САБАҚ: Қазақ халқына тән салт- дәстүрлер. | Мектеп: Қостанай облысы Қамысты ауданы білім беру бөлімі «Алтынсарин орта мектебі» ММ |
Күні: 25. 04. 20167ж | Мұғалімнің есімі: Гапбасова Динара Аралбаевна |
СЫНЫП: 10 «Б» | Қатысқандар саны: | Қатынспағандар саны: |
Сабақ негізделген оқу мақсаты | Оқушыларды жан - жақты білімді болуға, салт - дәстүрді құрметтеуге, сақтауға, қонақжайлылыққа, әдептілікке тәрбиелеу.Уақытты шектеу арқылы оқушылады ұтымды жұмыс істеуге дағдыландыру. |
Сабақ мақсаттары | Барлық оқушылар: |
Тақырып бойынша лексиканы меңгереді.Сұрақтарға жауап бере алады. |
Оқушылардың басым бөлігі: |
Ашық сұрақтарға жауап бере алады,қазақ халқының салт- дәстүрлерді орыс халқының дәстүрлерімен салыстыра алады. |
Кейбір оқушылар: Тақырып бойынша өз ойларын, пікірлерін жеткізе алады. |
Саралау: | Қосымша көмекті қалай жоспарлайсыз? Парақтағы диалог, үлестірме парағы, бейнежазба. |
Қабілеті жоғары оқушыларға тапсырманы қалай күрделендіресіз? Топ атынан мазмұндайды, топты бағалайды. Салыстырады. Ашық сұраққа жауап береді. |
Бағалау: | Оқушылардың үйренгенін тексеруді қалай жоспарлайсыз? Критерийалдық бағалау. |
Пәнаралық байланыс: | Қазақ әдебиеті |
Сабақ барысы |
Уақыты | Тапсырмалар | Мұғалім іс-әрекеті | Оқушы іс-әрекеті |
2 минут.
1 минут
3 минут | · Тренинг «Сен қайдасың?» тренинг өткізу Топқа бөлу топқа бөлу |  · Сәлем достым (қол беріп амандасу) · Сен қаласың? (иықтарын қағады) · Қайда болдың? (құлақтарын тартады) · Мен сені сағындым (қолдарын жүрекке қояды) · Сен келдің (қолдарын жаяды) · Жақсы болды (қатты құшақтайды) Шілдехена, қырқынан шығару, тұсаукесер сөзері арқылы бойынша топқа бөлу. Нақыл сөзді айту арқылы сабақтың тақырыбымен таныстыру.: «Қазақтар - әдет-ғұрып, салт-сана, тіл жағынан біртұтас ұлт» В.В.Радлов Туған соң адам боп, Білімсізден жаман жоқ. Ел дәстүрін білмесең, Жұрт айтады надан деп. Ата-бабаң ардақты, Жамандыққа бармапты. Ардай тұтып үлкенді, Ата жолын жалғапты Глоссари Дәстүр сөзінің мағынасын беру. Дәстүр - латынша жапсыру, жалғастыру - тарих барысында қалыптасып, ұрпақтан - ұрпаққа жалғасып отыратын әдет - ғұрыптар, салт - сана, қоғамдық тәртіп, заң, мұрат пен игілік, мінез - құлық қалыптары және өнегелі өнер болып табылады. Әдет - ғұрып - дәстүрге айналған жалпыға бірдей қалыптасқан, әр этносқа тән ортақ тәртіп салт - сана. | Оқушылар бір - бірімен амандасады. Сөздер арқылы 3 топқа бөлінеді.
Тындайды, сұраққа жауап береді.
|
5 минут | Білу | «Парақтағы диалог» сурет бойынша диалг құру.  | Оқушылар сурет бойынша диалог құрады. |
. 7 минут. | Түсіну |  бейнежазбасын көрсетіледі. | Оқушылар Бейнежаз -бадағы мағлұматты мұқият тыңдайды. . |
7 минут
3 минут | Қолдану Сергіту сәті | 1-топ. Бейнежазба бойынша «хикая картасы» мәтінді мазмұндайды. 2- топ. «фишбоун» толтырады. 3-топ. БББ кестес ін толтыру. Үлгірімі төмен оқушыға тапсырма. №1 үлестірмелі парақ Сөздердің аудармасын тап. Үш сөз тіркесін құрап, дәптерге жаз. Нәресте,сәби- Бесік- Салт- Дәстүр- Тербету- Болашағы- Қырық күн- Жасы үлкен- Сүндет-
№2 үлестірмелі парақ Бала тәрбиелеудегі салт-дәстүрлерді ретімен ата: Осы сөздерді пайдаланып,үш сөз тіркесін құа. Тұсау кесу Балаға ат қою Бесікке салу Қырқынан шығару Атқа мінгізу
№3үлестірмелі парақ «Салт – дәстүр» сөзімен сэнквейн құру. 1. Бір зат есім 2. Екі сын есім 3. Үш етістік 4. 3-4 сөзден тұратын сөйлем 5. Синоним №4 үлестірмелі парақ Мына сөйлемдерді тоолықтырып жаз. 1. Жаңа туған нәрестенің құрметіне жасалатын ойын - сауық, той атауы .... 2. Жаңа туған баланы бесікке салу. Бесік қасиетті, киелі, құтты мүлік, сәбидің алтын ұясы болып есептелетін салт қалай аталады? №5Үлестірмелі парақ Мына сөйлемдерді толықтырып жаз. 1. Баланың туғанына қырық күн толған соң оны ыдысқа қырық қасық су құйып шомылдырады. ол сәбидің жан - жүйесінің қалыптасып дені сау болып өсуіне деген ақ тілектен шыққан салт қалай аталады? 2. Сәби қаз тұрғаннан кейін тез жүріп кетсін деген тілекпен жасалатын ғұрып ......   | Оқушылар тапсырмаларды орындайды, қорғайды.
Балалар интербелсенді тақтадан қарап билейді. |
5 минут | Талдау | Қазақ халқының салт- дәстүрі мен орыс халқының салт -дәстүрлерін салыстырады   | Оқушылар салт-дәстүрлердң салыстырады. |
5 минут | Жинақтау |  | Оқушылар парақты толтырып, оқып шығады. |
2 минут 2 минут. | Қорытынды бағалау. Үй жұмсысын беру. | Бағалау парағына бағаларын қояды.  | Топ басшысы бағалау парағындағы критерилерге сүйеніп баға қояды. Күнделіктеріне үй тапсырмасын жазып алады. |