Мақсаты: 1. Ертегі жанрымен, тегімен танысу. Тазша бала бейнесін талдау.
2. Оқушылардың тіл байлықтарын, танымдылықтарын дамыту.
3. Тапқырлыққа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: жаңа сабақ
Сабақтың әдісі: Көркем шығарманы талдау
Сабақтың тәсілі: сұрақ-жауап, түсіндіру
Сабақтың көрнекілігі:
Сабақтың барысы
І Ұйымдастыру кезеңі
1. Амандасу, сабаққа дайындалу
2. Үй тапсырмасын тексеру (сұрақ-жауап)
3. Сабақ тақырыбын, мақсатын анықтау
ІІ Қайталау
Кендебайдың әкесі кім, немен шұғылданады? Кендебай қандай бала? Хан оны қайда жұмсады?
ІІІ Жаңа сабақ
1. Ертегі оқиғасы проза түрінде де, өлең түрінде де болады. «Қырық өтірік» ертегісі – соның бір мысалы. Бұл ертегінің басқа ертегілерден өзгешелігі айтушыдан аса таланттылықты талап етеді. Ертегінің шартының өзі – бір түйір шындық қоспау керек. Сюжетінің тартымды, қызық болатыны да сондықтан. Ал өлең сөзбен баяндауда автор оқиғаны баяндап жеткізумен бірге өлең сөз талабын (ұйқас, ырғақ, т.б.), орындауы қажет.
2. «Қырық өтірік» атты әңгіменің тууына себепші болған оқиғаны баяндап, мәтіннен тауып оқы.
3. Тазша баланың қырық өтірік әңгімесін өз алдына оқып, бөлімдерге бөліп көр: а) жоғалған құлын хикасы; ә) қоянның оқиғасы; б) Етіктің штағы, т.с.с.
4. Өтірік әңгімеден тұтастай қарағанда қандай құндылықтар аңғаруға болады (тапқырлық, тұрмыс даналығы, байқампаздық, пайымдылық, т.б.).
ІV Бекіту.
1. Ертегінің қай түріне жатады?
2. Тазша балаға мінездеме бер.
Батыл, ер жүреу шешен
Тазша бала
Тапқыр Тұрмыс даналығы
ІҮ Рефлексия
Ертегі ұнады ма, несімен?
Ү Үй тапсырмасы
Ертегідегі қырық өтіріктің суретін көз алдыңа елестетіп, бояумен суретін сал (оқулық тағы суретке көңіл бол)
1-сурет. Инеліктерге жүк артып көшіп бара жатқан көрініс.
2-сурет. Шегірткенің мұртына атты арқандау.
3-сурет. Ақсақ қоңызға отырып, қоянды қуған адамның суреті... т.б.