kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

" Қаздар қайтып барады"

Нажмите, чтобы узнать подробности

Сабақ жоспары

Күні:

Пәні:қазақ әдебиеті

Сыныбы:8 "А" сынып

Сабақтың  тақырыбы: Қабдеш Жұмаділов «Қаздар қайтып барады» әңгімесі

Сабақтың мақсаты:жазушының өмірі, шығармашылығы жайлы білімдерін кеңейту, шығарманың өзіндік ерекшеліктері  мен тақырыбын анықтау.

Сабақтың түрі: дәстүрлі емес сабақ

Сабақтың типі: аралас сабақ

Сабақтың әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап, түсіндіру

Сабақтың көрнекілігі: интербелсенді тақта, слайд

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«" Қаздар қайтып барады"»

Сабақ жоспары

Күні: 10.03.16ж

Пәні:қазақ әдебиеті

Сыныбы:8 "А" сынып

Сабақтың тақырыбы: Қабдеш Жұмаділов «Қаздар қайтып барады» әңгімесі

Сабақтың мақсаты:жазушының өмірі, шығармашылығы жайлы білімдерін кеңейту, шығарманың өзіндік ерекшеліктері мен тақырыбын анықтау.

Сабақтың түрі: дәстүрлі емес сабақ

Сабақтың типі: аралас сабақ

Сабақтың әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап, түсіндіру

Сабақтың көрнекілігі: интербелсенді тақта, слайд

І. Ұйымдастыру кезеңі:

а) Сынып оқушыларымен сәлемдесу. Сыныптың тазалығына көңіл бөлу. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

̶ Сәлеметсіздер ме, оқушылар!

(Оқушылар орнынан тұрып ілтипат көрсетеді).

̶ Отырыңыздар!

ә) Сыныпты түгендеу (кезекшімен сұхбат арқылы сынып оқушыларын тексеру).

̶ Оқушылар, бүгін сыныпта кім кезекші?

̶ Бүгін сыныпта мен кезекшімін

̶ Рахмет, _______. Бүгін сыныпта кім жоқ?

̶ Бүгін сыныпта ...

̶ Үйге қандай тапсырма берілді?

̶ Үйге Шерхан Мұртазаның «Эльза - кішкентай періште» үзіндісін оқып, мазмұндап келу берілді.



ІІ. Үй тапсырмасын тексеру:

Шерхан Мұртазаның «Эльза - кішкентай періште» әңгімесін «сиқырлы ұяшықтар» әдісі арқылы тексеремін. (Бір оқушы кез келген ұяшықты таңдайды және сол ұяшықта жасырылған сұраққа жауап беру арқылы үй жұмысы тексеріледі.)

1) Соғыс дегеніміз не?(Соғыс дегеніміз қып-қызыл қан, қаптаған түпсіз-түмен қасірет)

2) Жазушы кішкентай Эльзаның өлімі арқылы не айтқысы келді?(Сұрапыл соғыстың қарапайым халыққа қайғы-қасірет, зәбір әкелуін)

3) Жазушының неміс ауылдастарына деген көзқарасы қандай?(Немістер ешкімге қияеаты жоқ, өтірік-өсекке, мақтаңға, кеудемсоққа бармайты, зорлық-зомбылықты сүймейтін, тек өзінің адалдығына, тек өзінің маңдай тері мен табанақысына сүйенетін мейірімді жандар)

4) Қазақстандағы халықтар достығы туралы өз пікірлерің(Қазақстанда 130-дан астам ұлт өкілдері тұрады. Қазақстан халқы ынтымақтастықта, татулықта, достықта, татулықта өмір сүреді)



ІІІ. Жаңа сабақ:

Мұғалім сөзі:

Кіріспе сөз: Балалар,біз бүгін әдебиетімізде өзіндік қолтаңбасы бар жазушы, тарихи шығармалардың шебері Қабдеш Жұмаділовтің өмірі және шығармашылығымен танысатын боламыз

Қабдеш Жүмаділов 1936 жылы 24 сәуірде Шыңжаң өлкесінің Тарбағатай аймағы, Малдыбай аулында дүниеге келген.

1944-1947 жылдар өз әкесі салдырған Сібетідегі бастауыш мектепте оқыды

1949 жылы Шәуешектегі жеті жылдық қазақ мектебіне оқуға түсті.

1952-1956 жылдар аралығында Шәуешек гимназиясында оқыды.

1956 жылы «Шұғыла» журналының бірінші нөмірінде «Жамал» атты тұңғыш әңгімесі басылды.

1956 жылы Қытай үкіметінің жолдамасымен Алматыға келіп, Қазақ мемлекеттік университетінің филология факультетіне оқуға түсті. Алайда университеттің екінші курсынан кейін екі ел арасындағы саяси жағдайға байланысты кері шақырылды

1958-1962 жылдар аралығындағы Қытайда қуғын-сүргінге ұшырады.

1962 жылы империя шекарасын бұзып өткен қазақ көшімен бірге атамекенге қайтып оралып, Қазақ мемлекеттік университетіндегі аяқталмай калған оқуын қайта жалғастырады

1965 жылы Қазақ мемлекеттік университетіндегі оқуын бітіріп шықты.

1965 жылы өзімен тағдырлас Сәуле Әукенқызына үйленді.

"Қазақ әдебиеті" газетінде (1965-1967жж), "Жазушы" баспасының проза бөлімінде аға редактор (1967-1976жж), Мемлекеттік Баспасөз комитетінде (1976-1981жж) жауапты қызметтер атқарды.

1981 жылданбірыңғай шығармашылық жұмыста қызмет атқарады.

Жастық шақта жазылған өлеңдері 1967 жылы«Жас дәурен» деген атпен жеке жинақ болып шықты. Осыдан кейін жазушы бірыңғай проза жазуға ойысқан. «Қаздар қайтып барады» атты алғашқы әңгімелер жинағы 1968 жылы, «Көкейкесті» романы 1969 жылы жарық көрді. Содан бері жазушы қаламынан көптеген әңгіме, хикаяттар, он шақты роман туды. Романдарының дені тарихи тақырыпқа арналған. Оның екі кітаптан тұратын «Соңғы көш» (1974–1981), «Атамекен» (1985), «Тағдыр» (1988) романдары Шыңжаң қазақтарының өмірінен жазылған.

«Соңғы көш» дилогиясына 1983 жылы Мұхтар Әуезов атындағы әдеби сыйлық, «Тағдыр» романына 1990 жылы Абай атындағы Мемлекеттік сыйлық берілді.

1998 жылы 23 қазан Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың жарлығымен Қабдеш Жұмаділовке «Қазақстанның халық жазушысы» деген құрметті атақ берілді.



2) Қаздардың ұшып бара жатқандары жайлы бейнетаспа көрсету арқылы мәтінге көшу.

3) «Ой бөлісу» оқушылар өз ойларын айтады.



4)Ассоциация:

көлге



Қаздар қайтып барады





жылы жаққа ұясына





туған жеріне

5) Мәтінмен таныстыру

Поэманың не жайлы екенін оқушыларға қысқаша түсіндіріп кету.

Мұғалім сөзі:Балалар, біз бүгінгі сабақта Қабдеш Жұмаділовтың «Қаздар қайтып барады» әңгімесімен танысатын боламыз. Алпысыншы жылдардың орта шенінде жұртшылық назарын бірден елеің еткізген – «Қаздар қайтып барады» әңгімесі еді. Осы әңгімедегі тау асып, тас басып, көп қиыншылықпен шекарадан өтіп келіп, өзінің атамекеніне жетіп жығылған Байтас шалдың тағдырына ой жібере отырып, Қабдештің айтар сыры мұнымен бітпейтінін, әдебиетімізге бір үлкен суреткердің өз тақырыбымен келе жатқанын шамалағанбыз.



6) Оқулықпен жұмыс: "Қаздар қайтып барады" әңгімесін оқушыларға кезектеп оқытқызу және түсіндіру.



7) Сөздікпен жұмыс:

Шіліңгір - аспан айналып жерге түсен қапырық

Діңкесі құрыды –шаршап болдырды, не істерін білмей да болды

Шоқша сақал - төңірегін түзетіп, әдемілеп қойған сақал

Тәлтіріктеп барады - аяғын жөндеп баса алмай бұралаңдау, қисалаңдау

Сіміріп алды -тоқтаусыз жұту, ішу

Саптыаяқ - ағаштан шауып жасалған ыдыс

Елегіз - алаңдау, мазасыздану, әбігерлену

Титығы құру –шамасы қалмады, әлі әбден құрыды
Таңдай жібітті -
аздап сусын ішті

Талшық қып келе жатқаны – аздап қорек, үнем етті
Көзі шырадай жану –
көзі нұр шашты
Қан қақсау –
қатты солқылдап, жанға бата ауырды
Бармағын шайнау –
өкінді, аса қатты қынжылды
Тілі аузына сыймау –
қатты аңқап шөлдеді, сусады
Жігері құм болу –
тауы шағылып, қынжыла күйінді
Ет жүрегі езілу –
уайымдады, қайғырды, іші күйді
Қайырымы тию –
Тырнағын жібіту –
Жыртылып айырылады –
өте көп, мол
Өзегі тала қоймаған –
қарны ашты, тамақ жегісі келді




III. Сабақты бекіту:

̶ Әңгімеде қай жыл мезгілі суреттелген? (шығарма басындағы) (Жаз жәрмеңкесі тарқап, таулы өлкеге қоңыр күз құонақтады)

̶ Әңгімедегі күз суреті(Аспан да, жер де сұп-сұрғылт. Жапырақтар сарғайып, өсімдік атаулы күзгі ызғырақ желге елбеңдей бас ұрып, тәубеге келген сопыдай күбірлейді. Сай-саладан құлай ағып жатқан көк қасқа бұлақтар жаздағыдай шу салып, асып-таспай, салқын сабырмен жуасып қана сырғиды)



IV.Қорытынды:

«Миға шабуыл» әдісіарқылы шығарманың атына оқушылардың назарын аударып, ойларын ортаға салу.

̶Әңгіме неге «Қаздар қайтып барады» деп аталған?(Әр нәрсенің туған жері, отаны болады. Мысалы адамның туған жері ол өзінің туып-өскен, кіндік кескен жері болса, құстардың туған жері орман, сол себептен де қаздар өздерінің туған жеріне қайтып барды.)



V. Үйге тапсырма беру:

1) Қабдеш Жұмаділовтың өмірі мен шығармашылығы жайлы оқу.

2) «Қаздар қайтып барады» әңгімесін соңына дейін оқып, мазмұнын білу.



VІ. Бағалау: оқушылардың ынтасына, сабақ үстіндегі белсенділігіне қарай білімдері бағаланады.



VIІ. Қоштасу:

̶ Бүгінгі сабақ аяқталды. Сау болыңыздар!



























Мұғалім: Ташетова А.С « » ___________

Әдіскер: Искакова Л.К « » ___________


Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Прочее

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 8 класс

Скачать
" Қаздар қайтып барады"

Автор: Балгабаева Карлыгаш Еркеблановна

Дата: 01.02.2017

Номер свидетельства: 386397

Похожие файлы

object(ArrayObject)#863 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(119) "?абдеш Ж?маділов. «?аздар ?айтып барады» ??гімесіні? т?рбиелік м?ні. "
    ["seo_title"] => string(74) "k-abdiesh-zhu-madilov-k-azdar-k-aityp-barady-n-ghimiesinin-t-rbiielik-m-ni"
    ["file_id"] => string(6) "164743"
    ["category_seo"] => string(10) "literatura"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1422695280"
  }
}
object(ArrayObject)#885 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(76) "8 сынып ?аза? ?дебиеті "?аздар ?айтып барады""
    ["seo_title"] => string(47) "8-synyp-k-azak-diebiieti-k-azdar-k-aityp-barady"
    ["file_id"] => string(6) "306770"
    ["category_seo"] => string(10) "literatura"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1458199468"
  }
}
object(ArrayObject)#863 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(37) "?аздар ?айтып барады "
    ["seo_title"] => string(22) "k-azdar-k-aityp-barady"
    ["file_id"] => string(6) "171583"
    ["category_seo"] => string(10) "literatura"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1423680404"
  }
}
object(ArrayObject)#885 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(80) "?аза?  ?дебиеті п?нінен "?аздар  ?айтып барады" "
    ["seo_title"] => string(48) "k-azak-diebiieti-p-ninien-k-azdar-k-aityp-barady"
    ["file_id"] => string(6) "219239"
    ["category_seo"] => string(10) "literatura"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1434078035"
  }
}
object(ArrayObject)#863 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(63) "Қ. Жұмаділов "Қаздар қайтып барады""
    ["seo_title"] => string(36) "k_zhu_madilov_k_azdar_k_aityp_barady"
    ["file_id"] => string(6) "356316"
    ["category_seo"] => string(10) "literatura"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1478530995"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства