Саба?ты? ма?саты: Г г дыбысы мен ?рпін ме?герту, с?зге дыбысты? талдау жасату, с?здерді буын?а б?лгізу, ол ар?ылы берілген с?здерді о?у мен жазу?а ?йрету, с?здік ?орын, тілін дамыту, Г дыбысына ?атысты с?здерді сауатты о?у?а, жазу?а, адамгершілікке т?рбиелеу.
Просмотр содержимого документа
«г ?рпі мен дыбысы»
Сабақтың тақырыбы: Г г дыбысы мен әрпі.
Сабақтың мақсаты: Г г дыбысы мен әрпін меңгерту, сөзге дыбыстық талдау жасату, сөздерді буынға бөлгізу, ол арқылы берілген сөздерді оқу мен жазуға үйрету, сөздік қорын, тілін дамыту, Г дыбысына қатысты сөздерді сауатты оқуға, жазуға, адамгершілікке тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі: кеспе әріптер, көгершін, гүл, әртүрлі суреттер, сөзжұмбақ.
Пәнаралық байланыс: дүниетану.
Сабақ барысы:
І.Ұйымдастыру кезеңі.
Парта саған төсек емес жатуға,
Түзу ұста, тік отыр сен партада.
Бойды түзе, көтер басты жоғары,
Сымбаттылық болсын сенің бойында.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.
-Өткенде қай дыбыспен таныстық?
- Й й дыбысы мен әрпі.
-қандай дыбыс?
-Дауыссыз дыбыс.
Ережені еске түсіру.
Дыбыс деген не? Әріп деген не? (Дыбысты- естиміз, айтамыз, әріпті- көреміз, жазамыз, оқимыз).
«Шебер қолды әжей» мәтінің тізбектеп оқытамын.
ІІІ. Жаңа сабақ.Сөзжұмбақ шешу.
1. Жетіден кейін сан. c е г і з
2. Түнде ұшатын құс. ү к і
3. Ешкінің төлі л а қ
-Гүл дегенде бірінші қандай дыбыс естіліп тұр?
-г г дыбысы.
-Бүгінгі біздің танысатын әрпіміз…. (хормен айту)
-Г-г-г
-Айтылуына қарай қандай дыбыс?
Дауыссыз дыбыстарды көк текшемен белгілейміз. Дауыссыздардың үйіне саламыз.
Баспа ,жазба түрімен таныстыру.
Баспа түрімен қайда жазылады?
Жазба түрімен қайда жазылады?
ІҮ. Оқулықпен жұмыс.
1. Г дыбысына байланысты суреттер көрсету. Суреттер бойынша сөйлету.
2. Буынға бөлу, дыбыстық талдау жасату.
Гүл – 1 буын, 1 дауысты, 2 дауыссыз дыбыс бар.
-Гүлді сендер жақсы көресіңдер ме?
-Мереке, мейрамдарда ата-аналарымызға, ұстаздарымызға, достарымызға гүл сыйлаймыз.
Гүлдің түрлері өте көп.Түстері әртүрлі болады. Гүл хош иісті, әдемі болады. Гүл адамға қуаныш, шаттық сыйлайды. Көңілімізді көтереді.