kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Кешірімділік көңіл кендігі

Нажмите, чтобы узнать подробности

8 сыныпқа арналған ашық сабақ 

Сабақ мақсаты: Дұрыс әрекет құндылығы арқылы, кешірімділік көңіл кеңдігі тақырыбын ашу.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Кешірімділік көңіл кендігі»

Құндылық: Дұрыс әрекет

Қасиеттері: Үйлесімді қарым-қатынас, мейірімділік, адамгершілік, өз ісіне есеп беру.

Күні:__________Тақырыбы: «Кешірімділік көңіл кеңдігі»

Мұғалімі:Бухаева Д.Д Сыныбы: 8 «ә», Оқушы саны:_____

Сабақ мақсаты: Дұрыс әрекет құндылығы арқылы, кешірімділік көңіл кеңдігі тақырыбын ашу.

Міндеттері:

- Білімділік: дұрыс әрекет мәнін түсіндіре отырып, үйлесімді қарым-қатынас жасауға үйрету;

- Дамытушылық: мейірімділік, адамгершілік, кешіре білу, өз ісіне есеп беру қасиеттерін дамыту.

- Тәрбиелік: ізгілікке, мейірімділікке тәрбиелеу.




Ресурстар:

(құралдар, мәлiметтер)

А3, маркер

слайд,өлеңнің аудиодискісі.

Сабақ барысы:

1Ұйымдастыру кезеңi.

Тыныштық сәтi.

«Нұрға бөлену»

Ыңғайланып отырыңыздар, денелеріңізді түзу ұстаңыздар. Аяқ-қолыңызды айқастырмаңыз. Қолыңызды тізеңізге немесе үстелге қоюға болады. Көздеріңізді жұмуларыңызды өтінемін.

Елестетіп көріңіз: Күн нұры сіздің төбеңізден өтіп, кеудеңізге қарай бойлап барады. Кеудеңіздің орта тұсында гүл түйнегі орналасқан. Гүлдің түйнегі нұрдан баяу ашылып келеді. Балғын және таза әсем гүл сіздің әр ойыңызды, әр сезіміңізді, эмоцияңыз бен тілек-қалауыңызды шайып, жүрегіңіздің қауызын ашты.

Нұр сәулесі сіздің бойыңызға ақырын тарай бастағанын елестетіңіз. Ол біртіндеп күшейе түсуде. Оймен осы нұрды қолдарыңызға түсіріңіз. Сіздің қолдарыңыз нұрға бөленіп, сәуле шашуда. Қолымыз тек жақсы, ізгі істер істейді және баршаға көмектеседі. Нұр аяқтарыңызға тарады. Аяқтарыңыз нұр сәулесін шашуда. Олар сізді тек жақсылық жасау үшін жақсы жерлерге апарады. Олар нұр мен махаббат құралына айналды.

Баяу әуен ойнайды.

2.Үй тапсырмасын тексеру

А.Бейсебайдың «Кешірімнің күші» мәтінін оқып, мазмұнын айту.

Сұрақтар:

Мәтіннің ең басты мағынасы неде?

Кешірімді адамның бойында қандай қасиеттер бар деп ойлайсыңдар?

«Кешіру –өзгені түсінуге тырысу» дегенді қалай түсінесіңдер?

Өзгелерді кешіргенде бойымыздан не байқалады?


Оқушылар мәтін бойынша сұрақтарға жауап береді.

3. Дәйексөз

«Кешіре білген адам - күшті адам»

А. Йүгінеки

Дәйексөздің мағынасын қалай түсіндіңіздер?

Жаңа сабақты талдау

4. Әңгiмелеу . Мұғалімнің сыйы

Ашу дұшпан

Бір үлкен елдің президентінің Бек атты адал және сенімді қызметшісі болыпты.

Ол өзінің міндеттірін жақсы атқарыпты.

Бір күні Бек өзінің қожайынының үстелін ретке келтіріп жатқанда, бір бума қағаздың ішінен автоқалам құлап түседі. Бек оны көтерген кезде, қаламның ұшы сынып қалғанын көреді.

Осы кезде бөлмеге қлжайын кіріп, не болғанын көреді. Қалам оған досының сыйлығы ретінде өте қымбат болатын, сондықтан президент қатты ашуланып, қызметшіге енді оның жұмыстан босағандығын айтады. Бірақ қожайынын қатты жақсы көретіндіктен, одан кеткісі келмейді. Ол қожайынының аяғына жығылып, оны кешіруін өтінді. Бірақ қожайын айтқанынан қайтпайды, ашулы кейіппен ол қызметшінің бөлмеден кетуін талап етеді.

Түнде президент осы оқиғаны есіне түсіреді де, ойланып қалады: «Бектің қателігі неде еді? Қаламның ұшы мен оны ашық, қағаздардың арасына тастап кеткендіктен сынды. Шындығында, Бек кінәлі емес, ол әрқашан шыншыл әрі маған берілген адам еді. Мен онымен өте дөрекі сөйлестім».

Осындай өкінішті ойлар мен опық жеу оны қатты мазасыздандырғандықтан, ол ұйықтай алмады. Таң атқан соң, президент бірден Бекті алып келуге жібереді. Ол келген кезде, қожайын оған:

-Бек, сен мені кешір. Мен кеше дұрыс істемедім, сенімен дөрекі сөйлестім. Бұрынғыдай жұмысыңды жалғастыра бер,-дейді.

Бұл сөздер қызметшіге қатты әсер етеді. Ол өзінің қожайынын одан қатты бағалап, жақсы көреді.

Кейінірек ақылды президент осы мысалды басқаларға ылғи айтып отыратын болды, оларды біреуге ашу білдіріп, жазаламай тұрып, ойланып алуға шақыратын. «Ашу қабаған ит сияқты,» дейтін ол. – Оны іште қамап ұстау керек, әйтпесе ол ешбір кінәсі жоқ адамды қауып алуы мүмкін. Сонымен қатар біз кез-келген адам қателесетінін, бірақ оны кешіру құдайшылық екенін ұмытпауымыз керек».

Сұрақтар:

  • Президенттің істеген іс- әрекеті туралы не айтар едіңіздер?

Үйлесімді қарым-қатынас жасау дегенді қалай түсінесіз?

Адам бойындағы қасиеттер мінез-ұүлыққа қалай әсер етеді?

Бұл әңгімеден қандай ой қорытар едің?


Оқушылар ойымен бөлісу

5. Шығармашылық жұмыс, топтық жұмыс.

I топ (сурет салу)

Адамдардың ашуланғандағы көңіл-күйлері мен іс-әрекеттерін және сабырға келіп өз қалпына келген адамның көңіл-күйлерін табиғат құбылыстарымен бейнелеу.

II топ

Үрленген шардың ішіндегі ауаны жарып шығару және адам бойындағы ашу, ызаға теңей отырып қандай кеңес бересіздер?

III топ Жағдаят шешу

Нұрбол мен Арман бір үйдің балалары. Олар біраздан бері бір-біріне өкпелеп, сөйлеспейді. Үйде үнсіз ғана әрекет жасайды. Нұрбол үлкендігін ойлап, Арманды кешіре салғысы келгенімен, інісінің кішілік көрсету керектігі есіне т үскенде , бұл ойынан айнып қалады. Ал Арман болса, ағасы үлкендік танытып, оны үнемі қамқорлыққа алуы тиіс деп, кішірейетін емес. Бүгін ауылдан анасы телефон шалды. Телефон тұтқасын көтерген Арман ағасына ертең анасын вокзалдан күтіп алу керектігін қалай айтарын білмей тұрып қалды.

IV топ

Бұл шардың ішінде ешқандай ауа жоқ, адам мінез-құлқымен теңей отырып қандай қорытынды айтар едіңіздер?

(Балалар шығармашылығы)

6. Топпен ән айту.

Мейірімді болайықшы бауырлар

Сөзі: Серік Қалиев

Әні:Құрмаш Маханов

Көктем етіп көркейтсе де маңайын,

Көріп жүрміз өкпешілдің талайын,

Өшігуді қояйықшы өзгеге,

Кешірімді болайықшы, ағайын!

Көк нөсерін көл етсе де жауындар,

Көк пен жерді сел етсе де дауылдар,

Пейілдерді пенделікпен тарылтпай,

Мейірімді болайықшы, бауырлар!

Болашаққа қол ұстасып барайық,

Ақиқаттың ауылын іздеп табайық,

Кішірейіп кетпес ғазиз басымыз,

Кішіпейіл болайықшы, халайық!

Ел болғанмен емеспіз ғой онша көп,

Сонда дағы бөлінумен шаршап ек,

Өзімізге қалайтұғын нәрсені,

Тілейікші өзгеге де болса деп.

Ұлттың қамын жүректермен ұғынып,

Жұрттың жүгін көтерейік жұмылып,

Қаратайық Құбылаға жүздерді,

Таратайық адамзатқа жылылық!

Оқушылар қосылып ән айту

7. Үй тапсырмасы.

«Арал кеуіп кетпесін!»

К. Салықов

Күнделікке

түртіп алу

8. Соңғы тыныштық сәтi.

Соңғы тыныштық сәт

Жақсы болыңыздар
Жақсы нәрсе туралы ойлаңыздар
Жақсы нәрсе айтыңыздар
Жақсы нәрсе тыңдаңыздар
Жақсы нәрсе көріңіздер
Жақсы нәрсе жасаңыздар
Бақытқа жеткізер жол-осы





Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Прочее

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 8 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
Кешірімділік көңіл кендігі

Автор: Бухаева Дана Даулетбековна

Дата: 17.01.2020

Номер свидетельства: 536230

Похожие файлы

object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(48) "Кешірімділік-к??іл кендігі"
    ["seo_title"] => string(31) "kieshirimdilik-kon-il-kiendighi"
    ["file_id"] => string(6) "254402"
    ["category_seo"] => string(7) "prochee"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1447761015"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(37) "Кешірім мен келісім "
    ["seo_title"] => string(23) "kieshirim-mien-kielisim"
    ["file_id"] => string(6) "146008"
    ["category_seo"] => string(10) "vneurochka"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1419060985"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(34) "?кешім - б?йтерегім "
    ["seo_title"] => string(21) "kieshim-b-itierieghim"
    ["file_id"] => string(6) "130388"
    ["category_seo"] => string(10) "vneurochka"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1415893288"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(74) "Тема классного часа "?она?жайлы халы?пыз" "
    ["seo_title"] => string(47) "tiema-klassnogho-chasa-k-onak-zhaily-khalyk-pyz"
    ["file_id"] => string(6) "198310"
    ["category_seo"] => string(22) "klassnomuRukovoditeliu"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1428393635"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(47) "С?кен Сейфуллин. «Наурыз» "
    ["seo_title"] => string(26) "s-kien-sieifullin-nauryz-1"
    ["file_id"] => string(6) "190356"
    ["category_seo"] => string(10) "literatura"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1427136770"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства