Просмотр содержимого документа
«Обычии и традиции казахского народа. 10 класс »
Сабақтың тақырыбы: Қазақ халқының салт-дәстүрлері.
Сабақтың мақсаты :
Білімділік : қазақ халқының салт- дәстүрлерінің түпкі мағынасын түсіндіре отырып, тақырып бойынша білімдерін қалыптастыру.
Дамытушылық :
а) оқушылардың ой- өрсін дамыту, қисынды ойлау қабілетін дамыту, тіл байлығын тереңдету;
ә) шығармашылық іздену қабілеттерін дамыту;
б) салалас құрмалас сөйлем түрлерін ажырата алуға дағдыландыру; жалғауларды дұрыс қолдана білуге жаттықтыру.
Тәрбиелік :
а) өз республикасын, жерін, елін сүюге;
ә) қазақ тілін үйренуге баулу, қызығушылықтарын арттыру;
б) қазақ салт- дәстүрлерімен, әдет-ғұрпымен таныстыра отырып әдептілікке тәрбиелеу, ата салтын сақтауға бағыттау.
Сабақтың көрнекілігі . суреттер, слайдтар презентациясы, тапсырмалар, мақал – мәтелдер, мәтіндер, бағыт парағы, бағалау парағы, үш ауылдың тақырыбы бар суреттер мен жазулар ,марапаттау медальдар, ерулік.
- Балалар, сабақ алдында мектеп хатшысы маған телефонограмманы берді. Бізді « Салт – дәстүрлер» аймағына қонаққа шақырып жатыр. Қазір біз сапарға аттанамыз .
- Өткен сабақта біз қазақтың ұлттық тәрбиесінің алтын қазығы оның салт – дәстүрлері мен әдет – ғұрпы деп анықтағамыз.
- Салт – дәстүр дегеніміз не ? Осы сөзге ассоциация ойластырыңдар.
Слайд № 1
Салт – дәстүр : мұра, ата- баба, қазақ халқы, тұрмыс, тәрбие, еңбек, отбасы.
- Сонымен, біз қазақ халқының салт – дәстүрлерімен танысу үшін осы сапарға аттанамыз. Сабағымыздың тақырыбы «Қазақ халқының салт- дәстүрлері »
- Үш топқа бөлініп жұмыс істейміз. Топ жетекшілерінің алдында» Бағалау парағы» бар топ мүшелерінің жауаптарын белгілеп отырасыңдар .Әрбір ауылға барғанда түрлі тапсырмалар орындайсыңдар.
- Балалар , бағыт картасына назар аударыңдар .Ең алдымен біз «Тәрбиедәстурлері» деген ауылға барамыз.
- Слайд №2
- Қазақтың мақалы бар «Тәрбие алтыннан да қымбат»
- Мақалды қалай түсінесіңдер?
- Мәтінмен жұмыс
- Осы тақырыпқа арналған мәтіндермен танысып, мазмұнын айтып, мәтін бойынша сұрақ құрастырып ,көрші топқа ұсынасыңдар.
- І Топ «Шілдехана»
- ІІ Топ «Ат қою»
ІІІ Топ «Қырқынан шығару»
-Қойылым «Тұсау кесер»
Қазір балалар «Тұсаукесер» дәстүрін назарларыңызға ұсынады (Тамашалайық)
-Грамматикалық тапсырмамен жұмыс
Ауылмен қоштасу үшін мына тапсырмаларды орындайсыңдар
Қай топ бірінші орындайды сыйлыққа ие болады (Медальмен марапаттау)
-Сөйлемдерді дәптерге жазу
Тәрбие дәстүрлері ауылымен қоштасып ,«Отау көтеру дәстүрлері» ауылына барып ,қонақ боламыз.
Слайд №3
Адам өміріндегі аса мәнді де, сәнді мереке- жастардың үйлену тойы. «Отан отбасынан басталады» дегендей қоғамның негізі- отбасылық өмір .Үйлену тойын өткізуде әр халықта қалыптасқан өзіндік ұлттық дәстүрі бар .Сол дәстүрлерді қалай білетінімізді тексерейік.
Сұрақ-жауап
І топтың сұрақтары:
1. Қазақтың дәстүрлі үйлену тойы неден басталады?
2. Мына мақалды жалғастырыңдар
Күйеу -жүз жылдық
Құда - ...жылдық
- Қазақтың салтында құда болу деген сөз ұзақ жылға созылатын сыйлас, туысқандық қарым – қатынас.
ІІ топтың сұрақтары
1. Ұзату тойы өткізілгенде қалыңдықтың басына қандай бас киім кигізеді?
2. Тойда қандай өлеңдер айтылады?
- Жар-жар – қыз- жігіттер қыздың бақытты, елге сыйлы болуына тілектестік білдіреді. Сыңсу- қыздың ағайын – туғандарымен қоштасу өлеңі. Беташар – жаңа түскен келіннің бетін ашатын өлең, салт.
- Тұрмыстық салт-дәстүрлер алуан түрлі. Біз қысқаша кейбір дәстүр туралы мәліметтермен танысамыз .
- «Көрімдік»-адамға ,жаңа туған балаға, жас келінге алғаш көрген сәтте береді
- «Көрші хақы. Ерулік»
- Қазақ халқы үшін көршінің орны мүлде бөлек .«Құдайы көршіміз» деп ардақтайды .Жаңа көшіп келген көршіге арнап ерулік береді.
Слайд № 6
- Ауылдан кету үшін әдеттегідей тапсырмаларды орындаңдар
І Топ «дәстүр» сөзін септеу
ІІТоп «көрші» сөзін жіктеу
ІІІ Топ «ауыл» сөзін тәуелдеу
- «Қонақ кәде »- қонақтың үй иесіне жасайтын сыйлығы, құрметі.
- Слайд № 7
- Ән айту, бата беру, тілек айту.
- Сендер де, балалар ,бір-біріңе тілек айтыңдар
- Гүлдерге жазып ,көрші топқа ұсыну
- Қонақ кәдесін жасап ,балалар, өз ауылымызға оралайық .
IV.Қорытындылау
- Қазақ халқының тағы бір жарасты әрі әдемі дәстүрінің бірі- сәлемдеме.
- Ол адамдардың бір-біріне деген сыйластығының ,құрмет тұтуының айқын белгісі. Аралаған ауылдарды ұмытпасын деп сендерге сол ауылдардың сәлемдемесін берейін .\Үш топқа сәлемдеме таратыталады\.
- «Сәлем берген саулық береді » дейді халық. Мен де қазақ халқының дәстүрі бойынша сендерге саулық тілеймін. Аман -сауда жүздесейік.
- Үй тапсырмасы: Пікірталасқа дайындалу.Сұрақтары: Отбасы әдет- ғұрпын қалыптастыру оңай ма?
- Бағалау \бағалау парақтары негізінде\
Салт- дәстүрлер
Шілдехана (салт) – жаңа туған нәрестенің құрметіне жасалатын ойын-сауық, той.
Кіндіккесер (салт) – нәресте туған сәтте оның кіндігін кесетін әйелдер (кіндік шешесі) дайын тұрады. Кіндік кесу – мәртебелі, абыройлы іс.
Бесікке салу(салт) – жаңа туған баланы бесікке салу. Бесік – қасиетті, киелі, құтты мүлік, сәбидің алтын ұясы болып есептеледі.
Қырқынан шығару (салт) – баланың туғанына қырық күн толған соң оны ыдысқа қырық қасық су құйып шомылдырады. Ол сәбидің жан-жүйесінің қалыптасып дені сау болып өсуіне деген ақ тілектен шыққан.
Тұсаукесер (салт) – сәби қаз тұрғаннан кейін тез жүріп кетсін деген тілекпен жасалынатын ғұрып.
Ат қою (ғұрып) – қазақ халқы жаңа туған сәбиге жақсы есімдер мен әйгілі адамдардың атын қойған. Сонымен бірге бала есімін беделді кісілерге қойғызып батасын алған.
Айдар (ғұрып) – балалардың төбе шашын ұзартып өсіріп, моншақ араластырып өсіріп қояды. Бұл ғұрып ер балаға жасалады.
Кекіл (ғұрып) –жас балалардың шашын ұстарамен алып тастайды да, маңдайына бір шөкім шаш қалдырып оның жиегін тегістеп қояды.
Базарлық (дәстүр) – алыс сапарға шыққан адамдардың жақындарына әкелген сыйлығы.
Байғазы (дәстүр) – балалардың, жастардың жаңа киімі, заты үшін берілетін ақшалай, заттай сый.
Тілашар (дәстүр) – баласы 7 жасқа толған соң балаға жаңа киім кигізіп, оқу-жабдықтарын дайындап шағын той өткізеді. Мұны « Тілашар » тойы деп атайды.
Асату (дәстүр) – ет желініп болған соң төрде отырған ақсақал табақта қалған етті жас балалар мен жігіттерге асатады.
Сүйінші – қуанышты хабар жеткізуші адам « Сүйінші! Сүйінші!» деп келеді. Мұндайда қуанған үй иесі " Қалағаныңды ал" дейді немесе оған риза болатындай сыйлық ұсынады.
Шашу – қуаныш айғағы ретінде жасалатын салтанатты дәстүр.
Ерулік – басқа жерден көшіп келген көршілерге сол жерде бұрыннан тұратындар ерулік береді, яғни қонаққа шақырады.