| -Ал, балалар кәнекей білім ханшасының хатын оқып көрейік. « Мен - Білім елінің Ханшасымын сендерді қонаққа шақырамын. Маған жету оңай емес, қиыншылықтардан, талай сындардан өту керек, ол үшін шыдамдылық пен батылдылық, қажырлық пен талап қажет. Менің еліме тек кемемен келуге болады. Мен сендерге мына білім кемесін сыйладым». Балалар, кемеде барлық адамдар кімге бағынады? Сендерді басқаруға кім лайық? Капитан: Барлығың менің бұйрығымды тыңдандар! Экипаж! Білім еліне алға! Теңіз толқыны және шағала дыбыстары үнтаспадан естіледі. Капитан: Алдымызда арал көрінеді. «Дыбыстар аралы» 1 тапсырма: Дыбыс дегеніміз не? 2 тапсырма:Дыбыстар айтылуына қарай нешеге бөлінеді? 3 тапсырма:Дауысты дыбыстар қалай айтылады? және олар айтылуына қарай нешеге бөлінеді? 4 тапсырма; Дауыссыз дыбыстар қалай айтылады? Дауыссыз дыбыстарға не кедергі жасайды? Дыбыстарды біз қалай ажыратамыз? Қандай текшелермен белгілейміз? Капитан: Бірінші аралдың тапсырмаларын өте жақсы орындадыңдар. Бұрынғы бағыт бойынша алға! Әуенмен өлең айтылады. Балалар, алыстан тағы бір арал көрінеді. «Әріптер аралы» 1 тапсырма: Әріп дегеніміз не? 2 тапсырма: Сөз дегеніміз не? Және нелерден құралады? 3 тапсырма: Буын дегеніміз не? 4 тапсырма:Жұмбақ жасыру. Өзім сөзден тұрамын аяқталған ойды құрамын. Сөйлем нелерден құралады? Капитан: Балалар, бұл аралдың да тапсырмаларын ойдағыдай орындадыңдар. Бұрыңғы бағыт бойынша алға! Балалар алыстан тағы бір арал көрінеді. Балалар, бұл арал «Сиқырлы әріптер» аралы екен. Әуен мен К дыбысы кіреді. Тәрбиеші: Балалар бұл әріп бізге таныс па ? Мен жай әріп емеспін , мен сиқырлы әріпін. Менімен таныс болу үшін менің қолымдағы сикырлы әліппенің кілтін ашып ішіндеге тапсырманы орындауларың қажет. Оқу , білім туралы мақал-мәтел айт: (видеоролик көрсету) Бірінші тапсырма : Алфавитті біліндер Онда жүйе, қалып бар. Біздің қазақ тілінде неше әріп бар? Екінші тапсырма: Әріптер туралы тақпақтар мен жаңылтпаштар айт : Үшінші тапсырма:Ойын:Жоғалған буын.(тақтада суретті буындармен жұмыс) Төртінші тапсырма:Ребус шешу (слайдпен жұмыс) Жұмбақ жасыру: Қабат –қабат қаптама, Ақылың болса аттама . Ол не ? Балалар , кітап сөзінде бірінші қандай дыбыс естіледі? Ендеше бұл сиқырлы әріптің дыбысы К дыбысы деп аталады екен. К –дыбысы қалай айтылады? Не кедергі жасайды? Оны қандай текшемен белгілейміз? Енді сыйқырлы әріп біз сеніменде таныспыз. Ендеше біз сенің таңбаңды да өз үйшігіңе орналастырайық. Ойын: «Сөз ойлан , тез ойлан!» К дыбысына байланысты сөздер ойлап тап .(видеороликтан жаңа сөздерді қайталау.) Балалар К әрпі неше таяқшадан тұрады екен? Ал енді ауаға жазып көрейік. Балалар алдарыңдағы құм бетіне К әрпін ,сұқ саусақтарыңның көмегімен салып көрейік . Дәптерлеріңді ашып, берілген үлгінің бойымен сұқ саусағымызбен жазып көрейік. Бойымызды тік ұстап, қолымызға қарындаш алайық және берілген үзік сызықтарды қоса отыра әріпті жазайық. Сергіту сәті: 1,2,3 Достыққа біздің күш Достармен бірге жүреміз. Бірге, ойнап, күлеміз. Бірге балық аулаймыз Міне, біздер қандаймыз. Орман, көлге, шыңға біз Саяхатқа шығамыз. Бөлінбейді іргеміз Әрқашанда біргеміз. Тәрбиеші: Алдарындағы әріптер жиынтығын ашып кітап,бүркіт, кеме сөздеріне дыбыстық талдау жасаңдар. Кім болды , тақтада талдау жасайды . «Көктем» сөзіне сөйлем құрастыру және схемасын сызу. . Ойын: «әріптерін жоғалтқан сөздер» (слайдпен жұмыс ) | Капитанға Назгүл Кеңесқызы Құп болады алға! Дыбысты біз естиміз, айтамыз. Дыбыстар айтылуына қарай 2ге бөлінеді: дауысты дыбыстар және дауыссыз дыбыстар. Дауысты дыбыстар әндетіледі, созылады, құлаққа жағымды естіледі және кедергісіз айтылады. Айтылуына қарай 2 ге бөлінеді: жуан және жіңішке. Дауыссыз дыбыстар кедергіге ұшырау арқылы айтылады. Тіл, тіс, көмей кедергі жасайды. Текшелер арқылы ажыратамыз. Дауысты дыбыстарды қызыл текшемен белгілейміз, ал дауыссыз дыбыстарды көк текшемен Құп болады алға! Өлең: «Табиғат сыйы» Әріп дегеніміз дыбыстарды таңбалау. Әріпті біз көреміз, жазамыз. Сөз бір нәрсе туралы ұғымды білдіреді және әріптермен дыбыстардан құралады . Буын дегеніміз сөзді бөлікке бөлу және сөзде неше дауысты дыбыс болса сонша буын болады. Сөйлем Сөйлем сөздерден құралады. Құп болады алға! Жоқ. Оқу –өмір шырагы , кітап білім-бұлағы. Оқусыз білім жоқ, білімсіз күнің жоқ. 42(Қырық екі) әріп бар. 1-ші бала: А –деген ол аналар ғой ардақты . Ә-деген ол әкелер ғой салмақты. Б- деген ол балалар ғой әдемі. Біздің елде үшеу де каделі. 2-ші бала: А –деген ана ғой , ана деген дана ғой. Б- деген бала ғой , жұмсаса анаң бара ғой. Әтеш әңге салады , әтеш ұйқы ашады. Исатай дай батыр боламын, Иса атамдай , ақын, боламын. Игі істе батыл боламын, Игіліке жақын боламын. Таға, қоян ,алма, бота (Кітап) Балалар дыбысты қайталау арқылы К дыбысын дыбыстайды. Кедергімен айтылады. Көк текшемен белгілейміз. Көпір,кеме,күн т.б. 3таяқшадан Дәптермен жұмыс. Әріптер жиынтығымен жұмыс. Тақтада дыбыстық талдау жасау. Көктемде күн жылынады. .еме, ме.теп,бүр.іт,.өже.,.өпір, |