Сабақтың тақырыбы: Менің әуес ісім - спортпен шұғылдану. Сабақтың мақсаты: а) білімділік: оқушыларға тақырып бойынша мәлімет беріп, тақырып бойынша білімдерін жүйеге келтіру, грамматикалық ұғымдарды сауатты әрі дұрыс қолдану дағдыларын қалыптастыру. Пәнге қызығушылығын арттыру; ә) дамытушылық: оқушылардың ойлау, есте сақтау, көру, қабілеттерін дамыту; ой түйіндеуге, шығармашылықпен жұмыс істеуге жұмылдыру; мәтінді қазақ тілінде әңгімелеуге, ауызекі сөйлеуге дағдыландыру, ой – өрісін кеңейту. б) тәрбиелік: спортпен шұғылдануға, салауатты өмір салтын ұстануға баулу; ІІІ. Сабақтың түрі: аралас сабақ ІҮ. Сабақтың әдісі: сұрақ - жауап, диалог, сөзжұмбақ, рөлге бөліп оқу, топтастыру Ү. Сабақтың көрнекілігі: суреттер, слайд ҮІ. Пәнаралық байланыс: орыс тілі, дене тәрбиесі ҮІІ. Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру ІІ. Үй жұмысын сұрау ІІІ. Жаңа сабақ 1. Сабақтың тақырыбы, мақсаты, барысымен таныстыру. 2. «Спорт» топтастыру.
3. 1 - тапсырма. Берілген сөйлемдерді аяқтаңдар. 1. Менің әуес ісім -... шұғылдану. 2. Спорттың... көп. 3. Мен аптасына екі рет футболға.... 4. Біз баскетболдан... орын алдық. 5. Спорттың қай - қайсысы да денсаулыққа....
5. 3 - тапсырма. Берілген өлеңді оқып, Қанаттың мінезіне сипаттама беріңдер. Футбол түгіл, хоккейді Біледі ғой көп адам. Допты қыздар теппейді, Ал мен болсам, тебе алам!- Дейді Қанат, мақтанып. Білгішін - ай, мынаның! Жылауға да шақ қалып, Мен ренжіп тұрамын. Менде оның ісі жоқ, Оған «мақтау» керегі. Көп білетін кісі боп Көрінгіі келеді.
6. Суретті диктант «Спорт».
7. 5 - тапсырма. Берілген диалогты оқып, Гүлнәрдің шахматқа әуестігі туралы өз түсінгендеріңді айтыңдар. Шахматшы Гүлнәр - Фәния апай, сәлеметсіз бе, Гүлнәр үйде болса, телефонға шақырып жіберіңізші. - Есен - саусыз ба, таң атпай жатып телефон шалып тұрған кім дейін? - Мен ғой, апай! Аида Мүсілімқызымын! - Ә, Аида апайы екенсің ғой, қазір шақырайын. - Гүл - л - нәр! Аида апайың сені телефонда тосып тұр. - Гүлнәр, сүйінші! Киев қаласында өтетін чемпионатқа сен баратын болдың. Шахмат федерациясынан жеделхат менің жатыр. - Менімен бірге сіз де барасыз ба? - Ол жағын білмеймін, оны республикалық спорт комитеті шешетін болады. Кіммен барсаң да, әйтеуір, үлкен шах - матқа жолың енді ашылды білем. Ал қазір уақыт тығыз, комитетке тез кел. - Қазір жетемін, апай!
8. Сергіту сәті «Берілген спортшыларды спорт түрлерімен сәйкестендір»
9. 6 - тапсырма. Берілген сөйлемдерді мағынасына қарай құраңдар. 1. Шахмат V ғасырда... 2. Шахматтан тұңғыш рет дүниежүзілік бірін - шілік... 3. Шахматтан дүние жүзінің тұңғыш чемпионы... 4. Лондонда әйелдер арасында... 3. Вильгельм Стейниц болды. 4. дүниежүзілік біріншілік өтті. 2. АҚШ - та өтті. 1. Индияда пайда болған
ІІІ. Қорытындылау ІҮ. Үйге тапсырма 4 - тапсырма, 152 - бет. Ү. Бағалау