Тақырыбы | Сілтеу есімдігінің түрленуі |
Сабақтың мақсаты | «Сыни тұрғыдан ойлау» арқылы сілтеу есімдігінің зат есімдерше түрленетіні, тәуелденуі, септелуі және жіктелуі, көптелуі жайлы білім қалыптастыру, септелу ерекшеліктерін аңғарту. Оқушыларға есімдік туралы, соның ішінде сілтеу есімдігінің түрленуі туралы теориялық білім беру. |
Күтілетін нәтиже | Топтық, жұптық жұмыс жасайды; Сілтеу есімдігінің түрленуі бойынша білім алады. Олардың септелуі, көптелуі, тәуелденуі, жіктелуін ажыратуға жұмыстар жасайды. Жаңа әдіс – тәсіл арқылы берілген тапсырмалар тапсырмалары балалардың тәуелсіз ойлауына және олардың ой қорыту, өзіндік түсініктеме беру қабілетіне ықпалын тигізеді; Дарынды, үлгерімі төмен оқушылар деңгейі ескеріледі; Сыни тұрғыдан ойлау салыстырмалылықты түсінуді дамытуға көмектеседі; |
Сабақтың түрі | Аралас сабақ |
Сабақтың білім беру технологиясы | Сыни тұрғыдан ойлау |
Сабақта қолданылатын әдіс - тәсілдер | «Ортада қалам», «Өрмекші торы», «Кестемен жұмыс», «Иә,Жоқ» әдісі , дарынды, үлгерімі төмен оқушыларға үлестірмелі карточкалар, тапсырмалар |
Көрнекіліктер | Слайд, плакат, кесте,карточкалар, мәтін, стикер, маркер |
Сабақ барысы |
| Мұғалімнің іс-әрекеті | Оқушының іс әрекеті |
Ұйымдастыру (2 мин.) | 1. Сәлемдесу, түгендеу, сабаққа зейінін бұру. Психологиялық ахуал тудыру. Стикердегі жазу арқылы топқа бөлу. (тәуелдену, жіктелу, көптелу, септелу ) Топ ережесін құру. | Балалар шеңбер формасында тұрып, іштей сәттілік тілейді. Содан соң 4 түрлі түсті стикердегі жазу бойынша 7 адамнан 4 топқа бөлінеді. Оқушылар өздері топ ережесін құрып,топ басшысын сайлап, соған бағынады. Топ басшысы әр тапсырмада оқушыларды бағалап отырады. |
Үй тапсыр масы (4 мин.) | . 77- жаттығудың орындалу барысы дәптерден тексеріледі. Шолу жасау. «Ортада қалам» әдісі арқылы өткен сабақты қайталау. (Әр топ оқушылары қаламдарын ортаға қояды. Топтан бір оқушы кез –келген оқушының қаламын алып, сұрақ қояды. Ал сұраққа сол қаламның иесі тұрып жауап беруі тиіс). Сұрақтар: 1.Есімдік ненің орнына жұмсалады? 2. Жіктеу есімдігінің көптелуіне мысал келтір 3. Есімдіктерді басқаша қалай атауға болады? 4. Жіктеу есімдігінің неше жағы бар? 5 «Ол» есімдігі жатыс септікте қалай түрленеді? 6. Көмектес септікте жіктеу есімдігі қалай өзгереді? Мысалы: Мен сөзі 7. «Біз» есімдігіне көптік жалғау, одан соң ілік септігін тірке. 8. «Мен» жіктеу есімдігін септе | «Қалам үстелдің ортасында » әдісі арқылы үй тпасырмасы бойына сұрақтар. (Әр топ оқушылары қаламдарын ортаға қояды. Топтан бір оқушы кез –келген оқушының қаламын алып, сұрақ қояды. Ал сұраққа сол қаламның иесі тұрып жауап беруі тиіс) |
Өткенді пысық тау (3 мин.) | Слайд арқылы сұрақ беріп, өткен сабақтың тақырыбын еске түсіру. Мұғалім сұрағы: Етікшінің құралымен аттас есімдікті ата. (біз) «Өрмекші торы» әдісі арқылы оқушылар аттарын атап, зат есімнің, сын есімнің, сан есімнің тәуелдену, жіктелу, септелу, көптелуіне байланысты сұрақ қояды, келесі оқушы сұраққа жауап беріп,әрі қарай жалғастырады. Мысалы: Үлгі: 1. Ербол «мектеп» сөзін тәуелде Менің кітабым Сенің ктабың Сіздің кітабыңыз Оның кітабы 2. Аида «студент» сөзін оңаша жікте. 1. Мен студентпін Сен студентсің Сіз студентсіз Ол студент 3. Білімді сөзін көпте. Білімділер 4. Қызыл сөзін шырай формасында түрлендір. Салыстырмалы шырай: қызылырақ, қызылдау Күшейтпелі шырай: өте қызыл 5. Сөз таптарының түрленуі дегенді қалай түсінесің? (тәуелдену, көптелу, жіктелу, септелу) | «Өрмекші торы» әдісі арқылы оқушылар өткен білімін толықтырады. Сұраққа жауап беру арқылы өткен сабақта өтілген ережені еске түсіреді. Сол арқылы жаңа сабақты меңгеру қиындық туғызбайды. Шарты: Оқушылар жіпті ұстайды, мұғалім сұраққа жауап берген оқушыға жіпті жеткізіп отырады. |
Жаңа сабаққа даярлық (3 мин.) | (Слайд көрсетіледі) Қайрат пен ақыл жол табар Қашқанға да қуғанға. Әділет, шапқат кімде бар, Сол жарасар туғанға. (Әсемпаз болма әрнеге. Абай). Анау қырда татар тұр, Басқалармен қатар тұр. Мынау ойда қазақ тұр. Қастарында азап тұр. («Анау – мынау» Сұлтанмахмұт Торайғыров) Қарамен жазылған сөздер есімдіктің қай түріне жатады? (Оқушылар жауап айтады) Олай болса, бүгінгі сабақтың тақырыбы: Сілтеу есімдігінің түрлену | Оқушылар өлеңді оқи отырып, сілтеу есімдігін табады, сол арқылы жаңа сабақтың тақырыбын біле отырып, дайындалады. |
Жаңа сабақ (10 +10 мин.) | Топтарға бағытталған тапсырмалар. Топтар өздеріне берілген тақырып бойынша постер жасайды, оны қорғайды I топ (Тәуелдену). Сілтеу есімдігінің тәуелденуі II топ (Жіктелу). Сілтеу есімдігінің жіктелуі III топ (Септелу). Сілтеу есімдігінің септелуі IV топ (Көптелу). Сілтеу есімдігінің көптелуі Топтарға өз жұмыстарын қорғату | Мазмұнын меңгереді, тақырып бойынша постер жасайды, қорғайды, сұрақтар қояды, өздерін бағалайды. I топ (Тәуелдену) Сілтеу есімдігінің тәуелденуі II топ (Жіктелу) Сілтеу есімдігінің жіктелуі III топ (Септелу). Сілтеу есімдігінің септелуі IV топ (Көптелу). Сілтеу есімдігінің көптелуі Топтар бір – бірін «бас бармақ» арқылы бағалайды. |
Сергіту сәті (1 мин.) | «Мен қазақпын» әні Слайд арқылы қимыл – қозғалыс жаттығуын бірге қайталайды. | Қимыл – қозғалыс. Биді қайталайды. |
Жаңа сабақты бекіту ( 15 мин.) | Жаттығу жұмыстары. Тақтамен жұмыс 80- жаттығу. Мәтінді оқып, жіктеу, сілтеу есімдіктерін табыңдар және олар қандай тұлғада тұрғанын айтыңдар. Жіктеу есімдігі | Сілтеу есімдігі | Фразеологизм | Маған, менің, оған, | Осы, осының, сол, мынаны, осыны, бұл, содан, ондағы, | Дүние салар алдында;(қайтыс болу алында) Араздасып, қоштасты; (соңғы сөзін айтты) Тілге келіп: (сөйлеп) Ішкен асын жерге қойып (бір нәрсеге құмарту) Көз жұмды (қайтыс болды) | Үлгерімі төмен оқушылар тапсырмасы: 1. Осы сөзін көпте. 2. «Бұным» сөзі қалай түрленіп тұр 3. «Осы» сөзін тәуелде Дарынды оқушыларға : Сілтеу есімдіктерін түрлендіре отырып, суретке қарап мәтін құра. 81 – жаттығу. Төрт топқа мәтін 4 бөлікке бөлініп беріледі. Құрамындағы сілтеу есімдіктері бар сөйлемдерді көшіріп жазып, қалай түрленіп тұрағанын ауызша айтады. Сәйкестендір. Слайд көрсетіледі. | Кесте бойынша тақтада 3 оқушы орындайды. Қалған топтағы үлгерімі төмен оқушылар 2 плакатқа мұғалім берген сілтеу есімдіктерін түрлендіріп (жіктеп, тәуелдеп, көптеп, септеп) жазады. Дарынды оқушыларға карточка таратылып беріледі. 81- жаттығуды топ болып орындайды. Сілтеу есімдіктері бар сөйлемдерді көшіріп жазып, қалай түрленіп тұрғанын ауызша айтады. |
Қорытынды (2 мин.) | «Иә, Жоқ» әдісі. 1. Бұлар сөзі көптеліп тұр. (Иә) 2.Осыны сөзі табыс септікте тұр. (Иә) 3. Мен сілтеу есімдігі (жоқ) 4. Бұл, осы, мына, мынау, міне алысты нұсқайды (жоқ) 5. «Осыдан» есімдігі шығыс септікте тұр. (иә) 6. Бұл, сол - сілтеу есімдіктері септеледі (иә) 7. Бұларың есімдігі тәуелдеудің III жақ көпше түрінде тұр.(жоқ) 8. Сілтеу есімдігі сын есімнің орнына жұмсалса, анықтауыш қызметін атқарады.(иә) | Оқушылар тек «ИӘ» немесе «ЖОҚ» деп жауап береді. Жаңа сабақты қай дәрежеде түсінгенін осы қорытындыда бақылауға болады. |
Үйге тапсыр ма ( 1 мин.) Бағалау (2 мин.) | Тақырыпты оқу, 82- жаттығу.Сөйлемдердің құрамындағы сілтеу есімдіктерін байланысатын сөзімен бірге теріп жазып, олардың қай септікте, қандай тұлғада тұрғанын талдаңдар. Үлгі: осыдан бұрын- сілтеу есімдігі, түбірі – осы, - дан – шығыс септігінің жалғауы, мезгіл үстеуімен байланысып тұр. Қ.Қайсенов туралы қосымша мәлімет тауып, сұрақ құрастырып келу. Сабаққа қатысуы, тапсырмаларды орындауымен топ басшысының бағасын тыңдап, топты және жеке оқушыны бағалау | Оқушылар күнделіктеріне жазады. Топ басшысының бағасын ескере отырып, мұғалімнің суммативті бағалауы |
Рефлек сия (2 мин.) | Кері байланыс. «Екі жұлдыз, бір тілек». Әр топтан 1 оқушы өз ойын айтады. Қалған оқушылар өз ойын жазған стикерлерін әр смайликтің тұсына жабыстырады. | Оқушылар сабақ туралы пікірлерін айтады, жазады. |