Дәрілік заттарды таратарда Медбикенің барлық әрекетіндегідей гигиенаны сақтау қажет.Дәрілік затты таратпас бұрын қолды гигиналық тұрғыда өңдеу.
Жылжымалы столға латокка, сұйық дәріні флаконда, әр флаконға арналған пипеткалар, дәрілік затты қабылдауға арналған стакандар, су құйылған құмыра, таблеткаларды таратуға арналған пинцеттер, қайшыны қойу керек.
Дәрілік нұсқау қағазымен танысу.
Дәрігердің нұсқау қағазда дәрілердің толық аталуы, дозасы, енгізу түрі және енгізу уақыты, пациенттің аты- жөні толығымен жаз ылуы керек. Дәрілік заттарды таратқанда басқа нәрсеге көңіл аударуға болмайды өте мұқиат болу керек. Дәрігердің нұсқау қағазымен салыстарып мұқиат дауыстап мерзімін, дозасын, дәрілік заатың аталуын оқып шығу керек. Флакондағы дәрілік затты арнайы қасықпен немесе пинцетпен алу керек. Сұйық дәрілердің дозасын қатаң түрде сақтау керек, ол үшін өлшейтін стакан немесе пипентка қолдану ыңғайлы. Егер дәрілік затты күніне бірнеше рет ішуге болатын болса, онда ардағы уқытты қатаң сақтау керек. Нақты уақытымен ішілуі тиіс. Медбике дәрілерді таратқанда пациенттің платасы, аты-жөні жазылған ұйашыққа, оған дәрігернұсқаған дәрі екендігіне мұқиат көз жеткізіп барып, нақты уақытымен таратады.
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Просмотр содержимого документа
«Өт қапшығы, құрылысы, қызметі.»
Жоспары:
1.Жүрек қан тамыр жүйесінің бұзылуының көрінісі: ентігу, демікпе, жүрек тұсының ауруы, жүрек соғысы, жүрек жұмысы кезіндегі іркіліс, перифериялық ісіктер, асцит, АҚ күрт көтерілуі және төмендеуі, талып қалу.
2.Жүрек қан тамыр жүйесінің бұзылуы кезінде пациентке күтім көрсету ерекшеліктері. 3.Пациенттің халін жеңілдететін жағдай жасау.
4.Артериалды қысымды өлшеу, пульсты қадағалау.
5.Тері мен сілемейлі қабықтарға күтім көрсету
Жүрек-қантамыр жүйесінің қызметі бұзылған кездегі медбикелік үрдіс
Жүрек- қан тамыр жүйесі патологиялары ішкі аурулар ішінде кең таралған ауруларға жатады және өлім себептері ішінде бірінші орында тұрады. Қазіргі уақытта гипертония ауруы, жүректің ишемиялық ауруларымен т.б. аурушаңдық жылдан жылға өсіп келе жатыр. Мұндай аурулар жиі пациенттерде мүгедектікке алып келеді. Соңғы жылдары бұл аурулардың «жасарып» келе жатқаны кардиология алдына жүрек- қан тамыр жүйесі ауруларын анықтаудың жаңа әдістерін, оларды емдеу және алдын алу әдістерін қарастыруды міндет етіп қояды.
Жүрек –тамыр жүйесінің қызметтерінің бұзылуын тудырған кез-келген себептерде (күйзелу, қан ұюы, қысылуы) оксигенация процестерінің жеткіліксіздігі туады. Ол өз кезегінде адам ағзасының барлық 14 өмірлік маңызды қажеттіліктерінің бұзылыстарына соқтырады.
Өкпеде 700 млн альвеола бар, жалпы ауа жұту беткейі 90 шаршы метрді құрайды. Өкпе артериясы капиллярға дейін тармақталып, жүректің оң жақ қарыншасынан, құрамында оттегі аз венозды қанды өкпеге әкеледі. Газ алмасу нәтижесінде ауадағы оттегі қанға өтіп, көмірқышқыл газ алвеолярлық ауаға өтеді. Оттегіге толған қан жүрекке қайта оралады. Қалыпты жағдайда оттегілеу осылай жүреді.
Жүрек-қантамыр жүйесі ауруларының клиникалық белгілері
Жүректің жиі қағуы- бұл пациенттің кеудесінде пайда болатын сезім, көбінесе жүректің бұлшықеті зақымданғанда пайда болады. Миокардит, миокард инфарктісі, жүрек ақауларында кездеседі. Анемия, невроз, қызба кезінде бұл белгі рефлексті түрде болады. Қалыпты жағдайда физикалық күш түскенде, жүгіргенде, толқығанда, уайымдаған жағдайларда пайда болады.
Жүрек ырғағының бұзылуы- бұл аритмия немесе экстрасистолия ретінде көрінеді. Пациенттер жүректің тоқтап қалған сезіміне шағым жасайды. Бұл сезімдердің қандай жағдайда пайда болатынын (физикалық күш түскенде, тыныштықта, отырып тұрғанда күшеюі мүмкін) сұрастыру керек.
Жүрек тұсының ауырсынуы- әр түрлі себептерден дамиды, сондықтан сұрастырғанда ауырсынудың орнын, мінездемесін (қысылып, қысып, тесіп, күйдіріп ауыру), ұзақтығын, қашан дамитынын анықтау керек. Пациент жүрек тұсында ауырсынуға шағымданған кезде, ауырсыну барлық уақыт жүрек- қан тамыр жүйесі ауруларымен байланысты болмайтынын есте сақтау қажет. Жүрек аймағындағы ауырсыну (кеуденің сол аймағы) мысалы плевра қабынуларында, қабырғааралық нервтердің қабынуында, омыртқа остеохондрозында, бұлшықеттердің қабынуында (миозит) болуы мүмкін.
Жүрек тұсындағы ауырсынуды стенокардия ұстамаларынан ажырату керек. Стенокардия ұстамасында қатты ауырсыну тәж артерияларының тарылуы нәтижесінде болатын миокард ишемиясынан дамиды. Стенокардияда ауырсыну төс артында байқалады; сол иыққа, жауырынға, мойынның сол аймағына беріледі; тершеңдік және қорқу сезімімен сипатталады, бірнеше минутқа созылып нитроглицерин таблеткасын қабылдаған соң жойылады.
Стенокардия ұстамасы шұғыл көмекті қажет етеді, өйткені ұзақ мерзімге созылу миокард инфарктісіне алып келуі мүмкін. Стенокардия ұстамасында пациентке толық тыныштықты қамтамасыз етіп тәж артериялары түйілуін жоятын нитроглицерин қажет. Сонымен қатар кеуденің сол аймағына қыша қағазын қоюға болады.
Қан айналым жетіспеушілігі- жүрек қан тамыр жүйесінің ағзаның мүше, ұлпаларын қажетті мөлшердегі қанмен қамтамасыз ете алмауы. Қан айналым жетіспеушілігін жүрек және тамыр жетіспеушілігі деп бөлуге болады.
Тәжірибеде жиі сол қарынша жетіспеушілігі байқалады, бұл кезде жүрек астмасы және өкпе ісінуі байқалады. Жүрек демікпесі кіші қан айналымш шеңберінде қанның іркілісінен дамиды және пациентте қатты тұншығу, цианозбен сипатталады. Пациентке уақытылы көмек көрсетілмеген жағдайда өкпе ісінуі дамуы мүмкін, бұл жағдайда кіші қан айналым шеңберінде іркілу құбылыстарының күшеюі нәтижесінде қанның сұйық бөлігі қан тамыр қабырғасынан шығып альвеолаларды толтырады. Мұндайға жағдайда жоғарыда көрсетілген шағымдарға сақырлаған тыныс, көпіршікті қақырықтың көп мөлшерде бөлінуі қосылады. Пациенттерге күтім жасау, көмек беру, жүректің сол бөлімдеріне келетін қан көлемін азайту үшін пациенттерге жартылай отыру қалпы беріледі, ыстық аяқ ванналары немесе венозды бұраулар қойылады. Оттегімен емдеу кезінде оттегі спиртпен ылғалдандырылып жіберіледі.
Созылмалы жүрек жетіспеуішілігі миокардтың жиырылу қабілетінің біртіндеп төмендеуімен және ентігумен (бастапқы кезде физикалық жүктемеде, содан соң тыныш жағдайда да кездеседі), цианозбен, тахикардия, шеткі ісіктермен, бауырдың ұлғаюымен сипатталады.
Цианоз газ алмасу бұзылуы нәтижесінде дамиды, дененің шеткі аймақтарында (саусақтар, құлақ сырғалығы, еріндер, мұрын ұшы) айқын білінеді.
Шеткі ісіктердің дамуы, бауырдың ұлғаюы венозды іркілумен байланысты. Созылмалы жүрек жетіспеушілігінде пациенттердің күтіміне көп көңіл бөлу қажет. Зақымдалған миокардқа жүктемені азайту және оның қызметін жақсарту үшін пациенттер төсектік тәртіпті қатаң сақтауы қажет. Кіші қан айналым шеңберінде іркілуді азайту үшін төсектің бас жағы көтеріледі, ауыр ентігу кезінде оксигенотерапия жүргізіледі. Тыныс жиілігі, пульс, қан қысым деңгейі анықталып, нәтижелері қызба қағазына тіркеледі.
Пациенттердің күнделікті ісіктер динамикасын бақылау қажет, ішке қабылданған сұйықтық пен бөлінген зәр (диурез) арақатынасы анықталады. Бөлінген сұйықтықтың ішке қабылданған сұйықтықтан басым болуы (оң диурез) жүргізілген емнің тиімділігі және ісіктердің төмендеуі арқылы ақпарат береді. Алынған нәтижелер қызба қағазына тіркеледі.
Ісіктер динамикасын бақылау пациенттің дене салмағын анықтау арқылы да жүргізіледі. Ісіктермен күресу мақсатында сұйықтық (күніне 800 мл-1л-ге дейін) және ас тұзы (ауыр жағдайларда 1-105 граммға дейін) шектеледі.
Созылмалы жүрек жетіспеушілігінде пациенттерге №10 диета тағайындалады. Мұндай пациенттерге ағзадан калийді жуып шығатын әсері бар зәр айдайтын дәрілер және жүрек гликозидтері тағайындалатындықтан тамақтану рационына калийге бай препараттар (кептірілген өрік, піскен картошка) қосылады.
Ағзада ұзақ мерзім ісіктердің болуы тері жамылғыларының екіншілік өзгерістеріне алып келеді, яғни тері жамылғылары өз түсін өзгертеді, жұқа болады, иілгіштік қасиеттері жоғалады. Пациентте жүрек жетіспеушілігі күшейген сайын салмағы төмендеп қимыл белсенділігі шектеледі. Мұндай пациенттердің тері жамылғыларына мұқият күтім жасау, ойылулардың алдын алу шараларын жүргізу қажет.
Жедел тамыр жетіспеушілігі тамыр тонусының төмендеуімен сипатталады. Оның жеңіл көрінісі – естен тану болып саналады, ол тамыр тонусын орталық жүйке реттеуінің бұзылуы нәтижесінде (мысалы ауырсынулар, теріс эмоциялар, ұзақ уақыт тұрып тұрғанда, горизанталды қалыптан вертикалды қалыпқа тез өткенде т.б.)байқалады.
Естен тану тері жамылғыларының бозаруы, қысқа мерзімді есін жоғалту, бұлшықет тонусының төмендеуі, артериалды гипотензиямен сипатталады. Әдетте пациенттің санасы бірнеше минутта қалпына келуі мүмкін. Естен тану кезінде пациентке горизанталды қалып беріледі, төсектің аяқ жағы бас жағына қарағанда биік болуы қажет (бас мида қан айналымын жақсарту үшін), таза ауамен қамтамасыз етіледі, қысып тұрған киімдерді шешу, бетіне мұздай су бүрку, бетін шапалақтау, мүсәтір спиртіне малынған мақтаны иіскету қажет.
Тамыр тонусының төмендеуі және айналымдағы қан көлемінің азаюымен байланысты болған жедел тамыр жетіспеушілігі коллапс деп айтылады. Коллапс ауыр түрде өтетін кейбір жұқпалы ауруларда, жедел қабынуларда, қан жоғалтқанда, уланулар, жүрек ырғағының бұзылуларында, өкпе артериясының тромбоэмболиясында байқалады. Коллапс кезінде пациенттің есі сақталады, тері жамылғыларының бозаруы, дене температурасының төмендеуі, тыныстың беткей және жиі болуы, пульстің жиі және әлсіз, қан қысымының төмендеуі байқалады. Коллапс кезінде оған алып келетін себепті жою (мысалы, қан кетуде – қанды тоқтату, ағзадан уды шығару т.б.), пациентті жылыту, қан қысымын көтеретін дәрілерді енгізу (адреналин, мезатон, глюкокортикоидтар), айналымдағы қан көлемін көбейту жатады.
Гипертониямен ауыратын пациенттерді бақылау және күту барысында емдік-қорғау тәртібі талаптарын және ережелерін сақтауына көп көңіл бөлу қажет, өйткені әр түрлі жүйке- психикалық факторлар, теріс эмоциялар, ұйқының жеткіліксіз болуы ауру ағымына жағымсыз әсер етеді. Қан қысымының бірден жоғарылауы гипертониялық криз деп аталады, ол қатты бас ауру, бас айналу, жүрек айну, құсумен сипатталады. Гипертониялық кризде пациенттерге қатаң төсектік тәртіп тағайындалады, жүрек аймағына қыша қоюға немесе ыстық аяқ ванналарын қолдануға болады. Күре тамырға қан қысымын төмендететін дәрілерді жәймен, қан қысымын үнемі бақылап жібереді. Мұндай дәрілерді көктамырға жіберген соң пациенттер төсекте 2-2,5 сағат жатуы қажет, бірден тұрып кету кезінде қан қысымының бірден төмендеуі (ортостатикалық коллапс) болуы мүмкін.
Ентігу – қан айналымының жетіспеушілігінің (сол жақ қарынша жетіспеушілігі) белгісі. Жетіспеушіліктің дәрежесін ентігудің күштілігіне қарап анықтауға болады. Ентігу алғашқы сатыларда физикалық күш түскенде ғана пайда болады. Кейде сөйлегенде, тамақ ішкенде байқалады. Сондай –ақ ауру соңында тыныштық күйде де пайда болады.
Демігу ұстамасы (жүрек астмасы) – өткір, сол жақ қарынша жетіспеушілігінің нәтижесі болып табылады. Ол көбінесе түнде кенеттен басталады. Пациентке бірден оттегі жетпей қалады. Бастапқыда ентігу инспирациялық түрде жүреді. Кеуде торында күркілдеген сырылдар естіледі. Қызғылт түсті көбікті қақырық бөліне бастайды.
Жүрек ауруларын диагностикалау үшін әртүрлі рентгенологиялық әдістер (кеуде қуысының рентгеноскопиясы немесе рентгенографиясы) қолданылады. Арнайы әдістерге рентгенокимография (жиырылу кезінде жүрек сұлбасы контурларының қозғалысын алуға мүмкіндік береді), коронарография (қан тамырларына арнайы контраст зат енгізу арқылы тәж артерияларының өзгерістерін анықтау), фонокардиография (жүрек жұмысында пайда болатын дыбыстарды тіркеу), поликардиография (ЭКГ, фонокардиограмма және ұйқы артерияларының қанмен толуын тіркеу), ультрадыбыстық зерттеу немесе эхолокация (миокардтың қалыңдығын, қақпақшаларының жағдайын және жүрек, ірі қан тамырларының көлемін анықтау), жүрек қуыстарын зондтау т.б. жатады. Әдеттегі электрокардиографиямен (жүрек қозуында пайда болатын электрлік потенциалдарды тіркеу) қатар кардиологиялық бөлімшелерде тәулік бойы жүрек ырғағының бұзылуларын анықтауға мүмкіндік беретін арнайы микропроцессорлы электрокардиографтар қолданылады.
Жүрек – қан тамыр жүйесінің қызметі бұзылған кездегі медбикелік үрдіс
Бірінші кезең
Медбикенің мақсаты: медбикелік күтімді ұйымдастыру мақсатында қажеттіліктің қанағаттануының бұзылысын анықтау.
Пациенттен дем алу қажеттілігі қанағаттануының бұзылысы туралы мәлімет алу үшін сұрастырған кезде, жүректің ауырсынуын алғаш рет қашан сезгенін, ауырсынудың сипатын (ұстама түрінде, қақсайтын, тесетін), ауырсынудың пайда болуына әсер ететін факторларды (жаяу жүру, күйзеліс, физикалық ауырлық) анықтау қажет.
Сонымен қатар, кейбір дәрілерді, мысалы валидол, нитроглицерин қолданғаны туралы, одан қандай нәтиже болғаны туралы сұрастыру қажет.
Дұрыс диагноз қою үшін қосымша мәліметтер жинау қажет. Мысалы, тыныштық, жүру, физикалық ауырлық кездерінде ентігу болғаны туралы; тәулігіне ішетін сұйықтық мөлшері туралы, соңғы кезде дене салмағының ұлғаюы туралы сұрастыру қажет. Сұрастыру кезінде пациенттің өз қан қысымын бақылайтыны туралы, кім өлшейтінін, кардиолог көмегін қажет етуі туралы сұрастыру да маңызды.
Қан айналу жүйесі ауруларының дамуында зиянды әдеттердің, кәсіби зияндылықтардың, тұқым қуалаушылықтың маңызы үлкен. Кәсіптік зияндылықтарға түнгі кезекшіліктер, жиі суық тию, шуыл, тербеліс, жоғары ылғалдылық, «ыстық цех», зиянды булар жатады.
Қан айналым жүйесі қызметінің бұзылуларына алып келетін қауіп факторлары: шылым шегу, ішімдікке салыну, аз қимылды өмір салты, жиі күйзелістік жағдайлар, көп мөлшерде май қабылдау, артық салмақ.
Пациентті жалпы қарау кезінде келесі өзгерістерге назар аудару қажет:
- тері жамылғыларының түсі: бозару, цианоз, гиперемия;
-терінің ылғалдылығы: ылғалды, суық тер;
-ентігу: тыныштық жағдайда, қимыл- әрекет кезінде;
-шеткі ісіктер: тобықтарда, балтырда, бетте;
-іштің көлемінің ұлғаюы (асцит), іштің алдыңғы аймағында венозды суреттің күшеюі.
Екінші кезең. Физиологиялық мәселелер
Нақты:
- жүрек шаншуы;
- күйзеліске байланысты жүрек шаншуы;
- физикалық жүктемемен байланысты жүрек шаншуы;
- ентігу;
- тұншығу (жүрек демікпесі);
- шеткі ісінулер;
- асцит;
- күйзелуге байланысты АҚ-ның күрт жоғарылауы;
- физикалық ауырлықпен байланысты АҚ-ның күрт төмендеуі;
- естен тану;
- АҚ-ң күрт төмендеуі.
Потенциалды:
- жүрек бұлшық етінде некроздың (миокард инфарктісі) дамуы;
Рухани-психологиялық әлеуметтік мәселелер:
Нақты:
-жүрек-тамыр жүйесі ауруының дамуымен байланысты бейімделу мәселесі;
- жұмысқа қабілеттіліктің төмендеуімен байланысты бейімделу мәселесі;
- өлім қорқынышымен байланысты бейімделу мәселесі.
Потенциалды:
- жүрек ұстамасының қайталану қорқынышымен байланысты үрей;
Үшінші кезең
Медбикенің мақсаты:
Медбикелік күтім мақсаттарын қою және пациенттің қажеттіліктерін қанағаттандыратын жеке күтім жоспарын құрастыру. Мүмкін болған мақсаттарға мысал келтіре білу. Мысалы: екінші тәуліктің соңына АҚ деңгейінің тұрақталуы (индивидуалды уақыт); пациент жүрек ауырсынуының апта соңында азаюын белгілейді (индивидуалды уақыт);
-пациент ауруханадан шығу кезінде өз ауруына психологиялық бейімделеді (индивидуалды уақыт)
Медбикелік іс-әрекеттер стандартын қолдана отырып, жеке күтім жоспарын құрастыру. Пациентпен бірге жоспарланған күтімді келісе білу керек.
Төртінші кезең
Медбикенің мақсаты:
Медбикелік күтім жоспарының орындалуына барлық қажеттіні орындау.
Бесінші кезең
Күтімді бағалау.
Жүрек- қан тамыр жүйесі қызметі бұзылуы кезіндегі медбике қызметінің стандарттары
І. Медбикелік диагноз: Ентігу
ІІ. Мақсат:
Қысқа мерзімді- аптаның соңында пациенттің тыныс алуы жақсарады.
Ұзақ мерзімді- ауруханадан шығар сәтте тыныштық жағдайда пациентте ентігу болмайды.
ІІІ. Медбикелік іс-әрекеттер
1. Пациенттің қысып тұрған киімдерін босату;
2. Бас жағын жоғарылату;
3. Күніне 3-4 рет бөлмелерді желдетуді қамтамасыз ету;
4. Дәрігердің тағайындауы бойынша ылғалды оттегімен ингаляция жүргізу;
5. Әр 2 сағат сайын пациенттің тыныс алу (жиілігін, ырғағын,тереңдігін) жағдайын, жөтелдің сипаттамасын, тері жамылғыларының түсін бақылау;
6. Дәрігердің тағайындауы бойынша препараттар қабылдауды қамтамасыз ету;
8. Пациенттің туысқандарымен психологиялық қолдау туралы, физикалық белсенділіктің сақтаушы тәртібі туралы әңгімелесу.
І. Медбикелік диагноз: Тұншығу ұстамасы (жүрек демікпесі)
ІІ. Мақсат: қысқа мерзімді – тұншығуды 20-30 минут ішінде жою.
ІІІ. Медбикелік іс-әрекеттер:
1. Жылдам дәрігер шақыру, өйткені бұл жағдай білікті медициналық көмекті қажет етеді.
2. Толық тыныштықпен, таза ауамен қамтамасыз ету, қысып тұрған киімдерін шешу (тыныс алу жағдайы жақсарады);
3. Пациентті төсегінде аяқтарын төмен түсіріп отырғызу немесе жартылай отыру қалпын беру (жүрек бұлшықетінің жұмысы жеңілденеді, жүрекке венозды қанның келуі және өкпеде қанның іркілуі төмендейді);
4. 1 таблетка нитроглицеринді немесе 1 тамшы 1 % валидол ерітіндісін тіл астына беру (нитроглицерин коронарлы қан тамырларын кеңейтеді, нитроглицеринді қан қысымы 100 мм.с.б. төмен болған жағдайда беруге болмайды);
5. Ауыз қуысын көбік пен кілегейден (тыныс жолдарының өткізгіштігі қамтамасыз етіледі) тазалау;
6. Көбікті басушылардан жіберілген ылғалды оттегіні беру;
Ескерту: көбік басушыларға 10 % антифомсилан, 96 % этил спирті жатады. Оттегін орталықтандырылған әдіспен беру кезінде оттегіні беру жылдамдығы алғашқы 5 минут ішінде минутына 2-3 л, соңынан минутына 6-7л. Оттегі ингаляциясы оксигенация жағдайларын жақсартады.
7 . Аяқ-қолдарына венозды бұрау салу, оларды 10-15 минуттан кейін кезекпен босату. Бұл әдісті дәрі-дәрмектер болмаған жағдайда қолдануға болады.
8. Аяқтарды жылы қыша ванналарына салу немесе аяқтарға қыша қағазын, жылытқышты қою (рефлекторлы әсер етеді);
9. 300-400 мл көлемінде қан ағызу. Бұл процедура қан қысымы қалыпты жағдайда дәрігердің тағайындауымен жүргізіледі;
10. Пациенттің жағдайын (тыныс алу жиілігі, пульс, қан қысымын, тері жамылғылары түсін, диурезді, қақырық сипатын) тұрақты бақылау;
11. Дәрігер келгенге дейін наркотикалық анальгетиктерді, зәр айдайтын дәрілерді, жүрек гликозидтері т.б. (1% димедрол ерітіндісі немесе 2 % супрастин, 0,025% строфантин ерітіндісі, 2,4% эуфиллин ерітіндісі, 0,9% физиологиялық ерітінді т.б.) дайындау;
12. Дәрігердің тағайындаған дәрілерін егуді қамтамасыз ету;
13. Ұстама жойылған соң пациентті зембілмен жандандыру бөліміне тасымалдау.
І. Медбикелік диагноз: Естен тану (синкопальді жағдайлар)
ІІ. Мақсат: пациенттің есі 5 минут ішінде қалпына келеді.
ІІІ. Медбикелік іс-әрекеттер:
1. Төсекте жастықсыз көлденең, аяқ жағы көтеріңкі жатуын (миға қан келуін жақсарту) қамтамасыз ету;
2. Таза ауа келуін қамтамасыз ету, тар киімдерін шешу (мидың оттегімен ашығу деңгейі төмендейді);
3. Бетіне және кеудесіне салқын су шашу (мидың қанайналымын жақсарту мақсатымен жүйке жүйесіне рефлекторлы әсер ету);
4. Мүсәтір спиртіне малынған тампонды мұрнына иіскету және сол тампонмен самайын сүрту (тыныс алу орталығын қоздырады);
5. Пациенттің бетін шапалақтау;
6. Аяқтарына жылытқыш қою, көрпемен жылы орау, тыныштықты (30 минутқа дейін) қамтамасыз ету;
7. Осы шаралар 5 минут ішінде нәтижесіз болса, дәрігерді шақырту және оның нұсқауларын орындау.
8. Профилактикалық мақсатта пациент пен естен танудың себептері туралы әңгімелесу.
І. Медбикелік диагноз: Артериялық қысымның күрт төмендеуі (коллапс)
ІІ. Мақсат: Артериялық қысымды біртіндеп жоғарылату (индивидуалды уақыт)
ІІІ. Медбикелік іс-әрекеттер:
1. Дәрігерді дереу шақырту (бұл жағдай білікті дәрігерлік көмекті қажет етеді);
2. Пациентті көлденең жастықсыз қалыпта, аяқ жағы көтеріңкі етіп жатқызу (миға қан келу жақсарады);
3. Емделушіні жылыту: жылы орау, аяқтарына жылытқыш қою, ыстық шай немесе кофе (мидың қан айналымы жақсарады, тамырлардың тонусы жоғарылайды) беру;
4. Таза ауаның келуін қамтамасыз ету немесе ылғалды оттегімен ингаляция жүргізу (мидың қан айналымы жақсарады);
5. Әр 5 минут сайын қалпына келгенге дейін манжетті алмай АҚ-мен пульсті бақылау;
6. Профилактикалық мақсатта коллапстың даму себептері туралы пациентпен әңгімелесу.
І. Медбикелік диагноз: Артериялық қысымның күрт жоғарылауы
ІІ. Мақсат:АҚ-ны біртіндеп төмендету (индивидуалды уақыт).
ІІІ. Медбикелік іс-әрекеттер
1. Дереу дәрігерді шақырту (бұл жағдай білікті медициналық көмекті қажет етеді);
2. Бас жағы көтеріңкі, көлденең қалыпты қамтамасыз ету (жүрек бұлшықеттерінің, бүйректің қызметі жеңілденеді);
3. Физикалық және психикалық тыныштықты қамтамасыз ету;
4. Таза ауамен қамтамасыз ету;
5. Шүйде аймағына және балтырға қыша қою;
6. Маңдайға суық компресс қою (бас ауру әлсірейді);
7. Қолдарға жылы ванна, аяқтарға жылытқыш қою;
8. Дәрігердің нұсқауларын орындау;
9. Әр 30 минут сайын пациенттің жағдайын (сырт көрінісін қарау, ТАЖ, АҚ, пульс) АҚ қалпына келгенге дейін қарау.
І. Медбикелік диагноз: Асцит
ІІ. Мақсат:
Қысқа мерзімді- пациенттің жағдайының жақсаруын аптаның соңында белгілейді.
Ұзақ мерзімді: пациент тамақтану және сұйықтықты қабылдау тәртібінің маңыздылығы туралы білімдерін көрсетеді.
ІІІ. Медбикелік іс-әрекеттер:
1. Тұз бен сұйықтықты шектеумен, калий және ақуызға бай диета сақтау қажеттілігін пациентке түсіндіру және қамтамасыз ету, күніне 3-4 рет бөлшекті тамақтану, аптасына 1 рет жеңілдететін күн тағайындау;
2. Дәрігер нұсқауына сәйкес пациенттің дәрілік заттарды қабылдауын қамтамасыз ету;
3. Пациенттің күнделікті су балансын анықтауды қамтамасыз ету;
4. Үш күнде бір рет пациентті өлшеуді қамтамасыз ету;
5. Пациентке төсек жайлылығын қамтамасыз ету:
А) төсекте бас жағын көтеріңкі ету:
Ә) төсекті кірлегенде ауыстыру;
6. Физиологиялық бөлінулер тәртібін бақылауды қамтамасыз ету. Іш қату кезінде – гипертониялық немесе майлы клизманы дәрігер нұсқауы бойынша қою.
7. Зәр қабылдағышпен қамтамасыз ету;
8. Пациенттің жағдайын (сырт көрінісі,ТАЖ,АҚ,пульс) бақылау;
9. Дәрігердің нұсқауы бойынша пациентті және аспаптарды абдоминалды пункцияға дайындау.
І. Медбикелік диагноз: Жүрек шаншуы
ІІ. Мақсат: 30 минут ішінде ауырсыну ұстамасын басу.
ІІІ. Медбикелік іс-әрекеттер:
1. Дәрігерді дереу шақырту (бұл жағдай білікті көмекті қажет етеді);
2. Пациентке көлденең қалыпты қамтамасыз ету (жүрек бұлшық еттерінің қызметі жеңілдейді);
3. Физикалық және психикалық тыныштықты қамтамасыз ету (миокардтың гипоксия деңгейі төмендейді, тыныс алу жағдайлары жақсарады):
4. Валидол немесе нитроглицерин (1 таблетканы тіл астына) және 30-40 тамшы корвалол немесе валокардин беру. Егер нитроглицерин тамшы түрінде болса, онда 1-2 тамшысын қантқа тамызады;
Ескерту: қан қысымы 100 мм с.б. төмен болғанда нитроглицеринді беруге болмайды.
5. Жүрек тұсына қыша қою (қан айналым мүшелеріне рефлекторлы әсер етеді);
6. Таза ауа жіберуді қамтамасыз ету (миокардтың гипоксия деңгейі төмендейді, тыныс алу жағдайлары жақсарады); дәрігердің нұсқауларын орындауды қамтамасыз ету;
Ескерту: стенокардия ұстамасының созылу уақыты орташа есеппен 1-5 минутқа (сирек жағдайда 30 минутқа дейін) созылады. Егер ауырсыну басылмаса, миокард инфарктісі болуы мүмкін.
7. Пациенттің жағдайын (сырт көрінісі,ТАЖ,АҚ,пульс) бақылау.
8. Пациенттің жағдайы жақсарғанда ұстама кезінде нитроглицерин немесе валидолды тіл астына қабылдау ережелерін түсіндіру.
9. Пациентпен және оның туыстарымен ауырсынудың алдын алу шаралары, уақытылы көмек шаралары туралы әңгімелесу.
10. Ұстаманы тудыратын қауіпті факторлар (қатты қобалжу, физикалық жүктеме, спиртті ішімдіктер қабылдау, темекі шегу) туралы әңгімелесу.
І. Медбикелік диагноз: Шеткі ісінулер (ағзада сұйықтықтың кідіруі)
ІІ. Мақсат:
Қысқа мерзімді- аптаның соңында аяқтарда ісінулерді азайту.
Ұзақ мерзімді- пациент ауруханадан шығу кезіне тамақтану және сұйықтық тәртібінің ерекшеліктері туралы білімдерін көрсетеді.
ІІІ. Медбикелік іс-әрекеттер:
1. Тұзды (5г) және сұйықтықты (800 мл) шектеумен, калий және ақуызға бай диетаны сақтау қажеттілігін пациентке түсіндіру;
2. №10 емдік үстел бойынша диета сақтауды пациентке қамтамасыз ету (пациентпен, туған- туысқандарымен диетаны сақтау туралы кеңесу), аптасына 1 рет жеңілдету күнін тағайындау;
3. Пациент ішетін күнделікті су балансын анықтау;
4. Пациентті үш күнде 1 рет өлшеу;
5. Дәрігердің нұсқауы бойынша пациенттің дәрілік заттарды қабылдауын қамтамасыз ету;
6. Тері және кілегей қабаттардың күтімін қамтамасыз ету;
7. Пациенттің физиологиялық бөлінулер тәртібіне бақылауды қамтамасыз ету, іш қату кезінде ісінулері бар пациентке гипертониялық немесе майлы клизма қою;
8. Зәр қабылдағышпен қамтамасыз ету.
Венозды бұрауларды қою әдісі
Мақсаты: жүрекке веноздықанныңкелуін азайту.
Жабдықталуы: венозды бұраулар- 3 дана.
Медбикелік іс-әрекеттер:
1. Пациентке процедураның мақсатын, жүргізу әдістерін түсіндіру.
2. Процедураны орындауға келісімін алу. Процедура жүргізуге қарсы көрсетпе жоқтығына көз жеткізу.
3. Пациенттің аяқтарын төмен түсіріп 10-15 минутқа отырғызу. Аяқтарда қан депосы пайда болады, қанның жүрекке келуі азаяды.
4. Бір уақытта 3 бұрауды салу: біреуін-қолға, иықтың төменгі 1/3 бөлігіне, екеуі аяққа – сан аймағына, шат қыртысынан 15 см төмен қарай салынады.
Ескерту: бұрау киім үстінен немесе салфетка үстінен салынады.
5. Бұрау салған жерден төмен пульстың бар-жоқтығын тексеру. Бұрау салған жерден төмен артериалді пульс анықталуы керек.
6. Пациенттің жалпы жағдайын бақылау. Бұрау салынған жерден төмен терінің түсін, қан қысымын, пульсты, тыныс алу жиілігін бақылау қажет. Бұрау салған жерден төмен терінің түсі бозарған болмауы керек.
7. Кезекпен 10-15 минуттан соң бұрауды шешу. Бұл әдіс дәрі-дәрмектер жоқ кезде қолданылады. Бұл процедура айналымдағы қан көлемінің азаюына әкеледі.
8. Тағайындау қағазына емшараның орындалуы мен пациенттің реакциясы туралы белгілеу.
Су балансын анықтау және есептеу
Мақсаты: жасырынды ісіктерді анықтау, ісіктердің динамикасын және диуретиктердің қолдану әсерлігін бақылау.
Дайындаңыз: сұйықтыққа арналған өлшемді бөлшек белгісі салынған шыны ыдысты және көлемі 0,5 л, 3 л зәрді жинауға арналған ыдысты, су балансын есептейтін парақты, қаламсапты, қызу парағын.
Іс-әрекет алгоритмі:
1. Пациентке су ішуге және зәр жинауға арналған өлшемді ыдысты даярлаңыз.
2. Пациентке емшара мақсатын және орындау іс-әрекетін түсіндіріңіз. Пациент бір тәулік бойы көлемі 3 л ыдысқа зәрді жинауы қажет және бір уақытта ішілген және шығарылған сұйықтыққа есеп жүргізеді.
3. Әдеттегі су-тамақ және қозғалыс тәртібін сақтау қажеттілігі туралы пациентке түсіндіріңіз.
4. Су балансын есептейтін параққа жазу тәртібі туралы пациентке толық мәліметті беріңіз. Парақты толтыра білуіне көзіңізді жеткізіңіз.
5. Пациентке таңертең сағат 6:00-де зәрін унитазға жіберу қажеттігін түсіндіріңіз.
6. Келесі зәрдің үлесін тәулік бойы 3 л бөлшек белгісі салынған ыдысқа келесі күннің таңертеңгі сағат 6:00 дейінгі зәрді қоса санап жинаңыз.
7. Өлшемді ыдыстағы зәрдің жалпы мөлшерін анықтаңыз. Осы – тәуліктік диурез болады.
8. Бөлінген сұйықтықтың мөлшерін есептеу парағына жазыңыз.
Бөлінген сұйықтық
Бөлінген зәрдің уақыты
Бөлінген зәрдің мөлшері мл (диурез)
Барлығы:
9. Ішілген және организмге енгізілген сұйықтықтың мөлшерін есептеу парағына белгілеңіз.
Енгізілген сұйықтық
Сұйықтықты қабылдау немесе енгізу уақыты
Ішілген және енгізілген сұйықтықтың мөлшері
Барлығы:
10. Келесі күнгі таңертеңгі сағат 6:00-да пациент медбикеге есептеу парағын тапсырады.
Ішілген сұйықтық мөлшері мен тәуліктік зәр мөлшері арасындағы айырмашылық организмнің су балансы көлемін құрастырады.
- Зерттеуге дейін 3 күн бойы пациент диуретиктерді қабылдамағанына көзіңізді жеткізіңіз.
- Қанша мөлшерде сұйықтық қалыпты жағдайда зәрмен бөлінуі керек екенін пациентке айтып беріңіз.
-Енгізілген сұйықтықты есептеуді жеңілдету үшін тамақта судың барлық пайызы екенін пациентке түсіндіріңіз (тамақтағы судың барлығы, енгізілген парентеральдық ерітінділер есептеледі).
-Қатты тамақтарда 60-тан 80% дейін су бар.
- Бөлінген сұйықтықтың мөлшерін есептеуге тек қана зәр емес, пациенттің құсығы, үлкен дәреті кіреді.
- Бір тәулікте енгізілген сұйықтықпен шығарылған зәр мөлшерін медбике есептейді.
- Шығарылған сұйықтықтың % анықталады (80%- қалыптағы шығарылған сұйықтық мөлшері).
- Келесі формула бойынша су балансына есептеу жүргізіледі: бір тәулікте шығарылған зәрдің жалпы мөлшерін 0,8 көбейтіңіз (80%)=қалыпта бөлінетін зәр мөлшері болады.
- Шығарылған сұйықтық мөлшері қалыптағы есептелген сұйықтық мөлшерімен салыстырылады.
- Егер де сұйықтық аз бөлінген болса, есептелгеніне қарағанда су балансы кері деп есептеледі.
- Егер де сұйықтық көп бөлінсе, есептелгеніне қарағанда су балансы оң деп есептеледі.
-Су балансын есептейтін параққа жазып, оны бағалайды.
Нәтижесінің бағасы:
80%-5-10% қалыптағы шығарылуы (-10-15% -жылдың ыстық уақытында;+10-15%-салқын уақытта).
- Оң су балансы (90%) емнің нәтижелі екенін және ісіктің кетуін куәлендіреді (диуретиктарға реакция немесе жеңіл диетада болуы).
- Кері су балансы (
Асқорыту жүйесінің қызметі бұзылған кездегі медбикелік үрдіс.
Асқорыту жүйесінің әртүрлі аурулары,мысалы асқазан жарасы,созылмалы гастрит,холецистит,өт тас ауруы,панкреатит,энтерит,колит т.б. терапиялық және хирургиялық бөлімше және емханадағы пациенттердің басым бөлігін құрайды.
Асқорыту жүйесі ауруларының пайда болу себептерін анықтау,оларды диагностикалау және емдеу әдістерін ішкі аурулардың бөлімі-гастроэнтерология зерттейді.
Асқорыту жүйесі қызметтері:
Қозғалыс (моторлы) қызмет- тамақты өңеш,асқазан,жіңішке және тоқ ішек бойымен жылжыту,қортылмаған тамақ қалдықтарын сыртқа шығару. Асқазанда асқорту 2-4 сағат ішінде,кейде тамақ түріне қарай одан ұзақ уақыт жүзеге асады. Асқазанның бұлшықеттері жиырылып тамақты асқазан сөлімен араластырады. Асқазан қалтқысы бұлшықеттері кезекті жиырылып,қортылған тамақ және үлес түрінде 12 елі ішекке түседі,онда асқорыту процестері жалғасады.
Ішектердің қозғалыс қызметі мятниктәрізді қозғалыстармен сипатталады,оның нәтижесінде тамақ араласады,перистальтикалық қозғалыс нәтижесінде тамақ тоқ ішекке өтеді. Тамақтың жіңішке ішек бойымен қозғалысы 34 сағатқа,тоқ ішекпен 12-24 сағатқа созылады.
Асқорыту жүйесі мүшелерінің секреторлық қызметі-асқорыту шырындарының:сілекей,асқазан сөлі,ұйқы безі сөлі,ішек сөлі,өттің бөлінуімен сипатталады. Шырындардың құрамында ақуыз,май,көмірсуларды қарапайым химиялық қосылыстарға-аминқышқылдары,глицерин,май қышқылдары және моносахаридтерге дейін ыдырататын ферменттер бар. Минералды тұздар,дәрумендер,су қанға өзгермеген түрінде түседі.
Асқазан сөлінің негізгі құрамдас бөлігіне тұз қышқылы және пепсин жатады,олардың көмегімен ақуыздар қортылуы жүзеге асады.
12 елі ішекке (тәулігіне 1,5 литрге дейін) ұйқы безі сөлі келіп түседі,оның құрамындағы ферменттер (трипсин,липаза т.б.) барлық тағамдық заттар:май,ақуыз,көмірсулар қортылуына қатысады.
Ішек сөлі тәулігіне-2,5 л-ге дейін бөлінеді. Оның құрамындағы 20-ға жуық ферменттер (дисахаридаза,аминопептидаза,липаза т.б.) асқортуда қатысады.
Асқорту процесі тоқ ішектің проксималды бөлігінде жіңішке ішек ферменттері және тоқ ішек сөлі арқылы аяқталады. Тоқ ішек сөліне кейбір ферменттер (пептидаза,липаза,амилаза) және фосфолипидтер кіреді.
Сорылу қызметі-асқазанның және әсіресе ішектің шырышты қабаты арқылы жүзеге асады. Асқазанда аз мөлшерде су және суда еріген заттар (тұз,қант т.б.) сорылады. Суда еріген қоректік заттар (аминқышқылдары,моносахаридтер) жіңішке ішекте сорылып қан және лимфа жүйесіне өтеді. Тоқ ішекте қалған су және электролиттер сорылып,нәжіс массалары қалыптасады.
Бөліп шығару (экскреторлы) қызметі- алмасу заттарының өт пигменттері, мочевина, аммиак, ауыр металл тұздары, дәрілік заттардың ағзадан шығуы арқылы жүзеге асады. Асқазанда кейбір улы заттар, алкоголь бөлінеді, бүйректің азот бөліп шығару қызметі бұзылғанда (уремия) асқазанның шырышты қабаты мочевина және зәр қышқылын бөліп шығарады.
Тәулігіне тоқ ішекке орташа есеппен 1,5-2 л тамақ қалдықтары түседі, асқорту процесі аяқталып, су және электролиттер тоқ ішектің проксималды бөлігіне сорылғаннан соң тоқ ішек арқылы 150-250 г нәжіс сыртқа шығарылады. Ішекті босату дефекация деп айтылады. Дефекация қалыпты жағдайда тәулігіне 1 рет, сирек 2 рет байқалады. Бөлінетін нәжіс мөлшері тамақ құрамына байланысты болып келеді, өсімдік тағамды (картоп, жеміс-жидектер, қара нан) қабылдағанда мөлшері көбейеді, ет өнімдерін қабылдағанда азаяды.
Дефекациядан соң медбике нәжіс массаларын қарап, қан анықталған жағдайда дереу дәрігерге хабарлауы қажет. Ішекте сорылу қызметі бұзылғанда нәжіс массалары 2500 г-ға дейін жетуі мүмкін (полифекалия). Нәжіс консистенциясы және пішіні құрамындағы су,май және клетчаткаға байланысты болып келеді. Дені сау адамдарда нәжісте су мөлшері 70 % құрайды. Қалыпты жағдайда нәжіс шұжық тәрізді,тығыздығы орташа. Нәжіс түсі ондағы өт пигменттерімен байланысты. Өт ішекке түспеген жағдайда нәжіс сұр түсті болып келеді. Нәжіс түсі сонымен қатар тамақ түріне және қабылдаған дәрілерге байланысты болып келеді.
Ас қорыту жүйесі ауруларына тән симптомдар.
Асқорту жүйесі ауруларында келесі шағымдар жиі кездеседі: іш аймағында ауырсыну,жүрек айну,құсу,кекіру,қыжылдау,тәбеттің нашарлауы,іш қату,іш кету,меторизм т.б.
Іш аймағында ауырсыну-ауырсынудың орналасуы зақымдалған мүше туралы ақпарат беруі мүмкін. Асқазан және 12 елі ішек ауруларында ауырсыну эпигастрий аймағында орналасады және тамақ қабылдаумен байланысты болады. «Ерте » ауырсыну (тамақ қабылдаған соң бірден немесе 1 сағат ішінде байқалады) асқазан жарасына , «кеш» ауырсыну (тамақтан 2-3 сағат өткен соң) -12 елі ішек ауруларына тән болып келеді. Шыдап болмайтындай қатты ауырсыну шаншу деп аталады,ол іш қуысының әр түрлі ауруларында дамиды.
Ішек шаншуы-бірден басталатын,жиі,қысқа уақытылы ауырсыну,ішектердің әр түрлі бөлімдерінде байқалады,метеоризммен сипатталады және газдардың шығуынан соң басылады.
Бауыр шаншуы-өт тас ауруының негізгі белгісі. Ауырсыну оң жақ қабырға астында байқалып,барлық іш аймағына,оң иық және жауырын аралыққа беріледі.
Панкреатикалық шаншуда ауырсыну эпигастрий аймағында байқалып сол қабырға астына,сол жауырын аралыққа беріледі.
Іш аймағында ауырсыну байқалған жағдайда дәрігер себебін анықтағанға дейін ауырсынуды басатын дәрілерді,іш айдайтын дәрілерді беруге,клизма жасауға және жылытқыш қоюға болмайды,өйткені бұл емшаралар диагностиканы қиындатуы,кейде пациентке зиян келтіруі мүмкін. Іш аймағында ауырсыну байқалған жағдайда белгілі бір емшараларды жүргізу шешімін дәрігер қабылдайды.
Асқорту жүйесі ауруларында әр түрлі диспепсиялық шағымдар байқалады.Оларға:жүрек айну,кекіру (асқазандағы ауаның,кейде тамақтың ауызға келуі),қыжылдау (төс артында күйдіру сезімі),тәбеттің бұзылуы,іш қату,диарея (іш өту) т.б. жатады. Диспепсиялық бұзылыстарға құсу да жатады.
Жүрек айну-құсу алдында көкіректе,жұтқыншақ және ауыз қуысында,іш аймағында болатын жағымсыз сезім. Жүрек айну сілекей бөлінуімен, тері жамылғыларының бозаруы,әлсіздік,жоғары терлегіштік,бас айналу,қан қысымының төмендеуімен сипатталады. Бұл симптом негізінде құсу орталығының қозуы жатады. Жүрек айну ұзаққа созылған жағдайда медбике пациентке уақытша жағдайын жақсарту әдістерін –аз мөлшерде газды болмаған минералды суды ішуді үйретуі қажет.
Құсу-асқазан құрамының еріксіз ауыз (кейде мұрын) арқылы сыртқа шығуы. Құсу алдында жиі жүрек айну байқалады. Құсу тек қана асқорту жүйесі ауруларында (асқазан,бауыр және өт жолдары патологиялары) ғана емес,сонымен қатар жұқпалы ауруларда,улануларда,бүйрек ауруларында,гипертония,қант диабеті,жүйке аурулары т.б. байқалады.
Құсу пациенттің жағдайын нашарлатуы,ағзаның сусыздануына,электролиттерді жоғалтуына алып келуі мүмкін. Пациент есін жоғалтқанда құсық массаларымен аспирация байқалуы мүмкін. Аз мөлшерде аспирация өкпенің қабынуына (аспирациялық пневмония),көп мөлшерде спирация асфиксияға (тұншығу) алып келеді. Құсу байқалған кезде оның тамақ қабылдауымен байланысын анықтау қажет. Асқорту жүйесі ауруларымен байланысты болған құсу-шеткі деп аталады,құсу пациентке жеңілдік алып келеді. Орталық жүйке жүйесі патологиясымен байланысты болған құсу-орталық деп аталады,құсу жеңілдік әкелмейді.
Құсу кезінде әдетте пациент өзі инстиктті түрде ыңғайлы қалыпты отырады. Егер пациент әлсіз немесе ессіз болса,оны жартылай отырғызу немесе басын бір шетке қарай бұру қажет. Құсық массаларының тыныс жолдарына түсуінің алдын алу үшін пациент арқасымен жатпауы керек. Еденге керсен,пациенттің аузына астауша немесе сүлгі қою қажет. Құсып болғаннан соң ауызды сумен шаю (ауыр халдегі пациенттің ауыз қуысын тазалау) қажет. Құсық массаларында қан анықталғанда пациентті төсекке жатқызып,аяқ жағын көтеру және дереу дәрігерді шақырту қажет. Дәрігер келгенге дейін эпигасрий аймағына мұзды мұйық қоюға болады. Пульсті бағалап,қан қысымын өлшеу қажет. Құсық массаларын жинау оның мөлшерін және құрамын анықтау үшін жүргізіледі. Құсық массаларын дәрігер келгенше дейін қалдырады. Құсық массаларын зарарсыздандыру үшін қақпақпен жабылатын ыдыста үстіне құрғақ әк (200 г 1 кг құсық массасына) сеуіп араластырады,бір сағаттан соң кәріз желісіне төгеді.
Диспепсиялық шағымдарға метеоризм (іштің кебуі) жатады. Метеоризм клетчаткаға бай, газ түзетін тағамдарды (орамжапырақ,қара нан,бұршақтар т.б.) қабылдағанда пайда болады. Сонымен қатар метеоризм ұйқы безі қызметі бұзылуларында,ішектегі ішек микрофлорасы құрамы бұзылғанда,ішек өткізбеушілігінде дамиды.
Асқазан-ішектен қан кету жара ауруында,асқазан,өңеш ісіктерінде,бауыр циррозында т.б. байқалады. Асқазан-ішектен қан кету-құсық ретінде (гематомезис) немесе қара нәжіс (мелена) ретінде байқалады. Асқазаннан келген қан «кофе тұнбасына» ұқсас,қою,қоңыр (асқазан сөліндегі тұз қышқылы әсерінен тұзқышқылды гематин түзіледі) болып келеді. Нәжісте алқызыл қанның болуы ішектен қан кетуді көрсетеді. Асқазан ішектен қан кеткенде пациентке қатаң төсектік тәртіп тағайындалады,тамақ және су ішуге болмайды. Асқазан аймағына мұзды мұйық қойылады. Пациенттің жағдайы пульс,қан қысым көрсеткіштері бақыланады.
Кекіру-бірден еріксіз асқазан немесе өңештен ауаның ауыз арқылы сыртқа шығуы. Кекіру кезінде ауамен бірге аз мөлшерде тамақ асқазаннан ауыз қуысына түсуі мүмкін. Кекіру тамақты тез,асығыс қабылдағанда,асқорту жүйесі ауруларында,психикалық бұзылуларда байқалады.
Атониялық іш қату-ішек бұлшықеттерінің және перистальтикасының әлсіреуі,көкет және құрсақ бұлшықеттерінің әлсіреуімен байланысты.
Себептері:
Ағзаның жалпы әлсіреуі, қимыл-әрекеттердің аз болуы, төсектік тәртіп (гипокинетикалық іш қату);
Өсімдік тағамдарды ,су,дәрумендерді,кальций тұздарын аз мөлшерде,ал ұннан жасалған өнімдерді,тәтті тағамдарды көп мөлшерде қабылдау (алиментарлы іш қату);
Үнемі дефекацияны басу (үйреншікті іш қату).
Спастикалық іш қату-тоқ ішектің қабынуында,вегетативті жүйке жүйесі қызметі бұзылуларында тоқ ішектің белгілі бір жерлерінде бұлшықеттер жиырылуынан (спазм) дамиды.
Механикалық іш қату-нәжіс массаларының ішекте жүру жолында кедергілердің (тоқ ішектің ісіктері,ішек тарылуы және т.б) болуынан пайда болады.
Іш қатудың белгілі себептеріне байланысты болып әр түрлі болуы мүмкін:ұстама тәрізді ауырсыну (спастикалық іш қатуда);дефекация жиілігі 2-3 күнде 1 реттен аптасына 1 ретке дейін; нәжіс тығыздалған,құрғақ қара домалақ пішінді (қой құмалағына ұқсайды),механикалық іш қатуда лента,шнур тәрізді болады;метеоризм байқалады;тәбет төмендейді,кекіру,ауыз қуысында жағымсыз дәмді сезуі мүмкін; бас ауру,бұлшықеттердің ауырсынуы,көңіл-күйдің төмендеуі,ұйқының бұзылуы.
Іш өту (диарея)-үлкен дәреттің жиі сұйық түрде бөлінуі. Көптеген патологиялық процестердің: жұқпалы аурулар,тағаммен уланулар,дисбактериоз,ішектің созылмалы қабынуларында,асқорту жолдарының жоғарғы бөлімдерінде асқортудың бұзылуында байқалады. Іш өтудің себептері қобалжу,қорқу,уайым,ауырсыну кезінде неврогенді жағдайлар болуы мүмкін. Диареяда үлкен дәрет жиілігі әр түрлі болуы мүмкін,жиі іш аймағында ауырсыну,қорылдау сезімі,іштің ісінуі,тенезм байқалады.
Іш өту кезінде мүмкін асқынулар:инфекция болғанда-айналадағыларға жұқтыру аупі,ұзақ мерзімді ауыр іш өтулер сусыздануға,гиповитаминоз,ағзаларда өзгерістерге алып келуі мүмкін.
Гастроэнтерологиялық аурулар диагностикасында асқазан және 12 елі ішек құрамын алу және зерттеумен байланысты болған әдістер;рентгенологиялық,эндоскопиялық және ультрадыбыстық зерттеу әдістері қолданылады. Соңғы жылдары эндоскопиялық зерттеу әідістерін,компьютерлік томография,биопсия әдістерін қолдану нақты диагноз қоюға мүмкіндік береді.
Жеу,ішу,бөлу қажеттіліктерін қанағаттандырудың бұзылуына алып келетін ас қорыту мүшелері қызметінің бұзылысы кезіндегі медбикелік үрдіс.
Бірінші кезең
Ас қорыту бұзылыстарында пациенттердің тәбетінің жоғары немесе төмен болуы туралы,соңғы күндері салмағының өзгеруі,күнделікті тамақтану тәртібі мен рационы туралы,көбінесе қандай тамақты:ащы,майлы,етті,сүтті тағамдар қалайтыны туралы сұрастыру керек. Сонымен қатар тамақтанудағы қандай да бір шектеулер бар жоқтығын,жидек,шоколад сияқты тағамдарды қолданғанда бөртпелер мен қышыну,өзін жайсыз сезіну сезімдері болған болмағаны туралы сұрастырудың маңызы зор.
Пациент тәулігіне орташа есеппен қанша сұйықтық мөлшерін қабылдайтынын,көбіне не ішетіні:кофе,шай,минералды су туралы мәлімен алу қажет.
Ас қорыту мүшелері қызметі бұзылғанда ішек диспепсиясы (ішек қызметінің бұзылулары) байқалады,сондықтан пациенттен дәретке отыра алмайтын кездері болғаны туралы,дефекацияның ауырлығы және жиілігі,бөлінген нәжістің мөлшері,түсінің өзгеруі және ондағы патологиялық қоспалар (шырыш,қан,ірің) туралы сұрастыру керек.
Ас қорыту мүшелерінің бұзылулары әр түрлі тітіркендіргіш дәрілердің әсерінен болуы мүмкін. Сондықтан пациенттен кейбір дәрілерді (ацетилсалицил қышқылы,резерпин,кальций хлориді,преднизолон,темір препараттары) қабылдағаны туралы сұрастыру өте маңызды.
Ас қорыту бұзылуларына алып келетін қауіп факторлары:
Дұрыс тамақтанбау,темекі шегу,ішімдік;
Улану,ішек инфекциялары;
Тағам заттарына аллергия;
Тұқым қуалаушылық.
Пациентті жалпы қараған кезде оның сыртқы келбетіне баға беру керек.
Есі;
Төсектегі қалпы;
Шырышты қабат пен тері жамылғыларының түсі мен ылғалдылығы;
Ауыз қуысын қарау;
Ауыздан жағымсыз иіс;
Тіл (құрғақ,таңдақпен жабылған,жарылған);
Алмалы-салмалы протездер мен бүлінген тістердің көрінісі;
Жұтыну (ауырсыну,қиындықпен);
Дене қызуы;
Тыныс алудың ритмі,жиіліг,тереңдігі;
АҚ,PS және оларға сипаттама;
Іші (көлемі жағынан ұлғайған,үрленген,керілген,ұстап көрген кезде ауырсынулар);
Перианалдық аймақ (қабынған терісі,геморроидалды түйіндердің ұлғаюы);
Нәжіс сипаттамасын көзбен бағалау (формасы,мөлшері,иісі,түсі,қоспалары);
Құсықтың сипаттамасына (мөлшері,құрамы,қоспалары)көзбен баға беру.
Екінші кезең
Ас қорыту бұзылыстары бар пациенттерден жиі кездесетін медбикелік мәселелер.
Пациенттің перианалдық аймақ терісі ауруханада жатқан уақытында интактты болады;
Пациенттің отбасы (жанұясы) мүшелері пациентке күтім жасау дағдыларын және білімін көрсетеді;
Медбикелік іс-әрекеттер стандартын қолдана отырып,медбикелік көмектің жеке жоспарын құрастырады.
Медбике жоспарланған күтімді емделушімен байланыстыра білу керек.
Төртінші кезең. Медбикелік іс-әрекеттер стандарттары бойынша жұмыс істеу.
Бесінші кезең. Медбикелік күтім нәтижелілігін бағалау,медбикелік ауру тарихын толтыру.
Асқорыту мүшелерімен қамтамасыз етілетін жеу,ішу,бөліп шығару қажеттіліктерінің бұзылуларындағы медбикелік іс-әрекеттің стандарттары.
Медбикелік диагноз:дәретке отырудың бұзылуы: іш өту (диарея).
Мақсат:
қысқа мерзімді мақсаттар: дәреттің жиілігі және оның консистенциясы қалпына келеді (индивидуалды уақыт).
ұзақ мерзімді: пациент диетаның ерекшеліктері туралы білімін және перианалды аймақтағы теріні күту ережелерін көрсетеді.
Медбикелік іс-әрекеттер:
жоғары құндылықты және жеңіл қорытылатын тағамды 2 сағат сайын аз мөлшермен -№4 диета қабылдауды қамтамасыз ету.
тәулігіне 2 литрге дейін сұйықтықты қабылдауын қамтамасыз ету.
әрбір дәретке отырған сайын шат аралық терісінің гигиенасын тиянақты күту:дәрет алған соң перианалды аймақты вазелинмен өңдеу,төсек орнын ауыстыру.
күнде пациенттің салмағын өлшеу.
нәжістің жиілігін және сипаттамасын күнде температуралық параққа белгілеп отыру.
дәрігер тағайындаған дәрілік препараттарды қабылдауын қадағалау.
пациентті жеке дәрет ыдысымен қамтамасыз ету және оны зарарсыздандыру.
пациентті және оның туысқандарын өзіндік (жеке) гигиенаны сақтауға және тиімді тамақтану қағидаларына үйрету.
І. Медбикелік диагноз:ішектердің босауының бұзылуы: іш қатпасы.
ІІ. Мақсат:
қысқа мерзімді:пациентті екі күнде 1 реттен аз емес үлкен дәрет болады (индивидуалды уақыт).
ұзақ мерзімді:пациент ауруханадан шығу кезінде іш қатумен күресудің әдістері туралы білімін көрсетеді.
ІІІ. Медбикелік іс-әрекеттер:
қышқыл сүтті өсімдік диетамен (көкөністер,қара нан,жемістер)қамтамасыз ету. диета №3.
тәулігіне 2 литрге дейін сұйықтықты қабылдауын қамтамасыз ету (қышқыл сүтті тағамдар,шырындар,сілтілі минералды сулар).
күннің белгілі бір мезгілінде пациентте дефекацияға шартты рефлекс (таңертең ашқарынға 1 стақан суық суды ішкеннен 15-20 минуттан кейін).қалыптастыруға тырыс.
пациентті жеткілікті қимыл белсенділігімен қамтамасыз ету.
дәрігердің тағайындауы бойынша іш айдайтын дәрілерді беру және тазалау клизмасын жүргізу.
медициналық құжаттарда күнделікті дәретке отырудың жиілігін белгілеп отыру.
пациентке іш қатпасы кезінде тамақтану ерекшеліктерін үйрету.
І. Медбикелік диагноз: Метеоризм.
ІІ. Мақсат:
қысқа мерзімді :пациентте ішек газдарын бөлу төмендеп,олардың шығуы қалыптасады (индивидуалды уақыт).
Ұзақ мерзімді:пациент 2 күннен кейін метеоризм кезіндегі тамақтану ерекшеліктері туралы білімін көрсетеді.
ІІІ. Медбикелік іс-әрекеттер:
Құрамында газ түзетін тағамдарды (жемістер,көкөністер,қара нан,сүт,тәтті тағамдар) шектейтін №4 диетаны сақтауды қамтамасыз ету.
Тәулігіне 4 рет 2 таблеткадан белсендірілген көмірді беруді қамтамасыз ету.
Қарсы көрсеткіш болмаса,жел шығаратын түтікті немесе тазалау клизмасын қолдану.
Пациентті және оның туысқандарын метеоризммен күресу әдістерімен (тиімді тамақтану,белсенді қозғалыс тәртібі) таныстыру.
І. Медбикелік диагноз:Нәжісті ұстамау
ІІ. Мақсат:
Қысқа мерзімді:пациентке қажетті ем жүргізілген жағдайда осы қиын жағдайдың төмендейтінін немесе басылатынын түсіне біледі.
Ұзақ мерзімді:пациент ауруханадан шығар кезде қоғамда өмір сүруге дайын болады.
ІІІ. Медбикелік іс-әрекеттер:
пациентті оңашалау (изоляциялау) керек.
құндылығы жоғары,жеңіл қорытылатын тағамның аз-аз мөлшерін жиі қабылдауды қамтамасыз ету.
пацаиенттің жеке гигиенасын (іш киімді және төсек орынды ауыстыру,қажеттілігіне қарай дәрет алу,анус аймағын вазелинмен өңдеу) ұқыпты қадағалауын бақылау.
бөлменің жиі желдетіліп тұруын қамтамасыз ету,дезодаранттарды қолдану.
резеңке дәрет ыдысын немесе арнайы үш секциялы функционалды кереуетті қолдану.
нәжістің бақылаусыз бөлінуінің алдын алу мақсатында күнде таңертең іш айдайтын дәрілер қолдану немесе тазалау клизмасын жасау.
пациентке және туысқандарына күтім ерекшеліктері мен дәрет ыдысын қолдануды үйрету.
пациентті психологиялық қолдаумен қамтамасыз ету.
пациенттің бөлінділерін канализацияға ағызардан алдын зарарсыздандыру.
І. Медбикелік диагноз:Қыжылдау
ІІ. Мақсат:
Қысқа мерзімді: 20 минуттан соң пациентте қыжыл болмайды.
Ұзақ мерзімді:пациент қыжылдаудың себептері мен онымен күресу әдістері туралы білімін көрсетеді.
ІІІ. Медбикелік іс-әрекеттер:
стакан жылы сүт немесе газсыз,сілтілі минералды суды немесе 2 % сода ерітіндісін ішуді қамтамасыз ету.
қыжыл туғызатын тағамдарды:қара нан,тосап,тәтті сусындар,қуырылған және майлы тағамдарды шектеуді ұсыну.
І. Медбикелік диагноз:Тәбеттің болмауы
ІІ. Мақсат:
Қысқа мерзімді:аптаның аяғына қарай пациент денсаулығын жақсарту үшін дұрыс тамақтанудың маңыздылығын түсінеді.
Ұзақ мерзімді:пациенттің ауруханадан шыққанша дене салмағы төмендейді.
ІІІ. Медбикелік іс-әрекеттер:
белгіленген диетаға және пациенттің тәбетіне байланысты мәзірді түрлендіру.
пациентті күніне 5-6 рет аз мөлшерде жылы тағаммен тамақтандыру.
Мақсаты: диагностикалық: емдік, өңеш арқылы асқазан ішіндегі затты шығару.
Қолдану көрсетілімдері: сапасы төмен тамақпен, дәрі-дәрмектермен, ішкілікпен, саңырауқұлақпен, иісті газбен уланғанда.
Қарсы көрсетілімдері: асқазан-ішек жолдарынан қан кету, ауыз қуысы, жұтқыншақтың, өңештің, асқазанның қабыну аурулары, асқазан және өңеш күйігі, инфаркт миокардасы, ми қан айналысының бұзылуы, бронхиальды астма, өңештің тарылуы.
Қажеттілерді дайындау: залалсыздандырылған: бір рет қолданатын жуан асқазан сүңгісі, сыйымдылығы 0,5-1 л дейінгі шыны құйғыны, лотоктарды шылапшынды, бөлме температурасындағы 10-12 л шелектегі таза суды (t-20-22°С), резеңке қолғапты 2 клеенкалы алжапқышты, сыйымдылығы 1 л дейінгі крушканы, см лентаны, дәке салфеткаларын, ыдыстағы зарарсыздандыру ертіндісі, сүлгіні немесе ақ жайманы, зерттеуге жіберетін бланк жолдамасын, қақпағы бар таза құрғақ банканы.
Іс-әрекет алгоритмі:
1. Науқасқа емшара барысы мен мақсатын түсіндіріп, оның рұксатын алыңыз.
2. Науқасқа және өзіңізге клеенкалы алжапқышты байлаңыз.
3. Науқасты орындыққа арқасын орындықтың арқалығына тығыз тигізіп басын аз ғана алдына қарай еңкейтіп отырғызыңыз.
4. Алмалы-салмалы тіс протезін алыңыз (егерде олар болса).
5. Науқастың қолын орындықтың арқалығына кіргізіп, осы қалыпта сүлгімен немесе ақ жаймамен байлаңыз.
6. Науқастың тізелерін ажыратып, екі аяғының ортасына жуынды суға арналған шылапшынды немесе шелекті қойыңыз.
7. Науқастың артынан немесе оң жағынан тұрып, басты сәл артқа қарай бұрыңыз.
8. Гигиеналық деңгейде қолыңызды тазартып, қолғапты киіңіз.
9. Науқастың төменгі күрек тісінен бастап кіндікке дейін аралықты см лентамен өлшеп алыңыз. Бір рет қолданылатын залалсыздандырылған жуан асқазан сүңгісінде белгіні қарап, науқастан алыған өлшемді белгілеп алыңыз.
10.Бір рет қолданылатын залалсыздандырылған жуан асқазан сүңгісін ылғалдап алыңыз.
11.Науқасқа сүңгіні енгізген уақытта оны тіспен қысуға, жұлып алуға болмайды, тек мұрынмен демалып, жұту қозғалысын жасауды түсіндіріңіз.
13.Науқастан ауызын ашуды сұраңыз. Сүңгінің саңылаусыз ұшынан 10 см аралықтан, оң қолыңызбен ұстап оның ұшын тілдің түбіріне салыңыз.
14.Науқасты жұтыну қимылын жасауын сұрап, мұрын арқылы терең дем ал деп, ақырындап сүңгіні өңешке енгізіңіз.
15.Қажет белгіге дейін сүңгіні асқазанға енгізіп, сүңгіге құйғыны жалғастырыңыз, (құйғыны асқазан тұсында ұстаңыз)
16.Құйғыға 1 л суды құйыңыз, оны құйғының шетіне дейін толтырыңыз.
17.Құйғыны ақырын көтеріңіз, су тек қана құйғыштың түбіне жеткенде, науқастың тізе деңгейінен төмен түсіріңіз .
18. Құйғы асқазан бөлінісімен толғанда, құйғының ішіндегі бөліністі шылапшынға құйыңыз, бірінші бөліністі зертханалық зерттуге банкаға құйыңыз.
19.Асқазанды жууды бірнеше рет таза жуынды су шыққанша қайталаңыз.
20.Салфетка көмегімен асқазаннан сүңгісін ептеп шығарыңыз.
21.Клеенкалы алжапқышты шешіңіз.
22. Құйғыны зарарсыздандыру ертіндісі бар ыдысқа салыңыз.
23.Науқастың ауызын сумен шайғызып, ауыз айналасын салфеткамен сүртіңіз.
24.Сүңгіні, салфеткаларды, қолғапты қауіпсіз жоюға арналған контейнерге салыңыз.
27.Науқасты физикалық және психикалық тыныштықпен қамтамасыз етіңіз.
27.Жолдаманы толтырып, жуынды судың бірінші үлесін (200 мл) бактериологиялық зертханаға зерттеуге жіберіңіз.
28.Жуынды суға зарарсыздандыруды жүргізіңіз.
Ескерту:
- сүңгіні енгізгенде оның асқазанға ерікті өтуіне бақылау жүргізу қажет;
- егерде жуынды суда қан көрінсе, онда емшараны тоқтатып, дәрігерді шақырыңыз;
- шылапшындағы жуынды судың мөлшері кұйғы арқылы енгізген сұйықтықтың көлемімен сәйкес болуы керек;
- егерде науқас құсқысы келсе, онда сүңгіні енгізуді тоқтатады, одан бірнеше рет терең мұрынмен дем алуын сұраңыз, сосын енгізуді жалғастырыңыз;
- сүңгіні енгізгенде науқаста жөтел болса, тыныс алу қиындаса, бет-әлпетінде бозарып көгеру пайда болса (сүңгі көмекейге немесе кеңірдекке түскен уақыт «аспирация»), онда сүңгіні кері тез шығарып алыңыз және қайтадан оны енгізіңіз.
- Науқас өзігінен асқазан жуа алатын жағдайы болса, онда асқазан жууды сүңгісіз жүргізуге болады. 8-10 литр дайындаған судың, 1литрдей мөлшерін ішкізіп, тілдің түбіріне саусақ салып басу арқылы құсуды бірнеше рет қайталау, асқазаннан шыққан бөлініс таза болғанға дейін.
Стомалар.
Стома-жасанды тесік,ішек стомалары нәжіс массаларының тік ішек арқылы шығуы мүмкін болмаған жағдайда,ішектің белгілі бір бөлігіне қойылады. Ішек бөлімдерінде орналасуына қарай ішек стомаларының бірнеше түрлері бар:илеостома,колостома,еюностома.
Стома қойылған жағдайда пациенттер өмірін және жұмыс түрін күрт өзгертуге,оқуды тоқтатуға мәжбүр болады. Стома жанұялық өмірге «араласады»,жақындармен конфликттер байқалады,жиі ажырасуға дейін барады. Стома пациенттің психологиялық жағдайына әсер етеді. Пациенттерде уайым,қобалжу,ашуланшақтық байқалады. Бұл жағдайлардың себептеріне стомалар туралы,оларға күтім жасау туралы қажет ақпараттың болмауы,жанұя жақындары жағынан түсініспеушілік,физиклық және эмоционалды оқшаулану,жұмыс қабілетінің қайта қалпына келмеуінен қорқу жатады.
Стома операциясынан кейін организмде болатын өзгерістерді білу.
Стомаға білікті күтім жасау.
Стомасы бар пациенттермен әңгімелесу,қарым-қатынас жасау.
Стомаларға дұрыс күтім жасамағанда әр түрлі асқынулар болуы мүмкін. Сондықтан медбике стомалар туралы,оларға дұрыс күтім жасау ережелері,стомаларға күтім жасауда қолданылатын заманауи күтім заттары туралы білуі,пациентке күтім жасаумен қатар психологиялық қолдау көрсетуі керек.
Ішек стомалары туралы түсінік.
Нәжіс массаларының тік ішек арқылы шығуы мүмкін болмаған жағдайда ішектің белгілі бір бөлігіне жасанды тесік қойылады. Илеостома-мықын ішегі аймағына тесік орнату. Илеостома жаралы колитте,жедел ішек өткізбеушілігінде,әр түрлі жарақаттарда т.б. қойылады. Илеостома операциясы кезінде мықын ішегінің сау бөлігінің ұшы іштің алдыңғы қабырғасына шығарылады,бекітіледі,яғни ішек құрамын сыртқа шығару үшін жаңа тесік қалыптасады. Илеостома уақытша немесе тұрақты болуы мүмкін. Әдетте ол іштің төменгі аймағында оң жақта орналасады.
Илеостомада ішектің босауы өте жиі,кейде үнемі болады,нәжіс массалары сұйық,ащы иісті болады. Илеостомада жиі іш өту байқалады,ол ағзаның сусыздануына және электролиттердің ,минералды тұздар және витаминдердің жоғалуына алып келуі мүмкін. Сондықтан көп мөлшерде сұйықтық ішу маңызды болып келеді.
Колостомияда тоқ ішектің сау бөлігінің ұшы іштің алдыңғы қабырғасына шығарылады,бекітіледі,яғни ішек құрамын сыртқа шығару үшін жаңа тесік қалыптасады.
Илеостомия,колостомияда да асқорту жолдары қалыпты жұмыс атқара береді.
Колостома –жоғары өрлеуші немесе сигма тәрізді ішек аймағында тесу-уақытша немесе тұрақты болуы мүмкін. Уақытша колостоманы ішек жарақатында,жедел ішек жетіспеушілігінде жасайды. Тұрақты колостома көлденең және тік ішегінің ісіктерінде,нәжіс массаларының сыртқа шығуының қиындауымен сипатталатын басқа аурулар да қажет. Уақытша колостома нәжіс массаларының тік ішек аналды тесікке бармауына,сонымен жарақат салдарын жоюға көмектеседі. Содан соң жасанды тесік алып тасталады және нәжіс бөлінудің табиғи жолы қалпына келеді.
Тұрақты колостома кезінде нәжіс бөлінудің табиғи жолының қалпына келуі мүмкін емес. Колостоманы тоқ ішектің әр түрлі бөліктерінде:соқыр ішек,жоғары өрлеуші,көлденең,төмен өрлеуші,сигма тәрізді және тік ішекте қоюға болады.
Статистикалық мәліметтер бойынша тұрақты ішек стомалары 67,уақытша стомалар 33 жағдайда қойылады. Колостомалар орналасуына қарай бір неше түрлерге бөлінеді: цекостома,асцендостома,трансверзостома,десцендостома,сигмаостома.
Операциядан соң стомаларға таңу бөлмесі медбикелері немесе стоматерапевттер күтім жасайды. Стоманың түсін бағалау үшін стоманы жиі қарау керек. Ішектердің қызыл түсі оның өмір сүру қабілеті бар екендігін көрсетеді,ал ішекте қанайналым жүйесі бұзылғанда оның түсі қара-қоңыр болып келеді. Сонымен қатар стома мен тері арасындағы тігіс сызығының бүтіндігіне назар аудару қажет.
Операциядан соң алғашқы 2-48 сағатта стома рақылы серозды қан аралас шырыш бөлінеді. Ішек қызметінің қайта қылпына келуімен стома арқылы газдар бөлінеді. Барлық стомаларда бастапқы кезде ішектен сұйық нәжіс бөлінеді. Сонымен қатар су балансы бұзылуы белгілері,терінің тітіркенуі болуы мүмкін.
Стомаға күтім жасаудың маңызды компоненттерінің бірі-теріні қорғау. Стома бөлінділері айналасындағы теріні қатты тітіркендіруі мүмкін. Қазіргі уақытта теріні тітіркендірмейтін заттардан тұратын арнайы жабысқақ пластиналар шығарады. Пластина пациент денесінде 7 күнге дейін тұрады. Оны орнатқан кезде ол теріні тітіркендірмей,қыртыстары оңай тегістеледі, «екінші тері» сияқты болады. Бұл пластинаға ішек құрамының ағып кетуіне кедергі жасайтын арнайы жинағыш қапшық бекітіледі.
Колостома айналасы терісі арнайы дәрілік зат (тағайындаумен) мысалы,Стомагезив-пастамен өңделеді. Ол теріні нәжіс массаларымен ластануын болдырмайды,қабынуға қарсы әсер етеді.
Операциядан кейінгі кезеңде емдік мекемеде жүргізіледі:
Үй жағдайларында стомаға күтім жасауға қажет заттарды таңдап беру.
Стомаға күтім жасауды пациентке,қажет жағдайда туыстарына үйрету.
Пациентке,оның туыстарына қажет заттарды (пластина,жинағыш қапшық,паста) қалай,қай жерде алатынын түсіндіру.
Стомаға күтім жасау.
Памперстерді қолдану.
Бір рет қолданылатын памперстер функционалды іш киімнің бір түрі болып саналады. Памперстер ересектерде төсек тартып жатқан пациенттерге күтім жасау үшін қолданылады. Қолдануға жалпы көсрсетілім-несепті ұстамау және несеп бөлінуді реттеудің мүмкін болмауы.
Памперсті пациентке кигізу.
Памперсті дайындау-памперсті алып,бүгілген жерінен жайып,қыртыстарын тегістеңіз.
Ортаңғы бөлігін тартыңыз.
Кей жағдайларда памперс иілгіш болып денеге жақсы жанасуы үшін бір-екі рет аздап бұрау қажет.
Памперсті пациентка кигізіңіз.
Памперсті жайылған күйінде аяқтарының арасына қойыңыз,ылғал сорып алатын аймақ ортасында орналасқанына көз жеткізіңіз.
Памперсті пациент денесінде жазып қыртыстарын тегістеңіз.
Памперс тығыз отыруына,пациент денесін қатты қыспауына көңіл бөліп ілгіштерін жабыстырыңыз.
Памперсті дұрыс кигізу.
Тапсырма:
1.Тақырып бойынша стандарттармен жұмыс.
2.Науқастың функционалды жағдайын бағалау.
3.№10 емдік диеты қайталау.
СӨЖ тапсырмалары
1.«Жүрек -қантамыр жүйесі аурулары кезіндегі медбикелік үрдіс» тақырыбына глоссарий құрастыру.
2.« Жүрек-қантамыр жүйесі аурулары кезіндегі медбикелік үрдіс» тақырыбына бақылау тестін құрастыру.
3.«Жүрек-қантамыр жүйесі аурулары кезіндегі медбикелік үрдіс» тақырыбына сөзжұмбақ құрастыру
4. Медбикелік үрдіс кестесін құрастыру
СОӨЖ мазмұны
1.Пациенттің төсегін ауыстыруды көрсету .
2.Дәрет ыдысын, зәр қабылдағышты беру.
3.Пульсын, қан қысымын бақылауды орындау
4. Пациентті тамақтандыруды көрсету
5. Ойылудың алдын алу жұмыстарын көрсету
6. Муляжда күтімді жасап көрсету
7.Қарапайым физиотерапия әдістерін қайталау.
8.Оксигенотерапия әдістерін қайталау.
9.Су балансын анықтау және есептеу
Глоссарий
Ентігу
Демігу ұстамасы (жүрек астмасы)
Жүректің жиі қағуы
Жүрек ырғағының бұзылуы
Жүрек тұсының ауырсынуы
Ісіктер
Жүрек шаншуы
Гипертониялық криз
Естен тану
Асцит
Артериялық қысымның күрт жоғарылауы
Артериялық қысымның күрт төмендеуі
Қан айналым жетіспеушілігі
Цианоз
Гастроэнтерология-
Жүрек айну-
Құсу-
Метеоризм-
Кекіру-
Атониялық іш қату-
Спастикалық іш қату-
Механикалық іш қату-
Диарея-
Қыжылдау-
Стома-
Илеостома-
Колостома-
Еюностома-
Тест тапсырмалары
1.Гипертониялық криздің белгілері
А.Цианоз
Б.Қызғылт көпіршікті қақырық
В.Құсу
Г.Ісіну
Д.Қан қысымы қалыпты жағдайда
2.Миокард инфарктысының асқынуларына жатады
А.Атеросклероз
Б.Эклампсия
В.Жүрек ырғағының бұзылуы
Г.Перикардит
Д.Жүрек ақаулары
3.Қан айналым жүйесінің ауруларына тән белгісі
А.Ауызы құрғап кетеді
Б.Беттің ісінуі
В.Жүрек аймағы ауруы
Г.Дизурия
Д.Терісі сарғаю
4.Коллапс кезінде байқалады
А.АҚҚ жоғары
Б.Тұншығу
В.АҚҚ төмен
Г.Терісі құрғақ
Д.Ісіну
5.Гипертоникалық криз белгісі
А.АҚҚ төмендеу
Б.Басы қатты ауру
В.Беті қушыйған
Г.Дене қызуы жоғарылау
Д.Брадикардия
6.Миокард инфарктысының клиникалық белгілері
А.Жүрек аймағы күйдіріп ауырады, кең таралған
Б.Жүрек аймағы шаншып ауырады
В.АҚҚ 120/80 мм.с.б.
Г.Нитроглицерин ішкенде ауырсыну басылады
Д.Пульс 86 рет 1 минутта
7.Миокард инфарктысының асқынуы
А.Өкпе,жүрек жеткіліксіздігі
Б.Бүйрек амилоидозы
В.Жүрек аневризмасы
Г.Гипертоникалық криз
Д.Пневмосклероз
8.Қан айналым мүшесі ауруларының тексеру әдісі
А.ФГС
Б.Флюорография
В.Торокоскопия
Г.УЗИ
Д.ЭКГ
9.Жедел тамыр жеткіліксіздігінің белгілері
А.Естен тану
Б.Тұншығу
В.Ісіну
Г.Құсу
Д.АҚҚ жоғарылау
10.Созылмалы жүрек жеткіліксіздігіне әкелетін аурулар
А.Экссудативті плеврит
Б.Миокард инфарктысы
В.Жедел бронхит
Г.Бронхоэктатикалық ауру
Д.Крупозды пневмония
11.Коллапс кезінде байқалатын белгі
А.Дене қызуы жоғарылайды
Б.Брадикардия
В.Жіп тәріздес пульс
Г.Аритмия
Д.АҚҚ жоғарылау
12.Стенокардия ұстамасының негізгі бір себептері болуы мүмкін
А.Физикалық күт түсу
Б.Безгек
В.Диетаны сақтамау
Г.Арақ ішу
Д.Гиподинамия
13.Гипертониялық кризді жою үшін қолданылады
А.Антибиотиктер
Б.Клофелин
В.Либексин
Г.Кордиамин
Д.Дигоксин
14.Миокард инфаркты ауруының клиникалық белгілерінің бірі
А.Төс арты аз уақыт ауырады
Б.Нитроглицеринді қолдану ауырсынуды жоймайды
В.АҚҚ 130-80 мм.с.б.
Г.Құлақ шулау
Д.Ісіну
15.Жүрек демікпесі кезінде байқалатын белгі
А.Бауырдың ұлғаюы
Б.Іріңді қақырық
В.Плевра шуы
Г.Дене қызуы жоғары
Д.Тұншығу ұстамасы
16.Стенокардия ұстамасының себебі
А.Стресс
Б.Инфекция
В.Диета бұзылуы
Г.Антибиотикті қабылдау
Д.Гиподинамия
17.Гипертониялық кризді басу үшін қолданады
А.Дигоксин
Б.Адреналин
В.Дибазол
Г.Эфедрин
Д.Мезатон
18.Миокард инфарктысының себебі
А.Пневмония
Б.Перикардит
В.Гипертония ауруы
Г.Ревматизм
Д.Жүрек ақауы
19.Жүрек қан тамыр жүйесін тексеру әдістері
А.Фонокардиография
Б.Флюорография
В.Бронхография
Г.Спирометрия
Д.Фиброгастроскопия
20.Стенокардия ұстамасы созылады
А. 1 минуттен 30 минутқа дейін
Б. 1 минуттен 40 минутқа дейін
В. 1 минуттен 50 минутқа дейін
Г. 1 минуттен 20 минутқа дейін
Д. 1 минуттен 10 минутқа дейін
Тест тапсырмалары:
Асқорыту жүйесі ауруларының пайда болу себептерін анықтау,оларды диагностикалау және емдеу әдістерін ішкі аурулардың бөлімі зерттейді:
Пульмонология
Кардиология
Нефрология
Гастроэнтерология
Ревматология
Асқорыту жүйесінің қызметіне жатады:
Қозғалыс
Секреторлы
Сорылу
Бөліп шығару
Барлығы дұрыс
Асқорыту мүшелерінің моторлық қызметінің бұзылуынан пайда болатын ауру сезімі аталады:
Ұстамалы
Сыздаған
Күйдірген
Висцеральді
Перитонеальді
Асқазанның және он екі елі ішектің ойық жарасы кезіндегі ауру сезімі аталады:
Перитонеальді
Ұстамалы
Сыздаған
Диффузды
Күйдірген
Диспепсиялық бұзылыстарға жатады:
Жүрек айну
Құсу
Кекіру
Іш қату,іш өту
Барлығы дұрыс
Ішекті босату аталады:
Полифекалия
Дефекация
Метеоризм
Диффузды
Барлығы дұрыс
Өт тас ауруының негізгі белгісі:
Бүйрек шаншуы
Ауырсыну сезімі
Бауыр шаншуы
Ішек шаншуы
Панкреатикалық шаншуы
Кекіру-бұл:
құсу алдында көкіректе,жұтқыншақ және ауыз қуысында,іш аймағында болатын жағымсыз сезім
асқазан құрамының еріксіз ауыз (кейде мұрын) арқылы сыртқа шығуы
бірден еріксіз асқазан немесе өңештен ауаның ауыз арқылы сыртқа шығуы
тамақ қалдықтарының еріксіз түрде асқазаннан сыртқа шығуы
барлығы дұрыс
Асқазан қыжылы кезіндегі көмек:
Боржом, сары-ағаш
Минералды су
Ас содасы қосылған су
Жылы сүт
Барлығы дұрыс
Құсудың себептері:
Қызудың қатты көтерілуінде
Қарынша немесе ұлтабарда жара болуы
Жедел панкреатит
Организмнің улануы
Барлығы дұрыс
Асқазан-ішектен қан кету көрсеткіштері:
Асқазанда жара болғанда
Ішек ұлтабарында жара болғанда
Асқазан қатерлі ісік ауруларына шалдыққанда
Бауыр циррозы
Барлығы дұрыс
Метеоризм-бұл:
Жүрек айну
Құсу
Іш өту
Іш кебу
Қыжылдау
Іш қату –бұл:
Нәжістің 48 сағаттан артық кідіруі
Нәжістің тәулік бойы кідіруі
Нәжістің мүлдем болмауы
Нәжістің 24 сағаттан артық кідіруі
Барлығы дұрыс
Диарея-бұл:
Жүрек айну
Іш өту
Құсу
Іш кебу
Қыжылдау
Асқазанды жуудың қарсы көрсеткіштері:
асқазан-ішек жолдарынан қан кету
ауыз қуысы, жұтқыншақтың, өңештің, асқазанның қабыну аурулары
асқазан және өңеш күйігі
инфаркт миокардасы
барлығы дұрыс
Илеостома-бұл:
мықын ішегі аймағына тесік орнату
жоғары өрлеуші немесе сигма тәрізді ішек аймағында тесу
асқазан тесігі
өңешке тесік орнату
тікелей ішекке жасалатын тесік
Көпіршікті алқызыл қан тән:
Асқазаннан қан кету белгісі
Асқазан-ішек жолының жоғарғы бөлігі зақымданғанда
Тоқ ішектен қан кету
Тоқ ішектің төменгі бөлігінен қан кету
Өкпеден қан кеткенде
Асқазаннан қан кету белгісі:
Қара май тәрізді
Бөлінділермен біркелкі араласқан қою-қызыл
Бөлінділермен араласпаған өзгеріссіз
“Кофе қоспасымен”
Көпіршікті алқызыл қан
Тоқ ішектен қан кету белгісі:
Қара май тәрізді
Бөлінділермен біркелкі араласқан қою-қызыл
Көпіршікті алқызыл түсті
Бөлінділермен араласпаған өзгеріссіз
«Кофе қоспасымен»
Тоқ ішектің ең төменгі бөлігінен қан кету белгісі:
Көпіршікті алқызыл
Қара май тәрізді
Бөлінділермен араласпаған өзгеріссіз
Бөлінділермен біркелкі араласқан қою-қызыл
“Кофе қоспасымен”
Графдиктант
..............................- тамақты өңеш,асқазан,жіңішке және тоқ ішек бойымен жылжыту,қортылмаған тамақ қалдықтарын сыртқа шығару
....................................-асқорыту шырындарының:сілекей,асқазан сөлі,ұйқы безі сөлі,ішек сөлі,өттің бөлінуімен сипатталады.
............................-асқазанның және әсіресе ішектің шырышты қабаты арқылы жүзеге асады.
................................- алмасу заттарының өт пигменттері,мочевина,аммиак,ауыр металл тұздары,дәрілік заттардың ағзадан шығуы арқылы жүзеге асады.
........................-ауырсынудың орналасуы зақымдалған мүше туралы ақпарат беруі мүмкін.
..............................-бірден басталатын,жиі,қысқа уақытылы ауырсыну,ішектердің әр түрлі бөлімдерінде байқалады,метеоризммен сипатталады және газдардың шығуынан соң басылады.
..........................-өт тас ауруының негізгі белгісі
.....................................эпигастрий аймағында байқалып сол қабырға астына,сол жауырын аралыққа беріледі.
.....................-құсу алдында көкіректе,жұтқыншақ және ауыз қуысында,іш аймағында болатын жағымсыз сезім.
.......................-асқазан құрамының еріксіз ауыз (кейде мұрын) арқылы сыртқа шығуы. Құсу алдында жиі жүрек айну байқалады
......................-бірден еріксіз асқазан немесе өңештен ауаның ауыз арқылы сыртқа шығуы.
.................................-ішек бұлшықеттерінің және перистальтикасының әлсіреуі,көкет және құрсақ бұлшықеттерінің әлсіреуімен байланысты
.........................................-тоқ ішектің қабынуында,вегетативті жүйке жүйесі қызметі бұзылуларында тоқ ішектің белгілі бір жерлерінде бұлшықеттер жиырылуынан (спазм) дамиды.