Оқушылармен амандасу. Сабаққа дайындықтарын тексеру. Сабақ мақсатын таныстыру. «Шаттық шеңбері» Оқушылар шеңберге тұрады, бәрінің арқасына А4 форматты қағаз жапсырылады. Бәрі оңға бұрылады, арқасын беріп тұрған оқушының парағына өзінің тілегін сурет арқылы білдіреді. «Мағынаны таны» ЖЖ Мұғалім оқушыларға төмендегі сөздер мен сөз тіркестерін береді: Ашса, қара қой, Есенкелді, жас бала, тарағы, жанбады, сөз жоқ, Бесжан, мен келдім, дос жаран. Бірдей сөз алған оқушылар жұптасады. Сөздерді дауыстап оқиды, қандай өзгеріс байқап тұрғандарын айтады. Оқушылар байқаған өзгешеліктерін жұппен талқылайды, өз ережелерін ұсынады. Талқылауда төмендегі сұрақтарды басшылыққа алады: Айтылуы мен жазылуынан қандай өзгешелік байқадыңыздар? Қай дыбыс өзгеріске ұшырап тұр? Дыбыстардың өзгеруіне не себеп болуы мүмкін. Оқушылар жауабы тыңдалғаннан кейін мұғалім ілгерінді, кейінді, тоғыспалы ықпалдар туралы ережені түсіндіреді. Т Жұптағы оқушылар қолдарындағы сөздердің ықпал түріне қарай топтасады. Топтарға «Сөйлеу мәдениеті» тақырыбындағы мәтін таратылады. Мәтінді түсініп оқып, топпен талқылайды. Т Тапсырма. 1. Жылқының 4 аяғына мәтіндегі өзгеріске ұшырап тұрған сөздерді бөліп жазыңыздар. 2. Жылқының басына мәтіндегі маңызды ақпаратты қысқаша жазыңыздар. 3. Жылқының ішкі құрылысына мәтіндегі қосымша ақпаратты жазыңыздар. 4. Жылқының құйрығына мәтін бойынша қорытынды жазыңыздар. Қорытынды жазуда өзгеріске ұшыраған сөздерді қолданыңыздар. Топтар өз жұмыстарын қорғайды, қорғау барысында сөздерді орфоэпиялық нормаға сай айту керектігі ескертіледі. Топтар бір-бірін критерийге сай бағалап, комментарий жазып отырады. Критерий | 1-топ | 2-топ | 3-топ | Мәтін мазмұнын түсінеді | | | | Негізгі және қосымша ақпаратты анықтайды. | | | | Сөздерді орфоэпиялық нормаға сай дұрыс айтады. | | | | Ж. Берілген сөздерді дыбысталудағы ерекшеліктеріне байланысты 3 бағанға бөліп жазыңыз. Әр бағаннан 1 сөз таңдап, сөйлем құрап айтыңыз. Көк өрік, жұмысшы, Тілеуқабыл, Досжан, тас жүрек, Қазанқап, Ақбала, Жеңісбек, Меңдіқұл, көзқарас, қосшы, көкжал, сөзшең, жұлдызша. Ілгерінді ықпал | Кейінді ықпал | Тоғыспалы ықпал | | | | Бағалау критерийі | Дескриптор | Ұпай | Сөз ішіндегі және сөз аралығындағы ықпал түрлерін ажыратады | Ілгерінді ықпалды ажыратады | | Кейінді ықпалды ажыратады | | Тоғыспалы ықпалды ажыратады | | Ықпал заңдылықтарына сәйкес айта алады | Сөздерді айтылуы бойынша дұрыс айтады | | |