білімінің морфология саласы зерттейді (жоқ)

  6. Толықтауыш сөйлемнің тұрлаулы мүшесі (жоқ)


  1. Үйге; «Болашақты нұрландырған Тәуелсіздік» тақырыбына шығарма

жазып келу. Адамгершілік, имандылық туралы даналық сөздер жаттап келу.

  1. Оқушылар білімін бағалау.



  1. Сабақты қорытындылау:


Есілдің жағасына қонған қалам,

Жүрегі қазағымның болған қалам.

Күн санап ертегідей өскен қалам,

Жайнашы, жасай берші, нұрлы Астанам.


- Балалар, сендер сөйлем мүшелерінен алған білімдеріңді жинақтап меңгеру арқылы нұрлы қала - Астанамызға саяхат жасадыңыздар. Біздің Тәуелсіз еліміздің болашағы жарқын. Сондықтан әлі-ақ Елордамызда саяхат жасайтындарыңа сенімдімін.


Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Прочее

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 8 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
Сөйлем мүшелерінен өткенді қайталау

Автор: Рыскалиева Нурсулу Фбуовна

Дата: 19.11.2018

Номер свидетельства: 486415

Похожие файлы

object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(64) "С?йлем м?шелерінен ?ткенді  ?айталау"
    ["seo_title"] => string(38) "soiliemmushielierinienotkiendikaitalau"
    ["file_id"] => string(6) "283353"
    ["category_seo"] => string(7) "prochee"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1453821654"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(94) "C?йлем м?шелерінен ?ткенді ?айталау /модульдік саба?/ "
    ["seo_title"] => string(58) "coiliem-mushielierinien-otkiendi-k-aitalau-modul-dik-sabak"
    ["file_id"] => string(6) "193729"
    ["category_seo"] => string(10) "literatura"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1427691521"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(110) "Та?ырыбы: Астана. С?йлем м?шелерінен ?ткенді ?айталау (7-сынып) "
    ["seo_title"] => string(67) "tak-yryby-astana-soiliem-mushielierinien-otkiendi-k-aitalau-7-synyp"
    ["file_id"] => string(6) "211615"
    ["category_seo"] => string(13) "vsemUchitelam"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1431658768"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(67) "Сөйлем мүшелерінен өткенді қайталау"
    ["seo_title"] => string(42) "soiliem_mushielierinien_otkiendi_k_aitalau"
    ["file_id"] => string(6) "411528"
    ["category_seo"] => string(13) "vsemUchitelam"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1493116791"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(59) "С?йлем м?шелерін ?айталау. 3 сынып"
    ["seo_title"] => string(38) "soiliem-mushielierin-k-aitalau-3-synyp"
    ["file_id"] => string(6) "277248"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "planirovanie"
    ["date"] => string(10) "1452863181"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства