Мақсаты: Балалардың коммуникативті-тілдік құзыреттілігін қалыптастыру
Міндеттері:
Мемлекеттік тілді үйренуге деген қызығушылық пен қажеттілік тудыру
Балалардың жалпыға ортақ зат есім,етістік, үстеу, сын есім және қосымшылармен пассив және белсенді сөздіктерін кеңейту
Тілдің грамматикалық құрылымын , дыбыстық мәдениетті, байланыстырып сөйлеуді қалыптастыру.
Балаларды қиын емес, таныс сөздерге сүйене отырып сөйлемдердің мағынасын түсінуге, сонымен қатар қойылған сұрақтарға жауап беруге уйрету
Түрлі сөз таптарын, эпитеттер мен теңеулерді қолданып, монолог жасауды үйрету
Балалардың арасындағы қарым-қатынасты жақсарту үшін, тәсілдерді іздеп табуға үйрету
Жобаның маңыздылығы: ҚР білім беру саясатының бастапқы міндеттерінің бірі-мемлекеттік тілді үйренуге қабілетті азаматтарды дайындау.
2009 жылғы ҚР мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты бойынша «Қатынас» саласының мақсаты: мемлекеттік тілде мәдени-әлеуметтік өзара қатынасқа дайын, айналасымен ауызша және ауызша емес құралдармен жұмыс істеуге қабілетті мектеп жасына дейінгі көптілді тұлғаны тәрбиелеу.
Күтілетін нәтижелер: балалар білімдерін қолдана отырып, сюжет бойынша өз ойларын мемлекеттік тілде жеткізе алады
Шығармашылық тілді дамытуға келесі технологиялар алынды:дидактикалық, сөздік ойындар , суретпен жұмыс, өлеңдерді жаттау, логаритмика, дәстүрлі емес сабақтар
Жүргізуші:
Эфирде «Шаңырақ» бағдарламасы және мен, оның жүргізушісі- Өмірзақова Айман Ғалымқызы. Менімен бірге бағдарламаға қатысатындар дизайнерлер ұжымы. Оларды қарсы алайық
Дизайнерлер: Сәлем бердік салтпенен,
Армысыздар, көрермен!
Біз де келдік сіздерге,
Шет қалмаймыз өнерден!
Біз өнерлі баламыз
Гауһар тастай нұр шашып,
Жарқыраймыз, жанамыз
Басқа ұлттан болсақ та
Қазақ тілін сүйеміз!
Қазақ жерін құрметтеп,
Отаным деп білеміз!
Жүргізуші:
Редакцияға мынадай хат келіп отыр, оның авторы Пархоменко Зарема Хаджимуратовна. З.Х. не жазғанын оқып жіберейік. Кім оқып береді?
Хатты оқу.
Құрметті редакция! Жуырда мен жаңа пәтер сатып алып едім. Қонақ бөлмесімен бірге балалар бөлмесін сырлап, және жиһазды дұрыс қойып көмек көрсетсеңдер жақсы болар еді. Сіздердің көмектеріңіз арқылы пәтерім әдемі,жайлы болатынына сенемін.
Зарема Хаджимуратовна
Жүргізуші:- Көмектесеміз бе?
Дизайнерлер: Көмектесейік!
Жүргізуші: Жиналайық. Қалай киінеміз?
Дизайнерлер: Біз жеңіл киінеміз, себебі ... (пікірлерін тыңдау)
Жүргізуші: Ауа райы қандай тамаша ! Жаяу барайықшы.
Мен көктемді жақсы көремін. Ал сендер ше?
Дизайнерлердің пікірлерін тыңдау. Мен көктемді жақсы көремін, себебі...
( Көктемде күн жылынады. Күннің көзі жарқырайды. Күн ұзарады, түн қысқарады. Қар, мұз ериді. Сең жүреді. Күн күркірейді. Жаңбыр сіркірейді. Бұлақтар сылдырлайды. Құстар жылы жақтан ұшып келеді. Бұлбұлдар сайрайды. Гүлдер жайнайды. Көк шөп шығады. Ағаштар бүршік атады. Аюлар, кірпілер оянады. Жәндіктер тіріледі . Туған күндеріміз болады. )
Жүргізуші: Міне әңгіменің арқасында З. Х. келіп та қалыппыз . Дизайнерлер, қонақ бөлмесін қандай түске бояймыз?
Пікір алмасу:
Мысалы:- Қонақ бөлмесін сары түске бояйық, себебі ол көңілді көтереді. Күн де сары түсті.
Қонақ бөлмесі шабдалы түсті болсын,ол өте нәзік түс.
Жүргізуші:
-Кім сары түсті қалайды? Санайықшы. Ал енді бір топ жиһазды қояды , ал екінші топ балалар бөлмесінің жобасын жасайды.
Топ екіге бөлінеді
Жүргізуші дизайнерлердің дайындығын біледі. Бірінші топтың балалары қонақ бөлмесінің қалаған жеріне жиһазды қойып атап береді. Мыс.: Терезенің алдында ағаш, жайлы, да кең кереует тұр.
Екінші топтың балалары суретпен жұмыс істейді. Суретте не бар екенін монолог ретінде айтып береді.