Просмотр содержимого документа
«Есептік сан есім »
Сабақтың тақырыбы :
Сан есімнің мағыналық түрлері. Есептік сан есім.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік - сан есімнің мағыналық түрлерімен таныстыру, алған білімдерін пысықтап, теориялық ұғымдарын мысалдар арқылы терең меңгерту.
Дамытушылық - Ойлау белсенділігі мен танымдық қызығушылығын дамыту, ой қорытып нақты шешім жасата білу, шығармашылық ізденістерін арттыруға ықпал жасау;Сауатты жазуға төселдіру;
Тәрбиешілік - Ел тарихын, ұлттық құндылықтарымызды ұмытпауға, туған халқының өнерін сүйіп өсуге баулу,тәуелсіздікті бағалайтын өршіл рухты азамат тәрбиелеу.
Үй тапсырмасы
Жіктеу есімдігі.
172-жаттығудың орындалуы.
1. 134-жаттығудың орындалуын тексеру. Мәтіннен дара және күрделі сан есімдерді табу2.Сұрақ-жауапа) Дара сан есімдер дегеніміз не?ә) Күрделі сан есімдерге мысалдар келтір.жіктеу есімдігі бар шығармалардан үзінді жаттау.
III. Білімдерін жан-жақты тексеру
Тест жұмысы
1.Сын есімнің мағыналық түрі қанша?
а) екеу ә) алтау б) бесеу в) төртеу
2. Сапалық сын есімді табыңдар?
а) аппақ,сап-сары,жақсы ә) ақылды,ойлы,таулы
б) ұзын бойлы, кең иықты,арқар мүйізді в) күзгі,елміз,боранды
3.Негізгі сын есімді табыңыз?
а) көмірдей ә) жайлаудай б) сары в) сүтті
4.Туынды сын есімді табыңыз?
а) жақсы ә) алыс б) асыранды в) жасыл
5.Етістіктен сын есім тудыратын жұрнақ?
а) –лы ә) -шақ б) -аған в) –ы
6.Есім сөзден сын есім тудыратын жұрнақ?
а) –улы ә) -шық б) -ғыр в) –шең
7. «Тоғайлы» сөзі қандай сын есім?
а) негізгі ә) сөз бірігуінен б) туынды в) күрделі
8.Гүл сөзін анықтап тұратын сын есім?
а) көмірдей ә) әдемі б) толық в) дөңгелек
Бөлшектік
Реттік
Топтау
Есептік
Болжалдық
Сан есім
Жинақтау
Біздің мектеп
Ауласы кең, үш қабатты ғимараттан тұратын біздің мектеп 1975 жылы ашылды. 1990 жылы 20 желтоқсан күні мектепке Ә. Молдабеков есімі берілді.
Біздің мектепте 1600 оқушы білім алады. Бір сыныпта отыз оқушыдан отырады.
Өтілетін пәндердің өз сынып бөлмелері бар. Солардың ішіндегі екеуі – қазақ тілі мен әдебиеті пәндері.
Тақтаменжұмыс. Морфологиялық талдау.
1.Сөйлемнен сан есімді тап.
2.Есептік сан есімі бар сөйлем құра.
3.Есептік сан есімді қатыстырып, жұмбақ , мақал-мәтелдер құрап жаз.
Жеті жұрттың тілін біл, жеті түрлі білім біл.
138-жаттығу
Мәтіннен сан есімдерді теріп жазып, құрамын анықтаңдар .
«Кім тапқыр?»
I топ:
Мұз айдында жеті бала
Асыр сап жүр сырғанап
Сырғанамай екі бала
Жағалауда тұр қарап.
Енді осы баланың
Санын айтсаң жарадың.
III топ:
Тал басында тізіліп
Он жапырақ тұр еді.
Жел соқты да үзіліп
Ұшып кетті біреуі.
Ізінше оның жұлынып
Түсті тағы бесеуі
Тұр әлі де ілініп
Жапырақтың нешеуі?
II топ:
Екі аяқ пен екі қол,
Бір ауыз бен бір тілің.
Нешеу болды, қане, бол,
Санап шығар кім бұрын ?
«Ойлан тап!»
Көп нүктенің орнына керекті сан есімдерді орналастыр. 1) ... жасар бала келсе? ... шал алдынан шығар. 2) ... ... білмеген жетесіз. 3) ... рет өлшеп, ... рет кес. 4) Ер жігіттің ... сөйлегені өлгені. 5) ... ... тістен шыққан сөз ... рулы елге тарайды. 6) ... бірі қыдыр.
Қазақ халқының киелі сандарының мазмұнын ашу.
І топ ІІ топ ІІІ топ
Жеті қазына Жеті ата Жеті жетім
Үш арсыз Үш мақсат Үш бәйтерек
Жаңа сабақты қорытындылау
Кубизм әдісі арқылы сабақты қорыту
Салыстырыңыз
(Сан есім/Сын есім)
Зерттеңіз
(Сан есім, құрамы, мағынасына қарай бөлінуі)
Қолданыңыз
(Сан есім қатысқан жұрнақ, жаңылтпаш, мақал-мәтелдерді табу)
Шығармашылық тапсырма
«Санға қатысты халық ұғымдары» тақырыбында ой толғау жазу.
Үй тапсырмасы
Күнделікті ашайық.
Тапсырманы тізіп жазайық.
Сан есімнен алған білімді
Ұмытпай еске салайық.
1-тапсырма. 140-жаттығу. Газет-журнал мақалаларынан есептік сан есім түрлеріне он мысалдан теріп жазыңдар.
2-тапсырма . Сөйлемдерге морфологиялық талдау жасау .