Мұғалiм: Жақсыбаева М.Ә.
Тақырып: Оқуға құштарлық.
Мақсаты: Оқушыларға сүйіспеншілік құндылығы арқылы оқуға құштарлығын арттыру. Міндеттері: Білімділік: Оқушыларға білімнің адам өміріндегі маңызы туралы түсінік беру. Дамытушылық: оқуға, білім алуға деген ынталарын дамыту. Тәрбиелік:Оқушыларды шыншылдыққа, мейірімділікке, жауапкершілікке тәрбиелеу. | Ресурстар: Интерактивті тақта,қағаз,қарындаштар, әр түрлі көңіл-күйді білдіретін суреттер |
Сабақ барысы: 1.Ұйымдастыру кезеңi. Тыныштық сәті «Нұрға бөлену» (баяу ән) Ыңғайланып отырыңыздар, денелеріңізді түзу ұстаңыздар. Аяқ-қолыңызды айқастырмаңыз. Қолыңызды тізеңізге немесе үстелге қоюға болады. Көздеріңізді жұмуларыңызды өтінемін. Елестетіп көріңіз: Күн нұры сіздің төбеңізден өтіп, кеудеңізге қарай бойлап барады. Кеудеңіздің орта тұсында гүл түйнегі орналасқан. Гүлдің түйнегі нұрдан баяу ашылып келеді. Балғын және таза әсем гүл сіздің әр ойыңызды, әр сезіміңізді, эмоцияңыз бен тілек-қалауыңызды шайып, жүрегіңіздің қауызын ашты. Нұр сәулесі сіздің бойыңызға ақырын тарай бастағанын елестетіңіз. Ол біртіндеп күшейе түсуде. Оймен осы нұрды қолдарыңызға түсіріңіз. Сіздің қолдарыңыз нұрға бөленіп, сәуле шашуда. Қолымыз тек жақсы, ізгі істер істейді және баршаға көмектеседі. Нұр аяқтарыңызға тарады. Аяқтарыңыз нұр сәулесін шашуда. Олар сізді тек жақсылық жасау үшін жақсы жерлерге апарады. Олар нұр мен махаббат құралына айналды. Одан әрі нұр сіздің аузыңызға, тіліңізге тарады. Тіліңіз тек шындықты және жақсы, ізгі сөздер ғана айтады. Нұрды құлақтарыңызға бағыттаңыз, құлақтарыңыз тек жақсы сөз бен әсем әуенді ғана естиді. Нұр көздерімізге де жетті, көзіміз тек жақсыға қарап, бәрінен жақсылықты ғана көреді. Сіздің басыңыз түгелдей нұрға бөленіп, басыңызға тек ізгі, сәулелі ой келеді.Нұр бірте-бірте қарқын және шұғылана бастайды, сіздің денеңізден шығып, жан-жағыңызға сәуле шашады. Осы нұрды туысқандарыңызға, балаларыңызға, мұғалімдерге, достарыңызға, таныстарыңызға бағыттаңыз. Ойша айтыңыз: «Мен нұрлымын… Нұр менің ішімде… Мен Нұрмын».Осындай Нұр, Махаббат және Тыныштық күйінде отыра тұрыңыз…Енді осы Нұрды жүрегіңізге орналастырыңыз. Нұрға толы бүкіл әлем сіздің жүрегіңізде. Оны осындай әсем қалыпта сақтаңыз. Жаймен көзіңізді ашуға болады | Ескерту 5Т ережесін еске түсіру.Оқушылар көздерін жұмып отырып тыныштық сәтін орындайды. |
2.Үй тапсырмасы. Оқулықтың 16-бетіндегі Л.Н.Толстойдың «Тиін мен қасқыр» мәтінді оқу. 1.Мәтіндегі кейіпкерлерді ата? 2.Тиін неліктен көңілді жүреді? 3.Ренжіген немесе қуанған кездеріңде өздеріңізді қалай ұстайсыздар? | Оқушылар сұрақтарға толық жауап берді. |
3.Дәйексөз. Кітап-алтын сандық. Іші толған қазына,құт. Оқы,оқы,ойыңа тұт. Халық даналығы. 1. Кітаптың пайдасы қандай? 2.Сіздер қандай қітаптар оқисыздар? Ұлдар 2 рет Қыздар 2 рет Барлығы 2 рет. Дәптерге жазу. | Оқушылар дәйексөздің мағынасын ашып және жалғастырып айту. |
4.Әңгімелеу. Бейнетаспа. 1.Адамға білім не үшін қажет? 2.Білімді болу үшін адамға қандай қасиеттер қажет? 3.Білім алатын орынды қалай атаймыз? 4. «Оқусыз білім жоқ» дегенді қалай түсінесіздер? 5.Сіздерге оқу кезінде қандай қиындықтар кездесті? | Мәтіннің мағынасы талқыланды. Сұрақтарға жауап берді. |
5.Шығармашылық іс-әрекет, топтық жұмыс. Дәптермен жұмыс. Сыныпты үш топқа топтастырамыз. І топ . Оқу-кітаптың пайдасы туралы топтап жазу. ІІ топ.Білім – оқу,білім туралы мақал-мәтелдердің жалғасын тап. ІІІ топ. Еңбек – суретпен жұмыс.Суретке қарап «Менің ұстаздарым» тақырыбына әңгіме құрастыру. | Балалар үш топқа бөлініп,тапсырмаларды рөлдерде ойнап көрсетеді. |
6.Топпен ән айту. Оқуда озат боламын. Бота Бейсенова 1.Оқуда озат боламын Білімім тасып толамын Мектепке барып күн сайын Тек қана бестік аламын (2 рет) Қайырмасы: Оқуда озат боламын Қашанда таудай талабым Тәп-тәтті бала атанып Бәріне үлгі боламын (2 рет) 2.Оқуда озат боламын Білімім тасып толамын Әр сөзін тыңдап ұстаздың Санама құйып аламын (2 рет) Қайырмасы: Оқуда озат боламын Қашанда таудай талабым Тәп-тәтті бала атанып Бәріне үлгі боламын (2 рет) | Оқушылар үнтаспаға қосылып «Оқуда озат боламын!» әнін айту. |
7.Үй тапсырмасы. Оқу,білім туралы мақал-мәтелдер жаттап келу. | |
8.Соңғы тыныштық сәті. Бүгінгі сабақта үйренгенімізді жүрегімізге түйіп алайық. Сабаққа қатысқандарыңыз үшін рахмет.Сау болыңыздар. | |