kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Конспект урока по самопознанию 5 класс

Нажмите, чтобы узнать подробности

Конспект урока для 5 класса. По обновленному содержанию

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Конспект урока по самопознанию 5 класс»


«Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласының білім бөлімі» ММ

«№19 жалпы орта білім беретін мектеп» КММ






Сабақтың тақырыбы:

«Адалдық пен әділдік»

5 сынып





Өткізген: Өзін-өзі тану пәні мұғалімі:

Нурмухаметова Ж.М.














Өзін-өзі тану сабағының жоспары


Мектеп № 19 ЖОББМ Мерзім 27.09.2016 Мұғалім Нурмухаметова Ж.М.

Сынып 5 Оқушылар саны 24 Тақырып «Адалдық пен әділдік»

Құндылық: Ақиқат Қасиеттер: ізеттілік, сабырлылық, бірлік, ынтымақ т.б.


Сабақтың мақсаты: Оқушылардың адалдық, әділдік, адами қасиеттер туралы түсініктерін кеңейте отырып, ізеттілік, сабырлылық, ақылдылық қасиеттерін дамыту.

Міндеттері:

Ұстамдылық,сабырлылық,ақылдылықтың мәнін түсіндіру;

• Өзара жағымды қарым-қатынас жасау іскерліктерін дамыту;

• Ұстамдылыққа , әділдікке, сабырлылыққа тәрбиелеу.


Ресурстар:(құралдар, мәлiметтер)

Релаксация, видеоролик, түрлі түсті қағаздар

1.Сабақ барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңi. 5-Т ережесін сақтау.
1.Тәртіп.2.Тазалық.3.Тыныштық.4.Талап.5.Татулық 
ІІ. Тыныштық сәті.Тыныс алуға шоғырлану ( Баяу әуен ойналады) Мұғалім сөзі.
Балалар ыңғайланып отырып алыңдар да, терең дем алыңдар.Көздеріңді жұмыңдар.Өз денелеріңізді сезініңіздер және бос ұстаңыздар. Дене демалады,сана сезім сергиді.Өз денелеріңізді көз алдыңызға елестетіңіз...Басыңыздан бастап,аяғыңыздың ұшына дейін... Біз жақсы мен жаманның не екенін ажыратып,бойымыз жеңілдеп қалғандай.Бейне бір ақ түсті көбелекке ұқсап, ұшатын қанат пайда болғандай. Айналаға көз салсақ,тек қана әдемі, жақсы заттарға көзіміз түседі.Құлпырған гүлдер, оның маңында жақсы балалар...Олардың әрқайсысының жүзінде күлкі ойнайды. Жер бетіндегі барлық тірі зат біздерге:«Жақсы бала бол!» деп сыбырлағандай болады.Ал төбемізден нұр шашқан алтын күн бізге:«Жақсы болу өзіңнен»,деп қарайды.Ия,ия шынында да,көбелектер секілді әдемі болып,тек қана әдемі жерде жүру керек екен-ау!Біз барлығымыз да жақсы екенбіз ғой!Жақсы болу өзімізден екенін біз де сезінгендейміз.

Ал,енді «бір,екі,үш»деп,бұрынғы қалпымызға келейік.

2.Үй тапсырмасын тексеру – «Сабыр түбі – сары алтын» аңыз әңгімесін оқып келу тапсырылған.

- Екі патша неліктен келіспей қалды?

- Келіспеушіліктің соңы немен аяқталды?

- «Сабыр түбі – сары алтын» дегенді қалай түсінесіңдер?

- Сабырлы және ұстамды адамдардың әрекеті қандай?

Сабақ барысын талдау:

Оқушылар жаңа сабақты бастамас бұрын, тыныштық сәті арқылы сергіп алады.

3. Дәйексөз:

«Дүниеде әділдік пен адалдықты ту еткен адамнан артық ешкім жоқ» Ш.Уәлиханов

Ш.Уәлиханов - қазақ халқының тұңғыш өнер зерттеушісі, өнер тарихшысы, саяхатшы — ғалым. Шоқанның еңбектері, өнер туындылары қазақ халқының алтын қазынасы ретінде ғасырлар бойы жасай береді. XIX ғасырдағы қазақтың біртуар ұлдарының бірі, ірі ғалым, ағартушы, қоғам қайраткері.

Оқушыларға сұрақтар қойылады:

  • Әділдік деген не?

  • Адалдық деген не?

Дәйексөздің мағынасын түсіндіріп, өмірде алатын орны жайлы әңгімелеп беру. Адал әрі әділ болған адамдар сыйлы және ақылды адамдар болып шығатынын түсіндіру.

Оқушылар ұлағат сөздер мағынасын ашып, өз ойларын ортаға салады.

4. Оқиғаларды әңгімелеу

Мұғалім сыйы:

Аңыз әңгіме: Адам ақиқатты қалай таниды?

Ертеде шығыс елінің бір шаһарға піл әкелген екен. Естігені болмаса өмірлерінде көрмеген мақұлықты көруге ынтызар жұрт қаптап алаңға жиналады. Сөйтсе пілді көрем деушілерден ақы алмаққа оны иелері қараңғы қораға жасырып қойса керек. Бірен – саранында болмаса, көпшілігінде қаражат жоқ, олар тым болмаса қораға кіріп, пілді өз көзімен көріп шыққандардан сұрап білмекші болады. Ең алдымен кіріп шыққан адам жан-жағына қоқилана қарап Пілдің дәл қасына барып, қолыммен ұстап көрдім, құдды бөренеден аумайды дейді. Екінші шыққан адам оған сенбеңдер, қайдағы бөрене, тура жалпақ тақта дерсің дейді. Үшіншісі алғашқы екеудікі де жалған, аумаған құбыр сияқты екен дейді.

Сөйтсе үшеуі де қараңғыда түртінектеп, қолдарымен бірі аяғын, бірі жотасын, ал үшіншісі тұмсығын сипалап көрген ғой. Егер де бір кішкене балауыз шамды жаққанда үшеуі де анық көре алар еді. Долбарларының дұрыс емес екендігіне көздері жетер еді. Иә, өтірікке сенейін деп сенбейді, қисынына сеніп қалады деп ескертпеп пе еді аталарымыз.

Сұрақтар.

  • Сендер «ақиқат» деген сөзді қалай түсіндіңдер?

  • Бірінші адам (екінші адам, үшінші адам ше) Пілді неге ұқсатты?

  • Неге олардың жауаптары әртүрлі болды деп ойлайсыңдар?

  • Өтірік өрге баспайды деген рас па?

  • Өз бастарыңнан осыған ұқсас жағдайлар өткердіңдер ме?

Жағдаяттарды шешу.

1 – жағдаят

«Ажар мен Алмагүл сабақтан келе жатыр еді. Ажар жарнамадан жаңа фильмнің басталғанын көріп: - Менің қалтамда апам “Самса алып жерсің” деп берген ақша бар. Кеттік, кино көрейік, - деді.

Алмагүл:

- Үйден сұранып шыққан жоқпыз, іздеп қалады ғой - деп, іркіліп қалды.

- Ештеңе етпес, “мектепте болдық”деп айта саламыз».

Оқушыларға сұрақ

- Ажардың ұсынысына сен қалай жауап берер едің?

2-жағдаят

«Менің ең жақын досым мектепте бір баламен достасқан, ол күнделікті кешке қарай мені өзімен бірге серуендеп жүруге шақырады. Ол: “Менің анам сенімен бірге жүргенімді білсе қарсы болмайды”, - дейді. Досыма үйінде ата - анасы ұрыспауы үшін мен бірнеше рет телефон арқылы оларға өтірік айттым. Басында мен қиналмастан оларды жасырып жүрдім, ал қазір олар мені пайдаланып жүр, ал мен күнде өтірік айтуды ұнатпайтын болдым. Мен досымнан ажырағым келмейді. Сонда менің не істеуім керек».

- Осыны көріп отырып, қандай ұнамсыз қылық байқадыңдар?

- Жағымсыз нәрсе не екен?

- Сендер баланың сұрағына қалай жауап берер едіңдер?

Адалдық — адам мінезіндегі бағалы қасиет; адам бойындағы таза ниет, бағалы қасиет.

Оқушылар аңыз әңгімені талдап, өз ойларын ортаға салады және әрбір оқушы қорытынды жасайды.

5.Шығармашылық іс-әрекет, топтық жұмыс:

Топқа бөлу. (топшамаларды таңдайды,сол арқылы топқа бөлініп отырады)
І-топ «Гүл»
ІІ-топ «Күн»
Ш-топ «Жүрек»

І-топ «Біз адалдықты неге теңейміз!» тақырыбына сурет салу.

ІІ-топ «Адалдық және әділеттілік» тақырыбына өлең шығару

Ш-топ «Ақылды бала» тақырыбына көрініс құрастыру.


6. Топпен ән айту.

- Бүгінгі күніміз көңілді әрі жарасымды аяқталуы үшін барлығымызға жақсылық, көтеріңкі көңіл тілей отырып «Жан досым» әнін барлығымыз қосылып орындайық.

Іздегенде табылатын қасымнан.

Көңілі бар қызғалдақтай ашылған

Көріспесек сағыныштан жүдейтін

Кім бар жақын бала күнгі досымнан?

Қайырмасы:

Жан досым,үстем болсын мерейің.

Әрқашан жемісіңмен көрейін

Сырымсыз да бітпесін ,жырымыз да

бітпесін,жырымыз да бітпесін

Қос бұтағы секілденіп ағаштың

Қатар тұрып бірге өсіп жайқалдық

Адассақ та ,бірге жүріп адастық

Жол тапсақ та ,бірге жүріп жол таптық

  • Міне көңіліміз бір серпіліп қалды.

Осы «Жан досым» әнін айтқан, естіген кезде қандай сезімде болдыңыздар?

Адал дос дегенді қалай түсініесіңдер?

Әділ болға ұмтылуға адамға не үшін қажет?

Адал болу кез келген адамның қолынан келе ме?Неліктен?

Әділ болу оңай ма?

Адал болудың адам өміріндегі маңыздылығын мысал арқылы түсіндіріңдер.

(оқушылардың жауаптары тыңдалады)

Оқушылар топпен бірігіп, орындарынан тұрып, әсем әуеннің сүймелдеуімен ән шырқайды.

Әнді ерекше көңілмен айтып,сергиді

7.Үй тапсырмасы

Дәптермен жұмыс.

«Адалдық – адамдықтың белгісі» атты эссе жазу үйге тапсырылады



8.Соңғы тыныштық сәті. 

Баяу музыка қосылады. Оқушылар денесін, басын тік ұстап, көзін жұмып отырады.

- Көзімізді жұмып, тыныштықта бүгінгі сабағымызды есімізге түсірейік. Бүгінгі сабағымыздан алған әсерімізді жүрегімізге түйейік. Әрқайсымыз оң қолымызбен жүрегімізді ұстап көрейік.Өз жүрегіміздің жылылығын сезініп, жүрек жылуымызды адамдарға, айналамызға жеткізу үшін іштей оларға жақсы тілектер тілейік. Әр уақытта шындықты айтып, ақиқатқа көз жеткізейік. Енді тыныштық күйде отыра тұрыңыздар. Көздеріңізді ашуға болады.




Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Прочее

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 5 класс

Скачать
Конспект урока по самопознанию 5 класс

Автор: Нурмухаметова Жанар Мухаметрахимоовна

Дата: 24.10.2016

Номер свидетельства: 351747

Похожие файлы

object(ArrayObject)#855 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(147) "план -конспект урока самопознания  на тему "Дружба между мальчиками и девочками" "
    ["seo_title"] => string(85) "plan-konspiekt-uroka-samopoznaniia-na-tiemu-druzhba-miezhdu-mal-chikami-i-dievochkami"
    ["file_id"] => string(6) "187006"
    ["category_seo"] => string(7) "prochee"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1426441333"
  }
}
object(ArrayObject)#877 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(107) "Конспект урока самопознани в 9 классе "Жизнь-бесценный дар""
    ["seo_title"] => string(58) "konspekt_uroka_samopoznani_v_9_klasse_zhizn_bestsennyi_dar"
    ["file_id"] => string(6) "496739"
    ["category_seo"] => string(7) "prochee"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1548179293"
  }
}
object(ArrayObject)#855 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(118) "Конспект урока самопознания по теме "Мой дом" для 1 класса Урок №2"
    ["seo_title"] => string(68) "konspiekt_uroka_samopoznaniia_po_tiemie_moi_dom_dlia_1_klassa_urok_2"
    ["file_id"] => string(6) "356576"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1478599744"
  }
}
object(ArrayObject)#877 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(65) "конспект урока самопознания 1 класс"
    ["seo_title"] => string(33) "konspiekturokasamopoznaniia1klass"
    ["file_id"] => string(6) "320044"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1460995869"
  }
}
object(ArrayObject)#855 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(89) "Конспект урока самопознания "Идем дорогою добра""
    ["seo_title"] => string(51) "konspiekt-uroka-samopoznaniia-idiem-doroghoiu-dobra"
    ["file_id"] => string(6) "327649"
    ["category_seo"] => string(7) "prochee"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1463474796"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства