| Қазақ әдебиеті 7 сынып | А.Т.Адуова Нығманов атындағы ОМ Павлодар облысы |
| Сабақтың тақырыбы: | Дулат Бабатайұлы «Аягөз, қайда барасың?!» толғауы |
| Жалпы мақсат: | Дулат Бабатайұлының өмірі мен шығармаларын, «Аягөз, қайда барасың?!» толғауының мазмұнын білу, түсіну. Топтаса отырып алған білімдерін талдап, жинақтау. |
| Оқушылар үшін оқу нәтижелері: | Дулат Бабатайұлының өмірі мен шығармаларын, «Аягөз, қайда барасың?!» толғауының мазмұнын біледі, түсінеді. Топтаса отырып алған білімдерін талдайды, жинақтайды. |
| Негізгі идеялар: | Дулат Бабатайұлының идеясын түсініп, ақындық өнерге биік талап қоя білуі. |
| Сабақта қолданылатын материалдар: | А-4 парағы Флипчарт Стикерлер Оқулық Жетондар |
| Оқыту әдістері: | Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер Сын тұрғысынан ойлауға үйрету. Талантты және дарынды балаларды оқыту. Оқыту мен оқуда АКТ-ны пайдалану. |
| Тапсырмалар: | Миға шабуыл, ББҮ кестесі, «Үш қадамдық сұхбат», АКТ, талдау,эссе |
| Сабақ кезеңдері | Мұғалімнің іс-әрекеті | Оқушының іс-әрекеті |
| Оқушыларға психологиялық ахуал туғызу. 5 минут | 1. « Айна мен тарақ» ойынын ойнату. 2. Сыныпты мақал-мәтелдер арқылы топқа бөлу. 1-топ Туған жер – алтын бесік. 2-топ Отан оттан да ыстық. | Оқушылар «Айна мен тарақ» ойынына қатысады. Мақал-мәтелдерді таңдау арқылы 2 топқа бөлінеді. |
| Үй тапсырма- сын сұрау. 7 минут | «Ортадағы қаламсап» әдісі арқылы әр топтан бір оқушыға үйге берілген тапсырманы сұрау. | Оқушылар қаламын ортаға тастайды да, кімнің қаламы таңдалса сол үй жұмысын орындайды. |
| Қызығушылықты ояту. «Миға шабуыл» 2 минут | Дулат Бабатайұлы туралы не білеміз? ББҮ кестесін толтыру. | Оқушылар ББҮ кестесіне Дулат Бабатайұлы туралы бұрын не білгендерін және енді не білгілері келетіндерін жазады. |
| Мағынаны тану. «Үш қадамдық сұхбат» 7 минут
3 минут
8 минут | Оқушыларға Д.Бабатайұлының өмірі мен шығармашылығы туралы мәтін тарату.Үш оқушы болып бірігіп мәтінмен танысу және мәтінмен танысып болған соң бір-біріне сұрақ қою тапсырылады.
Оқушыларға «Аягөз, қайда барасың?!» толғауын электронды оқулықтан тыңдату. 1-топ Өлең құрылысына талдау 2-топ Көркемдік ерешелігін талдау. | Оқушылар мәтінмен танысады және бір-біріне сұрақ қояды.
Балалар «Аягөз, қайда барасың?!» толғауын электронды оқулықтан тыңдайды. |
| Сергіту сәті 2 минут | « Көңілді күн» жаттығуы | |
| Ой толғаныс «5 минуттық эссе» 5минут | «Туған жердей жер болмас» тақырыбында эссе жазу.
| Барлық оқушы берілген тақырыпта эссе жазады. |
| Бағалау 3 минут | Бір-бірін бағалау, мадақ сөздер арқылы, «Бағдаршам», «Шапалақ» |
|
| Үйге тапсырма минут | «Аягөз, қайда барасың?!» толғауын нақышына келтіріп жаттау. | Оқушылар үй тапсырмасын түртіп алады. |
| Рефлексия 2 минут | ББҮ кестесінің үйрендім бөлімін толтыру. | Білемін | Білгім келеді | Үйрендім | |
| | | | Оқушылар ББҮ кестесінің үйрендім бөлімін толтырады. |