Просмотр содержимого документа
«Етіс. Ыры?сыз етіс »
Күні: Пәні: қазақ тілі Сыныбы: 7
Сабақтың тақырыбы: Ырықсыз етіс Сабақтың мақсаты: Білімділік: ырықсыз етісті меңгерту, мағлұмат беру арқылы оқушылардың білімдерін.
Дамытушылық: оқушының есте сақтау қабілетін арттырып, жаттығу жұмыстары арқылы ой өрісін дамыту. Тәрбиелік: тәрбие мен білім егіз ұғым екенін бойларына сіңіру, дұрыс түсінуге, орынды сөйлеуге, ізденімпаздыққа тәрбиелеу. Сабақтың технологиясы: сатылай комплексті талдау. Сабақтың әдіс – тәсілі: сұрақ – жауап, түсіндіру Сабақтың көрнекілігі: сызбалар Сабақтың барысы: Ұйымдастыру кезеңі. Оқушыларды түгендеу. Кезекшінің мәліметі. Үй тапсырмасын сұрау. Үй апсырмасын оқушылардан кроссворд арқылы тексеру. Жаңа сабақ:
Ырықсыз етіс Страдательный залог.
Іс-әрекеттің атқарушысы, қимыл иесі арнайы айтылмай, қимыл өздігінен істелгендігі көрініп тұрса, ондай етісті ырықсыз етіс деп атайды. Ырықсыз етіс -ыл, -іл, -л жұрнақтары арқылы, кейде түбір -л дыбысына аяқталса -ын, -ін, -н жұрнақтары арқылы сабақты етістіктен жасалады. Страдательный залог (ырықсыз етіс) обозначает действие, которое совершается как бы само собой без воздействия другого лица или объекта. Лицо или объект, совершившее данное действие, может быть не указано. Страдательный залог образуется от основы переходных глаголов прибавлением аффиксов -ыл, -іл, -л. Если основазаканчивается на л, то страдательный залог образуется прибавлением суффиксов -ын, -ін, -н. Например,Үй салынды. – Дом построен (Не указано кем построено). Хат жіберілді. – Письмо отправлено.
Мәтінмен жұмыс.
1-тапсырма. Мәтіннің ішінен ырықсыз етіс пен өздік етісті табыңдар.
Фотоға түсіру - өнердің бір түрі. Сурет - тарих шежіресі. Күнделікті фотоға түсіруге қызығатын адамдар бар. Кәсіби фотосуретшілер ерекше туындылар жасап шығарады. Фотоөнер - қас қағым сәттің өмірлік шежіресі. Ол ерекше байқағыштықты, керек сәтті тез қағып алуды талап етеді. Дамыған елдерде фотосуретшілердің еңбектеріне барлық жағдай жасалған. Олардың авторлық құқықтары, қаламақы және де басқа әлеуметтік жағдайлары заңның аясында шешілген және заңмен қорғалған. Мысалы, Балтық елдеріндегі 12 азамат фотоөнерден Мемлекеттік сыйлықтың иегері атанған.
Дәптермен жұмыс.
2-тапсырма. Сөйлемдерден ырықсыз етісті табыңдар.
Бұл мәселе жиналыста шешілді. Төрағаға көптеген сұрақтар қойылды. Оған түсінікті жауаптар берілді. Жиналыс ойдағыдай өткізілді. Балаларға көмек көрсетілді. Қорытынды жасалды.
Сөздерден қайсы ырықсыз, қайсы өздік етіс екенін анықтаңдар. (оқушыларға қызыл, сары түсті қағаздар беріледі, егер ырықсыз етіс болса – қызыл түсті қағазды көтереді, егер өздік болса – сары түсті қағазды).
Жазылым әрекеті: 1 - тапсырма. Берілген сөз тіркесте етістіктерді ырықсыз етіске айналдыру Фотоға түсіру – фотоға түсірілді Туындылар жасау - Бір талап ету - Жағдай жасау - Заңмен қорғау -
Сөйлемдерден етістің түрлерін анықтаңдар.
Сөйлемдер
Ырықсыз етіс
Өздік етіс
Жайлауда той басталды.
+
Ат жарысы жүргізілді.
+
Алтыбақан тербетілді.
+
Асан жуынды
+
Күн жылынды
+
От жағылды
+
Жақсылап таранды
+
Киіз үйлер тігілді.
+
Алыстан досы көрінді
+
Ет асылды.
+
Сыйлы қонаққа бас тартылды.
+
Тойға көп адам жиылды.
+
Дастарқан жайылды.
+
Дастарқан басында өлең айтылды.
+
Таңертең ерте тұрып киінді.
+
Күй шертілді.
+
Сабақты қорытындылау. Тест арқылы корытындылау. Оқушылардан не білгенін сұрау.