Сабақтың тақырыбы: Жарнама және оның түрлері (презентациясымен) Сабақтың мақсаты: Білімділік: Білім алушыларға жарнаманың мәнімен, түрлерімен таныстыру, жаңа білім қалыптастыру.Дағдыларын дамыту, өз бетінше дұрыс шешім қабылдауға және әрекет етуге үйрету. Тәрбиелілік: Білім алушыларды іскерлікке тәрбиелеу, еңбек ете білуге, өзін және өзгелерді рухани материалдық құндылықтармен қаматамасыз ететін өз елінің патриот азаматы болуға тәрбиелеу.
Дамытушылық: Білім алушылардың логикалық ойлау мәдениетін дамыта отырып, кәсіптік бағдар беру және болашақ мамандықтарына деген қызығушылықтарын арттыру.Білім алушылардың шығармашылық қабілеттерін өз ойларын дұрыс жеткізе білу сонымен қатар тіл мәдениетін дамыту.
Базалық құзыреттілік: әр түрлі жағдайлардағы мәселелерді анықтау, жауапты шешім қабылдау;
Кәсіби құзыреттілік: нарыққа сәйкес дұрыс шешімдер қабылдау;
Арнаулы құзыреттілік: топта жұмыс істеу, топтағы адамдармен жан-жақты жұмыс жасайды, жалпы нәтижені алуда әртүрлі бағыттарда тұру;
Сабақтың түрі: Ойын элементтерін қолдана отырып жаңа білімді меңгерту
Сабақтың әдістемелік тұрғыдан жабдықталуы: ойын сабақ, сұрақ-жауап, слайдтар, кесте, интерактивті тақта.
Пәнаралық байланыс: экономика негіздері, менеджмент негіздері
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Просмотр содержимого документа
«"Жарнама және оның түрлері " ашық сабақ»
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
«Innovative Gollege» мекемесі
Бекітемін Келісілді
КММ «ШҚО ТжКББ және КД «Innovative Сollege»
орталығының» директоры мекемесінің директоры
______Р.С.Рамазанов ______К.Т.Уразбаева
«___»_______2019 ж. «___»_______2019 ж
Облыстық деңгейдегі ашық сабақтың
ӘЗІРЛЕМЕСІ
Семей-2019ж
Пән: Маркетинг негіздері
Пән оқытушысы: Тукенова Венера Даулетбековна
Топ: Қаржы-21
Өтетін күні және уақыты : 13.03.2019ж сағат 9.30
Пән: Маркетинг негіздері
Сабақтың тақырыбы: Жарнама және оның түрлері (презентациясымен) Сабақтың мақсаты: Білімділік: Білім алушыларға жарнаманың мәнімен, түрлерімен таныстыру, жаңа білім қалыптастыру.Дағдыларын дамыту, өз бетінше дұрыс шешім қабылдауға және әрекет етуге үйрету. Тәрбиелілік: Білім алушыларды іскерлікке тәрбиелеу, еңбек ете білуге, өзін және өзгелерді рухани материалдық құндылықтармен қаматамасыз ететін өз елінің патриот азаматы болуға тәрбиелеу.
Дамытушылық: Білім алушылардың логикалық ойлау мәдениетін дамыта отырып, кәсіптік бағдар беру және болашақ мамандықтарына деген қызығушылықтарын арттыру.Білім алушылардың шығармашылық қабілеттерін өз ойларын дұрыс жеткізе білу сонымен қатар тіл мәдениетін дамыту.
Базалық құзыреттілік: әр түрлі жағдайлардағы мәселелерді анықтау, жауапты шешім қабылдау;
Кәсіби құзыреттілік: нарыққа сәйкес дұрыс шешімдер қабылдау;
Арнаулы құзыреттілік: топта жұмыс істеу, топтағы адамдармен жан-жақты жұмыс жасайды, жалпы нәтижені алуда әртүрлі бағыттарда тұру;
Сабақтың түрі: Ойын элементтерін қолдана отырып жаңа білімді меңгерту
Сабақтың әдістемелік тұрғыдан жабдықталуы: ойын сабақ, сұрақ-жауап, слайдтар, кесте, интерактивті тақта.
Пәнаралық байланыс: экономика негіздері, менеджмент негіздері
Сабақ мазмұны
1.Ұйымдастыру кезеңі: (3 мин)
- Аудиторияның тазалығын тексеру
- Білім алушылардың сабаққа дайындығын бақылау
- Білім алушыларды түгендеу
- Сабақтың тақырыбы мен мақсатын айқындау.
2. Үй тапсырмасын сұрау: (17 мин)
(Power point бағдарламасын қолдана отырып үй тапсырмасын сұрау)
* Топты екіге бөліп, таныстыру:
1-топ «Болашақ»
2-топ «Жастар»
* Үй жұмысын деңгейлік тапсырма арқылы сұрау: (интеракт қолдану)
«3» - Маркетингтік коммуникация дегеніміз не?
«3» - Ақпаратты тарату ұғымы
«3» - Маркетингтік зерттеу
«3» - Хабардарлық дегеніміз не?
«4» - Маркетингтік коммуникация түрлері
«4» - Бәсекелестердің қызметі
«4» - Маркетингтік коммуникация кезеңдерін ата?
«4» - Өткізуді ынталандыру
«5» - Мақсатты аудиториядағы сенім
«5» - Қазақстандағы маркетингтік қызметтің дамуы
«5» - Сатып алуды іске асыру
«5» - Коммуникатор қызметін қалай жүзеге асырады?
3. Жаңа тақырып өту: (30 мин)
«Жарнама және оның түрлері» (Power point бағдарламасын қолдана отырып жаңа тақырыпты түсіндіру)
Жарнаманың мәні, түсінігі
Жарнаманың түрлері
Жарнама бұқаралық қатынастың қаржыландыру көзін нақты көрсеткен ақылы ақпаратты тарату құралдары арқылы жүзеге асырылатын жеке емес түрі болып табылады. Жарнаманың қолданылу аясы сан түрлі болып келеді. Оны ұйымның ұзақ мерзімді бет-бейнесін қалыптастыруда ( беделді жарнама) нақты белгілі тауарды ұзақ мерзім ұстау үшін (белгіні жарнамалау), сату, қызмет көрсету немесе әрекет жасау туралы ақпаратты тарту үшін (рубрикалық жарнама) , төмендетілген бағамен сату туралы хабарландыру үшін (бәрін сатуды жарнамалау), нақты ойларды қорғау үшін (түсінік-насихаттық жарнама) пайдаланылады.
Жарнама тұтынушыларды тауар туралы хабардар ету мақсатында немесе оларды өз өнімдерін сатып алуға ынталандыру үшін жарнама берушіден — мақсатты аудиторияға берілетін байланыс болып табылады. Бұл байланыс әдетте ақылы медиа – ТВ, радио, баспа жарнама, жарнама қалқандары және соңғы уақытта продакт-плейсмент (фильмдердегі, телебағдарламалардағы, музыкалық клиптердегі, кітаптардағы жасырын жарнама) арқылы жүзеге асырылады. Коммерциялық кәсіпорындар жарнаманы өз өнімдерін тұтынушыларды тарту үшін пайдаланады, ал коммерциялық емес ұйымдар халықтың хабардар болу деңгейін арттыру үшін немесе халықты мінез-құлықты өзгертуге немесе қабылдауға (әлеуметтік жарнама жағдайында) шақыру үшін жарнамалық хабарландыруларды орналастырады.
Жарнама дегеніміз –қаржыландыру көзі анық көрсетілген, БАҚ арқылы жүзеге асатын, жеке көрсетілмейтін, тауар мен қызметті жылжыту нысаны.
Жарнама аудиторияға екі тәсілмен беріледі:
- жарнама беруші жарнаманы өзі дайындап, содан кейін оны басып, БАҚ-қа ұсынады;
- жарнама беруші жарнама мақсатын атап көрсетіп, жарнама агенттіктеріне және агенттеріне тапсырыс береді.
Жарнама берушілер – бұлар өндірушілер, бөлшек-көтерме саудагерлер, мемлекеттік емес ұйымдар және т.б.
Жарнама агенттіктері –жарнама қызметін ұсынатын делдалдар. Олардың көбі бұқаралық ақпарат құралдарын таңдау, жарнама орнын немесе уақытын сатып алу, жарнама науқанын шығармашылық (творчестволық) өңдеу және жарнаманы жасау сияқты қызметтерді ұсынады. Жарнама беруші оны шығаруға байланысты кейбір қызмет түрлерін өзі жасай алады. Жарнама агенттіктерін таңдаған кезде жарнама бағасын, олардың шығармашылық мүмкіндіктерін, қызметінің сапасын талдау керек.
Көрсетілетін қызмет көлеміне байланысты жарнама агенттіктері әмбебап және мамандандырылған болып бөлінеді.
Әмбебап жарнама агенттігі ақпарат және жарнама қызметінің барлық аумағындағы қызметін ұсынады. Осындай агенттіктерге «Стикс», «Юлия», «Триумф», «Бизнес Магазин», «Алина» және басқалар жатады.
Мамандандырылған жарнама агенттігі жарнама қызметінің белгілі бір түрін ұсынады. Оларға шығармашылық шеберханалар, жарнама уақытына ие болатын фирмалар жатады.
Шығармашылық шеберханалар жарнаманың ерекше көркем тұжырымдамаларын жасап, ол туралы материалдарды дайындайды, бірақ жарнаманы өткізуде, ұйымдастыруда толық ауқымды қызметтер көрсетпейді. Мәселен, «Герона», «Гридан», «Киік» агенттіктері кең өрісті полиграфиялық қызметтерді, визуалды жарнама жасайтын жаңа технологияларды ұсынады.
Жарнама уақытына ие болушы фирмалар алдын ала үлкен көлемде БАҚ-тан орын сатып алады, содан кейін оны жарнама берушілерге және жарнама агенттіктеріне сатады.
Жарнама құралдары – жарнама таратушылардың жиынтығы. Бес түрлі бұқаралық ақпарат құралдары бар, оларға баспасөз, теледидар, афиша, радио, кино жатады.
Жарнаманы жоспарлау процесімынадай кезеңдерден тұрады:
§ мақсатты аудиторияны таңдау;
§ жарнама мақсатын анықтау;
§ хабарлаудың стратегиясы мен тактикасын әзірлеу;
§ жарнама құралдарын таңдау;
§ жарнама тиімділігін бағалау.
Тұтынушыға жарнама әр түрлі құралдар арқылы жетеді. Жарнама түрлерін былайша жіктеуге болады:
1. Мақсаттық белгіленуіне қарай:
§ тауарлар мен қызметтер жарнамасы;
§ идея-ойлар жарнамасы;
§ пайда алу үшін бағытталған коммерциялық жарнама;
§ пайда алуды көздемейтін коммерциялық емес жарнама (қайырымдылық қоры, діни және саяси ұйымдардың жарнамасы).
2. Мақсатты бағытқа сәйкес жарнама типтері.
1) Марка жарнамасы тұтынушылардың тауар маркасы туралы хабардар болуына және фирманың нарықтағы үлесін арттыруға бағытталған. Оның мақсаты – бәсекелес марканың сатып алушыларын үйіру арқылы таңдамалы сұранысты ынталандыру.
2) Тауар жарнамасының мақсаты – жалпы тауар категориясына алғашқы сұранысты ынталандыру. Мұндай жарнама салалық өткізуді өсіруге бағытталған болса, марка жарнамасы осы өткізу көлемінен өзі үлесін бөліп алуға арналған.
3) Корпорация немесе компания жарнамасы олардың бейнесін жасауға бағытталған.
4) Бірлескен жарнамада өндіруші бөлшек саудагерлердің тауарды жарнамалауға кеткен шығындарын толтырады.
Имидждік жарнаманың негізгі мақсаты – адамдар санасында тауардың немесе фирманың жағымды бейнесін жасау, ал ынталандырушыжарнаманың мақсаты – тауарлар мен қызметтердің өткізілуін ынталандыру.
3. Практикалық мақсаттар үшін ең ыңғайлысы – өткізу арналары арқылы жарнаманы жіктеу.
Жарнаманың қамту шеңбері, берілу жиілігі, және әсер ету күші туралы шешім қабылдау
1.Қамту. Жарнама беруші белгілі бір уақыт ішінде оның жарнамалық компаниясымен мақсатты аудитория шеңберінде қанша адам танысуы керек екенін танысуы тиіс.Мәселен жарнама беруші бірінші жылы мақсатты аудиторияның 70 пайызын қамтуға тырысуы мүмкін.
2.Жарнаманың берілу жиілігі.Сондай-ақ жарнама беруші мақсатты аудиторияның орташа өкілі оның жарнамалық хабарландыруымен белгілі бір уақыт ішінде неше рет жүздесу керек екенін де шешуі керек.
3.Әсер ету күші.Жарнама беруші оның жарнамасымен байланыс жасау қаншалықты әсер ету күшіне ие болу керектігінде ойластыруы қажет.
Мақсатты аудиторияның белгілі ақпарат құралдарына әуестігі.
Мәселен жасөспірімдер аудиториясын қамтуға радио мен теледидар, инстаграм барынша тиімді болмақ
Тауардың ерекшеліктері
Әйелдер көйлектері және аксессуарларын түрлі түсті журналдарда ұсыну.Тауарды демонстрациялау және көрнекті құралдармен ұсынуының ықтимал мүмкіндіктері, түсіндіруінің нақтылығы дәрежесі, өздеріне сенімділігі ж және бояуды пайдалану. Әр түрлі болып келеді.
Жолдаудың ерекшелігі
Ертеңінде өткелі тұрған ірі тауарларды сату туралы жолдау радио не газетті, инстаграмды пайдалануды қажет етеді.
Құн
Ең қымбаты теледидар, билбордттар болып табылады, ал газеттердігі жарнама арзанға түседі.
Жарнаманың мақсаттары
Жарнаманың түрі
Жарнама міндеттері
Ақпараттық
Нарыққа жаңалық туралы немесе қолда бар тауардың жаңаша қолданылуы туралы әңгімелеу+ нарыққа бағаның өзгергені туралы ақпарат беру (хабарлау)+ тауар әрекетінің принципін түсіндіру+ көрсетілген қызметті суреттеу+тұтынушы қауіпін сейілту немесе теріс түсінігін түзету+фирманың бет-бейнесін қалыптастыру
Үгіттік
Марканы жоғары бағалауды қалыптастыру+сізді маркаға көшуге көтермелеу+тұтынушының тауар қасиеттерін қабылдауын өзгерту+тұтынушы сол затты сатып алуды кейінге қалдырмауға сендіру+ тұтынушыны коммивояжерді қабылдау қажеттілігіне сендіру
Еске салушы
Тұтынушыға тауар оларға жақын арада қажет болып қалуы мүмкін екендігін ескерту+ тұтынушыға тауарды қайдан сатып алуға болатынын ескерту.Маусымаралық кезеңде тұтынушының тауарды есінде сақтауына қол жеткізу+тауар туралы жоғарғы деңгейде хабардар болуын қолдап отыру.
Видео- ролик көрсету.
Ой сергіту сәті
4. Жаңа тақырыпты бекіту: (20 мин)
Жаңа тақырып бойынша «ФОРТУНА» ойыны (интеракт қолдану)
Оқушылар берілген сұрақтарға жауап береді.
1. Жарнама дегеніміз не? (дұрыс жауапқа 100-300 а.б.)
Жарнама (француз тілінде «reklama», латынша «reklama» - айқайлап айту) – тауарлар мен қызмет түрлерінің тұтынушылық қасиеті туралы әр түрлі іс-шаралар, бір нәрсені хабарлау немесе сатушы мен сатып алушы арасындағы ақпарат алмасу.
Жарнаманың мақсаты қандай? (дұрыс жауапқа 300-500 а.б.)
Жарнама мақсаты:
-сауда нарығын кеңейту
-бұқараға тауар жайлы хабарлау
-фирманың атағын, тауар белгісін қалыптастыру және ұйымдастыру
-тауардың пайдалылығы мен артықшылығын хабарлау
-қарсыластарға тойтарыс бере алу.
Жарнама қай уақыттан бастап пайда болды? (дұрыс жауапқа 100-300 а.б.)