Сабақ мақсаты | Оқушылардың сын есім туралы түсініктерін бекіту; еске түсіру; мағынасына қарай топтай білуді үйрету; негізгі және туынды сын есім туралы түсініктерін қалыптастыру; туынды сын есімдердің түбірі мен қосымшасын ажырата білуді;сөздерге жұрнақ жалғау арқылы туынды сын есім жасай білуді меңгерту; оқушылардың ауызша сөйлеу тілін, сөздік қорын дамыту; адамгершілік, еңбек, ақыл-ой тәрбиесіне баулу. | |||||||||||||
Күтілетін нәтиже | 1. Оқушылар негізгі және туынды сын есімнің ұқсастығы мен айырмашылығын ажырата алады. 2.Туынды сын есімнің жасалу жолын меңгереді. 3.Оқушылар сұраққа жауап іздеуге үйренеді. | |||||||||||||
Керекті жабдықтар | Қазақ тілі оқулығы, интерактивті тақта, флипчарт, маркер, стикерлер. | |||||||||||||
Қолданыла-тын әдістер | « Шаттық шеңбер», « Кубизм », « Ассосация», «Семантикалық карта», «Түрткі болу» әдісі, «Сәйкестендіру», «Бес саусақ», «Кері байланыс» | |||||||||||||
Сабақ кезеңдері | Сабақта қолданылатын әдіс - тәсілдер | Мұғалімнің әрекеті | Оқушының әрекеті | |||||||||||
Кіріспе
Білу | Тренинг Топқа болу | «Шаттық шеңбері» «Гүл теру» ойыны арқылы топқа бөліну І-топ: «қызғалдақ » ІІ-топ: «бәйшешек » ІІІ топ: «сарғалдақ » | « Шаттық шеңбері» тренингі арқылы жақсы көңіл күй қалыптастыру. | |||||||||||
«Қызығушы-лықты ояту» | Үй тапсырмасын тексеру. Сын есім Негізгі Туынды мықты азулы теңбіл шұбар балғадай өткір шашақты дәу қауіпті сақ «Кубизм» әдісі Бұл не? Түлкі қандай аң? Түсі қандай? Оның құйрығы қандай болады?
-Балалар, сонымен - Қандай, қай сұрағына жауап беретін сөз табын не дейміз? -Сын есім. -Сын есімнің түрлері ? -Негізгі және туынды. -Ендеше,бүгінгі сабағымызда негізгі және туынды сын есім туралы түсінігімізді жаттығу жұмыстары мен тапсырмалар орындау арқылы толықтырамыз. | Оқушылар тапсырманы орындайды | ||||||||||||
Түсіну
| «Түрткі болу» әдісі Дәптермен жұмыс | Оқулықпен жұмыс 55-жаттығу. Өлеңді көшіріп жазу Осы –біздің Оңтүстік Қауашағын қақ жарған Ақ мақтасы –ақ маржан. Алмасы аппақ ақықтай, Жүзімі бар жақұттай. Түні салқын,күні ыстық, Осы –біздің Оңтүстік. | Сын есімдердің астын сызады.Олар сын есімнің қай түрі екенін айтады. | |||||||||||
Қолдану
| Жұппен жұмыс
| Тақтамен жұмыс 56-жаттығу. Сын есімдерді білдіретін мағынасына қарай кестеге орналастыр.
| Сын есімдерді білдіретін мағынасына қарай кестеге орналастырып жазады.
|