Өзiн-өзi тану сабағының жоспары
Мектеп: А.Тихоненко ЖОББМ Мерзімі
Тақырып: Өз мүмкіндігімізді таниық
Құндылық: «Дұрыс әрекет»
Қасиеттер: әдепті болу, үнемшілдік, өз-өзіне сенімді болу.
Мұғалiм: Абылкасова Ж. К.
Класс: 6
Оқушылар саны:
Сабақ мақсаты: әр оқушының өзіндік мүмкіндіктерін танып, дұрыс әрекет құндылығының мәнін ашу. Міндеттері: 1. Оқушыларға үнемшілдік қасиеті туралы түсінік беру; 2. Оқушылардың өз-өзіне сенімді болуын одан әрі дамыту; 3. Оқушыларды әдепті болуға тәрбиелеу
| Ресурстар:(құралдар, мәлiметтер) |
Сабақ барысы:
4 сабақты қарап,оқып келіңдер. Шығармашылық жұмысты толықтырып келу. Қазақстанның ең әдемі жерлері туралы мәлімет жинап келу және суреттерін жинақтау және дәптермен жұмыс.
| Сабақ барысын талқылау: |
Адам,ғалам ғажайып жеке дана, Жан құмары-ізденген мәңгі сана Өзіңді-өзің танысаң-істің басы; Түзеген өз ғаламын болған дана Әл-Машани Бәріміз қосылып айту. 2рет ұлдарға, 2рет қыздарға, 1рет хормен айту. Дәйексөзді дәптерге жазу |
|
Жаңа ақпаратпен таныстыру. «Менің атым Қожа» бейнеролик (Үзінді)
|
|
Барлығымыз ақ қағаз алып, өз мінезімізді жазып ортаға салайық, содан соң кезекпен кезек оқып шығамыз. «Мен өзіме және өзімнің достарыма амандық тілеймін…» деп барлығымыз өз тілектерімізді білдірейік. Балалар тілек жазылған құттықтау жүрекшелерін қалаған жолдасына береді. |
|
«Аман болсын, адамдар» Сөзі О.Әубәкіров Әні Ә. Бейсеуов Айналайын Адамдар, Болашаққа аман бар! Жұмыр жерде ғұмыр бар Ғұмырлы бол Адамдар! Қайырмасы: Балдан тәтті балаң бар, Бала баққан анаң бар. Шошытпаңдар екеуін, Айналайын Адамдар! Айналайын Адамдар, Келер күнге адал бар. Бөбек өсіп келеді Алды- артыңа қараңдар!
|
|
5 сабақты қарап,оқып келіңдер. 1-4 сабаққа талдау жасап келу.Яғни түйінсөз |
|
Соңғы тыныштық сәтi. — Енді көзімізді жұмып, осы сабақта айтылған ойлар мен істерді ой елегінен өткізіп көрейікші. — Барлық айтылған жақсы ойларды жүрегіміздің түкпіріне апарып орналастырайық. — Енді көздеріңді аша қойыңдар. Сабақ аяқталды. Бүгінгі күндерің қуаныш әкелсін. |
|