kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Лексикадан өткенді қайталау

Нажмите, чтобы узнать подробности

Ашық сабақ.  5-сынып Қазақ тілінен"Лексикадан өткенді қайталау" Апталықта өтілген

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Лексикадан өткенді қайталау»

Сабақ жоспары

Пәні-қазақ тілі

Сыныбы -5

Күні -22.01.2016ж.

Сабақтың тақырыбы: Лексикадан өткенді қайталау

Сабақтың мақсаты :

Білімділік: Оқушылардың алған білімдерін, іскерлік дағдыларын тексеру, бағалау, таным белсенділігін арттыру;

Дамытушылық: Оқушылардың сөз байлығын молайту, сөздік қорын байыту, өз ойларын еркін жеткізуге машықтандыру, өткен ережелерге қорытынды жасауға үйрету;

Тәрбиелік: Оқушыларды тіл құдіретін сезіне білуге, сөз мағынасын келістіре құбылтып, оларды мейлінше дұрыс қолданып, нақты түсіне білуге тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Қайталау сабағы.

Сабақтың типі:  Дәстүрлі емес сабақ.

Сабақтың әдіс- тәсілдері: Сұрақ-жауап, деңгейлік тапсырмалар, дамыта оқыту, тест, топтастыру.

Сабақтың көрнекілігі: Дидактикалық тапсырмалар, бағалау парақтары, техникалық құрал-компьютер құрылғысы, слайд, тірек –сызбалар.

Пәнаралық байланыс: Қазақ әдебиеті.

Сабақтың барысы :

І. Ұйымдастыру кезеңі:

а) Амандасу. (Бүгін бізге қонақтар келіп отыр, амандасып алайық);

Үлкенге де сіз,

Кішіге де сіз.

Құрметпен сіздерге,

Бас иеміз Біз!

ә) Оқушыларды түгендеу, журналға белгілеу. б) Оқушылардың назарын сабаққа аудару. в) Топқа бөлу:

1-топ «Білгіштер» тобы

2-топ « Дарындылар » тобы

3-топ «Білімділер» тобы

Топ басшыларын сайлау:

1-топ басшысы:

2-топ басшысы:

3-топ басшысы:

ә) Кім айтады, үй жұмысына не берілді? (Лексиканы қайталап келу).

Балама (альтернативті ) тест
1. Сөздің затты я құбылысты атап білдіретін мағынасын тура мағына дей ме?
2. Арық адам, су ішетін арық сөздері синоним бе?
3. Белгілі бір сөздердің жиынтығы мәтін бе?
4. Белгілі бір ойдың жиынтығы мәтін бе?
5. Біркелкі дыбысталып айтылатын, бірақ мағынасы басқа - басқа сөздердің тобын омоним дей ме?
6. Екі я одан да көп мағынаға ие болуын көп мағыналы дей ме?
7. Мағыналары бір - біріне қарама - қарсы болып келетін сөздерді көп мағыналы дей ме?
8. Өң, түр, түс, келбет, пішін, ажар, көрік сөздері зат есімдерден болған синонимдерге жата ма?
9. Басқа тілден енген сөздерді тарихи сөздер дей ме?
10. Ұл балаға шырақ, мырза жігіт, төре жігіт деп ат қою қою антоним бе?
11. Жеделхат, ғарыш, зейнетақы сөздері мәтін бе?
ІІ. Кіріспе бөлім. Қызығушылықты ояту.

«Кезеңдер бәйтерегі»

Ерте - ерте –ертеде, грек елінде, Лексика деген патша өмір сүріпті.  Лексика патшалығындағы халықтар өте тілге бай - тілмар, шешен болыпты. Сол патшаның бағында бір ғажайып алма ағашы өседі екен. Бірақ осы күнге дейін сол алманың дәмін ешбір адам татып көрмепті дейді. Оның себебі, алманы жегісі келген адам, алма ағашындағы тапсырмаларды дұрыс орындап жауап беріп, бірнеше кезеңнен өтеді. Сонда ғана дәмі тіл үйіретін алмадан ауыз тиюге береді екен.

Балалар! Бүгін біз де бағымызды сынап, Лексика патшалығына қонаққа келіп, сол тапсырмаларды   дұрыс  орындап, сұрақтарға  жауап беріп көрейік.

Мен сіздерге сәттілік тілеймін  және дәмі тіл үйіретін алмадан ауыз тиетіндеріңізге сенемін.

ІІІ. Негізгі бөлім.

«Лексика» патшалығында қандай қалашықтар бар екенін еске  түсірейік.

Топтастыру жұмысы. (Омоним,тұрақты тіркес,синоним,антоним ......)

І Дәйексөз кезеңі .

  « Тіл қаруы –сөз, сөз қаруы – ой. Мұралардың ең қымбаты – сөз. Сөз күн шалмас қараңғы көңілді шалады, күн жылытпас суық көңілді жылытады. Асылы адам да, нәрсе де тозады, жоғалады. Асыл сөз мәңгі жасайды».

Ғ.Мұстафин.

Дәптерімізді ашамыз,бүгінгі күнді жазамыз:

1 – тапсырма (3 топқа да)

І деңгей

  1. «Лексика патшалығына саяхат»
    Лексика ғылымы нені зерттейді?
    Сөздің тура, ауыспалы мағыналары дегеніміз не?
    Көп мағыналы сөздер қандай сөздер?
    Омонимдер дегеніміз не?
    Синонимдер нендей сөздер?
    Антонимдер дегеніміз не?
    Табу дегеніміз не?
    Эфемизм, дисфемизм нендей сөздер?
    Тұрақты тіркестер дегеніміз не?
    Мақал - мәтелдер дегеніміз не?
    Көнерген сөздер, түрлері туралы айтыңдар?
    Жалпылама лексика дегеніміз не?
    Кірме сөздер, неологизмдер нендей сөздер?
    Диалект, кәсіби сөздер дегеніміз не?
    Терминдер дегеніміз не?

2.Сөз тіркесінің құрамындағы сөздерді тура және ауыспалы мағынаны білдіруіне қарай топтап жазу.  

1-топқа   

А) Терең ой, терең сай, терең су, терең білім, терең сезім, терең құдық.

Ә) Алтын қазына , алтын сақина, алтын сөз , алтын тас, алтын уақыт.

2-топқа

Б) Қатты жел, қатты қол, қатты жер, қатты жүрек, қатты сөз, қатты құрт.

В) Жүйрік жел, жүйрік ат , жүйрік ой, жүйрік адам, жүйрік сөз.

3-топқа

Г) Ашық есік,ашық мінез,жылы су,жылы сөз,темір тәртіп,темір күрек.

Ғ) Ауыр жүк,ауыр сөз,қара қалам,қара хабар





ІІ деңгей. 

«Кім жылдам?»
Үзінділердегі асты сызылған сөздердің қандай сөздерге жататынын анықтаңдар.

1-топ
1. Найзалары саптаулы,
Дұшпанға атар жебесі,
Қорамсақпен қаптаулы (көнерген сөздер)

2. Бір шәй ішім мұрсат болмады,
Нән балық та құтырып
Суға сыймай сандалды. (диалект сөздер)

2-топ
1. Атам бір қайтты дүниеден,
Бес жасты жетім қалдырды. ( эвфемизм )

2. Дастархан жайып құрметтеп,

Төкті түрлі жемісті

Жез самаурын қайнаулы,

Союға бағлан байлаулы.
3-топ

1. Қара ала көйлек киген қыз,
Айнаға қарап тұр мәз боп. (омоним)
2. Көл дария, көл болса,

Бай мен жарлы тең болса,

Диханшылық көп болса,

Қатерсіз- дағы ел болып



ІІІ деңгей. Берілген сөздердің  антонимін   тауып жазыңыздар: Аласа,  жылдам, қара, үлкен, тар, ыстық, дұшпан.

ІІ. Дәйексөз кезеңі:

« Тіл- адамның адамдық белгісінің зоры, жұмсайтын қаруының бірі. Осы дүниедегі адамдар тілінен айырылып, сөйлеуден қалса, қандай қиындық күйге түсер еді ?!». А.Байтұрсынов.

2 – тапсырма.

І деңгей. Семантикалық картаны толтырыңыздар.







 

Лексика

 

 

 

 

Сөздер

 

Эвфемизм

Дисфемизм

Табу

Көнерген

сөздер

Диалектсөздер

Жаңа сөздер

Кәсіби сөздер

Термин  сөздер

Кірме сөздер

Тұрақты

тіркестер

Аға сұлтан

 

 

 

+

 

 

 

 

 

 

Жасыл

 

 

+

 

 

 

 

 

 

 

Лексика

 

 

 

 

 

 

 

+

 

 

Үнтаспа

 

 

 

 

 

+

 

 

 

 

Сым

 

 

 

 

+

 

 

 

 

 

Тарелке

 

 

 

 

 

 

 

 

+

 

Қайтыс болды

+

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қырт

 

+

 

 

 

 

 

 

 

 

Тас бауыр

 

 

 

 

 

 

 

 

 

+











































2 – тапсырма.ІІ деңгей.

225 – жаттығу.

Тапсырма:Мәтелдерді көшіріп жазамыз.Мәтел деп нені айтамыз?

Сергіту сәті.







ІІІ Дәйексөз кезеңі .

«Адамға екі нәрсе керек ,бірі - тіл, бірі - ділің жүректегі».

Жүсіп Баласағұни.

3- тапсырма.

«Толықтыру тест»
Берілген сөйлем, сөздерге көп нүктенің орнына тиісті әріптерді қою керек.
1. Көнерген сөздің ережесі.
Қол... ныс... н шы... п қал..., та... хи шы... ма... да ғ... н... кез... се... н, ма... н... ы кө... кі сө... дер... і кө... рге... сөз... р дей... з.
2. Мәтіннің ережесі.
Бел... лі б... р ой... ың жи... ты... ы.

«Сәйкестік» тест
Антонимдік тұрақты тіркестердің сәйкес сыңарын табу
1. Бетінен оты шығу ------- Беті шімірікпеу 
2. Ат ізін құрғатпау--------- Ат ізін салмау
3. Жүрегі мұздау ------------ Іші жылу 
4. Құлақ аспау --------------- Құлақ қою 
5. Көңіл тасу ----------------- Көңілі басылу 
6. Жұлдызы жарасқан ----- Жұлдызы қарсы
7. Аты жер жару ------------ Ауызға ілінбеу 


«Қолдан» — Тіл туралы мақал, мәтелдер айтыңыздар.

«Талда » - «Туған тілім – тірлігімнің айғағы »
                       Тілім барда айтылар сөз ойдағы.
                      Өссе тілмен мен де бірге өсемін,
                       Өшсе тілім мен де бірге өшемін.

7

деген өлең жолындағы «туған» сөзіне фонетикалық талдау жасаңыздар.

1-топ «Туған» сөзіне, 2-топ «Тілім» сөзіне ,3-топ «Айғақ» сөзіне фонетикалық талдау жасату.

«Лексика»

1.«Бетінің оты шықты» тұрақты тіркесінің мағынасын тап.

А) ұялды   В) қорықты    С) мейірімсіз          

2. Мына сөздердің қайсысы көнерген сөзге жатады?

А) отбасы   В) отарба   С) жасуша         

3. «Айлакер» сөзінің антонимін табыңдар.

А) мейірімді  В) қатыгез   С) аңқау         

4. Берілген тіркестердің тура мағынада қолданылып  тұрғанын көрсет

А) терең білім  В) терең көл   С) терең ой         

5. Мылжың сөзі қандай сөзге жатады?

А) көнерген сөз В) эвфемизм   С) дисфемизм         

6. Антонимді ажырат. 

  А) қызыл-ақ  В)ақ-қара С) қызыл-көк.

  7. Омоним сөздер қатысқан сөйлемді табыңыз.

  А) ел үмітін ер ақтар В)көк алманы алма  С)қарақұс-жыртқыш құс.

 8. «Жалығу» сөзінің синонимін табыңыз.

 А)зерігу, құмар болу  В)еріну, көшіру  С)Ззерігу, іш пысу

9. Неологизм сөзді белгіле.

А)несие. В)гарантия. С)процент

 10. Көнерген сөзді тап

А)саяжай. В)найза. С)сәулет

Дұрыс жауабы:

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

А

В

С

В

С

В

В

С

А

В

ІҮ. Қорытындылау

Мұғалім :

- Балалар, бүгін сіздер  осы екі тоқсан   бойынша  «Лексика » тарауынан өткен тақырыптарды  қайталап, еске түсіріп  өз біліміміз бен біліктілігімізді көрсеттік. Ендеше , бағалау парақтарыңыздағы ұпай санын есептей қойыңыздар. Ұпай санына байланысты бүгінгі сабаққа баға қойылады.

Қандай әсер алдыңдар? Ол туралы ойларыңызды жазыңыздар!  

Сөз қуаты шығарар ел төріне,

Жер бетінен самғатар көк шегіне.

жұмыстарыңа сын көзбен қарап, әділ бағалаңдар.

Y. Үйге тапсырма беру:Мына тақырыптарға синоним сөздерді, тұрақты тіркестерді қатыстырып мәтін құраңдар.
1. Менің досым.
2. Менің мектебім.










Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Прочее

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 5 класс

Скачать
Лексикадан өткенді қайталау

Автор: Еркенбекова Саягуль Сламбаевна

Дата: 07.02.2017

Номер свидетельства: 388972

Похожие файлы

object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(62) "Лексикадан ?ткенді ?айталау саба?ы"
    ["seo_title"] => string(33) "lieksikadanotkiendikaitalausabagy"
    ["file_id"] => string(6) "298128"
    ["category_seo"] => string(13) "vsemUchitelam"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1456296439"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(62) "Лексикадан ?ткенді ?айталау саба?ы"
    ["seo_title"] => string(34) "lieksikadanotkiendikaitalausabagy1"
    ["file_id"] => string(6) "298129"
    ["category_seo"] => string(13) "vsemUchitelam"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1456296445"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(51) "Лексикадан ?ткенді ?айталау "
    ["seo_title"] => string(30) "lieksikadan-otkiendi-k-aitalau"
    ["file_id"] => string(6) "166534"
    ["category_seo"] => string(7) "prochee"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1422971450"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(80) "Сабақ тақырыбы:Лексикадан өткенді қайталау"
    ["seo_title"] => string(46) "sabak_tak_yryby_lieksikadan_otkiendi_k_aitalau"
    ["file_id"] => string(6) "409344"
    ["category_seo"] => string(7) "prochee"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1492243105"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(51) "Лексикадан ?ткенді ?айталау."
    ["seo_title"] => string(27) "lieksikadanotkiendikaitalau"
    ["file_id"] => string(6) "271717"
    ["category_seo"] => string(13) "vsemUchitelam"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1451744027"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства