Баяндама тақырыбы:
БАЛА МІНЕЗ-ҚҰЛҚЫНЫҢ БҰЗЫЛУ СЕБЕПТЕРІНІҢ ӘЛЕУМЕТТІК-ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ
Қазіргі кезеңдегі білім беру жүйесіндегі өзекті мәселелердің бірі – мінез-құлқы әлеуметтік «нормадан» ауытқыған балалар мен жасөспірімдер мәселесі болып отыр. Соңғы уақыттардағы статистикалық мәліметтерге сүйенер болсақ, оқушылар арасындағы нашақорлық, алкогольдік ішімдіктерді пайдалану, таксикомания, адам өлтіру және т.б. сияқты жағымсыз іс-әрекеттері жылдан-жылға күрт өсуде.
Қазіргі уақытта балалар мінез-құлқының бұзылу себеп-салдарын әлеуметтік-психологиялық және педагогикалық тұрғыда М.А.Алемаскин, Л.М.Зюбин, И.С.Кон, Г.П.Медведев және т.б., клиникалық сипатта Г.А.Власова, В.Я.Гиндикин, В.В. Ковалев, Г.Е.Сухарев, криминалогиялық аспектілерін М.М.Бабаев, К.Е.Легошев, В.Н.Кудрявцев сияқты ғалымдар зерттеумен айналысқан.
Мінез-құлқында ауытқушылық байқалатын балаларды әлеуметтендіруге байланысты Отандық ғалымдардың еңбектері аса құнды болып табылады. Соның ішінде Қ.Б.Жарықбаевтың, С.Қ.Қалиевтің, Ж.Ы.Намазбаеваның, Т.Қ.Бөлеевтің және т.б. ғалымдардың еңбектерін атап өтуге болады
Мінез-құлқында ауытқушылық байқалатын балаларды және де қоғамда қалыптасқан нормалар мен ережелерді сақтамауды ғылымда девиация (латынның «deviatio» тыңдамау, ауытқу деген мағынаны береді) деп атайды.
Осыған байланысты әдебиеттерде кездесетін «қиын бала», «девиантты мінез-құлық», «ауытқыған мінез-құлық» ұғымдары синонимдес болып табылады.
Девиантты мінез-құлық дегеніміз – әлеуметтік нормалар мен ережелерге сәйкес келмейтін мінез-құлық. Кей жағдайларда «асоциалдық» немесе «антидисциплиналық» деп те аталып жатады.
Девиантты мінез-құлық немесе мінез-құлық ауытқушылығының көрсеткіштеріне: агрессия, демонстрация, оқудан және еңбектен теріс бұрылу, үйден кету, алкоголизм, шылымқұмарлық, наркомания, қоғамға жат қылықтар, жыныстық жат мінез-құлық, суицид және т.б. жатады.
Мінез-құлық ауытқушылығы мына факторларға байланысты туындайды деген тұжырым жасалды. Олар:
Биологиялық факторлар – баланың әлеуметтік бейімделуіне кедерге келтіретін физиологиялық және анатомиялық жағымсыз ерекшеліктер (генетикалық факторлар, интеллектуалдық кемістіктер, психикалық ақаулар, психофизиологиялық және физиологиялық факторлар).
Психологиялық факторлар – баладағы психопатологиялар мен мінездегі кейбір қасиеттердің басым болуы (жүйкелік-психикалық ауытқулар).
Әлеуметтік-педагогикалық факторлар – мектептегі, отбасындағы, қоғамдағы тәрбие үрдісінің кемшіліктері мен әлеуметтік назардан тыс қалу нәтижесі (оқудағы декомпенсация, дезадаптация, әлеуметтік бейімсіздік, криминалдылық).
Әлеуметтік-экономикалық факторлар – баланың өз отбасының материалдық-тұрмыстық жағдайына қанағаттанбауы (кедейлік, жұмыссыздық, инфляция, әлеуметтік кернеу).
Моральды-этикалық факторлар – адамгершілік-рухани құндылықтардың төмендеуі.
Аталған факторларға байланысты туындаған «антидисциплиналық мінез-құлықты» түзетудің жолы қандай?
Көрнекті психолог Л.С.Выготский «Жеке адамның күйзелісімен күресу, оның себептерін жою жолымен ғана емес, сонымен бірге адамды жөнге салудың белсенді жолымен, білім бірлігімен, дамуына жағдай жасау арқылы да нәтижеге жетуге болады» дей отырып, «қиындықты тәрбие арқылы түзетудің», осы қайшылықпен күресудің нақты жолын анықтап берді.
- ата-анасының немесе олардың заңды өкiлдерiнiң, сондай-ақ педагогтардың, Енді нақты суицидтік мінез-құлықтың психологиялық ерекшеліктері, белгілері және оның шығу себептеріне тоқталып өтейін. Орта Азия елдері арасында Қазақстан өз-өзіне қол жұмсаудан І орын, ТМД көлемінде Ресейден кейінгі ІІ орынды иеленді. Яғни, әр 100 мың қазақстандыққа шаққанда 20,7 адамнан келеді. Бұл көрсеткіш 1989 жылмен саластырғанда үш-төрт есеге есті. Бұл мәліметтерді БҰҰ жанындағы Балалар қоры (ЮНИСЕФ) таратты.
Зерттеулерге сүйенсек, өзіне-өзі қол жұмсау оқиғасының 41% жұмбақ жағдайда, 18% жан күйзелісінің салдарынан, сондай-ақ 19% кесімді жазадан қорыққаннан, 18% отбасындағы жағдайлардан, 6% махаббат «ауруының» салдарынан болған.
Суицидтік мінез-құлықтың психологиялық ерекшеліктері:
- өзінің сырт келбетіне салақ қарау
- өзін үнемі жалғыз сезіну, пайдасыз немесе кінәлі, қайғылы сезіну
- бұрын ләззат әкелген жұмыстан қалыпты ортадан қанағаттанбау
- өлу туралы ойға салыну
- болашаққа жоспардың жоқтығы
- ұсақ түйектерге ашулану
Эмоциялық өзгерістері:
- көңілсіз жүру
- қабақ шытуы
- ашулылық
- бұрқылдау
- айналадағы ортаға жағымсыз қарым-қатынас
Суицидтің белгілері:
- өзінің өткен өміріне пессимистік баға беру
- өткен өмірдегі таңдаулы жағымсыз оқиғаларды еске түсіру
- қазіргі кездегі өзінің жағдайына пессимист көзқарас
- болашақта перспективтіктің болмауы
- айналадағы ортамен қарым-қатынасқа түспеу
- сыңсуға құмарлық
- қырсығу
- іштің түйілуі
Жасөспірімдердің өзіне-өзі қол салуы – девиантты мінез-құлықтың бір формасы.
Суицидтік әрекеттерге ұшырау себептері:
- Болашаққа шарасыздықпен қарау, мақсат-армандардың болмауы
- Ішкі эмоцоналды жағдайдың бұзылуы
- Әлеуметтік шеттетілу
- Жанұядағы жайсыз психологиялық ахуал
- Өзіндік “Менінің” жоғалуы, сыртқы ортаның қысымы
- Отбасылық ұрыс-керіс, ажырасу, жалғыздық, махаббатқа жол болдырмау, жыныстық қарым-қатынастағы әлжуаздық;
- Психикалық сырқаттық, белсіздік пен бедеулік;
- Қылмыстық жауапкершіліктен қашу, істеген ісінің ұяттығынан қорқу;
- Материалдық-тұрмыстық қиыншылықтар;
Сыртқы белгілері:
- Көп жағдайда көңілсіз күйде жүру, тыныш монотонды дауыс;
- Сөйлеудің баяулығы, жауаптың қысқалығы;
- Іс-шарасыздық.
Эмоцоналды бұзылыстар
- Қоршаған ортаға деген көңілсіздік;
- Кекшіл, жылдам ашуланғыш;
- Қобалжу, негізсіз қорқу.
Қарым-қатынаста:
- Оқшаулану, қоршаған ортаман қарым-қатынастан қашу;
- Келешекке жоспардың болмауы;
- Өз күйзелісі жөнінде дәрігер, психолог, педагогтарға шағымдану.
Психикалық бұзылыстар:
- Жылауықтық;
- Ауыздың кебуі;
- Тахикардия;
- Демнің жетпеуі;
- Бас аурудың жиілігі;
- Дене салмағының түсуі;
- Тәбеттің қашуы;
- Кеуденің ауырлығы.
Демонстрациялық мінез:
- Өз-өзіне қол жұмсаумен қорқыту
- Қан тамырларын кесу
- Дәрі-дәрмек ішу
- Өзіне назар салуды талап ету