kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Педагогикалық шеберлік пен педагогикалық іс-әрекет

Нажмите, чтобы узнать подробности

Педагогикалық шеберліктің сипаттамасы мен педагогикалық іс-әрекет

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Педагогикалық шеберлік пен педагогикалық іс-әрекет»

Технологиялық карта


Пән : Педагогика

Топ: 44 ә

Күні: 4.05.17

Сабақтың тақырыбы: Педагогикалық шеберлік пен педагогикалық іс-әрекет.

Сабақтың мақсаты: Педагогикалық шеберлік пәні туралы түсініктерін қалыптастыру.

Міндеттері:

Білімділік: педагогикалық шеберлік пәні мақсат міндеттері жөніндегі білімдерді тереңдету.

Дамытушылық: аудитория алдында шығып айту, сын тұрғысынан ойлау, талдау жасай алу, бастыны анықтай білу, қайталап, қорытынды шығара білу дағдыларын дамыту.

Тәрбиелік: педагогикалық шеберлікті үнемі жетілдіріп отыруға тәрбиелеу.

Сабақ түрі: іс-тәжірибелік

Сабақтың типі: аралас

Пәнаралық байланыс: жекелей пәндік әдістемелер

Сабақтың әдіс-тәсілдері: білім алуа көзіне қарай топтастырылған әдістер, «Қолды таңдаймын» жаттығуы, Жаттығу: “Гүл сыйлау”, сауалнама, «Рөлге ену» жаттығуы.

Жабдықталуы: интерактивті тақта, презентация материалдары

Әдебиеттері:

1. Хмель Н.Д.. Мұғалімді кəсіптік дайындаудың теориялық негіздері., - Алматы .1998ж.

2. Жұмабаева А. Мұғалімнің сөйлеу мəдениеті // Бастауыш білім. – 2005. - №3.- Б.4 -5

3. Загвязинский «Педагогическое творчество учителя» М., «Педагогика»1987

4. Мищенко А.И. Введение в педагогическую профессию – Новосибирск, 1991


Сабақтың құрылымдық жоспары:

І. Ұйымдастыру кезеңі

- Оқушыларды түгендеу

- Психологиялық дайындық.

Жаттығу: “Гүл сыйлау”

Ең алдымен жүргізуші бастайды. Гүлді алып, “Мен сізге гүлді сыйлаймын” себебі сіз ..... қайырымды адамсыз.

Әр қатысушы гүлді алып жалғастыра жақсы әсер қалдыратын бір – бір қасиеттерін айтып шығу керек.

ІІ. Мақсат қою және оқу іс әрекетіне қызығушылықты ояту.

Шебер мұғалім қандай болу керек?

ІІІ. Өздік жұмыс тапсырмалары.

1 тапсырма. Тест арқылы өзіңді тексер:

Сіз қандай ұстазсыз?

1.Мұғалімдік қызметке қалай келдіңіз?

а) жүрек қалауымен

ә) кездейсоқ

б) лажым жоқтықтан

2. Сіз үшін мұғалімнің жұмысы:

а) керемет жұмыс

ә) күнкөріс үшін

б) бас қатыру

Оқушылардың сіздің біліміңізге көзқарасы

а) өте сауатты деп есептейді

ә) қанағаттанарлық

б) жұмысы жоқ

Оқушылар арасында жарыс болатын болса:

а) міндетті түрде менен көмек сұрайды

ә) кейде

б) маңыма мүлде жоламайды

5. Сіздің сабақ өткізу тәсіліңіз қандай?

а) оқулықтан тыс қызықты материалды жиі пайдаланамын

ә) сирек қолданамын

б) оқулықпен шектелемін

6. Сіздің қатеңізді озат оқушыңыз тапты:

а) қатені мойындап, кешірім өтінемін

ә) үндемей құтыламын

б) өзімдікі дұрыс деп, жеңістік бермеймін

7. Сыныптан тыс жұмысты ұйымдастыруда

а) оқушылар арасында жиі-жиі жарыстар ұйымдастырамын

ә) басшылар ескерткенде ғана

б) бас ауыртқым келмейді

8. Оқушыға қол жұмсайсыз ба?

А) мүлде қол жұмсамаймын

ә) анда-санда

б) «Аюға намаз үйреткен - таяқ» деп есептеймін

9. Мұғалім болғаныңызға

а) ризасыз

ә) сізге бәрібір

б) өкінесіз

10. Ұжым арасында беделіңіз:

а) өте жоғары

ә) жақсы

б) орташа

Әрбір

«а» жауабына – 5 ұпай

«ә» жауабына – 3 ұпай

«б» жауабына – 1 ұпай есептеңіз ұпай жинасаңыз:

30-35 ұпай. Сіз шәкірт үшін биік тұлғасыз. Сіз бала тәрбиесіне жан-тәнімен берілген жансыз.

20-35 ұпай. Сіз арбаны да сындырмайтын, өгізді де өлтірмейтін күйде жүрсіз. Сізге көп іздену керек.

10-15 ұпай. Сіз босқа уақыт өткізіп жүрсіз. Орыныңызды бала жанын түсінетін шын мұғалімге босатқаныңыз жөн.

«Егер адам артына өз ұрпағына пайда келтірердей іс қалдырса, оның жаны өлмейді». (Ж.Баласағұн.).

Мен жанбасам лапылдап,

Сен жанбасаң лапылдап,

Біз жанбасақ лапылдап,

Аспан қалай ашылмақ?

(Назым Хикмет).

Адамның жақсысы, адамға адамшылық жасағандар

(Абай)

Ұстаздың абыройы болмаса –шәкірттері оның сақалымен ойнайды.

Сайф Сараи

Басқаларды үйрету үшін өзің көп білетін болуың керек.

А.П.Чехов



Тапсырма № 2

«Мимика»
Балалар сендер білесіңдер біз әр түрліміз, біздің көзіміз, шаш үлгіміз, жасымыз да әр түрлі. Әйтседе бір жағдайда бәріміз бірдейміз. Көңілді болғанда күлеміз, көңілсіз болғанда жылаймыз. Бұл адамның ішкі жан дүниесін бейнелейді.
Адамның ішкі сезімінің сырт көрінісі бет әлпеті арқылы көп жайтты аңғаруға болады. Мұны мимика деп атайды. Мимика бет әлпеттің тілі. Көңіл күй адам жанының көрінісі. Эмоция екі түрлі болады: жағымды және жағымсыз. Олай болса, балалар адамның жағымды эмоцияларын атап өтейік: бақытты, қанағаттану, келісу, қуану. Ал, жағымсыз эмоциялар: көңілсіздік, қайғы, стресс, т. б.

«Рөлге ену» жаттығуы.

Мимика және пантомимика арқылы көңіл күйді білдіруді қалыптастыруға арналған жаттығу.

А) Арқан бойымен жүріп өту.

- Сен цирк акробаты емессің, бірақ саған жерден биікте тартылған арқан бойымен жүріп өтуің керек. Сол кезде бойыңды қандай сезімдер билейді? Рөлге ен.

Ә) Оттан өту.

- От ыстық, айнала өртеніп жатыр. Қалай өтесің, қандай сезімде боласың? Көрсет.

Б) Желім жағылған еденнен өту.

- Бір бөлменің еденіне толығымен желім жағып қойған. Сол бөлменің бір шетінен екінші шетіне өтуің керек. Қалай өтесің? Көрсет.

В) Шөл далада жүру.

- Шөл далада айналада қызарып тұрған күннің астында ысып тұрған құм. Қалай өтесің? Қандай сезімдер бойыңды жаулап алады? Көрсет.

Г) Өзен жағасында жүру.

- Ыстық күні өзен жағасында салқын суда жүрсің. Қандай сезімде боласың? Көрсет.

Тапсырма № 3

Төменде берілген жағымды және жағымсыз эмоциялардың қайсысының адамның жоғарылаған, ал қайсысы – төмендетілген белсенділігіне жататындығын анықтаңыздар. Мысалдар келетіріңіздер.

  • Қуаныш, қатты ашулану, жабырқау, ашушаңдық, таң қалу.

ҮІ. Бекіту кезеңі.

  • Педагогикалық шеберлік дегеніміз не?

  • Педагогикалық шеберліктің негізі неде?

  • Шебер мұғалім қандай болу керек?

  • Талант дегеніміз не?

  • Сөйлеу мәдениеті дегеніміз не?

Ү.Білім, білік, дағдының қалыптасуын бақылау, бағалау

ҮІ.Үй тапсырмасы.

Педагогикалық шеберлік пен педагогикалық іс-әрекетке теориялық талдау жасау.

ҮІІ.Рефлексия. «Қолды таңдаймын»

Қатысушылар шеңбер құрып тұрады. Барлығы қол ұстасып, көздерін жұмып тұрады (тыныш ойналады).«Тыңдаңыздар. Сіздер ұстап тұрған көршілеріңіздің қолдарына, оң қолыңыздағы қолға назар аударыңыз. Ол қандай? (кішкентай, нәзік, батыл, суық, т. б.) Бұл саусақтар қандай ақпаратты сізге беретінің тыңдаңыздар. Енді назарды сол қолға аударып, оны тыңдаңыздар. Енді көздеріңізді ашып, өздеріңіздің сезімдеріңіз туралы айтыңыздар, қолдарыңыз бір біріне тигенде не сездіңіздер?»



Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Прочее

Категория: Уроки

Целевая аудитория: Прочее.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
Педагогикалық шеберлік пен педагогикалық іс-әрекет

Автор: Тенизбаева Макпал Ержановна

Дата: 08.06.2017

Номер свидетельства: 420997

Похожие файлы

object(ArrayObject)#863 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(29) "Зияткерлік ойын"
    ["seo_title"] => string(16) "ziiatkierlikoiyn"
    ["file_id"] => string(6) "278453"
    ["category_seo"] => string(10) "vneurochka"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1453095714"
  }
}
object(ArrayObject)#885 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(247) "Технология  п?н   саба?тарында   жа?а  педагогикалы? технологияларды  тиімді  пайдалану  ар?ылы о?ушыларды? шы?армашылы?  ?абілетін   дамыту "
    ["seo_title"] => string(150) "tiekhnologhiia-p-n-sabak-tarynda-zhan-a-piedaghoghikalyk-tiekhnologhiialardy-tiimdi-paidalanu-ark-yly-ok-ushylardyn-shyg-armashylyk-k-abilietin-damytu"
    ["file_id"] => string(6) "172202"
    ["category_seo"] => string(13) "vsemUchitelam"
    ["subcategory_seo"] => string(11) "presentacii"
    ["date"] => string(10) "1423765392"
  }
}
object(ArrayObject)#863 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(96) ""Т?Л?А?А БА?ЫТТАЛ?АН БІЛІМ БЕРУ" та?ырыбында?ы баяндама"
    ["seo_title"] => string(62) "tu-lg-ag-a-bag-yttalg-an-bilim-bieru-tak-yrybyndag-y-baiandama"
    ["file_id"] => string(6) "255946"
    ["category_seo"] => string(9) "biologiya"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1448024111"
  }
}
object(ArrayObject)#885 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(96) ""Т?Л?А?А БА?ЫТТАЛ?АН БІЛІМ БЕРУ" та?ырыбында?ы баяндама"
    ["seo_title"] => string(64) "tu-lg-ag-a-bag-yttalg-an-bilim-bieru-tak-yrybyndag-y-baiandama-1"
    ["file_id"] => string(6) "255947"
    ["category_seo"] => string(9) "biologiya"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1448024119"
  }
}
object(ArrayObject)#863 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(58) "Мені? педагогикалы? философиям! "
    ["seo_title"] => string(37) "mienin-piedaghoghikalyk-filosofiiam-1"
    ["file_id"] => string(6) "181456"
    ["category_seo"] => string(10) "vneurochka"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1425358646"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства