« Әке мен бала» әңгімесі.
Сабақтың мақсаты:
1.Оқушылардың әдебиеттен алған білімін тиянақтау.Ыбырай Алтынсарин шығармашылығын меңгеру,әңгімені талдау.
2.Пікірталас туғызу,оқушылардың көркем шығармаға деген көзқарасын қалыптастыру.
3. Оқушыларды еңбекке баулу,адамгершілікке үндеу,жаман әдеттен сақтандыру.
Сабақтың түрі : білімді жинақтау,жүйелеу сабағы.
I.Ұйымдастыру кезеңі
II.Өткенді қайталау,білімді жүйелеу.
I.Халық ауыз әдебиеті.
II.Ақын -жазушылар шығармашылығы.
Халық ауыз әдебиетінің түрлерін атаңдар.
1.Тұрмыс –салт жырлары
2.Наурыз-өлеңдері.
3.Мақал –мәтелдер
4.Жұмбақтар
5.Жаңылтпаштар
6.Ертегілер
7.Аңыз -әңгімелер.
Әдебиет салаларының айырмашылығы неде?
Тестік сауалдар
1.Ауыз әдебиеті қалай сақталған?
2.Мақал -мәтелдер көлемі қандай?
3.Ертегілер неше топқа бөлінеді?
4.« Ақылды »сөзінің антонимін жаз
5.Наурыз қандай мейрам?
6.Ер атандыратын не?
7.Ақ киімді,денелі,ақ сақалды
8.Жылдан құр қалған жануар?
9.Жұмбақта не салыстырылады?
10Отан оттан да ыстық не?
11.Халық ауыз әдебиетінің кейіпкері.
Сөздерді меңгеру
1.Төрт түліктің бірі түйе
2.Ең қу аң түлкі
3.Дос сөзінің антонимі. дұшпан
4.Музыкалық аспап домбыра
5.Ти десем тимейді, ерін
Тиме десем
6.Ұлыстың ұлы күні наурыз
7.Қойдың баласын сүюі қоңырым
8.Халық ауыз әдебиетінің түрі мақал
9.Адамның дене мүшесі құлақ
10.Сусын қымыз
III.Ақын –жазушылардың қандай шығармаларымен таныстық?
Ыбырай кім? Педагог Ғалым
тәрбиеші
Мектеп тұңғыш әліппе авторы
мұғалімі
балалар әдебиетінің атасы ақын жазушы
Шығармалары
« Дүние қалай етсең табылады» « Әке мен бала»
« Талаптың пайдасы» « өзен»
« Кел,балалар оқылық» « Бай баласы мен жарлы баласы»
Осы шығармалардың негізгі тақырыбын айтайық.
« Адамгершілік»
« жастарды жақсы мінезге баулу»
« еңбекке үндеу»
« Жақсылық пен жамандық
« Білімге,өнерге шақыру»
« жаман әдеттен бойын аулақ ұстау»
IV.« Әке мен бала» әңгімесі
Оы әңгіменің кейіпкерлерін ата.Негізгі және қосалқы кейіпкерлер кімдер?Мазмұндаудың алдында сұрақтарға жауап беріп көрейік:
1.Әкесі мен баласы қайдан келе жаты?
2.Әкесі мен баласы егін басынан қалай келе жаты?
3.Әкесі жолда не көрді?
4. Әкесі баласына не айтты?
5.Баласы қандай жауап берді?
6.Тағаны кім иіліп алды
7.Әкесі тағаны не істеді?
8.Әкесі не істеп алды?
9.Әкесі баласын қалай ақылға шақырды?
10.Әкесі баласына қалай ақыл айтты?
V.Балаға мінездеме
Еріншек,жалқау,тоғышар,жанын қинамайды,кежір,жай басар,бой күйез,салғырт,жатып ішер,шабан
- Бала мінезіне қарама –қарсы қасиеттерді атаңдар
Еңбексүйгіштік,екбекқорлық,еңбек құмарлық,елгезектік,жүйрік,сергек,сезімтал,пысық,ұшқыр
VI.Мазмұндау
VII.Еңбек туралы мақалдар:
1.Ер дәулеті -еңбек.
2.Еңбексіз өмір жоқ.
Ауырсыз жеңіл жоқ
3.Еңбек қылмай -ер оңбас,
Бірлік қылмай -ел оңбас
4.Бір тал кессең ,он тал ек.
5.Жылай -жылай арық қазсаң,
Күле -күле су ішерсің.
6.Жер тоймай,ел тоймайды.
7.Ерінбеген етікші болады.
8.Күшіңе сенбе,ісіңе сен.
9.Шебердің қолы, көпке ортақ
VIII.Кәсіпке байланысты жұмбақтар
Айдында жүзеді,
Тірі күміс сүзеді. ( балықшы)
Басы - құрыш,
Сабы – шырыш. ( балға)
Білімнің дәнін терді,
Балаға тәлім береді. ( ұстаз)
Бал татыған мәзір,
Ол бар жерде әзір ( аспаз)
IX.Қорытындылау
- әңгіменің негізгі түйіні әкесінің қай сөзінде тұр?
- Аз жұмысты қиынсынсаң,көп жұмысқа тап боласың
- Азға қанағат ете білсең,көптен құр қаласың.
X.Бағалау.Үйге тапсырма:
Ыбырай Алтынсарин « Талаптың пайдасы» әңгімесін оқу,мазмұндау.