Сабақтың жоспарланған Кезеңдері Сабақтың басы 7 мин | Сабақтағы жоспарланған жаттығу түрлері Жағымды психологиялық ахуал қалыптастыру «Комплементердің бұрқасыны» Оқушылар берілген уақыт ішінде (1-1,5мин) бір парақ қағазға өздерінің достарынан естігі келетін комплементті жазады. Комплементтердің жеке сөздер (эпитеттер) түрінде болмай сөйлемдер түрінде болғаны дүрыс. Жазып болған оқушылар бұл парақтарды домалақтап, домалақ қармен атысқандай оларды бір-біріне лақтыруы керек. Содан кейін мұғалім оқушыларға бір-бірден «қар домалатып» ашып, оларды оқудытапсырады. Косплементтерді барлық оқушылар кезектесіп оқиды. Топқа бөлу. «Тұрғын және үй» әдісі Оқушылар екеу-екеу қолдарын көтеріп ұстасады,үйдің шатырын жасайды.Шатырдың астына бір оқушы кіріп тұрғын болады.Сәлден соң мұғалімнің нұсқауымен тұрғын екеу болады.Осылай төрт оқушыдан шағын топтар құралады. Сабақтың оқу мақсаттары таныстырылады. 6.1.1.1 мәтіннің атауын талқылау және алғашқы бөлігін тыңдау арқылы көтерілетін мәселені болжау 6.4.4.3 үстеудің мағыналық түрлерін ажырату, синонимдік қатарларын түрлендіріп қолдану | Ресурстар Әлімов А.Қ. Оқытудағы интербелсенді әдіс-тәсілдер Астана: «НЗМ» ДББҰ педагогикалық шеберлік орталығы, 2014, 167-бет «Step by step» бағдарлама сынан алынды https://multiurok.ru |
Сабақтың ортасы 15 мин | Ж. Тыңдалым алды тапсырма. Тапсырма №1 «Білемін, білдім, білгім келеді» кестесі. Оқушы «Білемін» ұяшығында Наурыз жайлы білетінін жазады, «Білгім келеді» ұяшығында білгісі келген мәселені атап өтеді.
Білемін | Білгім келеді | Білдім | | | | Оқу мақсаттарын қайталап өту 6.1.1.1 мәтіннің атауын талқылау және алғашқы бөлігін тыңдау арқылы көтерілетін мәселені болжау 6.4.4.3 үстеудің мағыналық түрлерін ажырату, синонимдік қатарларын түрлендіріп қолдану Ж. Тыңдалым тапсырмасы. Қалыптастырушы бағалау тапсырмасы Оқу мақсаты | 6.1.1.1 - мәтіннің атауын талқылау және алғашқы бөлігін тыңдау арқылы көтерілетін мәселені болжау | Бағалау критерийі | Білім алушы • Мәтіннің тақырыбын, келесі бөлігіндегі мәселені болжайды | Ойлау дағдыларының деңгейі | Қолдану | Тапсырма №2 Берілген мәтіннің атауын талқылаңыз, ой елегінен өткізіп, кестені толтырыңыз «Наурыз-жыл басы» | Мәтіннің тақырыбы | Мәтіннің тақырыбы туралы өз ойыңыз | | | Тапсырма №3 Мәтіннің алғашқы бөлігін мұқият тыңдаңыз. Мәтіннің не туралы болатынын болжап, өз болжамыңызбен салыстырып және кестені толтырыңыз. Наурыз - жыл басы 1-бөлім Наурыз мерекесінің пайда болуы жайлы әркім әртүрлі дерек айтады. Біреулер Сүлейменнің жүзігі табылған күн десе, Иран аңыздарында адамзаттың отты пайдалана білген сәтін Наурыз деп атаған деседі. Адамзат емес, бір ғана түркі тайпаларында бұл күн жайлы аңыз да, ертегі де көп. (Осы жерден тоқтатылып, оқушылар болжамы тыңдалады) Мәтін бөлімдері | Мәтіннің екінші бөлімінде Қандай мәселелер көтеріледі деп ойлайсыз? | 1-бөлім | (2 сөйлемнен кем емес) | 2-бөлім «Жалпы, көне дәуірде бұл күндері әр жерге үлкен от жағып, отқа май құйған; жаңа жеті дәнге қарап болашақты болжаған; жеті ақ кесемен дәстүрлі ұлттық көже «сумалақ» ұсынған; ескі киімдерін тастаған; ескірген шыны аяқты сындырған; 22 наурызға бір күн қалғанда, күл-қоқыстардан құтылған; бір-біріне гүл сыйлаған, үйге күн символын салу дәстүрі де болған. Бір сөзбен айтқанда, жаманат кетіп, мен де жаңарсам деген тілек. Халық бұл күнде жетім-жесір, жоқ-жітіктерге қол ұшын беріп көмектеседі. Олардың ұлы күнге сай шат-шадыман, көңілді жүруін қамтамасыз етуге тырысады», - дейді философия ғылымдарының докторы, профессор Алтай Тайжанов. Ал қазақ ұлысы болып қалыптасқалы Наурыз тойы ешбір қазақ хандығында елеусіз қалған емес. Қайта қазақ ұлтының ең ұлы мерекесінің бірі болып тойланып келді. Бұл туралы көптеген деректерді келтіруге болады. Жалпы «Самарқанның көк тасы еріген күн» қазақ даласы үшін құт-берекенің басы. Қазіргі кезеңде 22 наурыз қалай тойланып жүр?! Наурыз десе, жұрт тек қана ішіп-жеу мен ас мәзірін ғана тілге тиек етеді. Одан қалса, атам қазақ Алтыбақан теуіп, ақсүйек ойнап қарсы алған дейтін сыңар жақтылы көзқарас бар. Әрине, 22 наурызда бұл дәстүрлі ойындар мен ас- тағамдар тарихтан бері жалғасып келе жатыр. Дей тұрғанмен, біз Наурыз тойының ең басты ерекшелігін ұмытып бара жатқан сияқтымыз. Ол – қамқорлықтың, мейірімнің айы болған Наурызды ізгі тілек, ізетті қамқорлықпен қарсы алу еді. Бұл дегеніміз ошақтың үш бұтындай болған ұлыстың кем-кетігін толтыру, аш-жалаңашын тойдыру еді. «Болжау» кестесі. Мәтін бөлімдері | Мәтіннің екінші бөлімінде Қандай мәселелер көтеріледі деп ойлайсыз? | Мәтінде шындығында қандай мәселелер көтерілді? | 1-бөлім | (2 сөйлемнен кем емес) | (2 сөйлемнен кем емес) | Білім алушы мәтіннің атауын талқылайды; алғашқы бөлігі арқылы мәселені болжайды; өз болжамымен салыстырады және кестені толтырады; ҚБ. Оқушылар дескриптор арқылы бірін-бірі бағалайды. Ж. Тапсырма №4 «Б.Блум таксономиясы» бойынша саралау Өзінің танымдық деңгейіне сәйкес ұяшықты таңдайды; Ұяшықта берілген сұрақтар мен тапсырмаларды дұрыс орындайды; Өз ойын жүйелі жеткзіп, тапсырма мазмұнын ашады; ҚБ. Дескрипторлар арқылы өзін-өзі бағалайды Оқу мақсаттарын қайталап өту 6.1.1.1 мәтіннің атауын талқылау және алғашқы бөлігін тыңдау арқылы көтерілетін мәселені болжау 6.4.4.3 үстеудің мағыналық түрлерін ажырату, синонимдік қатарларын түрлендіріп қолдану Ж., ЖЖ. Тыңдалымнан кейінгі тапсырма.Тапсырма №5 «Құттықтау сөз» Екі оқушы бір-біріне Наурыз мейрамына байланысты құттықтау сөз жазады. Құттықтау сөзде (соншама әдемі, бірқатар қыздар, осыншама тартымды, соғырлым ісерлі ) мөлшер үстеу болған синонимдік қатарлар қолданып, 5-6 сөйлеммен жаз. құттықтауды құрылысын сақтайды; мазмұнды, әсерлі етіп жазады; мезгіл үстеуінен болған синонимдік қатарларды орынды қолданады ҚБ. «Екі жұлдыз, бір тілек» әдісін арқылы бірін-бірі бағалайды. | Әлімов А.Қ, «Оқытудағы интербелсенді әдіс-тәсілдер»- Астана: «НЗМ» ДББҰ педагогикалық шеберлік орталығы, 2014, 81-бет Қалыптастырушы бағалау тапсырмалар жинағы Қазақ тілі (оқыту қазақ тілінде) 6сынып, 26бет Әлімов А.Қ, «Оқытудағы интербелсенді әдіс-тәсілдер»- Астана: «НЗМ» ДББҰ педагогикалық шеберлік орталығы, 2014, 143-бет (ТемплЧ, Стилл Дж, Мередит К. Сыни ойлауды дамыту әдістері. №2 оқу құралы.-Алматы, 1998ж) 9 күн, 2сабақ, 4 үлестірмелі материал, Блум таксономиясын пайдаланып, жаттығу әзірлеу Қазақ тілі: Жалпы білім беретін мектептің 6-сыныбына арналған оқулық / Б.А.Әрінова, Г.М.Раева, Г.С. Кәрімова, Л.К.Жұмекенова. –Алматы: Атамұра, 2018.-224бет. |
Сабақта жағымды психологиялық ахуал орната отырып және әр оқушыға қолдау көрсете отырып, оқу мақсатына жетелеймін. Оқушылардың танымдық қажеттіліктерін ескере отырып, Б.Блум таксономиясы бойынша саралау тапсырмасын құрастырдым. Сабақ барысында оқушымен кері байланыс орната отырып, оқу материалы мен ресурстарды тиімді қолдандым. | Сабақ барысында оқушылар дескрипторлар арқылы өзін-өзі арқылы, дескрипторлар арқылы жұпта бір-бірін бағалайды. Соңғы тапсырмада жұпта бір-бірін «Екі жұлдыз, бір тілек» әдісі арқылы бағалайды. Сабақ барысында мұғалім мен білім алушы арасындағы «Ауызша бағалауды» тиімді қолдандым. | Денсаулық сақтау технологиялары. Сабақта сергіту жаттығулары мен белсенді жұмыс түрлерін қолдану. Осы сабақта қолданылатын тармақтары |