Саба?ты? ма?саты: балалармен еркін ?арым-?атынас жасай отырып, ?кпе-реніщті? зиянын ??ындыру; «кешірім», «кешірімділік», «кешірім с?рау» ??мыдарыны? м?ні мен ма?ызыны? тікелей адам?а немесе айнала ?орша?ан орта?а тигізетін ?серін ??ындыру.
?тілу т?рі: ой-пікір
К?рнектілігі:та?ырып?а байланысты слайд,?анатты с?здер, фото суреттер,?уен
Шатты? ше?бері
Балалар, б?гін сіз бен бізді? тамаша кездесулерімізді? та?ы бір с?ті туды. Сіздерді? ??ыпты, келісті, бауырмал, жайдарлы, бейбіт ж?здері?ізді к?ріп т?р?аныма ?те ?уаныштымын. Б?гінгі шатты? ше?беріміз амандасуды? ерекше жар?ын к?рінісі болсыншы. ?ане, ?стел ?стіндегі д??гелекшелерді ала ?ойы?ыздар. (Балалар ше?берде екі-екіден біріне-бірі ?арап т?рады). Егер д??гелекте к?лімдеу белгісі т?рса, бі-біріне к?лімдеп ишаратпен амандасу, егер ала?ан суреті т?рса, ?олдасып амандасу; ж?рек белгісінде ??ща?тасып амандасу, к?н белгісінде жылы с?здер айтып амандасу керек.
«Бала ?детті жасынан тамызы?тап жинайды» деп Ж. Аймауытов атамыз айт?андай, б?гінгі саба?ымызды? негізгі ма?саты – «кешірім», «кешірім с?рау», «кешірімділік» с?здеріні? м?ні мен ма?ызын т?сініп, кешіре білуге ?йрену.
К?нделікті ?мірде к?п н?рсені бай?амайсы?, ?адірін біліп, ба?аламай жатасы?. ?мірде ?з ойла?анымыздай болмай, ?ателесіп жатса?, к?бінесе кін?ліні іздейміз. ?згелерге кін? ?ойып, ?кпе-реніш танытамыз. ?ателеспейтін адам болмайды, сонды?тан кешіре де білу керек. Ал кек са?тау адамдар?а деген жек к?рушілік, сенімсіздік ту?ызып, жа?дайды ушы?тырып жібереді. ?згелерге деген ?кпе, реніш, ашу адам ?мірін ?ызы?сыз етіп, ?зін ба?ытсыз сезінтіп, денсаулы?ын нашарлатады. Кешірімді болмай, ?з жан д?ниемізді ?инап, ?зімізге зиян келтіреміз. Ж?регімізге салма? саламыз. Ал ?згелерді кешірген кезде, бойымыз же?ілдеп, ол адам?а жа?сылы? жаса?андай боламыз. Алайда біреуді кешіру – е? алдыменен, ?зімізге жаса?ан жа?сылы? екенін т?сінгеніміз абзал. ?згелерді ыл?и ренжітетін адамдар неліктен осындай ?адам?а, ?рекетке баратыны жайлы ойланып к?рейік.
Кешіру деген ол адамды т?сіну шы?ар. Егер адам?а т?сінушілікпен ?араса?, сол с?тте-а? ол адам?а еш?андай да ?кпелемейсі?. ?йткені осындай жа?дайда ?зім не істер едім деп ?зі?е с?ра? ?оясы?. ?зі?ді оларды? орнына ?ойып, м?мкін, ерте? мен оны? орнында болармын деп ойлайсы?. Сол кезде кешіру о?айыра? болады. Е? бастысы айнала?а жа?сы ниетпен ?арап, жа?сы к?рсе?, оларды? ?ателігін кешіре де аласы?. Бас?аларды жа?сы к?ру ?шін ?зі?ді ?зі? сыйлап, жа?сы к?руі? керек. Ал ?зін жа?сы к?ретін, сыйлайтын адам, ?з жан д?ниесін жаман сезімдермен ластап, ауырлатпайды.
Біз барлы?ына кешіріммен, сыйласты?пен, т?сіністікпен, сергектікпен ?арау?а тиіспіз. ?йткені ?мір сондай тамаша, біз ал?а ?арай тек ?ана адал ниет, ізгі істермен ж?рсек, игілікке жетеміз.
Адам кешірімшіл болып, кешіре білуге ?йренгенде ?мір ?уаныш?а, жа?сылы??а толы болады. Ондай адам?зімен-?зі, ?згелермен?йлесімділікте?мірс?реді.
Кешірімшіл болу – айнала?адеген мейірімді болуды?, а?ылды?, ?зара т?сінісуді? к?рінісі. Адамдар ?згелерді кешіруар?ылымейірімді бола т?седі.
?ателікжасап, кін?лібол?андарменс?йлескенде оларды? жан ай?айын, тілектерінты?да, ж?рдемберуге, ?тініштерін ты?дау?а?зір бол. Оларды? жа?сы ниеткеауысуынажа?дайту?ызып, ?айырымды, игі істер жасауынак?мектес.
Кешіре білген адам – к?шті адам.
А.Й?гінеки
Кемшіліксіз адам болмайды. Білмегендіктен, т?жірибесіздіктен ?ателесулер болады. ?ателесу – кін?лі болу. Кін?сін мойындау ?ркімні? ?олынан келе бермейді. Ал ж?н с?зге т?сіне жы?ылып, кін?сін мойындап, ?атесін т?зей білу – а?ылдылы?ты?, ?айраттылы?ты? белгісі.
Б.Момыш?лы
Неге екені белгісіз, к?біне-к?п ренішті кездероралады есіне. ?уаныш аз сия?ты, к??ілге д?т боларышамалы. Реніш жа?ы?лде?айда басым жатыр. К??ілді ж?детеді. Іштежат?анбітеу жарадай ж?ректі сыздатады.
С.М?ратбеков
Жаманды? кешіребілмеуден туады. Егердебіз кешірімшілболса?, ызаланбас едік. Сонда бізге б?рі де жа?сы к?рінер еді. Егердебір н?рсе к??ілдегідейболмаса, ашуланасы?.
Тілекшо?ы – «Ж?ректен ж?рекке»
М??алім балаларды «Ж?ректен-ж?рекке» ше?беріне ша?ырып, ?олдарына г?лдерді таратып, оны? н?зіктігіне, с?йкімділігіне назар аудартады. Са?ат тіліні? ?оз?алысы бойынша балалар бір-бірінетілек айтып, ?олында?ы г?лдерінк?ршісіне ?сынады. Осылайша, ?р бала жанында?ы баланы?г?лін?зг?ліне?осып, келесібала?ажал?астырады. Г?лдербірте-бірте?лкейіп, «Тілекшо?ына»айналып, м??алімні??зінеоралады. Олар?арахметайтылып, ?р?ашандаайнала?ат?сіністікпен?араса?, осы ?лкейіпорал?анг?лшо?ысия?тыодан да ?лкейіпжа?сылы?бопоралатынынайтыпсаба?тыая?таймын.
Просмотр содержимого документа
«Кешірімділік-к??іл кендігі»
Тақырыбы: Кешірімділік – көңіл кеңдігі
Сабақтың мақсаты: балалармен еркін қарым-қатынас жасай отырып, өкпе-реніщтің зиянын ұғындыру; «кешірім», «кешірімділік», «кешірім сұрау» ұғмыдарының мәні мен маңызының тікелей адамға немесе айнала қоршаған ортаға тигізетін әсерін ұғындыру.
Өтілу түрі: ой-пікір
Көрнектілігі: тақырыпқа байланысты слайд,қанатты сөздер, фото суреттер,әуен
Шаттық шеңбері
Балалар, бүгін сіз бен біздің тамаша кездесулеріміздің тағы бір сәті туды. Сіздердің ұқыпты, келісті, бауырмал, жайдарлы, бейбіт жүздеріңізді көріп тұрғаныма өте қуаныштымын. Бүгінгі шаттық шеңберіміз амандасудың ерекше жарқын көрінісі болсыншы. Қане, үстел үстіндегі дөңгелекшелерді ала қойыңыздар. (Балалар шеңберде екі-екіден біріне-бірі қарап тұрады). Егер дөңгелекте күлімдеу белгісі тұрса, бі-біріне күлімдеп ишаратпен амандасу, егер алақан суреті тұрса, қолдасып амандасу; жүрек белгісінде құщақтасып амандасу, күн белгісінде жылы сөздер айтып амандасу керек.
«Бала әдетті жасынан тамызықтап жинайды» деп Ж. Аймауытов атамыз айтқандай, бүгінгі сабағымыздың негізгі мақсаты – «кешірім», «кешірім сұрау», «кешірімділік» сөздерінің мәні мен маңызын түсініп, кешіре білуге үйрену.
М.Мақатаевтың «Кешіріңдер» өлеңі
Кешіріңдер,туыстар,
Кешіріңдер,ағайын.
Өр көкірек бейбаққа өкпеледің талайың.
Кірсіз көңіл ақ туын
Жоғары ұстап,ағайын
Ақ киімге оранып,алдарыңа барайын.
Кешіріңдер,жарандар,
Қошақаның болайын.
Сый сұрағам жасыңнан,
Мейір күткем қартыңнан.
Еркелеп ем сендерге,
Емін еркін шарқ ұрғам.
Екенмін ғой антұрған
Сөз ергізіп артымнан,
Арыла алмай келемін
Бала күнгі қалпымнан.
Кешіріңдер,достарым,
Кешіріңдер,қастарым.
Есім кіре бастады,
Мен-мен емес,басқамын...
Еркелікті тастадым
Естеріңе алғайсың еркін жүрген қалқаны.
Бейне-сұрақ әдісі:
Балалар, «кешірім сұрай білу», «кешіре білу» деген ұғымдарды сарапқа салмас бұрын,сіздердің назарларыңызға өз құрдастарыңыздың ұйымдастырған бейне-таспаны ұсынамын.
Жетелеу сұрақтары:
1.Кешірім сұраған сәтің болды ма?
2. Өкпелеп,ренжігенде өздеріңді қалай сезінесіңдер?
3.Кешіре білу қиын ба,кешірім сұрау қиын ба?
4.Сені көбіне қандай жағдайлар өкпелетіп,ренжітеді?
5. Айналаңнан не үшін кешірім сұрап едің?
«Жаңа ақпарат және менің пікірім әдісі»
№
Пікірлер
Менің пікірім
1.
Өкпе,реніш адамдар арасындағы жағымды қарым-қатынасқа нұқсан келтіріп,өзар түсінісбеушілік тудырады.
2.
Өкпе,ренішке бой алдырмай,адамдарға түсіністікпен,ізгілікпен,құрметпен қарауға ұмтылу керек. Мұғалім мен оқушы арасы.
3.
Өкпе, реніш – адамның көңіл-күйіне,денсаулығына кері әсер етеді. Ата-ана мен бала арасы.
4.
Айналаңа ылғи өкпелеп, ренішпен қарау,риза болмау түрлі ауруларға шалдықтырады.
*Демдеріңді ішке алып,сыртқа шығарыңдар және содан соң аз ғана үзіліс жасаңдар
*Енді соңғы кездердегі өкпе-реніштеріңді еске түсіріңдер.(Кімге, не себепті ренжідің?)
*Осы өкпе-реніштер бұлт болып сенің ішіңде орналысып алған екен.Ол мына кіндіктеріңнің тұсында тұр.Енді сол жерге саусақтарыңды апарып, өкпе-реніш бұлтын көтеріп алғандай сезініңдер. Бірте-бірте бұлтты жоғары көтеріп ауыздарыңыздан шығарып жіберіңіздер.
Енді оның орнын жақсы қасиеттермен толықтырайық.
Күннің шуағындай осы жақсы қасиеттердің ішінен бүгінгі сабағымызға қатысты қасиетті алып,ішімізге орналастырайық.
Осының ішіндегі ең маңызды қасиет деп нені көрсетер едіңіздер.
*Адамгершілік.
Олай болса,оны жүрегімізге орналастырып алайық. Қане,адамгершілігі мол кең пейілді жүрегімізге қол соғып қояйық.
«Кешірімді жан»
Оқушылардың ішіндегі ең кешірімді жанды анықтау мақсатында жағдаятпен байланыстыра отырып сұраққа жауап аламын.
Ең көп (+) жинаған оқушының жүрегі кең, кешірімді деп танылады.
№1жағдаят
Мектепте әр сыныптан бір оқушы қатыстырылатын жарыстың болғалы жатқанын күні бұрын біліп қойды.Өзіңді ең бірінші барып тіркетіп қойғаныңды сыныбың,біліп қойып ренжіп қалды делік.Сені ең бірінші кешіретін үш сыныптасыңды ата.
№2жағдаят
Екі сыныптас шатасып қалды делік.Араға түсіп екі жақта да тыныштандыруға күш салатын екі сыныптасыңды ата.
№3жағдаят
Дене шынықтыру сабағы басталар кезде,бір жабдықты бәрңіз бүлдіріп алдыңыздар.Ал мұғалім келгенде бірінші болып кім мойындар еді.Бір оқушыны белгіле.
Ең көп (+) белгісін жинаған адам ең кешірімді, кең пейілді адам. Қол соғып қошемет көрсетіледі.
Мәтінмен жұмыс. Оқушыларға кешірімділіктің пайдасы мен қажеттілігін ұғындыру мақсатында «Оқып үйренейік» айдарынан А.Бейсебайдың «Кешірімнің күші» мәтінімен
танысу.
Күнделікті өмірде көп нәрсені байқамайсың, қадірін біліп, бағаламай жатасың. Өмірде өз ойлағанымыздай болмай, қателесіп жатсақ, көбінесе кінәліні іздейміз. Өзгелерге кінә қойып, өкпе-реніш танытамыз. Қателеспейтін адам болмайды, сондықтан кешіре де білу керек. Ал кек сақтау адамдарға деген жек көрушілік, сенімсіздік туғызып, жағдайды ушықтырып жібереді. Өзгелерге деген өкпе, реніш, ашу адам өмірін қызықсыз етіп, өзін бақытсыз сезінтіп, денсаулығын нашарлатады. Кешірімді болмай, өз жан дүниемізді қинап, өзімізге зиян келтіреміз. Жүрегімізге салмақ саламыз. Ал өзгелерді кешірген кезде, бойымыз жеңілдеп, ол адамға жақсылық жасағандай боламыз. Алайда біреуді кешіру – ең алдыменен, өзімізге жасаған жақсылық екенін түсінгеніміз абзал. Өзгелерді ылғи ренжітетін адамдар неліктен осындай қадамға, әрекетке баратыны жайлы ойланып көрейік.
Кешіру деген ол адамды түсіну шығар. Егер адамға түсінушілікпен қарасаң, сол сәтте-ақ ол адамға ешқандай да өкпелемейсің. Өйткені осындай жағдайда өзім не істер едім деп өзіңе сұрақ қоясың. Өзіңді олардың орнына қойып, мүмкін, ертең мен оның орнында болармын деп ойлайсың. Сол кезде кешіру оңайырақ болады. Ең бастысы айналаңа жақсы ниетпен қарап, жақсы көрсең, олардың қателігін кешіре де аласың. Басқаларды жақсы көру үшін өзіңді өзің сыйлап, жақсы көруің керек. Ал өзін жақсы көретін, сыйлайтын адам, өз жан дүниесін жаман сезімдермен ластап, ауырлатпайды.
Біз барлығына кешіріммен, сыйластықпен, түсіністікпен, сергектікпен қарауға тиіспіз. Өйткені өмір сондай тамаша, біз алға қарай тек қана адал ниет, ізгі істермен жүрсек, игілікке жетеміз.
Жетелеу сұрақтары:
Өсиет әңгімесінің басты мағынасы неде?
«Кешіру - өзгені түсінуге тырысу» дегенді қалай түсінесіңдер?
Дәйексөз» әдісінде оқушылар өздеріне ұнаған пікірді түсіндіреді.
Адам кешірімшіл болып, кешіре білуге үйренгенде өмір қуанышқа, жақсылыққа толы болады. Ондай адам өзімен-өзі, өзгелермен үйлесімділікте өмір сүреді.
Кешірімшіл болу – айналаңа деген мейірімді болудың, ақылдың, өзара түсінісудің көрінісі. Адамдар өзгелерді кешіру арқылы мейірімді бола түседі.
Қателік жасап, кінәлі болғандармен сөйлескенде олардың жан айқайын, тілектерін тыңда, жәрдем беруге, өтініштерін тыңдауға әзір бол. Олардың жақсы ниетке ауысуына жағдай туғызып, қайырымды, игі істер жасауына көмектес.
Кешіре білген адам – күшті адам.
А.Йүгінеки
Кемшіліксіз адам болмайды. Білмегендіктен, тәжірибесіздіктен қателесулер болады. Қателесу – кінәлі болу. Кінәсін мойындау әркімнің қолынан келе бермейді. Ал жөн сөзге түсіне жығылып, кінәсін мойындап, қатесін түзей білу – ақылдылықтың, қайраттылықтың белгісі.
Б.Момышұлы
Неге екені белгісіз, көбіне-көп ренішті кездер оралады есіне. Қуаныш аз сияқты, көңілге дәт болары шамалы. Реніш жағы әлдеқайда басым жатыр. Көңілді жүдетеді. Іште жатқан бітеу жарадай жүректі сыздатады.
С.Мұратбеков
Жамандық кешіре білмеуден туады. Егерде біз кешірімшіл болсақ, ызаланбас едік. Сонда бізге бәрі де жақсы көрінер еді. Егерде бір нәрсе көңілдегідей болмаса, ашуланасың.
Тілек шоғы – «Жүректен жүрекке»
Мұғалім балаларды «Жүректен-жүрекке» шеңберіне шақырып, қолдарына гүлдерді таратып, оның нәзіктігіне, сүйкімділігіне назар аудартады. Сағат тілінің қозғалысы бойынша балалар бір-біріне тілек айтып, қолындағы гүлдерін көршісіне ұсынады. Осылайша, әр бала жанындағы баланың гүлін өз гүліне қосып, келесі балаға жалғастырады. Гүлдер бірте-бірте үлкейіп, «Тілек шоғына»айналып, мұғалімнің өзіне оралады. Оларға рахмет айтылып, әрқашанда айналаңа түсіністікпен қарасаң, осы үлкейіп оралған гүл шоғы сияқты одан да үлкейіп жақсылық боп оралатынын айтып сабақты аяқтаймын.
Мұғалім:
Өкпелей салып, кешіру оңай емес. Дегенмен, кешірімді бол, «Кешіре білген күшті адам»
Алихан:
Кешірімді бол, себебі кез-келген адам тұрмыс-тіршілікте қателік жіберуі мүмкін.
Дина:
Кешірімді бол, себебі тіл табысудың басты кілті – кешірім сұрау болып табылады.
Саида:
Кешірімді бол, өмірде адамның ашулану, ызалану сезімін тудыратын әр түрлі жағдаяттар болуы мүмкін.
Нұрбек:
Кешірімді бол, себебі саған өмірдің әлі де сыйлар қызығы көп.
Набир:
Кешірімді бол, себебі реніш денсаулыққа зиян.
Нұрлыбек:
Кешірімді бол, себебі қызулықпен жасалған іс-әрекеттің арты - өкініш не қайғыға ұласуы мүмкін.
Анель:
Кешірімді бол, себебі өкпе-ренішпен жүріп өзіңді жоғалтып алуың мүмкін.