kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

"Өз мүмкіндігімізді таниық"

Нажмите, чтобы узнать подробности

Оқушыларға өз мүмкіндіктерін тануды түсіндіре отырып, жалпыадамзаттық Ақиқат құндылығының мәнін ашу.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«"Өз мүмкіндігімізді таниық"»

Өзін- өзі тану сабағының жоспары

Мектеп: № 29. Мерзiмі: Сабақ: №3

Тақырыбы: Өз мүмкіндігімізді таниық.

Мұғалiм: Нұрмағанбетова А.Ш Класс: 6«А». Оқушылар саны: 20

Құндылық: Ақиқат.

Қасиеттері: адалдық,шыншылдық,жақсылық

Сабақ мақсаты: оқушыларға өз мүмкіндіктерін тануды түсіндіре отырып, жалпыадамзаттық Ақиқат құндылығының мәнін ашу.

Міндеттері:

- оқушыларға адалдықтың маңыздылығын түсіндіру.

- оқушылардың бойындағы шыншылдық қасиеттерін дамыту.

- оқушыларды жақсылыққа тәрбиелеу.

Ресурстар:

оқулық,дәптер, аудио

Сабақ барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңi: Сәлемдесу.

Оқу құралдарына назар аудару. 5Т: Тәртіп,талап,тыныштық,тазалық, татулық.

2.Тыныштық сәтi.

«Күннің нұры»

Ыңғайланып отырыңыздар, денелеріңізді түзу ұстаңыздар. Аяқ-қолыңызды айқастырмаңыз. Қолыңызды тізеңізге немесе үстелге қоюға болады. Көздеріңізді жұмуларыңызды өтінемін.

Елестетіп көріңіз: Күн нұры сіздің төбеңізден өтіп, кеудеңізге қарай бойлап барады. Кеудеңіздің орта тұсында гүл түйнегі орналасқан. Гүлдің түйнегі нұрдан баяу ашылып келеді. Балғын және таза әсем гүл сіздің әр ойыңызды, әр сезіміңізді, эмоцияңыз бен тілек-қалауыңызды шайып, жүрегіңіздің қауызын ашты.

Нұр сәулесі сіздің бойыңызға ақырын тарай бастағанын елестетіңіз. Ол біртіндеп күшейе түсуде. Оймен осы нұрды қолдарыңызға түсіріңіз. Сіздің қолдарыңыз тек жақсыны жасайды. Нұр аяқтарыңызға тарады. Аяқтарыңыз тек қана жақсы жерге апарады.

Одан әрі нұр сіздің аузыңызға, тіліңізге тарады. Тіліңіз тек шындықты айтады. Нұрды құлақтарыңызға бағыттаңыз, құлақтарыңыз тек жақсы сөз ғана естиді. Нұр көздерімізге де жетті, көзіміз тек жақсыны көреді. Сіздің басыңыз түгелдей нұрға бөленіп, басыңызға тек ізгі, сәулелі ой келеді.

Нұр бірте-бірте қарқын және шұғылана бастайды, сіздің денеңізден шығып, жан-жағыңызға сәуле шашады. Осы нұрды туысқандарыңызға, мұғалімдеріңізге, достарыңызға, таныстарыңызға,барлық адамдарға бағыттаңыз. Нұрды уақытша түсініспей жүрген адамдарға да бағыттаңыз, олардың да жүрегі нұрға толсын. Ойша айтыңыз: «Мен нұрлымын... Нұр менің ішімде... Мен Нұрмын».

Осындай Нұр, Махаббат және Тыныштық күйінде отыра тұрыңыз...

Енді осы Нұрды жүрегіңізге орналастырыңыз. Нұрға толы бүкіл әлем сіздің жүрегіңізде. Оны осындай әсем қалыпта сақтаңыз.

Жаймен көзіңізді ашуға болады. Рахмет!

3.Үй тапсырмасын тексеру: № 3 сабақ.Үйге М. Әлімбаетің өлен жолдарын толықтырып жазып келу. Дайындап келген өлен жолдарын оқу. Мұғалім артынан дұрыс нұсқасын көрсетеді.

Мұзафар Әлімбаев.

Ақиқатты іздеген



Ақиқатты .......,

........ дос бізбенен.

Әділдікті .........,

Бір туғандай ол .......

Осы тақпақ жолдарын толықтырып жаз (өз ойларыңды)



Ақиқатты іздеген,

Әуелден дос бізбенен.

Әділдікті қорғаған,

Бір туғандай ол маған.


Музыкалық

композиция

"Хрустальная грусть"







4.Дәйексөз.

Ақиқатты тек ақылды көздермен ғана көруге болады.

Мұзафар Әлімбаев.

  • Нақыл сөздің мағынасын қалай түсінесіңдер?

2-рет ұлдарға, 2- рет қыздарға айтқызу

Бәріміз қосылып айту.

Дәптерге жазу.


5.Әңгімелеу. Мұғалімнің сыйы

Асан мен Әмір.

Асан мен Әмір сабақтан келе жатып, әмиян тауып алады. Әмір әмиянды көтеріп алып, қалтасына салады.

Асан: Әмір, әмиян сенікі емес, оны неге алдың? – деді.

Әмір: Оны мен тауып алдым. Сол себепті ол енді менікі. Балалар бір-бірімен сөйлеспей үйге де жетіп қалды. Сол сәтте бір затты іздеп жүрген қарт әжейді жолықтырады. Асан жүгіріп барып әжейден сұрайды:

-Әжей бір нәрсе жоғалттыңыз ба?

-Иә балам әмиянымды таппай қалдым.Дүкенге шыққанымда жолда түсіріп алып, іздеу үстіндемін.

Асан Әмірге қарады. Әмір басын еңкейте, өзінің іс-әрекетінен ұялып кетті.

-Мінекей әже! Мен тауып алдым, - деп әжейге әмиянын қайтарып берді. Әмірдің бұл іс-әрекетіне қуанған Асан досын құшақтады. Сөйтіп екі дос үйіне мәз болып қайтты.

-Балалар нені тауып алды?

-Әмиянды кім көтерді?

-Олар кімді жолықтырды?

-Әже нені жоғалтқанын айтты?

-Балдар қандай іс-ірекет жасады?

-Неге олар қуанды?

-Қандай ойдан осы әрекеттер туындады?

-Бақытты адам қандай?



6.Шығармашылық жұмыс. Топтық жұмыс.
 


«Асан мен Әмір» әңгімесін қойылым қылып сахналау.


Оқушыларды түрлі- түсті стикерлер арқылы топтастыру.

Әр топтың жауабын тындау.

Қойылым қылып сахналау.

7. Топпен ән айту.

Жақсы адамдар

Әні мен сөзі: А. Оралов

Сендер аман болыңдар жақсы адамдар,

Жақсы адамдар – бұзылмас тас қамалдар.

Табаныңның астында жатады әлі

Пенделіктен өресі аспағандар

Қайырмасы:

Жақсы адамдар, жақсы адамдар,

Сендер аман болыңдар жақсы адамдар.

Жақсы адамдар, жақсы адамдар,

Сендер аман болыңдар жақсы адамдар.

Жақсы адамдар.

Жақсы көрем сендерді жақсы адамдар,

Жүрегіңде өйткені аппақ ар бар.

Сендер жайлы шырқалар асқақ ән бар,

Жолы болсын ақ ниет бар адамдар!

Қайырмасы:

Сендер жайлы шырқалар асқақ ән бар,

Жолы болсын ақ ниет бар адамдар!

Сендер аман болыңдар жақсы адамдар,

Қарап өтсін сендерге басқа жандар.

Қайырмасы:
























8.Үй тапсырмасы. № 4 сабақ. 13-16 беттегі

Б. Соқпақбаевтің "Менің атым Қожа" мәтінін оқу.


9.Сабақтың қорытынды минуты.

Көздеріңізді жұмыңыздар. Сіздер кереметсіздер, әркез күн тәрізді жарқырап жүре беріңіздер. Жақсы шуақты күндеріміз көп болсын. Мен сіздерді жақсы көремін. Көздеріңізді жайменен ашуға болады. Рахмет. Сау болыңыздар!

Музыкалық

композиция

"Хрустальная грусть






Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Начальные классы

Категория: Планирование

Целевая аудитория: 8 класс

Скачать
"Өз мүмкіндігімізді таниық"

Автор: Нұрмағанбетова Анара Шынғысқызы

Дата: 06.02.2017

Номер свидетельства: 388439

Похожие файлы

object(ArrayObject)#863 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(46) "?з м?мкіндігімізді таниы? "
    ["seo_title"] => string(26) "oz-mumkindighimizdi-taniyk"
    ["file_id"] => string(6) "245960"
    ["category_seo"] => string(13) "vsemUchitelam"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1446271962"
  }
}
object(ArrayObject)#885 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(48) "Өз мүмкіндігімізді таниық"
    ["seo_title"] => string(28) "oz_mumkindighimizdi_taniyk_1"
    ["file_id"] => string(6) "445803"
    ["category_seo"] => string(7) "prochee"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1513871837"
  }
}
object(ArrayObject)#863 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(57) "?з м?мкіндігімізді тани білейік"
    ["seo_title"] => string(30) "ozmumkindighimizditanibilieiik"
    ["file_id"] => string(6) "325157"
    ["category_seo"] => string(13) "vsemUchitelam"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1462873109"
  }
}
object(ArrayObject)#885 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(130) ""Өзін-өзі тану" сабағының жоспары. Тақырыбы: "Өз мүмкіндігімізді таниық""
    ["seo_title"] => string(70) "ozin_ozi_tanu_sabag_ynyn_zhospary_tak_yryby_oz_mumkindighimizdi_taniyk"
    ["file_id"] => string(6) "384237"
    ["category_seo"] => string(10) "vneurochka"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1485451938"
  }
}
object(ArrayObject)#863 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(94) "М?мкіндігі шектеулі балаларды т?рбиелеуді? жолдары "
    ["seo_title"] => string(57) "mumkindighi-shiektieuli-balalardy-t-rbiielieudin-zholdary"
    ["file_id"] => string(6) "195067"
    ["category_seo"] => string(10) "logopediya"
    ["subcategory_seo"] => string(11) "presentacii"
    ["date"] => string(10) "1427862053"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства