Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей
Баяндама тақырыбы:
БАЛА МІНЕЗ-ҚҰЛҚЫНЫҢ БҰЗЫЛУ СЕБЕПТЕРІНІҢ ӘЛЕУМЕТТІК-ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ
Қазіргі кезеңдегі білім беру жүйесіндегі өзекті мәселелердің бірі – мінез-құлқы әлеуметтік «нормадан» ауытқыған балалар мен жасөспірімдер мәселесі болып отыр. Соңғы уақыттардағы статистикалық мәліметтерге сүйенер болсақ, оқушылар арасындағы нашақорлық, алкогольдік ішімдіктерді пайдалану, таксикомания, адам өлтіру және т.б. сияқты жағымсыз іс-әрекеттері жылдан-жылға күрт өсуде.
Мінез-құлқында ауытқушылық байқалатын балаларды әлеуметтендіруге байланысты Отандық ғалымдардың еңбектері аса құнды болып табылады. Соның ішінде Қ.Б.Жарықбаевтың, С.Қ.Қалиевтің, Ж.Ы.Намазбаеваның, Т.Қ.Бөлеевтің және т.б. ғалымдардың еңбектерін атап өтуге болады
Мінез-құлқында ауытқушылық байқалатын балаларды және де қоғамда қалыптасқан нормалар мен ережелерді сақтамауды ғылымда девиация (латынның «deviatio» тыңдамау, ауытқу деген мағынаны береді) деп атайды.
Осыған байланысты әдебиеттерде кездесетін «қиын бала», «девиантты мінез-құлық», «ауытқыған мінез-құлық» ұғымдары синонимдес болып табылады.
Девиантты мінез-құлық дегеніміз – әлеуметтік нормалар мен ережелерге сәйкес келмейтін мінез-құлық. Кей жағдайларда «асоциалдық» немесе «антидисциплиналық» деп те аталып жатады.
Девиантты мінез-құлық немесе мінез-құлық ауытқушылығының көрсеткіштеріне: агрессия, демонстрация, оқудан және еңбектен теріс бұрылу, үйден кету, алкоголизм, шылымқұмарлық, наркомания, қоғамға жат қылықтар, жыныстық жат мінез-құлық, суицид және т.б. жатады.
Мінез-құлық ауытқушылығы мына факторларға байланысты туындайды деген тұжырым жасалды. Олар:
Биологиялық факторлар
Психологиялық факторлар
Әлеуметтік-педагогикалық факторлар
Әлеуметтік-экономикалық факторлар
Моральды-этикалық факторлар
Аталған факторларға байланысты туындаған «антидисциплиналық мінез-құлықты» түзетудің жолы қандай?
Көрнекті психолог Л.С.Выготский «Жеке адамның күйзелісімен күресу, оның себептерін жою жолымен ғана емес, сонымен бірге адамды жөнге салудың белсенді жолымен, білім бірлігімен, дамуына жағдай жасау арқылы да нәтижеге жетуге болады» дей отырып, «қиындықты тәрбие арқылы түзетудің», осы қайшылықпен күресудің нақты жолын анықтап берді.
Девиантты мінез-құлықты балаларды түзету мына бағыттар бойынша жүзеге асырылуы тиіс:
Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтар, қадағалаусыз, панасыз қалудың және қоғамға жат iс-әрекеттердiң алдын алуға, оларға ықпал ететiн себептер мен жағдайларды анықтауға және жоюға бағытталған, кәмелетке толмағандармен, сондай-ақ оларды тәрбиелеу, оқыту және бағып-күту жөнiндегi мiндеттерiн орындамайтын не олардың мiнез-құлқына терiс әсер ететiн ата-аналармен немесе басқа да заңды өкiлдермен жеке профилактикалық жұмыстарды қоса жүзеге асыратын құқықтық, педагогикалық, медициналық және өзге де шаралар жүйесiн күшейту қажет.
Енді нақты суицидтік мінез-құлықтың психологиялық ерекшеліктері, белгілері және оның шығу себептеріне тоқталып өтейін. Орта Азия елдері арасында Қазақстан өз-өзіне қол жұмсаудан І орын, ТМД көлемінде Ресейден кейінгі ІІ орынды иеленді. Яғни, әр 100 мың қазақстандыққа шаққанда 20,7 адамнан келеді. Бұл көрсеткіш 1989 жылмен саластырғанда үш-төрт есеге есті. Бұл мәліметтерді БҰҰ жанындағы Балалар қоры (ЮНИСЕФ) таратты.
Зерттеулерге сүйенсек, өзіне-өзі қол жұмсау оқиғасының 41% жұмбақ жағдайда, 18% жан күйзелісінің салдарынан, сондай-ақ 19% кесімді жазадан қорыққаннан, 18% отбасындағы жағдайлардан, 6% махаббат «ауруының» салдарынан болған.
Суицидтік мінез-құлықтың психологиялық ерекшеліктері:
1. өзінің сырт келбетіне салақ қарау
2. өзін үнемі жалғыз сезіну, пайдасыз немесе кінәлі, қайғылы сезіну
3. бұрын ләззат әкелген жұмыстан қалыпты ортадан қанағаттанбау
4. өлу туралы ойға салыну
5. болашаққа жоспардың жоқтығы
Эмоциялық өзгерістері:
1. көңілсіз жүру
2. қабақ шытуы
3. ашулылық
4. бұрқылдау
5. айналадағы ортаға жағымсыз қарым-қатынас
6. айналаға жек көрушілік сезіммен қарау
7. өз-өзіне деген мейірімсіздік
8. қатыгездік сезімі
9. мәнсіз қорқыныш
Суицидтің белгілері:
1. өзінің өткен өміріне пессимистік баға беру
2. өткен өмірдегі таңдаулы жағымсыз оқиғаларды еске түсіру
3. қазіргі кездегі өзінің жағдайына пессимист көзқарас
4. болашақта перспективтіктің болмауы
Суицидтік әрекеттерге ұшырау себептері:
Суицидтің шығу себептері
1. Отбасылық ұрыс-керіс, ажырасу, жалғыздық, махаббатқа жол болдырмау, жыныстық қарым-қатынастағы әлжуаздық;
2. Психикалық сырқаттық, белсіздік пен бедеулік;
3. Қылмыстық жауапкершіліктен қашу, істеген ісінің ұяттығынан қорқу;
4. Материалдық-тұрмыстық қиыншылықтар;
5. Жұмыс және оқу орындағы даулы мәселелер мен сәтсіздіктер;
6. Қоғамдық -саяси жағдайлар;
7. Тұқым қуалаушылық;
8. Даму акселерациясы.
Сыртқы белгілері:
Демонстрациялық мінез:
Суицидтік аффектілік мінез:
Аффект үстінде дарға асылу, улы, қатты әсер ететін дәрі-дәрмекпен улану
Жыл мезгілі
“Сәуір-ең қатыгез ай” (Томас Эллиот)
Сәуір айындағы суицид көрсеткіші жыл бойғы көрсеткіштен -120% жоғары
Суицидтік әрекеттің алдын-алу және түзету:
Көмек беру үшін:
Түн артынан күн шығатыны секілді, қиыншылық арты жақсылыққа ұласатынына бала сенімді болуы керек.
* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт