Оқу іс-әрекетінің кезеңдері | Мұғалімнің іс-әрекеті | Оқушының іс-әрекеті |
І.Ұйымдастырушылық кезең | 1.Оқушылармен амандасу 2.Сыныпты түгендеу | 1.Мұғаліммен амандасады 2.Кезекші бүгінгі күнді, сыныпта жоқ оқушыларды. |
ІІ.Сабақтың өзектілігі | Бар мен жоқты айыра білу | |
ІІІ.Сөйлесім әрекеті 1.Өткенді қайталау | 1.Қазір қай сабақ? 2.Қазақ тілі сабағында не істейміз? 3.Қазір қай мезгіл? | 1.Қазақ тілі сабағы. 2.Қазақша оқимыз, қазақша жазамыз, қазақша сөйлейміз, қазақша тыңдаймыз 3. Қазір көктем мезгілі. |
2.Үй тапсырмасын сұрау | Оқушылардан киімдердің атауын сұрау. Шапан, тақия, камзол сөздерін жатқа сұрау | Оқушылар тақта алдына шығып айтады |
ІҮ.Жаңа сабаққа көшу 1.Сұрақтарға жауап | Балалардың назарын тақтаға аударту, тақтадан ненің суретін көріп тұрсыңдар. Бұл біз өткен дыбыстармен байланысты сөздер. Бүгін біз өткен әріптерді қайталаймыз Алдымен барлық өткен әріптерге байланысты бейнекөрініс көреміз. Хормен айтқызу: Баспа және жазбаша түрімен таныстыру, ауада жазу. Дауысты және дауыссыз екенін өздері ажыратады. | Балалар қандай сурет көріп тұрғанын айтады. Балалар бейнекөрініс тамашалайды. |
Ү.Оқылым, тыңыдалым,жазылым,сөйлесім әрекеттері Жаңа сабақ 1)сөздік жұмысы 2)мәтінмен жұмыс | Балалар, енді мен сендерге ішінде, немесе арасында һ дыбысы немесе басында һ дыбысы келетін немесе келмейтін сөздер айтамын сендер соны табыңдар. Олай болса, «гауһар» деген тастың атында қандай дыбыс естіледі?. 1.Бұрынғы сөздерді еске түсіндіру: 1.Айдаһар-дракон 2.Қаһарман-герой 3.Жиһаз-мебель | 1.Оқушылар жаңа сөздерді оқып, жаңа сөздерді сөздік дәптерлеріне жазады. 2Мұғалімнің артынан қайталайды |
ҮІ.Жаңа сабақты бекіту | 1)Тақтадағы сурет бойынша сөйлету Жазу дәптерімен жұмыс. Тақтадағы суреттеріне қарап заттың атын атайды. Айдаһар, қаһарман, гауһар. Көрнекілікпен жұмыс. Айдаһар, гауһар суреттерін бояп жанына һ әрпін көркемдеп жазады. | 1)оқушылар бір-бірлеп шығып, Ғ әрпіне байланысты сөздерді айтып, қайталайды. |
ҮІІ.Үй тапсырмасы | 1.Һ әрпін жазу . 2. Сөздікті жаттау. | Үй тапсырмасын күнделіктеріне жазады. |
ҮІІІ.Бағалау | Оқушылардың білімдерін бағалау | Мұғалімге күнделіктерін беріп, бағаларын қойғызады. |
ІХ.Қорытындылау | Нені өттік? Нені білдік ?деген сұрақтар арқылы сабақты қорытындылау | «Һ» әрпімен таныстық, оны айтуға, жазуға үйрендік. |
Х.Рефлексиялық-түзетушілік | Тапсырмаларды оқушылардың қалай орындағанын талқылап түзету | Тапсырма орындағанда жіберген қателерін түзетеді. |