kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

С?йекті? ??рылысы, ??рамы

Нажмите, чтобы узнать подробности

Саба? та?ырыбы: С?йекті? ??рылысы, ??рамы

Саба?ты? ма?саты:

Білімділігі: С?йекті? ??рылысы, ??рамы, байланысы туралы ма?л?мат беру.

Дамытушылы?ы: С?йек, б?лшы? ет туралы білімдерін арттыру.

Т?рбиелігі: Адамгершілікке, денсаулы?ты са?тау?а т?рбиелеу

Саба?ты? т?рі: Аралас  саба?

Саба?ты? к?рнекілігі: Тірек-сызбалар. Суреттер.

Саба? ?дісі: т?сіндіру,  ?здік ж?мыс,  с?ра? – жауап
Саба?ты? барысы: 

І. ?йымдастыру б?лімі.

  О?ушылармен амандасып, т?гелдеу

  Саба??а дайынды?ын тексеру

 ІІ. ?й тапсырмасын с?рау

1. Тірек - ?имыл ж?йесіне не жатады?
2. Тірек - ?имыл ж?йесіні? ма?ызы ?андай?
3. С?йектер пішіні, м?лшері бойынша ?андай топтар?а б?лінеді?
4. ?зын с?йектерге ?андай с?йектер жатады?
5. ?ыс?а с?йектерге ?андай с?йектер жатады?

ІІІ. Жа?а саба?ты т?сіндіру:


С?йектер ты?ыз ж?не борпылда? д?некер ?лпаларынан т?зіледі. С?йекті? сырты - ты?ыз ?лпа, ішкі б?лімі - борпылда? ?лпадан ??ралады. С?йекті? сыртында с?йек затымен т?тасып кеткен с?йек ?абы болады. С?йек ?абыны? асты??ы бетіні? жасушалары б?лініп с?йек затын т?зеді. Сонды?тан с?йек ?абы ар?ылы с?йектер жуандап ?седі. С?йек сын?анда біртіндеп бітіп, ?айта ?алпына келуі де с?йек ?абына тікелей байланысты. С?йек ?абында ?антамырлары мен ж?йкелер болатынды?тан с?йекке ?дайы ?оректік заттар жеткізіледі. С?йекті? екі шетіндегі шеміршекті ?абатта?ы жасушаларды? б?лінуінен с?йек ?зарып ?седі. ?а??аны? толы? с?йектенуі 20 - 25 жас?а дейін жал?асады.  Адам 25 жас?а дейін ?седі. Ересек адамны? с?йегіні? ?штен екі б?лігін бейорганикалы?, ал ?ал?анын органикалы? заттар ??райды. Органикалы? заттар иілгіштік, серпінділік, ал бейорганикалы? заттар мы?тылы? ?асиет береді.
С?йекті? ??рамы. С?йекті? ??рамында 50% су, 12,5% н?урыз тектес органикалы? зат оссеин (ж?мса?, серпінд органикалы? зат), 21,8% минералды заттар (кальций фосфаты), ал 15,7% май болады. Оссеин заты с?йекке серпінді, иілгіштік ?асиет береді. Жас балаларды? с?йегінде органикалы? заттарды? м?лшері к?бірек. С?йектері иілгіш болатынды?тан спорт?а, циркке, балетке жастайынан ?абылдайды. Адамны? жасы ?л?ай?ан сайын с?йегінде органикалы? заттар азайып, минералды заттар к?бейеді. ??рамында минералды заты к?п с?йектер иілгіштік ?асиетінен айырылып морт сы??ыш келеді.
С?йектерді? байланысы. С?йектерді? сыртында б?лшы?еттер, сі?ірлер бекінетін ?р т?рлі сайшалар(борозда), т?мпешіктер, ?антамырлары мен ж?йкелер ?тетін тесіктер болады. ?ан?аны ??райтын с?йектер ?р т?рлі байланыстар т?зеді. Ат?аратын ?ызметіне ?арай байланыстар: ?оз?алмайтын, жартылай ?оз?алмалы ж?не ?оз?алмалы деп б?лінеді.
?оз?алмайтын байланыс?а ми сауыты с?йектері мен сегізк?з жатады. Б?лар бір - бірімен т?тасып ?оз?алмайтындай болып байланыс?ан.
Жартылай ?оз?алмалы – шеміршектер ар?ылы омырт?алар бір - бірімен байланыс?ан.
?оз?алмалы немесе буынды? байланыстар?а ая?-?ол с?йектеріні? байланысы жатады.
Буындар. Адам денесінде 230 - дан астам буындар бар. Буын деп с?йектерді? ?оз?алмалы байланысатын жерін айтады. ?рбір буынны? сырт?ы ты?ыз д?некер ?лпадан т?зілген ?абы?пен ?аптал?ан. Оны буын ?апшы?ы дейді. Буын ?апшы?ында ?абыр?аларынан б?лінетін буын с?йы?ты?ы болады. С?йы?ты? ?йкелісті кемітіп, с?йектерді? буын ойы?ында еркін ?оз?алуына м?мкіндік береді. Сонымен буында буын беті, буын ?уысы, буын с?йы?ты?ы ж?не буын ?апшы?ы болады.
С?йекті? бір - бірімен байланысатын шеті жылтыр, тегіс шеміршекпен ?аптал?ан. ?оз?алу кезінде шеміршек ?йкелісті азайтып, о?ыс со??ыны (толчок) ?лсіретеді.
ІV. Жа?а саба?ты ?орытындылау
1. С?йекті? ??рылысын т?сіндірі?дер.
2. С?йекті? жуандап ж?не ?зарып ?суін т?сіндірі?дер.
3. С?йекті? байланысы нешеге б?лінеді, жеке-жеке сипатта?дар.
4. Буын дегеніміз не, ??рылысы, орналасуы, ?ызметі ?андай? Буын ?апшы?ыны? ерекшелігі неде?
5. С?йекті? ??рамында ?андай заттар болады? ?р?айсысын жеке-жеке сипатта?дар.
V. ?йге тапсырма. С?йекті? ??рылысы, ??рамы.  №5 зертханалы? ж?мысты ая?тау

VІ. Білімді ба?алау


 

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«С?йекті? ??рылысы, ??рамы»

Сабақ: 23 Пәні: Биология Сыныбы: 8 «А», «Б»

Сабақ тақырыбы: Сүйектің құрылысы, құрамы

Сабақтың мақсаты:

Білімділігі: Сүйектің құрылысы, құрамы, байланысы туралы мағлұмат беру.

Дамытушылығы: Сүйек, бұлшық ет туралы білімдерін арттыру.

Тәрбиелігі: Адамгершілікке, денсаулықты сақтауға тәрбиелеу

Сабақтың түрі: Аралас  сабақ

Сабақтың көрнекілігі: Тірек-сызбалар. Суреттер.

Сабақ әдісі: түсіндіру, өздік жұмыс, сұрақ – жауап
Сабақтың барысы: 

І. Ұйымдастыру бөлімі.

  Оқушылармен амандасып, түгелдеу

  Сабаққа дайындығын тексеру

 ІІ. Үй тапсырмасын сұрау

1. Тірек - қимыл жүйесіне не жатады?
2. Тірек - қимыл жүйесінің маңызы қандай?
3. Сүйектер пішіні, мөлшері бойынша қандай топтарға бөлінеді?
4. Ұзын сүйектерге қандай сүйектер жатады?
5. Қысқа сүйектерге қандай сүйектер жатады?

ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру:


Сүйектер тығыз және борпылдақ дәнекер ұлпаларынан түзіледі. Сүйектің сырты - тығыз ұлпа, ішкі бөлімі - борпылдақ ұлпадан құралады. Сүйектің сыртында сүйек затымен тұтасып кеткен сүйек қабы болады. Сүйек қабының астыңғы бетінің жасушалары бөлініп сүйек затын түзеді. Сондықтан сүйек қабы арқылы сүйектер жуандап өседі. Сүйек сынғанда біртіндеп бітіп, қайта қалпына келуі де сүйек қабына тікелей байланысты. Сүйек қабында қантамырлары мен жүйкелер болатындықтан сүйекке ұдайы қоректік заттар жеткізіледі. Сүйектің екі шетіндегі шеміршекті қабаттағы жасушалардың бөлінуінен сүйек ұзарып өседі. Қаңқаның толық сүйектенуі 20 - 25 жасқа дейін жалғасады. Адам 25 жасқа дейін өседі. Ересек адамның сүйегінің үштен екі бөлігін бейорганикалық, ал қалғанын органикалық заттар құрайды. Органикалық заттар иілгіштік, серпінділік, ал бейорганикалық заттар мықтылық қасиет береді.
Сүйектің құрамы. Сүйектің құрамында 50% су, 12,5% нәурыз тектес органикалық зат оссеин (жұмсақ, серпінд органикалық зат), 21,8% минералды заттар (кальций фосфаты), ал 15,7% май болады. Оссеин заты сүйекке серпінді, иілгіштік қасиет береді. Жас балалардың сүйегінде органикалық заттардың мөлшері көбірек. Сүйектері иілгіш болатындықтан спортқа, циркке, балетке жастайынан қабылдайды. Адамның жасы ұлғайған сайын сүйегінде органикалық заттар азайып, минералды заттар көбейеді. Құрамында минералды заты көп сүйектер иілгіштік қасиетінен айырылып морт сыңғыш келеді.
Сүйектердің байланысы. Сүйектердің сыртында бұлшықеттер, сіңірлер бекінетін әр түрлі сайшалар(борозда), төмпешіктер, қантамырлары мен жүйкелер өтетін тесіктер болады. Қанқаны құрайтын сүйектер әр түрлі байланыстар түзеді. Атқаратын қызметіне қарай байланыстар: қозғалмайтын, жартылай қозғалмалы және қозғалмалы деп бөлінеді.
Қозғалмайтын байланысқа ми сауыты сүйектері мен сегізкөз жатады. Бұлар бір - бірімен тұтасып қозғалмайтындай болып байланысқан.
Жартылай қозғалмалы – шеміршектер арқылы омыртқалар бір - бірімен байланысқан.
Қозғалмалы немесе буындық байланыстарға аяқ-қол сүйектерінің байланысы жатады.
Буындар. Адам денесінде 230 - дан астам буындар бар. Буын деп сүйектердің қозғалмалы байланысатын жерін айтады. Әрбір буынның сыртқы тығыз дәнекер ұлпадан түзілген қабықпен қапталған. Оны буын қапшығы дейді. Буын қапшығында қабырғаларынан бөлінетін буын сұйықтығы болады. Сұйықтық үйкелісті кемітіп, сүйектердің буын ойығында еркін қозғалуына мүмкіндік береді. Сонымен буында буын беті, буын қуысы, буын сұйықтығы және буын қапшығы болады.
Сүйектің бір - бірімен байланысатын шеті жылтыр, тегіс шеміршекпен қапталған. Қозғалу кезінде шеміршек үйкелісті азайтып, оқыс соққыны (толчок) әлсіретеді.
ІV. Жаңа сабақты қорытындылау
1. Сүйектің құрылысын түсіндіріңдер.
2. Сүйектің жуандап және ұзарып өсуін түсіндіріңдер.
3. Сүйектің байланысы нешеге бөлінеді, жеке-жеке сипаттаңдар.
4. Буын дегеніміз не, құрылысы, орналасуы, қызметі қандай? Буын қапшығының ерекшелігі неде?
5. Сүйектің құрамында қандай заттар болады? Әрқайсысын жеке-жеке сипаттаңдар.
V. Үйге тапсырма. Сүйектің құрылысы, құрамы. №5 зертханалық жұмысты аяқтау

VІ. Білімді бағалау






Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Биология

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 8 класс

Скачать
С?йекті? ??рылысы, ??рамы

Автор: Сейсекенова Эльмира Муратбековна

Дата: 16.11.2015

Номер свидетельства: 254023


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства