kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Еңбек және оның төлемақысының есебі

Нажмите, чтобы узнать подробности

Пән аты:   Бухгалтерлік есеп негіздері

Сабақтың тақырыбы: Еңбек және оның төлемақысының есебі

Сабақтың мақсаты: 

а) білімділік:  студенттерге еңбекақының түрлері мен есептеу әдістерін үйрету

б) тәрбиелік: студенттерге ізденімпаздыққа, жауапкершілікке, өз бетімен жұмыс істей білуге тәрбиелеу. Экономикалық эстетикалық тәрбие беру.

в) дамытушылық: студенттердің ой өрісін кеңейтіп, ойлау қабілетін дамыту. Есептермен білімді бекіту, білік пен дағды меңгеруі, кәсіби біліктерін арттыру.

Сабақтың түрі: теориялық

Сабақтың типі: аралас

Сабақтың көрнекілігі: оқу құралы, үлестірмелі материалдар, плакаттар,

мультимедия, кестелер

Сабақтың әдістері -технологиясы: түсіндіру,, баяндау, сұрақ -  жауап, есептер шығару, топтық жұмыс

Сабақтың өткізілу барысы:  90 мин.

І. Ұйымдастыру кезеңі: 3 мин.

1.Студенттермен сәлемдесу; 

2. Студенттерді түгендеу, құрал-жабдықтарының түгел болуын тексеру;

3. Студентердің назарын сабаққа аудару.

4. Студенттерді топқа бөлу. І-топ, ІІ-топ

Үй тапсырмасын сұрау кезеңі: өткен тақырып бойынша  студенттердің білімін тексеру

1-тапсырма        Шашыраңқы сөздер

2-тапсырма     «Лото» ойыны әдісі: Бұл әдісті қолдану үшін, ішінде кемі он бес допшасы бар қорапша қажет. Допшалар өсу ретімен, сандармен белгіленеді. Әр санға алдын- ала бір сұрақ даярланады. Қорапша ішінде он бес допша болса, он бес сұрақ белгіленеді. Студенттер екі топқа бөлінеді, екі топтан кезекпен келіп қорап ішінен допша алады, белгіленген санға сәйкес келген сұраққа жауап беруі керек. Егер сұраққа дұрыс жауап берсе тобына бір ұпай жеңіп алады, ал егер дұрыс жауап бере алмаса, тобынан бір ұпай алынып тастайды.

 

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Еңбек және оның төлемақысының есебі»



Қызылорда жоғары көпсалалы колледжі

Ахметова Клара Нуртугановна

С абақ жоспары



Пән аты: Бухгалтерлік есеп негіздері

Сабақтың тақырыбы: Еңбек және оның төлемақысының есебі

Сабақтың мақсаты:

а) білімділік: студенттерге еңбекақының түрлері мен есептеу әдістерін үйрету

б) тәрбиелік: студенттерге ізденімпаздыққа, жауапкершілікке, өз бетімен жұмыс істей білуге тәрбиелеу. Экономикалық эстетикалық тәрбие беру.

в) дамытушылық: студенттердің ой өрісін кеңейтіп, ойлау қабілетін дамыту. Есептермен білімді бекіту, білік пен дағды меңгеруі, кәсіби біліктерін арттыру.

Сабақтың түрі: теориялық

Сабақтың типі: аралас

Сабақтың көрнекілігі: оқу құралы, үлестірмелі материалдар, плакаттар,

мультимедия, кестелер

Сабақтың әдістері -технологиясы: түсіндіру, , баяндау, сұрақ - жауап, есептер шығару, топтық жұмыс

Сабақтың өткізілу барысы: 90 мин.

І. Ұйымдастыру кезеңі: 3 мин.

1.Студенттермен сәлемдесу;

2. Студенттерді түгендеу, құрал-жабдықтарының түгел болуын тексеру;

3. Студентердің назарын сабаққа аудару.

4. Студенттерді топқа бөлу. І-топ, ІІ-топ

Үй тапсырмасын сұрау кезеңі: өткен тақырып бойынша студенттердің білімін тексеру

1-тапсырма Шашыраңқы сөздер

2-тапсырма «Лото» ойыны әдісі: Бұл әдісті қолдану үшін, ішінде кемі он бес допшасы бар қорапша қажет. Допшалар өсу ретімен, сандармен белгіленеді. Әр санға алдын- ала бір сұрақ даярланады. Қорапша ішінде он бес допша болса, он бес сұрақ белгіленеді. Студенттер екі топқа бөлінеді, екі топтан кезекпен келіп қорап ішінен допша алады, белгіленген санға сәйкес келген сұраққа жауап беруі керек. Егер сұраққа дұрыс жауап берсе тобына бір ұпай жеңіп алады, ал егер дұрыс жауап бере алмаса, тобынан бір ұпай алынып тастайды.



Жаңа материалдарды хабарлау

Еңбек және оның төлемақысының есебі

Еңбекақы — қызметкердің орындалған жұмыс көлемі мен белгіленген еңбек шартына байланысты төлем.Кәсіпорындарда еңбекақы төлеудің әртүрлі жүйелері қолданылады.Оның ішінде кең тараған түрі: мерзімді еңбекақы мен кесімді еңбекақы төлеу.

Мерзімді еңбекақы жұмысшылар мен қызметкердің жұмыс істеген уақытына, сағаттық немесе күндік еңбекақы мөлшері бойынша өнім өндіргені немесе өндірілмегеніне қарамастан, яғни оның жұмыста болған уақытына төленеді.Жұмысшының мерзімді еңбекақы төлеудегі айлық ақысын төмендегі формуламен анықтаймыз:

Айлық еңбекақы = ұйымның 1 разрядтық ставкасы х 1 разрядтық тарифтік коэффициент

Мерзімдік еңбекақының мынадай түрлері бар:

Жай мерзімді жүйесі бойынша- жұмысшылар мен қызметкерлерге еңбекақы жұмыс істеген уақытына тарифте немесе штатта көрсетілген мөлшері бойынша төленеді.

Мерзімді сыйлықты- жұмысшылар мен қызметкерлерге олардың тарифте немесе штатта көрсетілген тұрақты еңбекақысына қосымша олардың өндірген өнімдерінің көлеміне, санына, сапасына және тағы да басқа көрсеткіштердің өсуіне қарай сыйлық беру болып табылады.

Кесімді еңбекақы өндірілген өнімнің саны мен сапасына сәйкес, оның күрделілігі мен еңбек жағдайы ескеріліп, арнаулы бағалау арқылы төленеді.

Кесімді еңбекақы өнімнің сапасы мен санына тәуелді, ол төмендегі формула бойынша анықталады:

Еа=Кб *Ө м

мұнда Еа -еңбекақы;

Кб- өнім бірлігінің кесімді бағалануы;

Ө м- өндірілген өнімнің (қызметтің ) мөлшері.

Кесімді еңбекақының мынадай жүйелері бар:

-тікелей кесімді;

-жанама кесімді;

-кесімді -сыйлықты;

-үдемелі -кесімді;

-аккордты- кесімді

Тікелей кесімді жалақы жүйесінде жалақы дайындалатын өнімнің кез келген санына белгіленген кесімді баға бойынша орындалған жұмыс үшін есептеледі.

Еp= Еc/ Өc;

мұнда Еc -орындалатын жұмысқа тиісті белгіленген разрядтағы, графиктік сағат еңбекақы мөлшері, теңге;

Өc- нақты өнімді шығарудағы сағат мөлшері.

Жұмысшылар мен қызметкерлерге кесімді сыйақылар өндірісте өнім өндіруде өнім өндіруді санымен сапалық жағынан артығымен орындағаны, өнім өндіру барысында шикізаттар мен материалдарды, отындар мен энергияны үнемді де ұтымды пайдаланғаны үшін оларға төлеуге тиісті еңбекақысына қосымша сыйақы ретінде төленеді.

Үдемелі кесімді еңбекақыда жалақы өнімдердің жоспарлы саны үшін тікелей кесімді бағалау бойынша емес, өнімді нормадан тыс өндіргені үшін үдемелі өсу бағасы бойынша есептеледі.Үдемелі кесімді еңбекақы төлеуде жұмысшылардың табысы (Еу.к.) қабылданған , үдемелі жүйедегі еңбеканы төмендегі формула бойынша анықтайды:

Еу.к.=Ен.е. +[Ен.е.(Jм-J баз) qөн ]/ Jм,

Eу.к.=Eн.е.+ Ет.ө(qу -1) / Jм

мұнда Ен.е. -тура кесімді бағалау бойынша жұмысшының негізгі еңбек табысының сомасы, теңге;

Ет.ө -кесімді үдемелі еңбекақы төленетін жұмыстың бөлігіне тура кесімді бағалау бойынша есептелінетін жұмысшыға кесімді ақы төлеу;

Jм -жұмысшының өнім өндіру мөлшерін орындау деңгейі ,

J баз -көтеріңкі бағалану бойынша қолданатын жоғарғы ақы төлеудегі өндіру мөлшерінің базалық деңгейі;

qөн -белгіленген мөлшерден тыс өнімді жоғары өндіргені үшін бағаланудағы кесімді ақыны қаншаға көбейтуді көрсететін коэффициент;

q у - кесімді бағалануда үдемелі қатынасын көрсететін коэффициент.

Жанама кесімді еңбекақыда қосалқы және басқа өндірістегі жұмысшыларына қызмет етудегі жұмысқа жанама әсерін тигізетін еңбек нәтижесіне байланысты есептеледі.Жанама кесімді бағалану (Еж ) жұмысшының жай қызмет атқаратын өндіру мөлшерін есепке ала отырып және олардың саны формула бойынша есептеледі: Еж=Ес / Өс * Ж

мұнда Ес -қызмет атқаратын жұмысшыға төленетін жанама еңбекақы жүйе бойынша еңбекақы мөлшерінің тарифі,

Өс -қызмет атқаратын бір жұмысшының өнім бірлігіне сағаттың өндіру мөлшері,

Ж - қызмет атқаратын жұмысшылар саны қызмет атқару мөлшері.

Аккордтық еңбекақы жүйесінде орындалатын жұмыстың көлемі алдын ала белгіленіп,жұмыстың орындалу мерзімін көрсету арқылы бағаланады.Бұл жүйеде еңбекақы жұмыс мезгілін қысқартқаны үшін жұмысшыларға сыйлық ақы төленеді.

Бірыңғай тарифтік сетка

Жұмысшылардың әртүрлі квалификациясына қарай еңбекақы төлеудің біркелкі тарифтік торы қолданылады.Бірыңғай тарифтік сетка еңбекақы төлеудің 21разрядына негізделіп,әр разряд бойынша өзіндік тарифтік коэффициент белгіленген.

  • 1-8 разрядтар бойынша жұмысшыларға төлемдер

  • 6-15 линиялық қызметкерлердің төлемдері

  • 4-11 орта білімді мамандардың төлемдері

  • 7-15 жоғары білімді мамандардың төлемдері

  • 10-20 кәсіпорынның басшылары,бөлімдердің,функционалдық қызметтер басшыларының төлемдері

  • 9-21 ғылыми қызметкерлердің төлемдері

Қазақстан Республикасының бюджеттік салаларындағы қызметкерлердің еңбекақыларына арналған бірыңғай тарифтік тор қызметкерлердің дәрежесін, міндетін, разрядтар санын және разрядтарға қатысты тарифтік коэффициенттерді қамтиды.

Бірыңғай тарифтік сетка разряды

(1разрядқа)

Тарифтік

коэффициент

Бірыңғай тарифтік

сетка разряды

(1разрядқа)

Тарифтік

коэффициент

1

1

12

2,2

2

1,07

13

2,37

3

1,05

14

2,55

4

1,24

15

2,74

5

1,33

16

2,95

6

1,43

17

3

17

7

1,54

18

3,43

8

1,66

19

3,67

9

1,78

20

3,94

10

1,91

21

4,24

11

2,05








Есептер

№1


Қыркүйек айының соңында шойын құю цехының жұмысшыларына 2017 жылдың қыркүйек айындағы жүктелімі мен есебі бойынша 2000000 теңге мөлшерінде еңбекақы есептелінді.Бухгалтерлік жазуды жазыңыз.

№2

Кәсіпорында 480000 теңге сомада жұмысшылардың еңбекақысы қолма -қол ақшамен берілді. Бухгалтерлік жазуды жазыңыз.


Мерзімді жүйе

№3

Кәсіпорында 100 адам жұмыс істейді, оның 80-і жұмысшы, ал 20-cы қызметкерлер. Отыз қызметкерге еңбекақы олардың мамандығы мен атқаратын міндеттеріне байланысты белгіленген.Коллективтік келісім бойынша 1- разрядтық ставка 25000 теңге көлемінде бекітілген.

10 адам -9 разряд

8 адам — 11 разряд

4 адам- 14 разряд

4 адам-16 разряд

2 адам- 19 разряд

2 адам- 21 разряд

Отыз қызметкердің айлық мерзімді еңбекақысын табу керек.


№4

Жанама кесімді жүйе

Жөндеуші жұмысшы Әбеновтың еңбекақысы тариф бойынша 17000.Учаске бойынша жоспарланған шығарылым 1000 бірлік. Механикалық цехтың жұмысшы Әбенов қызмет көрсеткен станокта 1200 бірлік әзірлеген. Әбеновтың еңбекақысын табу керек?


№ 5

Қызметкердің жалақысы - 70000 теңге және оның салықты ең төменгі жалақы мөлшерінде ұстауы туралы өтініші болса, оның зейнетақы жарнасын, жеке табыс салығын , экологиялық аймақта тұрғаны үшін төленетін соманы анықтаңыз.


Үдемелі -кесімді жүйе

Өткізу бөлімінің 8 қызметкеріне еңбекақы ілгерішіл келісімді жүйе бойынша төленетін болып белгіленген.Әрбір өткізілген 100 тауар үшін 1000 теңге,егер қызметкер -100 дана тауардан артық сатқан жағдайда әрбір келесі сатылған тауар үшін -200 теңге.Өткізу бөлімінің 3 қызметкері ағымдағы айда әрқайсысы -230 дана тауардан сатқан, 2 қызметкер -190 данадан,ал тағы да 3-еуі-160 данадан сатқан.Ағымдағы айда сатумен айналысатын қызметкердің еңбекақысын есептеу керек.


Тікелей -келісімді жүйе

Негізгі өндіріс цехының 80 қызметкеріне,белгіленген келісімді және жалақы бойынша шығарылған 100 дана өнім үшін төлемі 560 теңге көлемінде белгіленген.Шығарылған өнім есебін,әрбір қызметкер бойынша және шығарған өніміне сәйкес оның еңбекақысы есептеледі.Ағымдағы айда қызметкерлер 200000 дана өнім өндірген, олардың жалпы еңбекақысын табу керек?


Жаңа тақырыпты бекіту сұрақтары:

1.Кәсіпорындарда еңбекақы төлеудің қандай түрлері қолданылады?

2.Кесімді еңбекақы дегеніміз не?

3.Мерзімді еңбекақы дегеніміз не?

4.Кесімді еңбекақының қандай түрлері бар?

5.Мерзімді еңбекақының қандай түрлері бар?

6.Жанама кесімді еңбекақының формуласын жазыңыз

7.Аккордтық еңбекақының анықтамасын айтыңыз

8.Бірыңғай тарифтік сеткада неше разряд бар?

Оқушыларды бағалау:

Сабаққа белсене қатысып, сұрақтарға жақсы жауап беріп, есептерді шығарған студенттерді бағалау.

Үй тапсырмасы: есептер шығару

Есептер

№1

Кешенді бригада дәнекерлеушісі А.Сарсенбевтың еңбекақысынан 4500 тг. сомада Халық банкісінің жинақтаушы зейнетақы қорына 10 % мөлшерде ұсталым жасалды. Бухгалтерлік жазуды жазыңыз.

№2

Кәсіпорында 480000 теңге сомада жұмысшылардың еңбекақысы қолма -қол ақшамен берілді. Бухгалтерлік жазуды жазыңыз.

№3

Кәсіпорында 70 адам жұмыс істейді, оның 50-і жұмысшы, ал 20-cы қызметкерлер. Қырық қызметкерге еңбекақы олардың мамандығы мен атқаратын міндеттеріне байланысты белгіленген.Коллективтік келісім бойынша 1- разрядтық ставка 25000 теңге көлемінде бекітілген.

16 адам -9 разряд

8 адам — 11 разряд

6 адам- 14 разряд

6 адам-16 разряд

2 адам- 19 разряд

2 адам- 21 разряд

Отыз қызметкердің айлық мерзімді еңбекақысын табу керек.


Әдебиеттер:

  1. Қабылова Н.Қ., Доспалинова Ш.А., Оразалинов Е.Н.Бухгалтер

( бухгалтерлік есеп негіздері)

2. Ныйқанбаева А., Қуанышова Л.Бухгалтерлік есеп негіздері

3. Молдашева М.,Петренко С. Бухгалтерлік есеп бойынша практикум









Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Прочее

Категория: Уроки

Целевая аудитория: Прочее

Скачать
Еңбек және оның төлемақысының есебі

Автор: Ахметова Клара Нуртугановна

Дата: 27.02.2023

Номер свидетельства: 626680

Похожие файлы

object(ArrayObject)#871 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(34) "Масса ж?не ты?ызды? "
    ["seo_title"] => string(22) "massa-zh-nie-tyg-yzdyk"
    ["file_id"] => string(6) "153774"
    ["category_seo"] => string(6) "fizika"
    ["subcategory_seo"] => string(11) "presentacii"
    ["date"] => string(10) "1421069438"
  }
}
object(ArrayObject)#893 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(98) "№8 мектебіні? бастауыш сыныптары бойынша жылды? есебі"
    ["seo_title"] => string(53) "8miektiebininbastauyshsynyptaryboiynshazhyldykiesiebi"
    ["file_id"] => string(6) "310814"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "planirovanie"
    ["date"] => string(10) "1459098061"
  }
}
object(ArrayObject)#871 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(246) "?аза?стан тарихы п?нінен 11 - сынып?а арнал?ан "?аза?стан азамат со?ысы ж?не шетел интервенциясы жылдарында" та?ырыбы бойынша саба? жоспары "
    ["seo_title"] => string(157) "k-azak-stan-tarikhy-p-ninien-11-synypk-a-arnalg-an-k-azak-stan-azamat-sog-ysy-zh-nie-shietiel-intiervientsiiasy-zhyldarynda-tak-yryby-boiynsha-sabak-zhospary"
    ["file_id"] => string(6) "196470"
    ["category_seo"] => string(8) "istoriya"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1428058679"
  }
}
object(ArrayObject)#893 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(122) "Қазақстандағы білім жүйесіне өзгерістің қажеттілігі туралы ойлар"
    ["seo_title"] => string(76) "k_azak_standag_y_bilim_zhuiiesinie_ozghieristin_k_azhiettilighi_turaly_oilar"
    ["file_id"] => string(6) "372838"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1482514336"
  }
}
object(ArrayObject)#871 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(57) "География п?нінен саба? жоспары"
    ["seo_title"] => string(32) "gieoghrafiiapniniensabakzhospary"
    ["file_id"] => string(6) "334507"
    ["category_seo"] => string(10) "geografiya"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1465911079"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства