kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

?. Аманжолов "?зім туралы"

Нажмите, чтобы узнать подробности

Саба?ты? та?ырыбы: ?. Аманжол "?зім туралы"

Саба?ты? ма?саты:

А) ?. Аманжоловты?  ?мірі мен шы?армашылы?ы туралы т?сінік беру,"?зім туралы" ?ле?іні? мазм?нымен таныстыру.

?) О?ушыларды Отанды с?юге, елге, жерге ??рмет к?рсету.

Б) О?ушыларды? тіл байлы?ын, с?здік ?орын дамыту.

Саба?ты? т?рі: Жа?а саба?ты ме?герту.

Саба?ты? ?дісі: Баяндау, т?сіндіру, с?ра? жауап.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«?. Аманжолов "?зім туралы"»

Демеуова Лунара Рыскалиевна

БҚО Орал қаласы

Спортқа дарынды балаларға арналған

мамандандырылған облыстық мектеп-интернатының

қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі



Әдебиет пәні 7 «а» - сынып

Сабақтың тақырыбы: Қасым Аманжолов «Өзім туралы» өлеңі Сабақтың мақсаты: Қасым Аманжоловтың өмірі мен шығармашылығы жайлы білімдерін қалыптастыру, ақынның өзіндік мұратын таныту,өлеңнің идеясы мен тақырыбын ашу.
Дамытушылық: оқушылардың ой-өрістерін, сөйлеу мәдениетін, әдеби тіл байлығын, СТО технологиялары арқылы өз бетімен жұмысқа, шығармашылыққа дағдыландыру.
Тәрбиелік: Қасым поэзиясы арқылы Отанды,туған жерді сүюге, қастерлеуге, ана тілін қадірлеуге, қайсарлыққа, табандылыққа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Жаңа тақырыпты меңгерту.
Сабақтың әдісі: әңгімелеу, ассоциация,  талдау, сұрақ – жауап
Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, электронды оқулық, қанатты сөздер, тірек-схема, автор туралы естелік, бейнебаян, аудиотаспа.
Пәнаралық байланыс: музыка, бейнелеу өнері, тарих, орыс әдебиеті

І. Ұйымдастыру кезеңі:
а) амандасу б)оқушыларды түгендеу.

ә) «Көбелек түстерін таңдау арқылы гүлге қондыру» тренингі арқылы топқа бөлу.



ІІ. Үй тапсырмасын сұрау
— Біз бұдан алдыңғы сабақта кімнің, қандай шығармаларымен таныстық.
Иса Байзақовтың  «Құралай сұлу» поэмасы бойынша сұрақтар қойылады.

Сұрақ-жауап

1. Иса Байзақов кім?

2. «Құралай сұлу» поэмасындағы оқиға қай ханның тұсында болды?

3. Поэмадағы кейіпкерлерді атаңдар.

4. Поэма алғаш рет қай кезде басылды?

5. Құралай сұлу кімнің қызы, ол неге қазақ жеріне қашпақ болды?

6. Ол кездегі қалмақ ханы кім болды?

7. Құралай неден қаза болды?


Сабақтың эпиграфы: Дейсіңдер-ау, Қасымның несі басым,

Қасым солай болмаса несі Қасым?

Ақынмын деп қопаңдап жүргендердің,

Әммесінен Қасымның десі басым.

Мұқағали Мақатаев



Жаңа сабаққа дайындық:

Оқушылардың жаңа сабақ туралы ойларын дамыту үшін, интерактивті тақтаның көмегіне сүйене отырып Қасым Аманжоловтың фото суретін көрсету.

-Балалар мына суреттен кімді көріп тұрмыз, бұл бейне бізге таныс па? Оқушылар суреттен кімді көргенін айтып, кәсібін, шығармаларын атап айтып кетеді.



III. Жаңа сабақты түсіну кезеңі:
«Ақынның адал, шыншыл мінезі өзімен бірге өлген жоқ, тамаша өлеңдерінде жүр»
Тахауи Ахтанов
1. Өкінбен мен де бір күн өлемін деп,
Өкінем ұқсата алмай келемін деп.
Күніне жүз ойланып, мың толғанам,
Өзіммен бірге өлмесін өлеңім деп, —
деп өз өмірін өлеңмен өрген қазақтың өр талантты ақыны, қиын да күрделі заманда туып, адалдық пен ақындықты тұмар етіп, батыл ойлы, шыншыл да сырлы, дауылды поэзиясымен ХХІ ғасыр ұрпақтарының жүрегінде терең із қалдырған Қасым Аманжоловтың өмірі мен өлеңіне тоқталамыз.

2. Қасым Аманжолов туралы бейнебаян көрсету.
Қасым Аманжолов 1911 жылы 10 қазанда Қарағанды облысы Қарақаралы ауданында Қызыл ауылында туған. Әкесі сол жерде қайтыс болады. Әке-шешеден ерте айырылған Қасым жоқшылық, жетімдікті сәби кезінен басынан өткеріп,қой-қозы бағады,тезек тереді, кісі есігінде телміреді.Болашақ ақынның қажырлы, қайратты, тік мінезді, найзағайдай өткір тілді болып өсуіне әсер етті.Алғашында ауыл молдасынан білім алады,кейін ағасының көмегімен Семейдегі интернатта ауысып, онда үш жыл тәрбиеленеді.Одан кейін Семейдегі мал дәрігерлік техникумын оқып бітіреді. Оралдағы пединститутты, Ленинградтағы орман шаруашылығы институтарына түскенмен, денсаулығының сыр беруіне байланысты оқуын жалғастыра алмай, газеттерде редакторлық, кейін театрда қызмет жасаған.Ақын 1941-1946 жылдар арасында майданға ілігіп, «қанды қырғын, қып-қызыл өрттің ішінде» болды. Әртістік, әншілік өнерге бейім ақын домбыра, күйсандық, мандолина сияқты аспаптарды жақсы ойнап, өзінің бірқатар өлеңдеріне ән де шығарған сазгер болған. 2011 жылы  ақынның 100 жылдығы халықаралық дәрежеде аталып өтілді. Қасым бар болғаны 44 жасында үзілді.Соғыс кезінде көп өлеңдері жоғалған, әндері де нотаға түспей қалған. Кейін 1955-1957 жылдары бар мұрасын жинақтап бастырғанда, 3 том ғана кітап болды.

3. «Өзім туралы» өлеңін аудиотаспадан тыңдату.

4. Жазылар естеліктер мен туралы айдары бойынша Қасым туралы естеліктер не дейді? Соны тыңдап көрсек… «Ақынның адал, шыншыл мінезі өзімен бірге өлген жоқ, тамаша өлеңдерінде жүр»
Тахауи Ахтанов
Қасым мен Сырбай - ағалы-інілі бауырдай болған дәмдес, рухани дос ақындар. Қасым дүниеден өткен соң, олардың балалары отау құрып,екеуі құда да болған. Сырбайдың жұбайы сол күндерді былайша еске алады: «Біз Қасымның үйімен жақсы араласып кеттік. Қасым біз барғанда скрипка тартып немесе домбыра шертіп отыратын.Өзі арықша ғана аққұба жігіт болатын. Ол кезде Қасекең үйі жоқ, күйі жоқ жүрген кезі, К.Байсейітованың дачасында тұрады. Тар, 9 ш/м, өлеңді жерге чемодан қойып, чемоданның үстіне жазады екен. 1955 жылы 17 қаңтарда Қасым қайтыс болды. Артынан Сырбайлар 3 томдығын шығарды. 40 өткен соң біз ұлды болдық, атын Қасым қойдық» Ақынның осы бір қысылтаяң жағдайда туған өлеңіндегі:
Берсең бер, бермесең қой баспанаңды,
Сонда да тастамаймын астанамды.
Өлеңнің отын жағып асырармын,
Өзімді, әйелімді, жас баламды,- деген сөздерінен өмірдің көлеңкелі жақтарын көп көріп,өз заманында тиісті бағасын ала алмағанын, сөйте тұра өлеңді өмірінің өзегі еткен, туған елін ардақтаған ұлтжанды ақын екенін аңғару қиын емес. Өмірінің соңғы жылдары жазылған «Өзім туралы» өлеңі (кей жерлерде аяқталмай қалған делінеді) ақынның өзі туралы толғанысы, сезімі, ақындық мақсаты айтылады.

Әдебиет теориясы бойынша түсінік беру: Лирика дегеніміз- ақынның ішкі жан- дүниесінің сезім  күшімен тебірене толқуы, өз басының көңіл-күйі, күйініш-сүйініші.
Лириканың түрлері: 1. Көңіл-күй лирикасы
2. Философиялық лирика
3. Саяси лирика
4. Махаббат лирикасы
5. Табиғат лирикасы

«Өзім туралы» өлеңін талдау. Лирика түрі: Көңіл-күй лирикасы
Тақырыбы: Лирикалық кейіпкердің өзі туралы ақындық толғанысы
Идеясы: Ақынның өз өлеңі арқылы болашақ ұрпаққа сенім артуы, ақынның өз тағдырын өлең құдіретімен оқушыларға жеткізуі.

Лирикалық кейіпкерге сызба арқылы мінездеме беру.

Өлең құдіретіне сенеді

Өршіл



Ұрпаққа сенеді

Лирикалық кейіпкер




Романтик



Жаны нәзік

Өз елін сүйетін



Төмендегі жетелейтін сұрақтар арқылы кейіпкерге мінездеме берегіземін.
Кейіпкер кім? Ақын
Қандай ақын? Өршіл, патриот
Қандай жан? Өз елін сүйетін, өз жерін сүйетін, жаны нәзік
Кімдерге сенеді? Ұрпаққа сенеді, өлең құдіретіне сенеді
Өлеңде ақын не туралы айтады? Ішкі психологиялық толғанысы, өмір жайлы толғанады.
IV. Мағынаны тану кезеңі. Топтық жұмыс.
I-топ: Өлеңді құрылысына талдау.
II-топ: Өлеңді көркемдік қарай ерекшеліктеріне талдау.

«Ізденіс кестесін» толтыру.

Рет саны

Өлеңдегі негізгі ой

Шумақтар

1

Ақынның өзін таныстыруы


2

Өлең туралы толғанысы


3

Туған елі, жері туралы толғанысы



Шығармашылық деңгей.

РАФТ әдісі бойынша монолог жазып, оқу.

Роль - Қасым

Аудитория - XXI ғасыр ұрпақтары

Форма - Монолог

Тақырып - Сен не еткен бақытты едің, келер ұрпақ!

Сөздік қоржыны (дәптермен жұмыс)
Жасық — жігерсіз, былжыр, тартымсыз, әлсіз, уытсыз
Көрік – ұста дүкенінде көмірді үрлеп,темірді қыздыру үшін теріден жасалған үрлеуші
Тымырсық – сыр ашпайтын, сөйлемейтін адам Торқа – ең қымбат жібек мата Мейман – қонақ Бір мезет - бір уақыт

V. Ой таразы  кезеңі. «Салыстыру» стратегиясы
А.С.Пушкиннің «Ескерткіш» өлеңі мен Қасымның «Өзім туралы» өлеңдерінің өзектестігі,үндестігін табу, пікір айту.
Қ.Аманжолов «Өзім туралы» Өзге емес, өзім айтам өз жайымда, Жүрегім, жалын атқан сөз дайында.

Тереңде тұнып жатқан дауыл күйді,

Тербетіп, тулатып бір қозғайын да...


А.С.Пушкин «Ескерткіш» өлеңінен үзінді
Жоқ, өлмен, жаным жасар өлеңімде,
Шірімей, жасаңғырар денем мүлде.
Бар болса жалғыз ақын ай астында,
Ардақтап қасиеттер мені әр күнде.
(аудар. Ғ.Орманов)


Қасым Ортақ белгі Пушкин

1. Өлең 1. Қара өлең ұйқасы 1. Аударма

2. 25 шумақ 2. Идеялары бірдей 2. 5 шумақ

3. Қазақ еліне деген 3. Ақындар қайшылығы 3. Ресей еліне

махаббат мол, қиын өмір кешті деген махаббат


Сергіту сәті: Бала Жамбылдың «Дүниеге келер әлі талай Қасым» атты концертте оқыған Қасым Аманжоловқа арнаған өлеңін тыңдату.


VI. Сабақты бекіту: «Топтастыру» стратегиясы.


Қасым - қажырлы, қайратты, тік мінезді азамат.

Қасым - өртке тиген дауылдай ақын.

Қасым - жауынгер (майданнан жаралы оралған).

Қасым - әнші, күйші, скрипкашы, «Ақ Сәулем» әнімен танымал.

Қасым – қоғам қайраткері.


Сабаққа рефлексия жасау.

- Бүгінгі сабақ ұнады ма?

- Несімен ұнады?

- Қандай қиыншылықтар кездесті?

- Қай топтың жауабы сәтті шықты? - Бүгінгі ең үздік топ басшысы деп кімді атар едің?



VII. Үй тапсырмасын беру: Оқушылық деңгей: Өлеңнің ұнаған жерінен үзінді жаттау.

Шығармашылық деңгей: Қ. Аманжолов өмірі мен

шығармашылығына реферат жазу.

VIII. Бағалау.

1.Өлең

2. 25 шумақ

2.Қазақ еліне

деген

махаббат

1.Өлең

2. 25 шумақ

2.Қазақ еліне

деген

махаббат

1.Өлең

2. 25 шумақ

2.Қазақ еліне

деген

махаббат


























































































































































































Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Прочее

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 7 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
?. Аманжолов "?зім туралы"

Автор: Демеуова Лунара Рыскалиевна

Дата: 26.03.2016

Номер свидетельства: 310199

Похожие файлы

object(ArrayObject)#852 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(62) "?асым Аманжолов «?зім туралы» ?ле?і"
    ["seo_title"] => string(31) "kasymamanzholovozimturalyolieni"
    ["file_id"] => string(6) "304043"
    ["category_seo"] => string(10) "literatura"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1457634539"
  }
}
object(ArrayObject)#874 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(55) "?асым  Аманжолов  "?зім  туралы" "
    ["seo_title"] => string(31) "k-asym-amanzholov-ozim-turaly-2"
    ["file_id"] => string(6) "179929"
    ["category_seo"] => string(10) "literatura"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1425100812"
  }
}
object(ArrayObject)#852 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(83) "конспект на тему ?асым Аманжолов "?зім туралы" "
    ["seo_title"] => string(48) "konspiekt-na-tiemu-k-asym-amanzholov-ozim-turaly"
    ["file_id"] => string(6) "200942"
    ["category_seo"] => string(10) "literatura"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1428938367"
  }
}
object(ArrayObject)#874 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(67) "урок на тему ?.Аманжолов "?зім туралы" "
    ["seo_title"] => string(38) "urok-na-tiemu-k-amanzholov-ozim-turaly"
    ["file_id"] => string(6) "200949"
    ["category_seo"] => string(10) "literatura"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1428939400"
  }
}
object(ArrayObject)#852 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(95) "Открытый урок на тему "?асым Аманжолов «?зім туралы»""
    ["seo_title"] => string(44) "otkrytyiuroknatiemukasymamanzholovozimturaly"
    ["file_id"] => string(6) "311715"
    ["category_seo"] => string(10) "literatura"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1459248377"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства