kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Оқу -менің еңбегім

Нажмите, чтобы узнать подробности

Оқушыларға  оқудың   адам  өміріндегі   маңызын  ұғындыру  

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Оқу -менің еңбегім»


Өзiн-өзi тану сабағының жоспары


Мерзiмі: № 7

Тақырыбы:Оқу -менің еңбегім

Мектеп: Қандыағаш қалалық №4 ЖББОМ

Құндылық: Ақиқат

Қасиеттер: еңбектену, жақсы оқу, оқуға құштарлық

Мұғалiм: А.Т.Бекмурзаева

Класс: 3 Оқушылар саны:


Сабақ мақсаты: Оқушыларға оқудың адам өміріндегі маңызын ұғындыру арқылы ақиқат құндылығының мәнін ашу.

Міндеттері:

-Оқушыларға оқудың қажырлы еңбек екендігін ұғындыра отырып, ізденімпаздық қасиетіне түсінік беру.

-Оқушыларды оқуға құштарлыққа баулу арқылы еңбекқорлық қасиетіне үйрету.

-Оқушыларды өнер білімге қызығушылыққа тәрбиелеу.

Сабақ барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңi. Сәлемдесу

Оқу құралдарына назар аудару

2.Психологиялық дайындық

«Сәлемдесу»

Енді жұп болып тұрамыз, алақан алақанмен амандасады:

-Иық иықпен

-Арқа арқамен

-Аяқ аяқпен

-Құлақ құлақпен

-Мұрын мұрынмен сәлемдеседі. Ал, енді көңіл күйіміз көтерілді ме?

3.Үй тапсырмасын тексеру.

«Кел, балалар, оқылық!» өлеңін жаттап келу.

Талдауға арналған сұрақтар:
*Оқу адамға не үшін қажет деп ойлайсыңдар?
* «Ықыласпен тоқу» дегенді қалай түсінесіңдер?
*Оқуға құштар адамның бойында қандай қасиеттер болуы керек?
*Сенің оқудағы мақсатын қандай?

4.Дәйексөз.

Оқу- инемен құдық қазғандай. Нақыл сөз

-Ұлдар 2-рет, қыздар 2-рет, барлығы 1-рет қайталап айту

-Дәптерге жазу

Мұғалім сөзі: Білімді адам әлемді тануға құштар болып келеді.Жақсы мен жаманды ажырата білу үшін адамға білім қажет.Мәдениеттілік, сыпайылық, сенімділік, еңбексүйгіштік білімді адамға тән қасиеттер.

5.Әңгiмелеу (сұхбат). Мұғалімнің сыйы. Қарқын Қ.Толыбаев

Бір күні тал түсте демалу үшін үлкен ағаштың көлеңкесіне жиналып отырған бір топ адамдардың үстіне Әбунасыр келіп қалады да: – Жұмыстарың қарқынды болсын, жігіттер! – деген тілек айтады. Данышпан ғұламадан жақсы сөз, жылы лебіз естіп, құштарланған жігітердің біреуі: – Мәртебелі ұстаз, – дейді зор ілтипатпен. Бізге анықтап түсіндіріп беріңізші, қарқын деген не? – Әбунасыр көлеңкеге тоқтап, малдас құрып отырады да, әлгі жігіттердің бетіне күле қарап, жауап қайырады: Қарқын – адамның жасаған әрекетінің нәтижелі болуы үшін өзінің күш-қайратын іркімей жұмсап талпынуы. – Ал әрекет неден пайда болады? – Әрекет – білуге құштарлықтың, білімді болудың түп қазығы. Адам өз әрекетінің нәтижесіне тек білім арқылы жете алады. Отырғандар ғұламаның сөзі көкейлеріне қонғандай, ойға шомып қалысты.

Әңгімелесейік:
-Әбунасырдан жігіттер не жайлы сұрады?

-Қарқын дегенді қалай түсінесіңдер?Оны қайда және қандай іске жұмсау керек?

-Ойлаған мақсаттарыңа жету үшін не істер едіңдер?

-Сендер өз қарқындарың мен мақсаттарыңды қандай істерге жұмсайсыңдар?

Сергіту.

Сұрақ- жауап

Мұғалім сұрағы:  Кітап бізге не береді?

Оқушылар хормен: Білім,ойды дамытады,тәрбиелейді

Білімді болу үшін не істеу керек?—-Еңбек ету керек

Біздің еңбегіміз не болып табылады?——Оқу

Біздің мектептегі   оқуымыз сонымен не болып табылады?——Еңбек

6.Шығармашылық жұмыс, топтық жұмыс.

1-тапсырма. «Екпей егін шықпас, үйренбей білім жұқпас» деп бекер айтылмаған.Мәтін Ы.Алтынсариннің «Өрмекші, құмырсқа, қарлығаш» мазмұны бойынша дәптерге «Қос жазба күнделігін» толтырыңдар.

Мәтіндегі маған ұнаған

іс-әрекеттер

Бәл іс-әрекеттер неліктен маған ұнады?





2-тапсырма.«Басты нәрсе» Өлеңін оқушылар оқиды.Сұрақтарға жауап беріңдер:

-Өскенде кім болғың келеді?Неліктен?

-Ол үшін не істеу керек деп ойлайсыңдар?

3-тапсырма. «Білекті бірді жығар, білімді мыңды жығар» деп рас айтылған. «Білімді адам қандай» болады? Тізбелеп жазыңдар.

Білімді адам:

-адал да арлы,

-зейін зердесі мен ой өрісі кең,

-өнерге, ғылымға құштар,

-зерттеу, күзету, тексеру

7.Топпен ән айту. «Мен әдепті баламын» өлеңін айту.

Мен әдепті баламын

Мені үлкендер әдепті деп мақтайды,

Мінезімнен теріс қылық сақтайды.

Ал, егер сен жалқау болсаң тілазар,

Ондай әдет жақсылыққа жатпайды.


Қайырмасы:

Айтқан тілді аламын,

Айтқан жерге барамын.

Мен әдепті,

Мен әдепті баламын.


Тілін алып кішінің де кәрінің,

Айтқанынан шығып жүрмін бәрінің.

Ата анаңның айтқанынан шығуды,

Әдептілік белгісі деп таныдым.


Қайырмасы:


8.Үй тапсырмасы.

-8-сабақтағы «Бала Шоқан» мәтіннін оқып келу,мазмұндау..

-Ш.Уалиханов туралы мәлімет жинау.

9.Соңғы тыныштық сәтi. (Тыныштық... бар жерде, тыныштық... бүкiл әлемде)



Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Прочее

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 3 класс

Скачать
Оқу -менің еңбегім

Автор: А.Т.Бекмурзаева

Дата: 08.12.2018

Номер свидетельства: 489637

Похожие файлы

object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(185) "Сабақ "Ауа райының өзгеруі мен адам еңбегінің әсеріне байланысты олардың тіршілігіндегі өзгерістер""
    ["seo_title"] => string(80) "sabak_aua_raiynyn_ozghierui_mien_adam_ien_bieghinin_sierinie_bailanysty_olardyn_"
    ["file_id"] => string(6) "463904"
    ["category_seo"] => string(19) "okruzhayushchiy-mir"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1522212225"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(34) "Бала е?бегін ?ор?ау."
    ["seo_title"] => string(25) "bala-ien-bieghin-k-org-au"
    ["file_id"] => string(6) "332373"
    ["category_seo"] => string(10) "vneurochka"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1464936389"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(88) "Т?рбиені? ?дістері мен т?сілдері ж?не оны? т?рлері "
    ["seo_title"] => string(56) "t-rbiienin-distieri-mien-t-sildieri-zh-nie-onyn-turlieri"
    ["file_id"] => string(6) "193617"
    ["category_seo"] => string(10) "vneurochka"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1427655199"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(104) "Білім беруді дамытуды? жа?дайы проблемалары мен болаша?ы "
    ["seo_title"] => string(63) "bilim-bierudi-damytudyn-zhag-daiy-probliemalary-mien-bolashag-y"
    ["file_id"] => string(6) "135509"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1416930918"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(126) "Баяндама "ПРОБЛЕМАЛАРЫ  МЕН  БОЛАША?Ы.ДАМЫТУДЫ?  ЖА?ДАЙЫ,БІЛІМ БЕРУДІ" "
    ["seo_title"] => string(73) "baiandama-probliemalary-mien-bolashag-y-damytudyn-zhag-daiy-bilim-bierudi"
    ["file_id"] => string(6) "147950"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1419527560"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства