Сабақтың тақырыбы: Нәтиже сабақ Мен не үйрендім? | Мұғалімнің аты-жөні: Күні: |
СЫНЫП: 2 | Қатысқаноқушылар саны: | Қатыспағаноқушылар саны: 0 |
Сабақ негізделген оқу мақсаттары | 2.1.3.1 - күнделікті өмірде кездесетін жағдаяттарға байланысты сөйлеу мәдениетін сақтап, диалогке қатысу 2.2.5.1 - дереккөздерден (сөздік, анықтамалық, энциклопедия) мәліметті табу жолын анықтап, берілген тақырып, сұрақ бойынша мәліметті іріктеп алу 2.3.6.1 - бас әріп пен кіші әріптің биіктігі мен мөлшерін сақтап, оларды байланыстырып көлбеу және таза жазу 2.4.2.6 - сөйлемдегі бір-бірімен байланысып тұрған сөздерді табу |
Сабақ нәтижесі: | Оқушылардың барлығы мынаны орындай алады: Оқулықта берілген және қосымша тапсырмаларды орындайды. Жазба жұмыс жасайды. Сұраққа жауап береді. Оқушылардың көбісі мынаны орындай алады: Топтық жұмысты брлесе орындайды.Өз бетінше жұмыс жасайды. Сұраққа жауап береді. Қосымша үлестірме ресурстармен жұмыс жасайды. Оқушылардың кейбіреуі мынаны орындай алады: Оқулықтан тыс берілген қосымша тапсырмалады орындайды, тақырып бойынша қосымша мәліметтер мен дәлелдер келтіре алады. |
Бағалау критерийі | Жеке, жұптық, топтық тапсырмаларды орындай алады. Сабақ барысында тыңдаушының назарын өзіне аудара алады. |
Ресурстар | Оқулық, суреттер, топқа бөлуге арналған кеспе қағаздар және әртүрлі заттар, топтық тапсырмалар, кері байланыс, стикер. |
Әдіс-тәсілдер | Сұрақ-жауап, әңгімелеу, түсіндіру, ойын, көрнекілік. Рефлексия. |
Пәнаралық байланыс | Музыка, қазақ тілі. |
Сабақтың жоспары |
Жоспарланғануақыт | Сабақ барысы : | Бағалау түрлері |
Басталуы 5 минут | Бағалау парақшасымен таныстыру Топтарға бөлу. Себетпен конфет әкелу. Оқушыларға себеттен конфет алуларын сұраймын.Конфеттің түрлеріне қарай 3 топқа бөлініп отырады. 1-топ «Сары кәмпиттер» 2-топ «Көк кәмпиттер» Психологиялық ахуал қалыптастыру: Алар бестік бағамыз Өсе берсін санамыз | Оқушылар қорапшадан өздеріне ұнайтын түске сай маркерлер алады. . |
Жаңа білім 10 минут | Білу және түсіну Синтез «Алтын балыққа арналған аквариум» әдісі Оқушыларға жасырын суреттер таратылады, кімге балық түссе, сол алтын балық болады, оқушы алтын балықтың маскасын киіп, ортаға шығады. Басқа оқушылар оған сұрақтар қояды. Егер жауап бере алмаса топ мүшелері көмектесуіне болады. Топпен жұмыс. 1 топқа тапсырма. Суретке қарап, әр сурет жылдың қай мезгілі екенін айт. Қалаған жыл мезгілінің суреті бойынша әңгіме құрастырып көр. Әңгімелеу. Сипаттау, пайымдау мәтіні болсын | Оқулық, мәтіндер. «Көшбасшы және тыңдаушылар» әдісі |
Ортасы 10 минут | 2-топқа тапсырма. Абай жазда ауылына келіп демалатын. Әжесі Зере ертегі, батырлар жырын көп білетін. Абай оны сүйсіне тыңдайтын. Анасы Ұлжан да әңгімешіл еді Абай өзінің демалысын осындай игі істермен өткізетін. Абай жас кезінде ертегі, жырларды тыңдағанды жақсы көретін еді. Әкесі Құнанбай оны Омбы қаласына оқуға жіберді. • Мәтінді дұрыс құрастырып оқы. • Мәтіннің мазмұнына сәйкес келетін сұрақты белгіле (). Қандай ? Не істеді? Неліктен? • Сұрақтың көмегімен мәтіннің түрін анықта ___________________________ Жұппен жұмыс. Орны ауыстырылып берілген сөздерден сөйлем құрастырып жаз. Сөйлемнің соңына тиісті тыныс белгісін қой. Әсел ән айтады Отан туралы Тартады Болат домбыра Концерт қоясындар сендер ма Қандай керемет даусы | Оқулық,қабырғаға ілінген ватмандар, түрлі-түсті маркерлер «Ыстық орындық» орындық әдісі, сұрақтар, орындық. |
Сергіту сәті 2 минут | Сергіту сәті . | Оқушылар би билеп сергіп қалады. |
Аяқталуы Сабақты бекіту 10 минут | Синтез "Таңда да таста" әдісі https://www.akavideos.com/watch?v=RAo-zw5U8gQ | "Таңда да таста" әдісі |
Бағалау 5 минут Кері байланыс 3 минут | «Білім ағашы» кері байланыс | . Сабақтан алған әсерлерін стикерге жазып, ағашқа жабыстырады. |
Үйге тапсырма: 5,122-бетте. |
Саралау – Сіз қосымша көмек көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Сіз қабілеті жоғары оқушыларға тапсырманы күрделендіруді қалай жоспарлайсыз? | Бағалау - Оқушылардың үйренгенін тексеруді қалай жоспарлайсыз? | Пəнаралық байланыс Қауіпсіздік жəне еңбекті қорғау ережелері АКТ-мен байланыс Құндылықтардағы байланыс |
Рефлексия Сабақ / оқу мақсаттары шынайы ма? Бүгін оқушылар не білді? Сыныптағы ахуал қандай болды? Мен жоспарлаған саралау шаралары тиімді болды ма? Мен берілген уақыт ішінде үлгердім бе? Мен өз жоспарыма қандай түзетулер енгіздім жəне неліктен? | Төмендегі бос ұяшыққа сабақ туралы өз пікіріңізді жазыңыз. Сол ұяшықтағы Сіздің сабағыңыздың тақырыбына сəйкес келетін сұрақтарға жауап беріңіз. |
Қорытынды бағамдау Қандай екі нəрсе табысты болды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)? 1: 2: Қандай екі нəрсе сабақты жақсарта алды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)? 1: 2: Сабақ барысында мен сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағымды жетілдіруге көмектесетін не білдім? |