Просмотр содержимого документа
«Разработка урока: Менің қазақ достарым»
ВКО, Г.Усть-Каменогорск, КГУ «Школа-гимназия №10»
Нуржакупова Айна Токтархановна
Сабақ жоспары
Қазақ тілі, 2 сынып
Сабақтың тақырыбы: Менің қазақ достарым
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Тақырып бойынша оқушылардың сөздік қорын қалыптастыру. Оқылым, тыңдалым, айтылым, жазылым әрекеттерін жүйелі түрде қолданып, тілдесім әрекетіне жетелеу.
Тәрбиелік: Оқушыларды саналы білім алуға баулу және өз бетімен жұмыс жасауға бағыттау.
Дамытушылық: байланыстырып сөйлеу дағдыларын дамыту. Сөздік қорын байыту.
-амандасу- Сәлеметсіздер ме, оқушылар! Бүгін қандай күн?
-журнал бойынша тексеру- Сабақта кім жоқ?
-сабаққа әзірлігін бақылау: оқу құралдарын дайындау.-Сабаққа дайынбыз ба?
II.Үй тапсырмасын тексеру.
Нәтиже сабақ бойынша жіберілген қателермен жұмыс жасау.
«Менің отбасым» тақырыбы бойынша сұрау
ІІІ.Балалар, бүгінгі күнді жазыңдар. Бүгін нешесі, аптаның қай күні? Дәптерлеріне жаздыру. Бүгінгі біздің тақырыбымыз «Менің қазақ достарым». Ең алдымен, балалар «дос» дегеніміз кім? Ол қандай болу керек? Сенің достарың бар ма?Ауладағы достарың қандай? Сыныптағы достарың қандай?
IV. Сөздік жұмысы. Тақырыпқа қатысты сөздер мен сөз тіркестерімен танысу. Тәуелдік жалғаулы сөздерді түсіндіру.
Дос-друг
Достар-друзья
Менің досым-мой друг
Менің достарым-мои друзья
Көп-много
V.Тапсырмалармен жұмыс.
1-тапсырма. Тақырып бойынша берілген суретпен жұмыс жасау. Өз достары туралы айтқызу.Тақтадағы тірек-сызбамен жұмыс.
Менің достарым
2-тапсырма. Мәтінмен жұмыс: оқу, аудару. Осы үлгі бойынша мәтін құрату және айтқызу.
3-тапсырма. Диалогпен жұмыс: оқу, тыңдау, айту, жазу. Өз достары туралы әңгімелей білуге және сұрақтарға жауап беруге үйрету.
4-тапсырма. Санамақ бойынша сөйлету. Осы үлгіде санамақ құрату.
Санамақ
Ал санайық, санайық,
Ретіменен алғашқы.
Досым менің-Жанат,
Айбек, Саша, Самат.
Тағы бір дос-Қанат,
Саят пенен Марат.
Ал санайық әрі,
Қанша болды бәрі?
5-тапсырма. Тақтада орнату. Нүкте орнына тиісті әріпті қою және жазу.
6-тапсырма. Жұптық жұмыс ретінде орнату.
VI. Сабақты бекіту. Ойын түрінде бекіту. Әріптерді алып, сол әріптен басталатын достарының аттарын атайды.
VII.Сабақты қорытындылау. Мұғалім сөзі:
- Балалар, бүгін сабақта қандай тапсырмалармен жұмыс жасадық? Нені түсіндіңдер, нені білдіңдер? Оқушылардың білімдерін бағалау. V. Үйге тапсырма. Сөздерді жаттау. Мәтінді ауызша айта білу. - Балалар, сабақ аяқталды. - Сау болыңдар!