бұрынғы өтілген материалдармен сабақты байланыстыру,сөз жасау, сөйлемдерді дұрыс құру тәсілдерін меңгерту, дауыссыз дыбыстардан алған білімдерін шыңдау;
Дамытушылық мақсаты: түрлі әдістерді пайдалана отырып оқушылардың тапқырлық,жылдамдық, есте сақтау қабілет терін арттыру,сөйлеу тілін жетілдіріп, сауатты жазуға дағдыландыру;
Тәрбиелік мақсаты:
Орындаталатын тапсырмалар мен жаттығулар арқылы жақсылыққа, ізгілікке тәрбиелеу, тіл құдіретін сезіне білуге, сөз мағынасын келістіре отырып, оларды дұрыс қолданып, дәл түсінуге тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі: интербелсенді тақта, оқулық, қосымша әдебиеттер, энциклопедия, анықтағыштар.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі: Амандасу. Сабаққа дайындықтарын тексеру.
- Сәлемдесу, түгендеу, оқу құралдарын түгендеу.
- Сәлеметсіңдер ме, балалар?
- Сәлеметсіз бе!
- Кім бүгін сыныпта жоқ?
- Бүгін сыныпта ............
- Үй тапсырмасы қандай?
- Үй тапсырмасы .............
ІІ. Үй тапсырмасынтексеру:
1. өзім туралы» шығарма жазу
2.Басқа тілдердегі әліпбидегі әріптердің санын біліп келу
- ережені жаттау.
Сұрақтар:
Қазақ әліппи дегенді қалай түсінесіңдер?
Қазақ әліпбиі қай жылы енгізілді?
Авторы кім?
Латын әліпбиі қай жылы енгізілді?
Авторлары кім?
Орыс әліпбиі қай жылы енгізілді?
Авторы кім?
Қазақ тіліне тән дыбыстары?
ІІІ.Жаңа сабақ: өздігінен білім алу. Ол үшін оқушылар оқулық, қосымша әдебиет, энциклопедия, анықтағыш материалдар мен бастауышта алған білімдерін ұштастырып кластер толтырады.
Ба-ла-лар мек-теп-ке кел-ді.Дыбыстық топқа жіктелген сөз ағымының шағын мүшесі буын болады. Буын бір не бірнеше дыбыстан тұрады. Мысалы: қант, а-ла-қан
Буын дегеніміз – сөз құрамындағы бір немесе бірнеше дыбыстардың тобынан жасалған фонетикалық бөлшек. Дауысты дыбыстың бір өзі буын бола алады. Дауыссыз дыбыстар буын құрай алмайды.Сөздің құрамында қанша дауысты дыбыс болса, сонша буын болады.
Интербелсенді тақтамен жұмыс: тақтада презентация арқылы Буын түрлерін ажыратып, жаңа сабақты өздігімен меңгеруге жағдай туғызамын.
Мына мысалдардың қайсысы ашық, бітеу, тұйық буын екендігін, не себепті олай екенін дәлелдетіп, ереже шығару.
(Интерактивті тақтадан орындау)
Көп нүктенің орнына тиісті жұп дауыссыздардың тиістісін қой