3.Дамытушылық: оқушылардың буын және оның түрлерін түрлерін ажырата алу дағдыларын арттыру, деңгейлік тапсырмалар беру арқылы логикалық ойлау қабілеттерін арттыру, талдау дағдыларын арттыру.
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
3.Дамытушылық: оқушылардың буын және оның түрлерін түрлерін ажырата алу дағдыларын арттыру, деңгейлік тапсырмалар беру арқылы логикалық ойлау қабілеттерін арттыру, талдау дағдыларын арттыру.
Сабақтың көрнекілігі: тақырыпқа байланысты кесте,үлестірмелер.
Пәнаралық байланыс: қазақ әдебиеті
Сабақтың барысы:
I.Ұйымдастыру кезеңі:
1.Оқушылармен сәлемдесу
2.Оқушылардың сабаққа қатысын тексеру
3.Оқушылардың зейіндерін сабаққа аудару
ІІ. Үй жұмысын тексеру.
1. Ережелерді сұрау.
2. 304 -жаттығу.
ІІІ. Жаңа сабақ
Сабақты бастамас бұрын мына сөзжұмбақты жұмбақтар арқылы шешіп көрейік.
а с қ а б а қ
ү т і р
и т
е с і к
қ о ң ы р а у
Жұмбақтар:
Қауын, қарбыз деп алмайсың,
Тиіскенмен, жей алмайсың,
Жарғаныңмен, қап-қатты,
Ал асқанда, тәп-тәтті.
Ойдың аяқталуын күтпейді,
Оны қойсаң, сөйлем бітпейді.
Төрт аяқты мақұлық,
Ұй күзетеді ақырып,
Тындырғандай кей жерде
Жата кетер аһ ұрып.
Ашылып, жабылады,
Әр үйден табылады.
Күміс алмұрт тілі бар,
Сыңғырлаған үні бар.
Шақыратын білімге,
Сағаты бар, күні бар.
Бітеу буын. Дауыссыздан басталып, дауыссызға аяқталған (дауысты дыбыс ортада келетін) буынды бітеу буын дейміз: тал, төрт, қант, жүр т.б.
Оқулық бойынша жұмыс.
307-жаттығу. Мәтінді оқып, түсінгендеріңді әңгімелендер.
Тазалықтың сыры
Үйдегі мысықтар ертеңнен кешке дейін «жуынады» да жатады. Сонда мысықтардың ерекше тақуа болып шыққаны ма? Оның әр түрлі себебі бар екен. Мәселе тазалықта ғана емес – мысықтар үстін жалаған кезде кірін кетіріп, тамақ қалдықтарынан тазарып қана қоймайды, денесінен шығатын иісті де жояды. Мұның маңызы өте зор. Үй мысықтары да, жабайы мысықтар да қорегін аулап жейді. Мысық тектес сілеусін, барыс, қабылан, жолбарыстар да жемін тасада жасырынып, аңдып тұрып ұстайды. Олар үшін иіс өте зиянды. Себебі жемтігі олардың иісін күні бұрын сезіп қойса, олар аш қалады.
Әбден жуынып, тазарған мысық құлағын тігіп, тышқан інінің ауызында әлденеше сағат аңдып отырады. Сөйтіп, ақырын мақсатына жетіп тынады.
*Мәтіннен аралас буынды сөздерді тауып жазып, буын түрлеріне ажыратыңдар.
308-жаттығу. Мәтінді оқыңдар.
Машиналар жүріп келе жатқан аңғар іші қараңғы, ал тау төбесіне қарасақ, әлі күн батпаған сияқты. Бір мезгіл бұлар аңғардан шығып, жазыққа құлдилады. Күн көкжиекке жетер-жетпес салбырып тұр. Алдан Боралдайдың жалаңаш құздары көрінді. Боралдайдан да асқақ ағараңдап жатқан асқарлы мұнар белдік – Алатау екен.
Арқар атып, аң қумай-ақ, мына күн батардағы тау құдіретін көрудің өзі – бір қуаныш. Нариман бұл сапарға шыққанына алғашында өкінішті еді, енді ол ойды бөлекше бір серпіліс сезім басып кетті. Алатаудың төбесін көргенде жүрегі түскір дүрс-дүрс етті. Айнала таулар арасындағы арал сияқты жазықпен машина жүйтки жөнелген.
*Қарамен жазылған сөздерді буынға бөліп көшіріп жазыңдар.
ІV. Бекіту.
Кеспемен жұмыс.
І деңгей
1.Буын құрайтын дыбыстарды жаз.
2.Төмендегі сөздерден ашық буынды тап.
Күн шығып, ел тұра бастады, - Нұрлан әлі жоқ.
ІІ деңгей
1.Мәтіндегі сөздерді буын түрлеріне қарай талда.
Қорған кезінде топырақ араластыра тастан қаланған екен де, бұл кезде қорғанның үстіне жыңғыл мен шеңгел араластыра
шығып, өзінше ол да бір сән беріп тұр.
ІІІ деңгей
1.«Егемен Қазақстан» тақырыбына шағын шығарма жазып, буын түрлеріне талда.
V. Қорытынды.
Сонымен балалар біз бүгін қандай тақырыппен таныстық?