kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

?аза? ?дебиеті п?нінен "?аздар ?айтып барады"

Нажмите, чтобы узнать подробности

?аза?  ?дебиеті  п?нінен саба?  жоспары "?.Ж?маділов.?аздар ?айтып барады"

Саба?ты?  ма?саты:жазушыны?  ?мірі мен шы?армашылы?ына  шолу жасау,о?ушылар?а жа?а білімді ?здігінен игерту  ар?ылы шы?арманы? мазм?ны мен идеясын, та?ырыбын ашу, шы?армашылы??а т?рбиелеу

Саба?ты?  т?рі: д?ст?рлі  емес интерактивті кіріктірілген саба?

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«?аза? ?дебиеті п?нінен "?аздар ?айтып барады" »



Сүлейменова Гүлжан Қайымқызы

Нарқызыл негізгі мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі

Ақтөбе облысы Ырғыз ауданы




Сабақтың тақырыбы: Қ.Жұмаділов «Қаздар қайтып барады»

Сабақтың мақсаты: білімділік: жазушының өмірі мен шығармашылығына шолу жасау, оқушыларға жаңа білімді өздігінен игерту арқылы шығарманың мазмұны, тақырыбы мен идеясын ашу;

дамытушылық- шығармашылық қабілеттерін дамыту,пәнаралық байланыс арқылы пәнге қызығушылығы мен белсенділігін арттыру;

тәрбиелілік- туған жеріне, атамекеніне деген сүйіспеншілігін ояту, патриоттық сезімдерін қалыптастыру.

Сабақтың типі: жаңа білімді өз беттерімен меңгерту сабағы.

Сабақтың түрі: дәстүрден тыс интерактивті, кіріктірілген сабақ.

Сабақтың әдісі: әңгімелеу, топтық жұмыс, сұрақ-жауап, сын тұрғысынан ойлау, түсіндірмелі пікірлесу.

Пәнаралық байланыс: тарих, жағырапия,музыка.

Сабақтың көрнекілігі: портрет,плакаттар, таратпалы кәртішкелер.

Техникалық құралдар: компьютер, бейнетаспа.

Сабақтың барысы: 1.Ұйымдастыру кезеңі..

-Балалар ,біз бүгін әдебиетімізде өзіндік қолтаңбасы бар жазушы, тарихи шығармалардың шебері Қабдеш Жұмаділовтың «Қаздар қайтып барады»әңгімесімен танысамыз.

Қабдеш Жұмаділов 1936 жылы Шығыс Түркістанда (Қытай Халық Республикасы)дүниеге келді. 1965 жылы Қазақ ұлттық университетінің филология бөлімін тәмамдаған. «Қаздар қайтып барады» әңгімесімен-ақ қазақ әдебиетіне талантты қаламгер келгенін дәлелдеді.Бірнеше әңгіме, хикаяттары, «Атамекен», «Соңғы көш» романдары жарық көрді. «Тағдыр» атты романы үшін жазушы Мемлекеттік сыйлыққа ие болды.2006 жылы жазушының 70 жасқа толған мерейтойы атап өтілді.

Мұғалім сөзі:Осы сабақтан не күтеміз?

(көтеріңкі көңіл-күй,әңгіменің идеясын ашамыз,жаңа білім)

Ел кетсе не болады?



(Ауыл тозып кетеді; көңілсіздік басады; жер жетім қалады)

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау.

Жолға шыққан жолаушы.

1.Жайлау келбеті;

2.Етікші асуындағы қиындық;

3.Аңдыған көкжал;

4.Тау қойнауында.

Өткен өмір елесі.

1.Төлеутай –қарттың жалғыз жұбанышы

2.Қайтқан қаздар.

3.Байтас түрмеде.

4.Жалғыздық.

Атамекен шақырады.

1.Түн түрілгенде;

2.Ала баған түбінде;

3.Туған жердің жұпары;

4.Ата-баба қорымында;

5..Ескі қыстаудағы Байтас қарт; 6. Ізге түскен шекарашылар.













Жаңа сабақ : Ой өрбіту

І Ассоциация

ұясына мекеніне

жылы жаққа

Суық жаққа



туған жеріне

балапанына



ІІІ.1.Оқушыларды топқа бөлу.

  1. Байтас қарт қайда сапар шегіп келеді?

  2. Оның бөтен елге баруының себебі неде? Не үшін барған деп ойлайс ыңдар?

  3. Жазушының өмірі мен әңгіменің арасында қандай байланыс бар?

Әңгіменің тақырыбын ашу: туған жерге деген сағыныш.

Әңгіменің идеясын анықтау: туған жерді , атамекенді дәріптеу, қадірлеу.

Сырт жақта тұратын қандастарымыз жөнінде әңгімелеу.

Тағдыр талайымен кезінде тарыдай шашыраған қазақтарымыз дүние жүзінің 55 елінде өмір сүріп жатыр.

Компьютермен Қазақстанға оралған туғандарымызды көрсету. 8-сынып

оқушыларының Дүние жүзі қазақтарының ұрылтайының төрағасы

Мамашевқа қойған сұрақтарына алынған жауапты бейне таспа арқылы

көрсету.



АҚШ-та

14 000

Украинада

15 000

Түркияда

25 000

Өзбекстанда

1550000

Иранда

12 000

Тәжікстанда

10 000

Ресейде

740 000

Монғолияда

100 000

Қырғызстанда

45 000

Қытайда

1500 0000

Ауғанстанда

30 000



Талдау. Ой талқы.

Шығарманың композициялық құрылысына талдау:

1.Оқиғаның басталуы... Жалғыз қарттың жолға шығуы.

2.Байланысы... Ойға оралған өткен күндер немесе немересін еске түсіру.

3. Дамуы ... Өзекті өртер өкініш немесе түрмеде жатқанда немересінің аштықтан өлуі.



4.Шарықтау шегі ... Үміт отының жылтылдап ұзақ сапарға жетелеуі.

5. Шешімі ... Туған жерге жету, мойнындағы тұмардағы топырақты табыстау.

Әңгімеде кездесетін жер-су аттары: Етікші, Тарбағатай, Күргейтас, Тентек –Халдай,Айнабұлақ, Арғанаты,Көкшілік, Нұра,.

Салыстыру .Ой бейнелеу.

Бүгінгі әңгімемен өзектес, тақырыптас шығармаларды сұрау. Әңгіменің «Қаздар қайтып барады» деп аталуының себебін сұрау.

ІV. Сабақты қорытындылау. Қолдану. Ой зерделеу.

  1. Туған жер тақырыбына өз шығармашылығынан өлең немесе ой толғау оқу.

  2. 2.Поэзия минуты. Жерлес ақындардың туған жер туралы өлеңдерін оқу.

  3. Бүгінгі сабақтың ұраны: «Әркімнің туған жері-Мысыр шаһары».

V.Оқушы білімін бағалау. Ой түйін.

VІ. Үйге тапсырма. «Отаным десем ойыма...» тақырыбына шығарма жазу.


Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Литература

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 8 класс

Скачать
?аза? ?дебиеті п?нінен "?аздар ?айтып барады"

Автор: С?лейменова Г?лжан ?айым?ызы

Дата: 12.06.2015

Номер свидетельства: 219239


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства