Ма?саты: О?ушыларды жол ережесін білуге ?йрету. Ба?даршам белгілері бойынша білетіндерін дамыту. Жол ережесін са?тау?а, жара?ат ал?ан адамдар?а к?мек к?рсетуге, ?рдайым са? болу?а, абай болу?а т?рбиелеу.
К?рнекілігі: Ба?даршам, жол белгілерінен слайдтар.
Барысы:
Жол?а шы?са? дала?а,
Жол о?ай деп санама.
Ережені ?р?ашан
?ата? ?ста сана?да.
Б?гет болма бас?а?а
Ж?рексініп саспа да,
Жа?ылысса к?мектес,
?арттар менен жас бала.
??рметті ?стаздар мен о?ушылар! Б?гінде ауылда да, ?алада да ?лкен к?шелер ж?не онда ж?йткіген авток?ліктер к?беюде. К?ше ке?ейген сайын ерсілі-?арсылы жаяу ж?ргіншілер мен ж?ргізушілерді? де к?бейетіні даусыз. Со??ы жылдары елімізді? ?ай жерінде болмасын авток?ліктерді? барлы? т?рлері еселеп артып келеді. М?ны? ?зі машина ж?ргізушілер мен жаяуларды?, ?сіресе мектеп о?ушыларыны? жол ережесін не??рлым жете біліп, ?ата? са?тауын ?ажет етеді. К?шені? т?ртібін ?йде ата-ана ескертсе, к?ше ?иылысында к?зет ?ызметкерлері мен ба?даршам ?ада?алайды. Ал сендер к?ше ережесін жа?сы біліп, оны орындау?а, са?тау?а тиіссі?дер. Егер ?з ?мірлері?ді, денсаулы?тары?ды са?та?ылары? келсе ?р?ашан жолда ж?ру ережесіне са? болы?дар. Б?гінгі «К?шеде са? бол!» атты сайысымыз?а 3 топ ?атысады. Б?л топтар жол ережесіне байланысты білімдерін к?рсетіп, жол белгілері мен топтарын аны?тап, ?рт?рлі жа?даяттарды шешіп, ?здеріні? ептілігі мен жылдамды?ын сын?а салады. Сайысты ?діл?азылар ал?асы ба?алайды.
?азылар ал?асыны? т?райымы, мектеп директоры А.А.Калигожин
Топты? ?раны: ?йрен таппай тыным бір, Белгілерді? тілін біл!
2-б?лім – Саналы ж?ргіншілер.
Жолда ж?ру ережелеріне байланысты викториналы? с?ра?тар. ?р топ ба?даршамнан ?на?ан к?зін алып с?ра??а жауап береді.
Жаяу ж?ргіншілер ?андай жерлермен ж?реді?
Жауап: Жаяу ж?ргіншілер жиекжолмен ?ана ж?руге тиіс. Ал жол ?сті тек к?лікті? ж?руіне арнал?ан. Жаяу ж?ргіншілер жиекжолды? тек о? жа?ымен ж?реді, б?л-?арсы келе жат?ан адамдар?а б?гет жасамайтын болады. Ал артынан ?уып жеткен адамдар сол жа?ынан еркін ?тіп кетуге болады.
Жауап: Велосипед, ?ол шана ж?не ?ол арбамен жолды? шетін жа?алай ж?ру керек. Ал жиекжол болмаса, жолды? сол жа?ымен ж?реді.
Жол бойында то?тап т?р?ан к?лік неліктен ?ауіпті деп саналады?
Жауап: То?тап т?р?ан к?лік ?зіні? алды мен артында келе жат?ан бас?а к?ліктерді, адамдарды к?рсетпейді. Сонды?тан то?тап т?р?ан к?лікті? артынан тосынан шы?а келу адам ?міріне ?лкен ?ауіп т?ндіреді.
Жиекжол жо? жерлерде ?алай ж?ру керек?
Жауап: Жолды? бір шетімен келе жат?ан к?лікке ?арама-?арсы ба?ытта ж?руге болады.
К?лікті? о??а б?рылатынды?ын ?алай білуге болады?
Жауап: о??а б?рылатын к?лік жолды? о? жа?ында?ы бірінші ?атарда т?рады ж?не о? жа? б?рылысты білдіретін жары?ын жа?ады.
Велосипедпен неше жастан бастап жолмен ж?руге болады?
Просмотр содержимого документа
«Конспект урока ПО »
«№3 нашар көретін балаларға арналған мектеп-интернат» КММ
Өткізген: Асанова Р.М.
Мен жолаушымын!
Мақсаты: Оқушыларды жол ережесін білуге үйрету. Бағдаршам белгілері бойынша білетіндерін дамыту. Жол ережесін сақтауға, жарақат алған адамдарға көмек көрсетуге, әрдайым сақ болуға, абай болуға тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Бағдаршам, жол белгілерінен слайдтар.
Барысы:
Жолға шықсаң далаға,
Жол оңай деп санама.
Ережені әрқашан
Қатаң ұста санаңда.
Бөгет болма басқаға
Жүрексініп саспа да,
Жаңылысса көмектес,
Қарттар менен жас бала.
Құрметті ұстаздар мен оқушылар! Бүгінде ауылда да, қалада да үлкен көшелер және онда жүйткіген автокөліктер көбеюде. Көше кеңейген сайын ерсілі-қарсылы жаяу жүргіншілер мен жүргізушілердің де көбейетіні даусыз. Соңғы жылдары еліміздің қай жерінде болмасын автокөліктердің барлық түрлері еселеп артып келеді. Мұның өзі машина жүргізушілер мен жаяулардың, әсіресе мектеп оқушыларының жол ережесін неғұрлым жете біліп, қатаң сақтауын қажет етеді. Көшенің тәртібін үйде ата-ана ескертсе, көше қиылысында күзет қызметкерлері мен бағдаршам қадағалайды. Ал сендер көше ережесін жақсы біліп, оны орындауға, сақтауға тиіссіңдер. Егер өз өмірлеріңді, денсаулықтарыңды сақтағыларың келсе әрқашан жолда жүру ережесіне сақ болыңдар. Бүгінгі «Көшеде сақ бол!» атты сайысымызға 3 топ қатысады. Бұл топтар жол ережесіне байланысты білімдерін көрсетіп, жол белгілері мен топтарын анықтап, әртүрлі жағдаяттарды шешіп, өздерінің ептілігі мен жылдамдығын сынға салады. Сайысты әділқазылар алқасы бағалайды.
Қазылар алқасының төрайымы, мектеп директоры А.А.Калигожин
2) Қазылар мүшесі ӘТБ пәнінің мұғалімі С.А.Сахмолдина
3) Ағылшын тілі мұғалімі Рысбекқызы Гүлназ
Сонымен сайысымызды бастайық. Топтардың танысуы
1-бөлім – Таныстыру.
Әр топ өздерін таныстырып, ұрандарын айтады.
6 «а» сыныбы – «Жүргізуші»
Топтың ұраны: Жол тәртібін білейік, Аман-есен жүрейік!
7 «а» сыныбы – «Қиылыстар»
Топтың ұраны: Басталар әр қиылысың аттауменен, Жолда жүру ережесін сақтауменен.
8 «а» сыныбы – «Жол белгілері»
Топтың ұраны: Үйрен таппай тыным бір, Белгілердің тілін біл!
2-бөлім – Саналы жүргіншілер.
Жолда жүру ережелеріне байланысты викториналық сұрақтар. Әр топ бағдаршамнан ұнаған көзін алып сұраққа жауап береді.
Жаяу жүргіншілер қандай жерлермен жүреді?
Жауап: Жаяу жүргіншілер жиекжолмен ғана жүруге тиіс. Ал жол үсті тек көліктің жүруіне арналған. Жаяу жүргіншілер жиекжолдың тек оң жағымен жүреді, бұл-қарсы келе жатқан адамдарға бөгет жасамайтын болады. Ал артынан қуып жеткен адамдар сол жағынан еркін өтіп кетуге болады.
Жол бойларында велописедпен, қол шанамен, сүйретпелі қол арбамен қалай жүру керек?
Жауап: Велосипед, қол шана және қол арбамен жолдың шетін жағалай жүру керек. Ал жиекжол болмаса, жолдың сол жағымен жүреді.
Жол бойында тоқтап тұрған көлік неліктен қауіпті деп саналады?
Жауап: Тоқтап тұрған кқлік өзінің алды мен артында келе жатқан басқа көліктерді, адамдарды көрсетпейді. Сондықтан тоқтап тұрған көліктің артынан тосынан шыға келу адам өміріне үлкен қауіп төндіреді.
Жиекжол жоқ жерлерде қалай жүру керек?
Жауап: Жолдың бір шетімен келе жатқан көлікке қарама-ұарсы бағытта жүруге болады.
Көліктің оңға бұрылатындығын қалай білуге болады?
Жауап: оңға бұрылатын көлік жолдың оң жағындағы бірінші қатарда тұрады және оң жақ бұрылысты білдіретін жарығын жағады.
Велосипедпен неше жастан бастап жолмен жүруге болады?
Жауап: Көше бойларына велосипедпедпен жасы 14-ке толған балаларға ғана шығуға рұқсат етіледі.
«Жолаушылар» дегеніміз кімдер?
Жауап: кез келген көлік түрін пайдаланатын адамдар – жолаушылар деп аталады.
Аялдамаға тоқтаған автобустыңқай жағынан өтуге болады?
Жауап: аялдамаға тоқтаған автобустың алдынан да, артынан да өтуге болмайды, сол айналады жол өткелі болуға тиіс, содан өту керек.
Бағдаршам дегеніміз не, оның адам өмірі үшін қандай пайдасы бар?
Жауап: Бағдаршам –автомат жүйесіне қосылған үш көзді аспап. Ол жол бойының қозғалысын реттеуде өте үлкен роль атқарады.
3-бөлім – «Мозайка».
Берілген қиындылардан жол белгісін құрау.
кесіп өту айналма қозғалыс (пересечение с круговым движением)
қозғалыс оңға немесе солға (движение направо или налево)
бұрылысқа арналған орын (место для разворота)
4-бөлім - «Жолаушы»
Берілген сурет бойынша басқа топқа сол суретті жасыру керексіндер. Жоспар құру керек.
5-бөлім – «Саналы жүргіншілер»
Бұл бөлімде берілген суреттегі жол жүру ережесін бұзған адамдарды белгілеу.
Осымен біздің сайысымыз аяқталды. Әділқазылар алқасының шешімін тындайық.Сайысқа қатысқан топтарға рахмет!
Сау болыңыздар!
Көрермендерге
Жұмбақтар
Арқаным бар тым ұзын,
Ала алмайсың бір үзім
Тапшы мұны мысығым. (Жол)
2.Бір тұлпар су ішпейді, жем жемейді,
Ескеріп ешбір адам емдемейді.
Жүк емес жануарға жүз адам да,
Шылбырын сымға байлап тез жөнейді. (трамвай)
3.Екі ағасы қашады,
Екеуі қуады.Бұл не? (машина дөңгелектері)
4.Бұйырмапты бас та, ауыз, құлақта,
Бақырайған үш көзі бар бірақта. (бағдаршам)
Автомульти
1.Үйдің төбесінде өмір сүрген Карлсон өзінің моторын немен майлады ?