kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Маркетинг негіздері

Нажмите, чтобы узнать подробности

Пән: Маркетинг негіздері

Пән оқытушысы: Тукенова Венера Даулетбековна

Топ: Қаржы-21

Өтетін күні және  уақыты: 30.04.2019ж сағат 9.30

Пән: Маркетинг негіздері

Сабақтың тақырыбы: Жарнама және оның түрлері (презентациясымен)
Сабақтың мақсаты:

Білімділік:Білім алушыларға жарнаманың  мәнімен, түрлерімен таныстыру, жаңа білім қалыптастыру.Дағдыларын дамыту, өз бетінше дұрыс шешім қабылдауға және әрекет етуге үйрету.
Тәрбиелілік:Білім алушыларды іскерлікке тәрбиелеу, еңбек ете білуге, өзін және өзгелерді  рухани материалдық құндылықтармен қаматамасыз ететін өз елінің патриот азаматы болуға тәрбиелеу.

Дамытушылық: Білім алушылардың логикалық ойлау мәдениетін дамыта отырып, кәсіптік бағдар беру және болашақ мамандықтарына  деген қызығушылықтарын арттыру.Білім алушылардың шығармашылық қабілеттерін өз ойларын  дұрыс жеткізе білу сонымен қатар тіл мәдениетін дамыту.

Базалық құзыреттілік:әр түрлі жағдайлардағы мәселелерді анықтау, жауапты шешім қабылдау;

Кәсіби құзыреттілік:нарыққа  сәйкес дұрыс шешімдер қабылдау;

Арнаулы құзыреттілік: топта жұмыс істеу, топтағы адамдармен жан-жақты жұмыс жасайды, жалпы нәтижені алуда әртүрлі бағыттарда тұру;

Сабақтың түрі: Жаңа білімді бекіту, аралас сабақ.

Сабақтың  әдістемелік тұрғыдан жабдықталуы: ойын сабақ, сұрақ-жауап, слайдтар, кесте, интерактивті тақта.

Өткізу формасы: Топтық, жеке жұмыстар.

Пәнаралық байланыс: экономика негіздері, менеджмент  негіздері
Қолданылған әдебиеттер: Ф.Котлер «Маркетинг», С.Тойкин «Маркетинг негіздері» 178б

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Маркетинг негіздері»



Пән: Маркетинг негіздері

Пән оқытушысы: Тукенова Венера Даулетбековна

Топ: Қаржы-21

Өтетін күні және уақыты: 30.04.2019ж сағат 9.30

Пән: Маркетинг негіздері

Сабақтың тақырыбы: Жарнама және оның түрлері (презентациясымен)
Сабақтың мақсаты:

Білімділік:Білім алушыларға жарнаманың мәнімен, түрлерімен таныстыру, жаңа білім қалыптастыру.Дағдыларын дамыту, өз бетінше дұрыс шешім қабылдауға және әрекет етуге үйрету.
Тәрбиелілік:Білім алушыларды іскерлікке тәрбиелеу, еңбек ете білуге, өзін және өзгелерді рухани материалдық құндылықтармен қаматамасыз ететін өз елінің патриот азаматы болуға тәрбиелеу.

Дамытушылық: Білім алушылардың логикалық ойлау мәдениетін дамыта отырып, кәсіптік бағдар беру және болашақ мамандықтарына деген қызығушылықтарын арттыру.Білім алушылардың шығармашылық қабілеттерін өз ойларын дұрыс жеткізе білу сонымен қатар тіл мәдениетін дамыту.

Базалық құзыреттілік:әр түрлі жағдайлардағы мәселелерді анықтау, жауапты шешім қабылдау;

Кәсіби құзыреттілік:нарыққа сәйкес дұрыс шешімдер қабылдау;

Арнаулы құзыреттілік: топта жұмыс істеу, топтағы адамдармен жан-жақты жұмыс жасайды, жалпы нәтижені алуда әртүрлі бағыттарда тұру;

Сабақтың түрі: Жаңа білімді бекіту, аралас сабақ.

Сабақтың әдістемелік тұрғыдан жабдықталуы: ойын сабақ, сұрақ-жауап, слайдтар, кесте, интерактивті тақта.

Өткізу формасы: Топтық, жеке жұмыстар.

Пәнаралық байланыс: экономика негіздері, менеджмент негіздері
Қолданылған әдебиеттер: Ф.Котлер «Маркетинг», С.Тойкин «Маркетинг негіздері» 178б


Сабақтың технологиялық картасы №13


Сабақ кезеңдері

Уақыты (90 мин.)

Қызметін талдау

Қызмет мақсаты

Оқытушының

Оқушының

1.Ұйымдастыру кезеңі

2 минут


Аудиторияның тазалығын, оқушылардың сыртқы түр-әлпетін тексеру, жоқ балаларды белгілеу.

Сабақ барысына дайындық

Оқушыларды ұйымшылдыққа және жауапкершілікке тәрбиелеу.

2.Үй тапсырмасын

тексеру.

Тапсырма 1.

23 минут

Сабақты жүру барысымен, тапсырмаларды орындау тәртібімен, бағалау жүйесімен таныстыру. Үй тапсырмасына берілген топтық тапсырмалардың сұрақтарын қайталап, тақтаға шығару.капитандар топтарын таныстырады.

1.Ауызша сұрақтар қою

2.Тақтада жұмыс істеу


Үйге берілген

тапсырмаларға жауап

береді.Оқушылардың

жауаптарын тыңдайды.

3.Жаңа тақырыпты оқушылар бір-біріне түсіндіруі. 20 минут


Сабақ тақырыбын жариялау, сабақ мақсатын, негізгі тапсырмалар мен оларды шешу жолдарын жариялау. Сабақты жүру барысымен, тапсырмаларды орындау тәртібімен, бағалау жүйесімен таныстыру. Дәріс көрнекіліктерін тарату. Жаңа тақырыпты мазмұндау

Тыңдау.Жобаларын қорғау, талдау, өз ойларын нақты жеткізу.Дәрістің қысқаша мазмұнын дәптерге жазу. Көрнекілік құралдамен жұмыс.

Жаңа тақырыпты толық меңгеруді қамтамасыз ету.

4.Жаңа тақырыпты бекіту.

Тапсырма 2.

Тапсырма 3. 10 минут

Әр деңгейлі тапсырмалар

беріледі,жаңа терминдермен жұмыстар

жүргізіледі.


Әр деңгейлі тапсырмаларды интерактивті тақтада орындайды. Терминдермен жұмыстарын орындайды.



Жаңа тақырыпты меңгеру дәрежесін әділ анықтау, қатемен жұмыс.

5.Логикалық жағдаяттар.

Тапсырма 4.


Тапсырма 5.

«Пайдалы ақпарат»


Тапсырма 6.

«ФОРТУНА» ойыны



Тапсырма 7.

Біздің армандаған «БАНК»

30 минут



Қызықты логикалық жағдаяттар беріледі.



сайыс шарты бойынша әр топқа мәтін беріледі сол мәтінде топ қатысушылары мәтінді оқып топ капитаны оны жазуы тиіс.




Оқушылар плакаттарға суреттер салып бірлесе отырып топпен жұмыс атқарады

Топпен сұрақтарға жауап береді, оқушылардың актерлік шеберліктерін байқаймыз,жауаптар бағаланады.



Оқушылар топпен бірлесе отырып жаңа банк ашып, олардың қызметтерін таныстырады.

Сабақ мақсатының орындалуын бағалау.

6. Үй тапсырмасын беру.

2 минут.

Түсіндіріп үй

Тапсырмасын береді

Дәптерлеріне

Жазып алу,

нақтылау.

Үй жұмысын түсінікті етіп жеткізу.

7. Оқушыларды бағалау. Рефлексия.

3минут.

Топтың және әр оқушының жұмысы толық бағаланады. Белсенді оқушыларды атап өту.



ТАПСЫРМА №1

Топтағы оқушыларды 3 командаға бөлінген,тапсырма берілген.

1-топ «Жастар»

2-топ «Болашақ»

3-топ «Даму»

Жарнаманың түрлері топтарға бөлініп берілген.

1-топ «Жастар»- «Эмиль» өнімдерін жарнамалау

2-топ «Болашақ»- «Дизайн-мебель» өнімдерін жарнамалау

3-топ «Даму»-«CHANEL» өнімдерін жарнамалау

ТАПСЫРМА №2

Интерактивті тақтада орындалатын деңгейлік тапсырмалар:

Деңгейлік тапсырма (интеракт қолдану)

«1» - Өткізуді ынталандыру?

Жауабы:нарықтың ықпал етуге әсері бар ынталандырушылық әр алуан құралдарды пайдалану

«1» - 2 ғасырда неше жыл бар?       

Жауабы:200

«1» - Тұтынушыларға қандай конкурстар ұйымдастырылады?

Жауабы:Сайыс, лоторея, ойындар


«1» -Насихат

Жауабы:Өткізуді ынталандырумен қатар негізгі ынталандыру құралдарының бірі

«2» - Жарнаманы қазіргі кезде дереу тарату?   

Жауабы:Инстаграмм,фейсбук, ватцап


«2» - Жалпы фирмалық коммуникация? 

Жауабы:Қоғамның фирманың ерекшелігін терең түсінуге бағытталған сыртқы және фирма ішіндегі коммуникация қызметі


«2» - Беделді жарнама дегеніміз?

Жауабы:Ұйымның ұзақ мерзімді бет-бейнесін қалыптастыру


«2» - Жарнамалық бағдарламаны бағалау?  

Жауабы:Коммуникатив тиімділігі, сауда тиімділігі


«3» - Жарнама сөзі қандай сөзден шыққан?

Жауабы: «айқайлау» деген сөзінен

«3» - Жарнама құралдары?

Жауабы:жарнама таратушылардың жиынтығы. Бес түрлі бұқаралық ақпарат құралдары бар, оларға баспасөз, теледидар, афиша, радио, кино жатады.

«3» - Имидждік жарнаманың негізгі мақсаты?

Жауабы:адамдар санасында тауардың немесе фирманың жағымды бейнесін жасау, ал ынталандырушыжарнаманың мақсаты – тауарлар мен қызметтердің өткізілуін ынталандыру.


«3» - Қамту?

Жауабы:Жарнама беруші белгілі бір уақыт ішінде оның жарнамалық компаниясымен мақсатты аудитория шеңберінде қанша адам танысуы керек екенін білуі тиіс.


«4» - Тауар жарнамасының мақсаты?

Жауабы:жалпы тауар категориясына алғашқы сұранысты ынталандыру

«4» - Тұтынушыларың мінез-құлқы?

Жауабы:Өскен ортасы мен темпераментіне


«4» - Маусымаралық кезеңде тұтынушының тауарды есінде сақтауына?

Жауабы:тауар туралы жоғарғы деңгейде хабардар болуын қолдап отыру

«4» - Жарнаманыжоспарлаупроцесі?

Жауабы:мақсатты аудиторияны таңдау;

Жарнама мақсатын анықтау;

Хабарлаудың стратегиясы мен тактикасын әзірлеу;

Жарнама құралдарын таңдау;

Жарнама тиімділігін бағалау.









ТАПСЫРМА №3

Жаңа тақырыпты бекітуге терминдермен жұмыс орындалады

қазақша

орысша

ағылшынша

1

жарнама

реклама

advertisement

2

коммуникация

коммуникация

communication

3

ақпарат

информация

information

5

 пайда 

прибыль

profit


6

еңбекақы 

заработная плата 

wages

7

шот 

счет

 account

8

ақша 

деньги 

money

9

маркетинг

маркетинг 

marketing

10

банк

банк

bank

11

қарыз беруші

кредитор

creditor

12

несиелік карта

кредитное карточки

credit card


ТАПСЫРМА №4

Логикалық жағдаяттар

1.Заттың өзіне қарап суретін салу

(Тауарды дағдылы ортада қолданып тұрған бір немесе бірнеше кейіпкерді көрсету.Мәселен, дастарған басында печеньенің жаңа маркасына дән ризашылығын көрсетіп отырған отбасын көрсету)

2.Тұрмыс қалпын ерекшелеп көрсету

(Белгілі бір тұрмыс жағдайына тауардың сайма –сай келіп тұрғанын көрсетуге баса көңіл аудару)

3.Қияли жағдай жасау

(Тауар не оны қолдану төңірігінде бір қияли орта жасалады.)

4.Көңіл күйін немесе бейне жасау

(Тауар төңірегінде ол тудыратын көңіл-күйін немесе бейнелік, мәселен, әдемілік, сүйіспеншілік немесе алаңсыздық күйін жасайды.Тұспалдан басқа тауар пайдасына еш нәрсе айтылмайды)

5.Мюзикл

(Тауар туралы ән айтып тұрған бір немес бірнеше кейіпкердің суретін немесеөзін көрсету. «Кока-Кола» сияқты сусындарғахабарландырулар осы принципке құрылған.)

6.Символикалық кейіпкерді пайдалану

(Тауарды бейнелейтін кейіпкерді жасау.Ол мультипликациялық «Нэсквик» немес нақты болуы мүмкін.)

7.Техникалық және кәсіптік тәжірибені ерекшелеу

(Фирманың нақты тауарды өндірудегі техникалық және кәсіптік тәжірибесін көрсету)

8.Ғылыми сипаттағы мәліметтерді пайдалану

(Тауардың басқа бір бірнеше маркамен салыстырғанда аса тиімді және жоғары бағалануы жөніндегі ғылыми мәліметтер келтірілді.Көптеген жылдар бойы «Блендамед» тіс пастасының жарнамасы тұтынушыларды кариеспен күресте осы пастаның артықшылығын сендіруге бағытталған ғылыми деректерді пайдаға жаратуда.)

9. Айғақтарды тауар пайдасына қолдану.

(Жарнама тауарды мақұлдайтын, толық сенімге ие және жағымды пікір тудыратын ақпарат көздерін ұсынады .Бұл бір әйгілі адам немесе тауар өздеріне өте ұнайтын қарапайым адамдар болуы мүмкін.)

10.Иллюстрациялы

(Хабарландырудың көлемі , түсі мен иллюстрациялары секілді қалпын құрайтын элементтер хабарландырудың әсер ету дәрежесіне және оның құндылығына әсер етеді)

ТАПСЫРМА №5

«Пайдалы ақпарат» сайыс шарты бойынша әр топқа мәтін беріледі сол мәтінде топ қатысушылары мәтінді оқып топ капитаны оны жазуы тиіс.

1.Кока коланың жарнама тарихы

2.Кивсидің жарнама тарихы

3.Мак доналдстің жарнама тарихы


ТАПСЫРМА №6

«ФОРТУНА» ойыны (интеракт қолдану)

Оқушылар берілген сұрақтарға жауап береді.

1.Жарнама дегеніміз не?

Жарнама (француз тілінде «reklama», латынша «reklama» - айқайлап айту) – тауарлар мен қызмет түрлерінің тұтынушылық қасиеті туралы әр түрлі іс-шаралар, бір нәрсені хабарлау немесе сатушы мен сатып алушы арасындағы ақпарат алмасу.

2.Жарнаманың мақсаты қандай?

Жарнама мақсаты:

-сауда нарығын кеңейту

-бұқараға тауар жайлы хабарлау

-фирманың атағын, тауар белгісін қалыптастыру және ұйымдастыру

-тауардың пайдалылығы мен артықшылығын хабарлау

-қарсыластарға тойтарыс бере алу.

3.Жарнама қай уақыттан бастап пайда болды?

4. Жарнамаға қойылатын талаптар қандай?

Жарнама тұтынушыға бір жаңалық ашқандай әсер етуі қажет;

Жарнама әділ болуы керек, орынсыз жасалған жарнама сенімді жоғалтады;

Жарнама нақты, басқа фирмаларға қатысты әділ болып, өз тауарын мақтап, өзгенікін жамандамауы керек.

5. Жарнама түрлері

6. «Мамандығым-мақтанышым» атты жарнамаларын әңгімелейді.

Жарнаманың артықшылығы мен кемшілігі.

 Жарнаманың артықшылығы.Жарнама тұтас алғанда әртүрлі әдіс – тәсілдер арқылы тұтынушылардың және экономикалық мүддесіне қызмет  етеді.

-         Жарнама тұтынушыларды нарықтағы баға, соңғы жетістіктер мен жаңа тауарлар,қызмет көрсетулер туралы ақпаратпен жабдықтайды.

-         Жарнама кейде бағаның арзандауына септеседі.Ол жаппай нарықтағы  жағдайын жасақтай отырып өнімнің өзіндік құнының азаюына және  тұтынушылардың өз ақшасын үнемдеуіне мүмкіндік береді.

-         Жарнама бәсекені ынталандырады, бұл кімге де болсын пайдалы. Бір фирманың жарнамасы қалғандарына аз болғанда әлгі сапа деңгейіне жетуіне, сөйтіп осы арқылы тұтынушылар ақшасын қалтаға түсіруге құлшындырады.

-         Жарнамадан түскен табыс газеттер мен журналдардың шығуына кететін шығынының үлкен бөлігін, коммерциялық радио мен телевидениені ұстауға шығатын бүкіл шығынды құрайды.

-         Жарнама жалпы алғанда тұтыну сұранымына серпін бере отырып экономикаға пайда әкеледі.Жарнама сұранымды қажет деңгейде ұстап тұруға көмектеседі.

Жарнаманыңкемшіліктері:

-         Жарнаманың мазмұны көбінесе теріс мәліметтерге құрылып, сатып алушыларды адастырып жібереді.

-         Жарнамаға қомақты қаржы шығындалатындықтан  мұның өзі тауар бағасынқ ымбаттатып жібереді.

-         Жарнама тұтынушылардың өздеріне тіпті де қажеті жоқ тауарға ақша шығындауына күштеп көндіреді.

-         Бұқаралық ақпарат құралдары жарнама берушілерге тәуелді болып қалатындықтан олардың еркіндігі де шектеледі.

ТАПСЫРМА №7

Біздің армандаған «БАНК» (оқушылар топпен бірлесе отырып жаңа банк ашып, олардың қызметтерін таныстырады)



І. Ұйымдастыру кезеңі . (Амандасу, студенттерді түгендеу, сабаққа дайындығын тексеру)


ІІ .Сабақтың тақырыбын айту, мақсатын ашу (топтың капитандары бір-біріне сабақта сәттілік тілеп, тілектер айтады;

1-топ «Жастар»

2-топ «Болашақ»

3-топ «Даму»

 «Шындығында адам жарнамадағы хабарландыруды оқымайды, олар одан өзіне керек нәрсені іздейді, осы  жағдайға жеткізген жарнама – нағыз жарнама болып саналады.»

                                                Говард Госиди, жарнама жөніндегі маман, АҚШ

қанатты сөздерімен сабағымызды бастаймыз.

Кез келген ақылы жарнама презентация формасы мен тауардың, қызметтің, ойдың алға жылжуын айтамыз. Ол латын тілінен «reclamare»,немесе француз тілінен «reclame» аударғанда «қатты айғайлау» немесе «жарнамалау» деген мағынаны білдіреді.

Сабақ 6 бөлімнен тұрады:

1-бөлім: Үй жұмысын тексеру.

2-бөлім: Жаңа тақырыпты меңгеру.

3-бөлім: Жаңа тақырыпты бекіту.(әр топқа деңгейлік тапсырмалар беріледі, және топпен жұмыс жасауға тапсырма беріледі);

4-бөлім: Логикалық жағдаяттар. Капитандар тапсырмаларын тексеріп, бағасын қояды. Қалған оқушылар логикалық сұрақтарға жауап береді.

5-бөлім: Үй жұмысын беру.

6-бөлім: Бағалау парақтары бойынша сабақты қорытындылау, рефлексия.

ІІІ. 1-бөлім-үй тапсырмасын тексеру.

3 топқа бөлініп,әр топтан үй жұмысын қорғайды -үй жұмыстары 3 топқа алдын-ала әртүрлі тапсырмаларды жұмыс дәптерлеріне орындап келеді, сонымен қатар презентация, видео жасап келеді. Жұмыстарын тақтада қорғайды.

Бағалары бағалау парақтарына қойылады.Олар тақтаға жазып жатқанда басқа балалар тыңдап, тексеріп отырады. Мұғалім қалған оқушылардың дәптерлеріндегі орындалған үй жұмыстарын тексерді.

Үй жұмысын қорғап болған оқушыларға басқа топ қосымша сұрақтар қояды.





IV. 2-бөлім.Жаңа тақырыпты меңгеру.

    1. 3-бөлім. Сабақты бекіту: 3 топтан тақтаға капитандар шығып деңгейлік тапсырмалар орындайды, қалған оқушылар терминдермен жұмыс орындалады,дәптерлерінде орындайды. Тақтада деңгейлік тапсырмалар орындалады.


Сабақты бекітуге сұрақтар:


    1. 4-бөлім. Оқушыларға әр түрлі тапсырмалар беріледі. Капитандар терминдерді тексеріп, бағаларын қояды. Қалған оқушыларға логикалық сұрақтар қойылады,и жағдаяттардан шығу, мәтіндермен жұмыс, жарнама жасау т.б.

    2. Логикалық сұрақтар.

5-бөлім.Үй жұмысын беру. Жарнама және оның түрлері тақырыбы бойынша буклеттер жасап келу.

    1. Қорытындылау, рефлексия.

Бағалау парақтары бойынша оқушылардың алған бағалары айтылады.

Рефлексия: Оқушылар өздеріне ұнаған смайликті көтереді.

1-смайлик. Сабақ ұнады, қызықты өтті, көп нәрсені үйрендім.

2-смайлик. Сабақ ұнады, бірақ толық түсінген жоқпын, қызықты болған жоқ.

3-смайлик. Сабақ ұнаған жоқ, түсінген де жоқпын, қызықсыз өтті.
















«Жарнама және оның түрлері» (Power point бағдарламасын қолдана отырып жаңа тақырыпты түсіндіру)

  • Жарнаманың мәні, түсінігі

  • Жарнаманың түрлері

Жарнама бұқаралық қатынастың қаржыландыру көзін нақты көрсеткен ақылы ақпаратты тарату құралдары арқылы жүзеге асырылатын жеке емес түрі болып табылады. Жарнаманың қолданылу аясы сан түрлі болып келеді. Оны ұйымның ұзақ мерзімді бет-бейнесін қалыптастыруда ( беделді жарнама) нақты белгілі тауарды ұзақ мерзім ұстау үшін (белгіні жарнамалау), сату, қызмет көрсету немесе әрекет жасау туралы ақпаратты тарту үшін (рубрикалық жарнама) , төмендетілген бағамен сату туралы хабарландыру үшін (бәрін сатуды жарнамалау), нақты ойларды қорғау үшін (түсінік-насихаттық жарнама) пайдаланылады.

Жарнама тұтынушыларды тауар туралы хабардар ету мақсатында немесе оларды өз өнімдерін сатып алуға ынталандыру үшін жарнама берушіден — мақсатты аудиторияға берілетін байланыс болып табылады. Бұл байланыс әдетте ақылы медиа – ТВ, радио, баспа жарнама, жарнама қалқандары және соңғы уақытта продакт-плейсмент (фильмдердегі, телебағдарламалардағы, музыкалық клиптердегі, кітаптардағы жасырын жарнама) арқылы жүзеге асырылады. Коммерциялық кәсіпорындар жарнаманы өз өнімдерін тұтынушыларды тарту үшін пайдаланады, ал коммерциялық емес ұйымдар халықтың хабардар болу деңгейін арттыру үшін немесе халықты мінез-құлықты өзгертуге немесе қабылдауға (әлеуметтік жарнама жағдайында) шақыру үшін жарнамалық хабарландыруларды орналастырады.

Жарнама дегеніміз –қаржыландыру көзі анық көрсетілген, БАҚ арқылы жүзеге асатын, жеке көрсетілмейтін, тауар мен қызметті жылжыту нысаны.

Жарнама аудиторияға екі тәсілмен беріледі:

- жарнама беруші жарнаманы өзі дайындап, содан кейін оны басып, БАҚ-қа ұсынады;

- жарнама беруші жарнама мақсатын атап көрсетіп, жарнама агенттіктеріне және агенттеріне тапсырыс береді.

Жарнама берушілер – бұлар өндірушілер, бөлшек-көтерме саудагерлер, мемлекеттік емес ұйымдар және т.б.

Жарнама агенттіктері –жарнама қызметін ұсынатын делдалдар. Олардың көбі бұқаралық ақпарат құралдарын таңдау, жарнама орнын немесе уақытын сатып алу, жарнама науқанын шығармашылық (творчестволық) өңдеу және жарнаманы жасау сияқты қызметтерді ұсынады. Жарнама беруші оны шығаруға байланысты кейбір қызмет түрлерін өзі жасай алады. Жарнама агенттіктерін таңдаған кезде жарнама бағасын, олардың шығармашылық мүмкіндіктерін, қызметінің сапасын талдау керек.

Көрсетілетін қызмет көлеміне байланысты жарнама агенттіктері әмбебап және мамандандырылған болып бөлінеді.

Әмбебап жарнама агенттігі ақпарат және жарнама қызметінің барлық аумағындағы қызметін ұсынады. Осындай агенттіктерге «Стикс», «Юлия», «Триумф», «Бизнес Магазин», «Алина» жәнебасқаларжатады.

Мамандандырылған жарнама агенттігі жарнама қызметінің белгілі біртүрін ұсынады. Оларғашығармашылық шеберханалар, жарнама уақытына ие болатын фирмалар жатады.

Шығармашылық шеберханалар жарнаманың ерекше көркем тұжырымдамаларын жасап, ол туралы материалдарды дайындайды, бірақ жарнаманы өткізуде, ұйымдастыруда толық ауқымды қызметтер көрсетпейді. Мәселен, «Герона», «Гридан», «Киік» агенттіктері кеңөрісті полиграфиялық қызметтерді, визуалды жарнама жасайтын жаңа технологияларды ұсынады.

Жарнама уақытына ие болушы фирмалар алдын ала үлкен көлемде БАҚ-тан орын сатыпалады, содан кейін оны жарнама берушілерге және жарнама агенттіктеріне сатады.

Жарнама құралдары – жарнама таратушылардың жиынтығы. Бес түрлі бұқаралық ақпарат құралдары бар, оларғабаспасөз, теледидар, афиша, радио, кино жатады.

Жарнаманы жоспарлау процесі мынадай кезеңдерден тұрады:

§ мақсатты аудиторияны таңдау;

§ жарнама мақсатын анықтау;

§ хабарлаудың стратегиясы мен тактикасын әзірлеу;

§ жарнама құралдарын таңдау;

§ жарнама тиімділігін бағалау.

Тұтынушыға жарнама әртүрліқұралдар арқылы жетеді. Жарнама түрлерін былайша жіктеуге болады:

1. Мақсаттық белгіленуіне қарай:

§ тауарлар мен қызметтер жарнамасы;

§ идея-ойлар жарнамасы;

§ пайдаалуүшін бағытталған коммерциялықжарнама;

§ пайда алуды көздемейтін коммерциялық емес жарнама (қайырымдылық қоры, діни және саяси ұйымдардың жарнамасы).

2. Мақсатты бағытқасәйкес жарнама типтері.

1) Марка жарнамасы тұтынушылардың тауар маркасы туралы хабардар болуына және фирманың нарықтағы үлесін арттыруға бағытталған. Оның мақсаты – бәсекелес марканың сатып алушыларын үйіру арқылы таңдамалы сұранысты ынталандыру.

2) Тауар жарнамасының мақсаты – жалпы тауар категориясына алғашқы сұранысты ынталандыру. Мұндай жарнама салалық өткізуді өсіруге бағытталған болса, марка жарнамасы осы өткізу көлемінен өзі үлесін бөліп алуға арналған.

3) Корпорация немесе компания жарнамасыолардыңбейнесінжасауғабағытталған.

4) Бірлескен жарнамада өндіруші бөлшек саудагерлердің тауарды жарнамалауға кеткен шығындарын толтырады.

Имидждік  жарнаманың негізгі мақсаты – адамдар санасында тауардың немесе фирманың жағымды бейнесін жасау, ал  ынталандырушы жарнаманың мақсаты – тауарлар мен қызметтердің өткізілуін ынталандыру.

3. Практикалық мақсаттар үшін ең ыңғайлысы – өткізу арналары арқылы жарнаманы жіктеу.


Жарнаманың қамту шеңбері, берілу жиілігі, және әсер ету күші туралы шешім қабылдау

1.Қамту.Жарнама беруші белгілі бір уақыт ішінде оның жарнамалық компаниясымен мақсатты аудитория шеңберінде қанша адам танысуы керек екенін танысуы тиіс.Мәселен жарнама беруші бірінші жылы мақсатты аудиторияның 70 пайызын қамтуға тырысуы мүмкін.

2.Жарнаманың берілу жиілігі.Сондай-ақ жарнама беруші мақсатты аудиторияның орташа өкілі оның жарнамалық хабарландыруымен белгілі бір уақыт ішінде неше рет жүздесу керек екенін де шешуі керек.

3.Әсер ету күші.Жарнама беруші оның жарнамасымен байланыс жасау қаншалықты әсер ету күшіне ие болу керектігінде ойластыруы қажет.













Мақсатты аудиторияның белгілі ақпарат құралдарына әуестігі.

Мәселен жасөспірімдер аудиториясын қамтуға радио мен теледидар, инстаграм барынша тиімді болмақ

Тауардың ерекшеліктері

Әйелдер көйлектері және аксессуарларын түрлі түсті журналдарда ұсыну.Тауарды демонстрациялау және көрнекті құралдармен ұсынуының ықтимал мүмкіндіктері, түсіндіруінің нақтылығы дәрежесі, өздеріне сенімділігі ж және бояуды пайдалану. Әр түрлі болып келеді.

Жолдаудың ерекшелігі

Ертеңінде өткелі тұрған ірі тауарларды сату туралы жолдау радио не газетті, инстаграмды пайдалануды қажет етеді.

Құн

Ең қымбаты теледидар, билбордттар болып табылады, ал газеттердігі жарнама арзанға түседі.


Жарнаманың мақсаттары

Жарнаманың түрі

Жарнама міндеттері

Ақпараттық

Нарыққа жаңалық туралы немесе қолда бар тауардың жаңашақолданылуы туралы әңгімелеу+ нарыққа бағаның өзгергені туралы ақпарат беру (хабарлау)+ тауар әрекетінің принципін түсіндіру+ көрсетілген қызметті суреттеу+тұтынушы қауіпін сейілту немесе теріс түсінігін түзету+фирманың бет-бейнесін қалыптастыру

Үгіттік

Марканы жоғары бағалауды қалыптастыру+сізді маркаға көшуге көтермелеу+тұтынушының тауар қасиеттерін қабылдауын өзгерту+тұтынушы сол затты сатып алуды кейінге қалдырмауға сендіру+ тұтынушыны коммивояжерді қабылдау қажеттілігіне сендіру

Еске салушы

Тұтынушыға тауар оларға жақын арада қажет болып қалуы мүмкін екендігін ескерту+ тұтынушыға тауарды қайдан сатып алуға болатынын ескерту.Маусымаралық кезеңде тұтынушының тауарды есінде сақтауына қол жеткізу




Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Прочее

Категория: Уроки

Целевая аудитория: Прочее

Скачать
Маркетинг негіздері

Автор: Тукенова Венера Даулетбековна

Дата: 22.01.2020

Номер свидетельства: 536939

Похожие файлы

object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(61) "Менеджмент ж?не маркетинг негізі."
    ["seo_title"] => string(38) "mieniedzhmientzhniemarkietinghnieghizi"
    ["file_id"] => string(6) "304899"
    ["category_seo"] => string(13) "vsemUchitelam"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1457812351"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(76) "Конспект урока Менеджмент ж?не маркетинг."
    ["seo_title"] => string(44) "konspiekturokamieniedzhmientzhniemarkietingh"
    ["file_id"] => string(6) "304893"
    ["category_seo"] => string(7) "prochee"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1457811243"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(46) "Ашық сабақтың әзірлемесі"
    ["seo_title"] => string(27) "ashyk_sabak_tyn_zirliemiesi"
    ["file_id"] => string(6) "376557"
    ["category_seo"] => string(7) "prochee"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1483890620"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(70) ""Жарнама және оның түрлері " ашық сабақ"
    ["seo_title"] => string(39) "zharnama_zh_ne_onyn_turleri_ashyk_sabak"
    ["file_id"] => string(6) "507566"
    ["category_seo"] => string(9) "ekonomika"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1555576563"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(40) "Web-сайт куру  тасiлдерi "
    ["seo_title"] => string(24) "web-sait-kuru-tasildieri"
    ["file_id"] => string(6) "103851"
    ["category_seo"] => string(11) "informatika"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1402642001"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства