Данный урок составлен в соответствии с программой по казахскому языку для 9 класса с казахским языком обучения /2010 год/ и имеют своей целью –выявление уровня освоения программного материала за 2 полугодие 9 класса. Данный урок входит в цикл уроков «Стили» и предполагает развитию коммуникативных компетенций учащихся.
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Просмотр содержимого документа
«Научный стиль. 9 класс »
Средняя общеобразовательная профильная школа дифференцированного обучения № 17 г.Павлодара
Тема урока:
«Научный СТИЛЬ»
Учитель: Талипова Э.Е.
Данный урок составлен в соответствии с программой по казахскому языку для 9 класса /2010 год/ и имеют своей целью –выявление уровня освоения программного материала за 2 полугодие 9 класса.
Тақырыбы: ҒЫЛЫМИ СТИЛЬ
Мақсаты: ғылыми стильдің тілдік құрылымы, қолданылуы, мақсаты мен тілдік құралдарын ұғындыру; тіл мәдениетін арттыру, логикалық ойлауын дамыту; іскерлік шеберліктерін арттыру.
Сабақтың түрі: ақпараттық; типі: жаңа білімді меңгерту;
Әдісі: түсіндірмелі, мәтінге сұрақ, ой қозғау, талдау.
Оқыту құралы: тех. құрал ЭЕМ, анықтама-мәтін, сабақ құрылымы.
Сабақ барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау
«Жаңғырту»
Анықтама Тапсырма Тексеру
1 2
Орындалатын іс-әрекет
1. «Анықтама». Стиль туралы білімдерін еске түсіру үшін пайдаланылады.
2. «Тапсырма». Мониторда берілген жұмыс түрлерін орындайды.
3. «Тексеру». Тапсырманың дұрыс жауабын көрсетілген.
Анықтама. Стиль – ол белгілі бір қатынастың түрінде тілдік құралдарды сұрыптап, пайдалану арқылы ойды жеткізу мәнерінің көрінісі.
1. Мониторда берілген мәтіннің қай стильмен жазылғанын анықтау, тілдік сипатын ұғындыру.
1-мәтін. «Бақтығұл атқа мінісімен «Әйдә, тарт!» деп тебініп жіберіп, қозғалып кетті. Көп сәйгүліктің аяғы сатыр-сұтыр басып, шымды жерді дүңк-дүңк еткізіп, үстеріндегі ер-тұрман, қару-сайман бір-біріне шалдыр-шылдыр, тықыр-тықыр соқтығып, ымырт қараңғылығын қуалай тартып берді».
2-мәтін.
Телефонхат
Талдықорған қалалық радиохабарларын тарату басқармасына, радиоторап директоры Алдабердиевке.
Үстіміздегі жылдың 3- мамыры күні, қала әкімшілігі ғимаратының кіші залында, әкімнің орынбасары Тәуелсіздік мерекесін өткізуді ұйымдастыруға байланысты кеңес өткізеді.
Қол қойған: қала әкімінің көмекшісі Әкімжанұлы.
Жіберген: Оспанқызы.
Анықтама телефоны: 64-42-01
30-сәуір, 2010 жыл, сағат 10.00
3-мәтін
Қазақ қазанатының қарымы қандай?
Елімізде кейінгі жылдары ұлттық спорт түрлеріне, оның ішінде ат спортына көңіл бөлушілер қатары күрт көбейді. Алыс ауылдағылармен бірге қалалықтар да қазақтың қанында бар спорт түрлеріне ден қоя бастады.
«Егемен Қазақстан» 10.01.2010 ж. Н.Жақыпов мақаласынан үзінді.
ІІІ. Жаңа сабақ
Ғылыми стиль
1. Түсініктеме
2. Іскерлік шеберлік
Түсініктеме. Ғылыми стиль – жазба стилінің бір түрі. Бұған қазақ тілінде әр салада жазылған ғылыми шығармалар жатады. Ғылыми стильдің лексикасындағы ерекшелік: сөз тек өзінің негізгі мағынасында жұмсалады. Ғылыми стильде жалпы жазу тіліне тән синтаксистік құрылыс пайдаланылады. Бұл стильдің негізгі ерекшелігі – мұнда ой күрделі баяндалып, анықтама, дәлелдеме және формулаларға негізделуінде.
Мәтінге сұрақ қою.
1. Монитордағы түсініктеме мәтінді оқып, мәтінге сұрақтар қояды.
1.---------------------------------------
2.---------------------------------------
3.---------------------------------------
ІІ. Іскерлік шеберлік.
1 2
1-тапсырма. Қазақ тілі, 9-сынып.
Орындалатын іс-әрекет.
1. Мониторда берілген жаттығудан термин сөздерді тауып, дәптерге түсіру.
2. Сөйлемдерінің жасалу құрылысына тілдік талдау жасау.
3. «Буланады». Морфологиялық талдау.
2- тапсырма. Эмиграция, иммиграция, адамдардың, ал, басқа, шетелге, ата-мекендерінен, елге, қалуы, тұрақтап, деп аталады.
Орындалатын іс-әрекет.
1. Сөз тізбектерінен сөйлем құрау.
2. Сөйлемнің стильдік сипаты мен қолданылатын орны туралы.
ІІІ. Ой толғаныс. «Ғылыми стиль»
Орындалатын іс-әрекет
1. Ғылыми стильдің қолданылатын орны
2. Қарым-қатынас мақсаты
3. Стильдік сипаттары
4. Тілдік құралдары
ІV. Үйге тапсырма беру. Өздері қызықтырып жүрген бір ғылыми мәселе жөнінде мәліметтерді қарап, хабарлама жасау.