kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Сабақтас құрмалас сөйлем

Нажмите, чтобы узнать подробности

Сабақ тақырыбы: Сабақтас құрмалас сөйлем

1. Шартты, амал, себеп, мақсат, қарсылықты сабақтас құрмалас сөйлем

2. Салғастырып отырған тілдерде баламасы жоқ сабақтас құрмалас сөйлем.

Мақсаты: Шартты, амал, себеп, мақсат, қарсылықты сабақтас құрмалас сөйлемдің жасалуы.Салғастырып отырған тілдерде баламасы жоқ сабақтас құрмалас сөйлемдерді анықтау.

Мазмұны: Құрамындағы бағыныңқы, басыңқы сыңарларының алғашқысының баяндауышы тиянақсыз болып, соңғысына бағына байланысқан құрмаластың түрін сабақтас құрмалас сөйлем дейміз.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Сабақтас құрмалас сөйлем»

Дәріс жоспары:

 

  1. Шартты, амал, себеп, мақсат, қарсылықты сабақтас құрмалас сөйлем

  2. Салғастырып отырған тілдерде баламасы жоқ сабақтас құрмалас сөйлем.

Мақсаты: Шартты, амал, себеп, мақсат, қарсылықты сабақтас құрмалас сөйлемдің жасалуы.Салғастырып отырған тілдерде баламасы жоқ сабақтас құрмалас сөйлемдерді анықтау.

Мазмұны: Құрамындағы бағыныңқы, басыңқы сыңарларының алғашқысының баяндауышы тиянақсыз болып, соңғысына бағына байланысқан құрмаластың түрін сабақтас құрмалас сөйлем дейміз.

Қазақ тіліндегі сабақтас құрмалас сөйлемнің мағыналық түрлері:

  • Мезгіл бағыныңқылы;

  • Себеп бағыныңқылы;

  • Қарсылықты бағыныңқылы;

  • Шартты бағыныңқылы;

  • Мақсат бағыныңқылы;

  • Қимыл-сын немесе амал бағыныңқылы;

  • Түсіндірмелі;

  • Салыстырмалы.

Мезгіл бағыныңқылы сабақтас басыңқы  сөйлемдегі іс-әрекеттің мезгілін, болу уақықытын көрсетеді: Ет желініп бола бергенде, Сәмет кіріп келді.

Бағыныңқы сөйлемдегі басыңқының себебін анықтайтын сөйлемді себеп бағыныңқылы сөйлем деп атаймыз: Қаламыз курорт болғандықтан, онда өнеркәсіп орындары жоққ тән.

Бағыныңқы сөйлемі басыңқыдағы іс, оқиға мазмұнына қарама – қарсы мағыналық қатынаста келетін сөйлем қарсылықты бағыныңқы сабақтас сөйлем деп аталады: Таң алдында бір сағат мызғығаны болмас, Абай бұл түнді ұйқысыз өткізді.

Шартты бағыныңқылы сабақтас сөйлем баяндалған іс-қимылдың мағыналық жақтан бір-бірімен өзара байланысы негізінде жасалады: Енді жол түссе, ол орманды толық игеруге елдің күші жетеді.

Бағыныңқы сөйлемі басыңқы сөйлемдегі іс-әрекеттің мақсатын білдіретін сабақтастың түрін мақсат бағыныңқылы сабақтас деп атаймыз: Күзетші сезіп қалмау үшін, біз жыраның ішімен еңбектеп кеттік.

Бағыныңқы сабақтас басыңқыдағы іс-әрекеттің қалай жүзеге асқандығын, тәсілін білдіретін сөйлем қимыл-сын бағыныңқылы сабақтас деп аталады: Жұлығынан аяғы шығып, алба–жұлба болып, бүрсеңдеп, бір әйел кірді.

Көпшілік сабақтастың бағыныңқы компоненті өз басыңқысын әр түрлі мағыналық жақтан сипаттай келсе, түсіндірмелі сабақтаста мұндай көрініс керісінше болады, айқындылық, түсіндірушілік қызмет басыңқының үлесіне тиеді. Мысалы: Бастан-аяқ мәнін ойласа, бұл өзі – Жігітектен кешірілу сұраған сөз. Мұнда біріші сөйлемнің баяндауышы әрқашан шартты рай тұлғасында жасалады, екі қанаттағы баяндауыштар да осы шақтық ұғымда болады.

Компоненттеріндегі берілген оқиғалар мен жай-күйлер өзара салыстырыла келген сабақтастың түрін салыстырмалы сабақтас деп атаймыз: Ауыл қандай әбігер болса, Жұлдыз да сондай әбігер.

Ал, енді орыс тіліндегі сабақтастың түрлеріне тоқталатын болсақ.

Толықтауыш бағыныңқылы сабақтас (СПП с придаточными обстоятельственными) екі түрге бөлінеді: 1. мекен бағыныңқылы сабақтас кеңістіктегі қатынастарды білдіреді: Там, где ветры слизали снег, земля по ночам гулко лопается; 2. мезгіл бағыныңқылы сабақтас мезгілдік қатынастарды білдіреді: Пока ему заваривали крепкий чай, он сидел и молчал, продолжая думать.

Шартты бағыныңқылы сабақтас ( СПП спридаточной частью условия)  сөйлемдерде реалды және ирреалды қатынастар берілуі мүмкін. Реалды шарт сөйлемдерде если, коли, когда, раз жалғаулықтары арқылы беріледі: Когда командир не робеет, солдаты за ним в огонь и в воду пойдут. Ирреалды шарт сөйлемдерде если бы, когда бы жалғаулықтары арқылы беріледі: Если бы мне предложили что-нибудь из двух: быть трубочистом в Петербурге или быть здешним князем, то я взял бы место трубочиста.

Мақсат бағыныңқылы сабақтас (СПП с прдаточными цели) сөйлемдерде соңғы сөйлем алғашқысына чтобы, для того чтобы, с тем чтобы, затем чтобы жалғаулықтары арқылы байланысады: Я разбудил Пашку, чтобы он не свалился  с дрог.

Салыстырмалы бағыныңқылы сабақтас сөйлемдерде (СПП с придаточными сравнения) реалды (как, подобно тому как) және болжамды салыстырулар (как будто, будто, словно, точно, как если бы) орын алады: Мелкие листья ярко и дружно зеленеют, словно кто их вымыл.

 Себеп бағыныңқылы сабақтас (СПП с придаточными прчины) сөйлемдерде себептік мағынаның түрлі реңктері берілуі мүмкін. Бағыныңқылар себеп мәндегі жалғаулықтар арқылы бекітіледі: потому что, оттого что, так как, из-за того что, вследствие того что в связи с тем что, поскольку, ибо және т.б.

Жол беруші бағыныңқылы сабақтас (СПП с придаточными уступительными) сөйлемдердің бағыныңқысында басыңқыда айтылған оқиғалардың нәтижеге әкелу мүмкіндігін айтады, бірақ ол гәтиже болмайды. Оның жалғаулықтары – хотя, несмотря на то, что; невзирая на то, что; пускай, пусть, даром что. Мысалы: Он выглядит чистым и опрятным, несмотря на то, что одежда его изрядна поношена.

Нәтиже бағыныңқылы сабақтас (СПП с придаточными следствия) сөйлемдерде бағыныңқы сөйлемдер басыңқыға так что жалғаулығы арқылы байланысып, әрдайым екінші позицияда болады. Мысалы: Снег становился белее  и ярче,  так что ломило глаза.

Бағынышты-жалғастырушы бағыныңқылы сабақтас (СПП с прдаточными подчинительно-присоединительными) сөйлемдерде бағыныңқы басыңқыға отчегопочему, кейде зачем есімдіктері арқылы байланысады. Мысалы: Пала роса, что предвещало завтра хорошую погоду.

Қазақ тілінде де, орыс тілінде де  құрмалас сөйлемдер көп бағыныңқылы болып бөлінеді. Сабақтас құрмалас сөйлемнің құрамында бағыныңқы сөйлемдер үнемі екі жай сөйлемнен ғана құралмайды, олардың ішінде екі, үш не одан да көп сөйлемдерден құралатыны да аз кездеспейді. Мысалы: Қыстың қысқа күні түс шағына жеткенде, барлық жылқышы түсіріліп, ат атаулы алынып, Абылғазының айтқаны түгелдей орындалып болған–ды. Көп бағыныңқылы сабақтастың екі түрі бар:

  1. Бағыныңқы сөйлемдердің әрқайсысы басыңқы сөйлеммен тікелей байланысқан сабақтас жарыспалы көп бағыныңқылы сабақтас деп аталады: Көрік өзі қызып, балға өзі соғылып, жлғыз ұста қызыл ұшқынды бұрқыратып тұр.

  2. Бағыныңқы сөйлемдері басыңқымен тікелей байланыспай, өзара, бір-біріне тізбектеле, өзімен тетелес тұрған бағыныңқылы сөйлемдермен құрмаласатын сабақтастың түрін сатылы көп бағыныңқылы сабақтас сөйлем деп атаймыз. Мысалы: Тамшылар жиі тарсылдап, нөсердің салқын екпіні төне бергенде, біз де үйге жеттік.

 

Орыс тілі де осыдан алшақ кетпейді. Бағыныңқылардың неге байланысты екені және өзара қандай қарым-қатынаста болғандығына байланысты олардың негізгі екі типі анықталады.

1.Сатылай байланысқан бағыныңқы сөйлемдері бар көп компонентті сабақтас сөйлемдер: Скажи ему, чтобы держался до тех пор, пока не дам приказа отступать.

  1. Бір басыңқыға қарайтын көп компонентті бағыныңқы сабақтас сөйлемдер. Мұның екі типі бар: а) біртекті өзара байланысқандар. Мысалы: Но кажется, что песня все еще длится, что ей не будет и конца. ә) әртекті өзара байланысқандар. Мысалы: Те из молодогвардейцев, которых водили на пытки последними, что в тюрьму приехал обербургомистр.

Қазақ тілінде сонымен қатар көп басыңқы сабақтас құрмалас сөйлем деген түрі де бар. Бір бағыныңқы сөйлемге бірнеше басыңқы сөйлемдердің әрқайсысы өз бетімен тікелей байланысуы арқылы жасалған сабақтас көп басыңқылы сабақтас құрмалас сөйлем деп аталады. Мысалы: Әттеген-ай, ең болмаса, енді бір он бес күн артқа салсақ, құтырған қазатарға қанды көбік жұтқыза шайқасар едік, Орынбор әскері де заулап жетер еді.

 Қазақ тіліндегі құрмалас сөйлемдердің аралас құрмалас деген түрі де бар. Құрамындағы жай сөйлемдері бір-бірімен салаласып та, сабақтасып та байланысқан құрмаластың түрін аралас құрмалас сөйлем деп атаймыз. Аралас құрмалас сөйлемдердің өзіндік белгілері:

  1. Аралас құрмалас сөйлем білдіретін ой салалас пен сабақтастағы ойдан күрделірек болады.

  2. Аралас құрмалас сөйлем салаласа және сабақтаса құрмаласқан үш және онан да көп сыңарлардан жасалады.

Аралас құрмаластағы жай сөйлемдер өзара екі түрлі жолмен байланысады:

  1. Ешбір жалғаулық шылаусыз: Кеше іңірде жылқының бір шетін қайырып жүр еді, Игілік ауылынан құйғытып шыға келген жігіттер мұны ортаға алып, оған қасқырдың қозыға жапқан жаласын жапты.

  2. Жалғаулық шылау арқылы байланысады: Қарттардың айтуынша, ол жаққа ешкім барған емес, сондықтан бұрынғы жолы өшіп, тек сорабы қалған.

Орыс тіліндегі жалғаулықсыз сөйлемдер.

Жоғарыда айтылып өткендей, көптеген жалғаулықсыз құрмалас сөйлемдердің мағынасы нақтыланбай, семантикасы жалғаулықтардың болмауынан анық болмайды. Дегенмен, бұлар өзіндік құрылысы мен грамматикалық мағыналары арқасында бірнеше құрылымдық-семантикалық түрлерге жіктеледі.

Санамалау мағынасындағы жалғаулықсыз сөйлемдер. Мұндай сөйлемдер екі топқа бөлінеді: 1. бір мезгілде: Катятся ядра, свищут пули, нависли хладные штыки. 2. әр мезгілде: Лошади тронулись, колокольчик зазвенел, кибитка полетела.

Таралушы-жалғастырушы мағынасындағы жалғаулықсыз сөйлемдер. Мұндай типтегі екінші бөлік кеңейтеді: 1. алғашқысының бір мүшесі; 2. толық алғашқы сөйлемді. Мысалы: Мы остановились у ворот, там был пост.

Салғастыру мағынасындағы жалғаулықсыз сөйлемдер. Мұнда алғашқы сөйлемдегі хабар мен екінші сөйлемдегі хабар салғастырылады: Справа был болотистый лес, слева – красноватые столбы утесов.

Түсіндіру мағынасындағы жалғаулықсыз сөйлемдер. Мұндай типтегі сөйлемдерде алғашқысының жай – күйін екінші сөйлем түсіндіреді. Мысалы: Предметы теряли свою форму: все сливалось сначала  в серую, потом в темную массу.

Шартты және мезгіл мағынасындағы жалғаулықсыз сөйлемдер. Бұл сөйлемдер бірінші және екінші сөйлемдердің баяндауыштарының модальді формаларының қатынасымен сипатталады: Досидела бы до конца- он бы тебя до дому проводил.

Объектілі мағынасындағы жалғаулықсыз сөйлемдер. Сөйлемнің алғашқысында сөз, ой, сезімнің қабылдануымен байланысты сөздер айтылып, екіншісінде оның мазмұны ашылып, объектісі айтылады. Я тебе определенно скажу: у тебя есть талант. 




Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Прочее

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 7 класс

Скачать
Сабақтас құрмалас сөйлем

Автор: Аетова Гүлжаған Еділбайқызы

Дата: 21.10.2020

Номер свидетельства: 560799

Похожие файлы

object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(61) "саба?тас ??рмалас с?йлем ?аза? тілі "
    ["seo_title"] => string(40) "sabak-tas-k-u-rmalas-soiliem-k-azak-tili"
    ["file_id"] => string(6) "178517"
    ["category_seo"] => string(10) "literatura"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1424850303"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(48) ""Сабақтас құрмалас сөйлем""
    ["seo_title"] => string(30) "sabak_tas_k_u_rmalas_soiliem_1"
    ["file_id"] => string(6) "395307"
    ["category_seo"] => string(10) "literatura"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1487952489"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(112) "конспект урок на тему "Себеп ба?ыны??ы саба?тас ??рмалас с?йлем" "
    ["seo_title"] => string(73) "konspiekt-urok-na-tiemu-siebiep-bag-ynyn-k-y-sabak-tas-k-u-rmalas-soiliem"
    ["file_id"] => string(6) "177012"
    ["category_seo"] => string(10) "literatura"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1424536365"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(46) "Сабақтас құрмалас сөйлем"
    ["seo_title"] => string(28) "sabak_tas_k_u_rmalas_soiliem"
    ["file_id"] => string(6) "387734"
    ["category_seo"] => string(10) "literatura"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1486222905"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(63) "Ашы? саба? " Саба?тас ??рмалас с?йлем""
    ["seo_title"] => string(33) "ashyksabaksabaktaskurmalassoiliem"
    ["file_id"] => string(6) "319516"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1460877278"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства